Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті | [ Добавить материал ] |
9 мамыр жеңіс күні туралы реферат
18.03.2014, 20:00 | |
9 мамыр жеңіс күні туралы реферат Жоспар Аталар сөз ұрпаққа үлгі Адамдық қасиетке не жетеді? Сталинград қорғанысында Соғыстан кейінгі майдан Шіркін бейбітшілік-ай Біздің рух 9 мамыр – Жеңіс күніне байланысты шаралардың бірі қалалық балалар кітапханасында өтті. «Жеңіс нұры» тақырыбында болған кездесу сабағына арнайы шақырылған соғыс ардагерлері Жапар Оразалинов пен Жінәбіл Сақариев қатысып отырған бістауыш сынып оқушыларына ерлік істерін баяндады. Соғысқа аттанғанда небары 17-18 жастағы өрімдей бозбалалар болған қариялар қазір еске түсірудің өзі қорқынышты қиын сәттерді әңгімеледі. Балаларға Отанға, еліне деген сүйіспеншілік сезімнің жеңіске жеткізгенін айтып өтті. «Соғыс уақытындағы достарыңызбен хабарласып тұрасыздар ма?», «Қиналған, қорыққан сәттеріңіз болды ма?», «Жеңісті қай жерде қарсы алдыңыздар?» турасындағы сұрақтар қойған оқушылар да омыраулары ордень мен медальдарға толы аталар әңгімесін елітіп тыңдап қана қоймай, әннен, биден шашу шашты. 1942 жылы ат арбамен Лепсіге апарып, одан әрі пойызбен Алматыға кеттік. Қазан қаласына ат басын тіреп, Саратовқа кемемен жетті. Сол жерде балаған тігіп, бір ай жаттығу жасаған соң Сталинградқа жаяу айдады емес пе. Асқазаныма сырттың тамағы жақпады білем, ішім ауырып мазам кетті. Оның үстіне неше шақырым жаяу жүрген соң, мүлдем әлім құрыды. Бізді бастаған офицер қазақ болатын. Талабы қатал болғанымен әрқайсымызға жанашырлықпен туған баласындай қарады. Еңсем түсіп жүргенде шайқатыла Пастаған мені жанына алып: «Менің белдігімнен ұстап, сүйеніп жүр», - деді. Он сегіз жасар балалықтан арыла қоймаған жігіт емеспін бе, әкелік қамқорлығына ішім елжіреп, белдігіне жармасып алдым. «Жаным десе, жан семіреді» деген бар ғой, сол офицердің белдігінен гөрі, сөзі сүйеу болды ма, аяғым да ширақ басылып, бойымды жинап, діттеген жерге жеттім – ау. Сол оқиға күні бүгінге дейін ойымнан кетпейді. Сталинградқа барған соң, ол кісі басқа жаққа ауысып кетті. Ал солдат ұстағанның жөні осылай деп, қол астындағыларды ит құрлы көрмей неше түрлі жасаған офицерлерді де көрдік, - деп еске алады ардагер. Сөйтіп Сталинград қорғанысында көптеген қазақ жігіттерімен бірге Қанапия да қолына қару алып, жаумен шайқасты. Тұтқиылдан жиілей соққан жау, біресе көктен бомба жаудырса, бірде зеңбіректерден оқ боратады. Кеңес әскерлерінің міндеті – қорғанысты мықтап ұстау. Ал қатарлары күннен-күнге сирей берді, орнын өрімдей жас солдаттар толтырып, өлім мен өмірдің таласы жалғаса берді... 1942 жылдың 25 қыркүйегі күні таңертеңгі шабуылда ернінен оқтиген Қанапияның бір жақ беті талқандалып, ауыр жарақаттанды. Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі емес пе. Ол сол жолы Самарқандағы госпитальға түсіп, 1943 жылы қатарға сержант шенін тағып қосылды. 1945 жылы Украинаның Харьков қаласындағы танк училищесіне жіберілді. Ұлы Жеңіс күніне ғұмыры жетсе де, дәл сол жылы оның дәмін татуға жазбады. 1945 жылы эшалонға тиелген солдаттардың легінде Австро- Венгрияны басқыншылардан тазартуға жол тартты. Жаудың тасадан оқ атқаны қиын болады екен. Елде Жеңіс туы желбірегенмен Австро-Венгриядағы солдаттардың да қатары сирей бастады. Өзіміз Австрияда тұрғанымызбен Венгрияға барып жұмыс жасадық. Жанар –жағар май таусылып, сол жөніндегі тапсырманы жеткізуім керек болды. Түн іші. Көпірдің үстімен келе жатыр едім, соңымнан біреулердің түскенін анық сездім. Жылдамырақ жүріп ізімді суыттым да, көпірді айналып, бір ағаштың қалқасына жасырынғаным сол еді автоматтың дауысы бытырлай жөнелді. Артымдағы бір емес бірнеше адам екен. Олардың бет алған бағытын байқап тұрмын. Әлгілердің қарасы үзіле бергенде, жүрегімді қолыма алым жүгірдім емес пе. Келе хабарладым. Бірнеше солдат машинаға отыра салып, солай қарай қуып кетті. Көп ұзамай постылардағы солдаттарды атып, бейбіт халыққа бүйідей тиіп жүрген бір топ қолға түсті, - дейді ақсақал бір күрсініп қойып. Елге оралған жас майдангерді ата –анасы көрші ауылдың Жәмиға атты қызына атастырып. 1953 жылдың көктемінде бір басы екеу болды. Табиғатында еті тірі Қанапия білімін жетілдіргенді жөн көріп, Талдықорғандағы зооветеринарлық техникумына түсіп, мал дәрігері мамандығын алып шықты. Жары Жәмиға да шаруаға бейім жан екен, бірден колхоздың жұмысына араласып, сауыншы болды. Еңбек ете жүріп, он баланы дүниеге әкелді, озат еңбеккер «Батыр ана» атанды. Туған жері Андреевка совхозында соғыстан кейінгі еңбек жолын мал дәрігері болып жалғастырып, қосағымен екеуі зейнетке де шықты. Менің жау оғынан аман қалғаным осы он баланың жарығы шығар. Маңдайыма туған елдің дәмін татып, бала сүю жазылған екен. Ендігі бір арманым мен көрген соғысты ұрпағым көрмесін, дейді бүгінде тоқсанды алқымдаған Қанапия Әлімбаев. Ардагердің желкілдеген он сегізі мен жиырма бесі сол кездегі ұрпақтың мандайына жазған сұрапыл соғыстың шеңгеліне ілікті. Жастық ғұмыр қасиетті ел мен жерді қорғайтын солдат шинелінің ішінде, оқ пен оттың ортасында өтті. «Соғыс» деген бір ауыз суық сөз бір ғұмыр емес, сан ғұмырдың қуанышы мен қызығын жалмап қойды. Ал балалық шағында шыбық мініп шапқылап, қырқаға бір шығу арман болған ұрпақтың өмірі замана құрбандығы емей не? Бір уыс қуырған бидай тандайына татып, ертеден қара кешке дейін соқа жегілген аттың үстінде жарбиған балалық – балалық па? Бірақ, олардың бар қызығы болашақ үшін, бүгінгі ұрпақ үшін шалынған қасиетті құрбандық екенін ескеретін, елейтін – біз. Бүгінде сол саусақпен санарлық қарттардың сұрағанын беріп, тілегенін өтеуден артық сауап іс бар ма екен. Сол кездегі ұрпақтың қарағайға қарсы біткен бұтақтай қайсар рухы тәуелсіз елдің туын нық көтеретін ұрпаққа үлгі емес пе. Олар – тағдырдың талайын көре жүріп жеңілуді емес, жеңуді ғана білгендер.
| |
Просмотров: 7809 | Загрузок: 89 | |
Всего комментариев: 0 | |