Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 12.3.2018
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

В категории материалов: 754
Показано материалов: 81-90
Страницы: « 1 2 ... 7 8 9 10 11 ... 75 76 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Тінәлі Тайсойғанұлы, (1789 – өлегн жылы белгісіз) - Бөкей ордасындағы Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліске белсене қатысқан старшын. Ұста-зергерлердің басын қосып, қару-жарақ соғатын орталық ашқан. Ол көтерілісшілердің Тақсалғандағы, Райымдағы, Теректідегі, Қандыағаштағы, Тастөбедегі шайқастарына қатысты. Тінәлі көтерілісшілердің Орынбор губернаторына, Орал казак әскері атаманына, Жәңгір ханға жазған хаттарына қол қойған
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 523 | Загрузок: 76 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Сыпатай Саурықұлы(1837, қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы- 1899, сонда) — Қоқан хандығы басқыншыларына қарсы күрескен батыр. Ұлы жүз шапырашты руының Есқожа тармағынан. 1857 жылы Ш.Уәлихановтың Жетісуға сапарында оны Іле өткелінде Диқанбай батырмен бірге қарсы алып, жергілікті халықтың кәсібі, әдет-ғұрпы жөнінде көптеген мәліметтер берген. Сыпатай 1860 жылы Қоқан әскеріне қарсы Ұзынағаш шайқасына қатысқан. Сыпатай батырдың ерлігі, елін корғаудағы жауынгерлік жорықтары Жамбыл мен Құланаян Құлмамбет, Жамбыл мен Сарыбастың айтыстарында, Сүйінбайдың жырында айтылған
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 565 | Загрузок: 90 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Смайыл батыр— Смайыл батыр Мұсабекұлы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сыр бойын мекендеген Қоңырат тайпасының алты ата Көктіңұлы көсемдерінің бірі болған, Жандар руынынан шыққан Мұсабек батыр Қалдарбекұлының сегіз ұлдарының ішіндегі арыстан жүрек, қайтпас-қайсар, бойындағы күш-қайрат, батырлығымен танылған тұлға. Смайыл батырдың дәл қай күні, қай жылы туылып, өмірден өткені белгісіз. Көнекөз қариялардың айтуларына қарағанда Смайыл батыр 19-ғасырдың екінші жартысында өмірге келіп, сол ғасырдың соңына қарай өмірден озған деуге болады. Олай дейтін себебіміз Смайыл батыр бір ұрыста алған жарақатының асқынуының салдарынан 45- жасында қайтыс болған екен
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 671 | Загрузок: 9 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Сеңкібай Оразғұлұлы (1709, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы – 1786, Қарағанды облысы Шет ауданы Қызылтау жайлауы) – батыр, би. Орта жүз арғын ішінде болатқожа (қаракесек) руынан шыққан. Атасы Қожас батыр болған. Сеңкібай Бөгембай батырдың жасағы құрамында 1725 – 29 жылдары Алакөл, Шұбартеңіз, Бұланты-Білеуті, Аңырақай шайқастарында ерлігімен көзге түскен. Жоңғардың Ноян Қорек батырын жекпе-жекте жеңген. Сеңкібайды Абылай хан "ақиық сұңқарым” деп бағалаған. Ел арасындағы барымта, жер-су, жесір дауын әділдікпен шешкені үшін халық оны "Биата” атаған. Ұрпақтары 1993 жылы тамыз айында Сеңкібайға ас беріп, қабірінің басына ескерткіш орнатты
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 669 | Загрузок: 100 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

СЕҢКІБАЙ ОРАЗҒҰЛҰЛЫ (1707-1786 ж.), Қаракесектің Қарашор руының Қожас батырының шөбересі. Сеңкібай 18 ғасырдың 20-жылдарының екінші жартысынан бастап Қанжығалы қарт Бөгенбайдың қасына ілесіп, Алакөл, Бұланты, Аңырақай шайқастарына қатыскан белгілі батырлардың бірі. Сеңкібайдың жоңғар батыры Ноян Қоренге қарсы жекпе-жекке шығып, жеңіске жеткені аңыз, деректерден мәлім. Аңыз бойынша ақиық кыран көріпкелі бар батыр ұлт тәуелсіздігі үшін аянбай күрескен, Абылай ханның сенімді қолбасыларының бірі болған адам. Айсыз түнде, нөсерлі жаңбырда, калың қамыс арасынан адаспай жол тауып, Абылай хан ордасын қоршаған жаудың торынан талай рет аман-есен алып шыққан. Жұртшылык Сеңкібайды киелі батыр деп әулие тұтады. Талды өнірінің бойында дүние салған. 1986 ж. Талды аулының тұрғындары батырдың басына күмбез орнатқан
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 518 | Загрузок: 88 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Сергей Михайлович Шахворостов (29.8.1924, Алматы қаласы - 2001, сонда) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сапер, гвардия кіші сержанты. Орыс. Мектептің 7-сыныбын бітірген соң жұмыс істеп жүріп оқуын ФЗО (фабрика-зауыт оқуы) қабырғасында жалғастырды. 1942 жылдың қыркүйегінде Кеңес әскері қатарына шақырылды. Шахворостов Дала майданы 37-армия 89-гвардиялық атқыштар дивизиясы 273-гвардиялық атқыштар полкінде шайқастарға қатысты. Сталинград шайқасында Шахворостов қойған минаға немістің 3 танкісі жарылып, істен шықты
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 540 | Загрузок: 81 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Сергей Кириллович Уфимцев (1921, Ресей, Алтай Республикасы Усть-Кан ауданы Черный Ануй селосы - 14.4.1944, Днестр өзенінің бойында) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға сержант, 387-сапер батальонының бөлім командирі. Орыс. Алматыда құрылыс істеріне қатысты. 1941 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, 1943 жылдың басында майдандық өмірі басталды. 213-атқыштар дивизиясы кескілескен ұрыстар жүргізе отырып, Днепрге жақындай түсті. Уфимцевке қарсы беттегі жағалауды барлауға бұйрық берілді. Саперлер жағалауды минадан шапшаң әрі іскерлікпен тазартып, Кеңес әскерлерінің Днепрге шығуын ойдағыдай қамтамасыз етті. Жаяу әскер мен жауынгерлік техниканы өткелден толассыз өткізудің арқасында дивизияның Днепрдің оң жағалауындағы плацдармды басып алуына мүмкіндік жасалды. Сапер Уфимцевтің Днепрдің оң жағалауындағы ерліктері үшін оған КСРО Жоғарығы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылды (26.10.1943). Сондай- ақ Уфимцев «Қызыл Жүлдыз» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 532 | Загрузок: 91 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Саңырық Тоқтыбайұлы (1691 — ө.ж.б.) — батыр. Ұлы жүз, ошақты руының тасжүрек атасынан шыққан, шешесі жағынан Кіші жүз Тайлақ батырға немере жиен. Қожаберген жыраудың "Елім-ай” дастанында Саңырақ есімі де аталады. Ә.Диваев мәліметтерінде де Саңырақ есімі кездеседі. Зерттеушілердің пікірінше, Саңырақ 18 ғ-да болған негізгі қазақ-жоңғар соғыстарының барлығына қатысқан. Ол Бұланты, Қарасиыр шайқастарында қазақ қолының алғашқы жеңістеріне үлес қосты. Аңырақай шайқасында садақшыларға жетекшілік еткен. Ұрпақтары Жамбыл облысының Талас, Сарысу аудандарында тұрады
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 893 | Загрузок: 82 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Сартай батыр, Сартай Байжанұлы (шамамен 1711 — 1785) — батыр. Кіші жүз Әлімнің Шектісінің ішіндегі Жақайым атасынан шыққан.Сартайдың есімі көптеген әдеби мұраларды кездеседі.
А. И. Левшиннің "Описание киргиз-кайсацких орд и степей”
А. И. Тевкелевтің "Күнделіктерінде”
М. П. Вяткиннің "Сырым батыр”.
Тевкелев өзінің күнделігінде 1732 жылы 6 наурыз күні Сартай батырмен әңгімелескенін жазады. Генерал-губернатор О. А. Игельстромның 1785 жылы «Кіші жүзді басқару жөніндегі реформасы» бойынша Сартай батыр, Қара Көбек би мен Мұратбек би үшеуі Әлімұлын басқарған.
Сартай батырдың ерлігі мен елшілік қызметі туралы Нұрмағамбет Қосжанұлының "Мың бала” немесе "Сартай батыр” деп аталатын дастанында айтылады. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 971 | Загрузок: 80 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Саржан Қасымұлы Саржан сұлтан (туған жылы белгісіз — 1836 жылы өлген) — қазақ халқының 1825 — 36 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісі басшыларының бірі, Абылай ханның немересі. Қарқаралы окр-не қарасты Қарпық болыстығын басқарған. Орта жүзде хандық биліктің жойылуына (1822) тақ мұрагері Ғұбайдолла Уәлиұлы және әкесі Қасым сұлтанмен бірге қарсылық танытып, Ресей өкіметі тарапынан ашылған округтерді жойып, хандық билікті қалпына келтіруді талап етті. Оның осы мақсаттағы Солтүстік және Орталық Қазақстан аудандарын қамтыған көтерілісі (қ. Саржан сұлтанның көтерілісі) он жылдан астам уақытқа созылды. 1836 жылдың жазында Қоқан билеушілері Саржанды інілері Ержан, Есенгелділермен бірге зұлымдықпен өлтірді. Оның бастаған ісін інісі Кенесары жалғастырды; қ. Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 2039 | Загрузок: 92 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 61-70 71-80 81-90 91-100 101-110 ... 741-750 751-754