Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 12.3.2018
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

В категории материалов: 754
Показано материалов: 71-80
Страницы: « 1 2 ... 6 7 8 9 10 ... 75 76 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Үмбетей Байсейітұлы (туған – өлеген жылы белгісіз) - батыр. Орта жүз ішінде арғын тайпасынан шыққан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде ерлігімен көзге түскен. Ұлдары Жасыбай, Аранбай жоңғар-қазақ соғыстары кезінде қаза болған. Ал Жиенбай, Аралбай есімді ұлдары Пугачев бастаған шаруалар соғысы кезінде қазаға ұшырады. Үмбетейдің 7 әйелінен 29 ұлы болған. Олардан тараған ұрпақтар бүгінде «Үмбетей руы» деп аталады. Үмбетей - Ахмет Байтұрсыновтың арғы атасы болып келеді
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 864 | Загрузок: 87 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Әжібай Найманбайұлы (шамамен 1699 — 1778) — батыр.[1] Албан тайпасының қызылбөрік руынан шыққан (Қызылбөрік — Есен — Еламан — Найманбай — Әжібай). Жетісудың Таутүрген мен Таушелек өңірлерінде (қазіргі Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы) өмір сүрді. Әжібай Өтеген, Хангелді, Райымбек, Тауасар, Есбол батырлармен тізе қосып, Жетісуды жаудан тазарту жолындағы шайқастарда ерлік көрсетті. Есімі қызылбөрік руының ұранына айналды. Құба қалмақтар жөңкіле қашқан кезде Әжібай батыр Сарыарқаға, Қаратауға, Түлкібас пен Қазықұртқа бытырай ауып кеткен Ұлы жүз қазақтарын атамекені Алатауға қайта жинап, мал шаруашылығымен, егіншілікпен, бау-бақша егумен айналысуға жөн сілтеп, жол көрсетті. Түрген өзенінен тоған салдырып, ұзындығы 15 шақырымдай арық қаздырды. "Әжібай тоғаны” аталған сол арна осы кезге дейін ел кәдесіне жарап келеді. Шоқан Уәлиханов Ұлы жүз туралы мақаласында Әжібай батырдың баласы Бердіқожаның, немересі Қожамқұлдың, шөбересі Атамқұлдың би болғанын жазады. Батыр өмірі Әжібай Мәлікеұлының "Ер Әжібай” деректі дастанына арқау болған
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 829 | Загрузок: 84 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров (27 шілде 1946 жыл, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы, Қазақстан) — қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.[1Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында өмірге келген. Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1969), Авиация институтын бітірген (1979).
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1097 | Загрузок: 88 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Тоғыз жүз тоқсан екінші авиациялық түнгі бомбалаушылар полкі - әскери бөлім. 1942 жылы қыркүйекте Алматыда жасақталған. 1943 жылы 20 ақпанда Новгород облысы Хвойная ст-на жеткізіліп, Ерекше әскерлер тобының, кейіннен Солт.-Батыс майданындағы 68-армияның құрамына кірді. Соғысқа кірген алғашқы 9 күнде 320 рет әуеге көтеріліп, байланыс жасады, жаралыларды тасыды. Келесі 20 күнде 294 рет әуеге көтеріліп, Старая Русса және Холм қалалары аралығындағы жау қорғанысын бомбалады. 1943 жылы 5 сәуірде Жоғ. Бас қолбасшының ставкасына резервке жіберіліп, 312-авиац. түнгі жеңіл бомбалаушылар дивизиясының құрамына кірді.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 518 | Загрузок: 89 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Торғай, Семей, Орал және Сырдария облыстары өкілдерінің кеңесі - қазақ өкілдерінің 1916 жылы 7 тамызда Орынбор қаласында еткен кеңесі. Ол Орынбор генерал-губернаторы Эверсманның рұқсат етуімен өтті. Оған Торғай, Семей, Орал және Сырдария облыстарының қазақ өкілдерімен бірге Алаш қозғалысы қайраткерлері де қатысты. Кеңесте 1916 жылғы 25 маусымдагы патша жарлығына сәйкес соғыс майданының тыл жұмыстарына қазақтардан адам алу мәселесі қарастырылды. Кеңеске жиналғандар төрағалыққа Ә.Бөкейхановты, хатшылыққа М.Дулатов пен О.Алмасовты сайлады
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 605 | Загрузок: 101 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Тойғара ханшайым (т.ж.б. -1805) - Нұралы ханның қызы. Ақылына сай сұлулығымен ерекшеленген, Ресейдің жоғ. мәртебелі ортасына танымал болған тұлға. Белгілі тарихшы, ғалым А.Рязанов «Сырым батыр» кітабында: «Орынборда Нұралы ханның қызы Тойғара ханшайым өмір сұрді. Оның жолдасы Нұрмұхамед қажы шекара сотында сұлтан-заседатель қызметін атқарды. Тойғара Орынбор қаласында теракты тұрды. Ол астанаға жиі барып, қонақ қабылдап, ұлттық киім киіп жүретін. Қарт барон Игельстром бұл әйелдің сұлулығына бас иемін» деп жазса, ал зерттеуші этнограф П.Небольсин «Қазақтар» кітабында: «Нұралы ханның кызы Тойғара 1805 (1806) жылы қайтыс болды.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 588 | Загрузок: 84 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Тойшыбек Қасаболатұлы (1783, қазіргі Алматы облысы Жамбыл ауданы Таран а. - 1860, қазіргі Жамбыл облысы Қордай ауданы Қақпатас а.) - би, батыр. ¥лы жүздің дулат тайпасының ботбай руынан. Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына қолдау танытқан. 1849 жылы Алматы қаласына таяу маңда, Ақсай және Қарасу өзендерінің түйіскен тұсында бекініс салдырды. Бекініс қабырғасының ұзындығы 85 м, биікт. 5 м болған.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 639 | Загрузок: 89 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Тимофей Карпович Щербанов (1922 жылы туылған, Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Херсон селосы) - 2- дүниежүзілік соғысқа қатысушы, кіші лейтенант, танк-десант ротасы могоатқыштар-пулемет батальонының командирі. Орыс. 1941 жылы Астрахан атқыш-пулеметшілер училищесін бітірген. Кіші лейтенант Щербанов 1941 жылдың желтоқсан айында Батыс майданда гитлершілермен соғысты. Брянск, 4-Украина, 1- және 2-Прибал- тика майдандарында мотоатқыштар-пулеметшілер батальонының командирі болды. Төрт рет жараланған. Щербанов Орел - Курск ұрыстарына және жаудың Никополь қаласы түбіндегі (Украина) топтамасын жою операцияларына қатысты. Қырымды және Джанкой қаласын азат етуде көрсеткен ерлігі үшін Щербановқа КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945). Щербанов Ленин, Қызыл Ту, 2 рет «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен және медальдармен марапатталды
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 531 | Загрузок: 86 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Таңғыт Еңсеұлы (1879, Қытай, Тарбағатай аймағы, Дөрбілжін ауд. - 1952, сонда) - қоғам қайраткері, рубасы. Әкесі Еңсе үкірдай қажыға барарда Т-ты өз орнына найман елінің жұмық руына үкірдай етіп қойып кеткен. Ол осы орын- да 1897 жылдан 1936 жыл- га дейін болды. Т. өзінің әділдігімен, парасаттылығымен ел көңілінен шығып отырған. Халықтың оқу-білімін жетілдіру жағына баса назар аударды. Азамат соғысы жылдары А.Байтұрсынов, М.Дулатов және Р.Мәрсеков бастаған Апаш қайраткерлері Қытайға өтіп, Т-тан жергілікті қазақтармен кездестіруді сұраған. Таңғыт қарсы болмай Шәуешек қаласында Тарбағатай аймағындағы төрт үкірдайдың басын қосқан.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 510 | Загрузок: 94 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Тантай батыр елшілігі- 1718 жылы желтоқсанда Қайып ханның Ресеймен келіссөз жүргізу үшін Қазан каласына жіберген елшілігі. Елшіліктің кұрамында Тантай Арыстановпен бірге Тоғынұр батыр Құлтабаев болды. Тантай батыр елшілігі қазақ жеріне келген орыс елшісі Федор Жилинді Қазан қаласына жеткізіп салып, Қазан губернаторы П.С.Салтыков пен жоңғарларга қарсы бірлесе үрыс қимылдарын жүргізу мәселесін талқылады. Қазан губернаторы Тантай батыр елшілігінің жоңғарларға қарсы бірлесе күресу жөніндегі ұсынысын қабыл алғанымен, мұндай келісімді Ресейдің орталық үкіметі мақұлдамады 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 505 | Загрузок: 96 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 51-60 61-70 71-80 81-90 91-100 ... 741-750 751-754