Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті | [ Добавить материал ] |
В категории материалов: 754 Показано материалов: 751-754 |
Страницы: « 1 2 ... 74 75 76 |
Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Айтыс
Айтыс – қазақтың ауызекі әдеби – музыкалық өнерінің көлемді және аса құнды салаларының бірі. Ол – суырып салма ақындық өнерінің жемісі боп табылады. Айтыста халықтың әдет – ғұрпы, тұрмыс – салты, дүниетанымы, эстетикалық, рухани, философиялық және әлеуметтік көзқарасы, қалыптасу тарихтары байқалады. « Ең алғаш тұрмыс – салт жырлары «Жар – жар» мен «Бәдіктен» бастау алып, сан алуан асу – кезеңдерден өтіп кемелдене жетілген айтыстың алғашқы үлгілері көпке ортақ жаттанды өлеңдерден тұрса, кейінірек өз жанынан шығарып айтылатын суырыпсалмалылық сипаты басым болып отырады... Айтыстың көтерілетін тақырыптары сан алуан. Егер де айтыстың ең ежелгі түрі – «Бәдік» айтыстың негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, кейіннен айтыстың кемеліне толған ең күрделі түрі – ақындар айтысының тақырыптары әлденеше тарау болып, бұтақталып кетеді және сол бұтақтардың бәрі халықтың өмір – тұрмысын жан – жақты көрсетіп, барынша толық бейнелейді. Бәдік айтысынан басқа қайымдасу, жануарлар мен адамның айтысы, ақ айтыс, сүре айтыс, жұмбақ айтыс сияқты айтыс түрлері қалыптасты. |
Айтыс, оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері
Айтыс, оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар. Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақтан басқа арабтың бәдеуилер тайпасында және түрік тілдес елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар. Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады. Оның әуелгі элементі көркемөнердің түрлері сараланып, бір-бірінен әлі ажырамай, бәрі бірігіп бір бүтін өнер саналып, әні де, өлеңі де, оны шығару да, орындау да, қимыл, бет құбылысы, тағы басқалары да қосыла жүрген дәуірде туса керек деп топшылайды. Айтыстың алғашқы адымы осы кезеңде басталса керек. Айтыстың ескі түрі деп есептелетін бәдік айтысының негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, басқа айтыстардың ішінде қайсысы ерте, қайсысы кеш туды, оны айту қиын. Дегенмен, кейбір айтыстардың мазмұнына, лексикасына, сөйлем құрылыстарына қарап, қай заманда пайда болғанын топшылауға болады. Мысалы, жануарлар айтысына, өлі мен тірінің айтысына қарағаңда, жұмбақ айтысының анағұрлым кеш туғандығы анық. |
60-жылдарда қазақ би сахнасы
60- жылдардың ортасында бұрынғы Одақ бойынша көптеген халықтардың халықтық-сахналық биі дамыды, көптеген кәсіби халықтық ұжымдарпайда болды. Қазақстан да бұл қатардан қалыс жоқ. Алматыда екі тұрақты ұжым: Мемлекеттік ән-би ансамблі мен «Гүлдер» эстрадалық- би ансамблі құрылды. 60-жылдарда қазақ би сахнасы шеберлерінің қызметі ұдайы жетілдіріледі және байытылады. Ол осы заманға ұлттық хореографияның ерекшелігіне түрліше көзқарасқа тойтарыс берумен алуан түрлі шығармашылық ұмтылыстардан және ізденістерден пайда болды. Сөйтіп, Қазақ КСР ән-би ансамблінің балетмейстері оны 20-ншы жылдарда Абай атындағы опера және балет театрының сахнасында жасалған би үлгілерінен көреді және олардың алғашқы рет шығарылуын сақтау қажет деп санайды. Қазақ биі республиканың хореографиялық ұжымдарында өзгеше және қызықты дамыды. Солардың ішінде ең байырғысы «Салтанат» Мемлекеттік халықтық би ансамблі. Бұл ұжым бастапқы кезде, 1955 жылы Қазақ КСР ән және би ансамблі ретінде құрылды. Ансамбльді музыкалық театрларды басқарудың үлкен тәжірибесі бар режиссер- хореогроф, Украина КСР Халық әртісі Лидия Демьяновна Чернышева басқарды. Бірінші қойылымнан бастап-ақ ансамбль өзін музыкалық – би өнерінің түрлі жанрларында жұмыс істейтін шығармашылық ұжымы ретінде көрсете білді. Бұл үлкен шығармашылық пішін (профиль), ансамбльдің өзгеше, соған ғана тән ерекшелігі ретінде оның шығармашылық синкретикалығымен байланысты болды. Ансамбльдің бағдарламасына халық әндері мен билері, хормен айтылатын, вокальды-хореографиялық композициялар, поэмалар, ороторийлер барлығы КСРО халықтарының және шетелдердің 500-ден астам әндері мен билері енгізілді. |
17 ғасырдың музыкалық мәдениеті
17 ғасырдың музыкалық мәдениеті. 17 ғасыр операсы. Музыкалық мәдениет тарихында 17 ғасырды шекара ретінде қарастыруға болады : онда алдағы ғасырлардағы өнер шоғырланды, және бұдан былай жаңа музыкалық жанрлар мен түрлер бас алады. 17 ғасырда шіркеу және сарай музыкасының ұзаққа созылған бөлінісі, салалануы аяқталып, опера жанрының тууы осымен тығыз байланысты. Опера – синтетикалық өнер түрі – театр, поэзия, би, музыканы біріктірген. Опера ықпалы 17 – 18 ғғ. музыкалық шығармашылығына тарады. Оның ішінде аспаптық музыканың жаңа жанрлары пайда болды : увертюра, оркестрлік және балеттік сюита; симфонияда операға драматургия және бейнелер мінезімен ұқсас боп қалыптасты. Тіпті діни музыкаға – оратория мен кантатаға – опералық формалар, вокалдық стильдің концерттігі мен композиция принциптері енді. Опера әрқашанда қауымдық талғамдар, көңіл, керектіктерге сергек елеулеп отырған. Тарихтағы сыну кезеңдерінде, ескі ойлар мен жаңа бағыттардың күрестері саяси - әлеуметтік сипатқа ие болғанда опералық сұрақтар аса актуалды болған. |