Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті | [ Добавить материал ] |
В категории материалов: 754 Показано материалов: 61-70 |
Страницы: « 1 2 ... 5 6 7 8 9 ... 75 76 » |
Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
ТҰРСЫНБАЙ, Балта Керей[1] (1707, Есіл өзен бойы – 1800, қазіргі Ресейдің Челябинск облысы Итиль ауданы) – батыр. Орта жүз батыры Ертісбайдың отбасында дүниеге келген. Тұрсынбайдың атасы Атық 17 ғасырда батыр әрі әулие атанған. Тұрсынбай 9 жасында ата-анасынан айрылып, жетім қалғанына қарамастан отбасы шаңырағын күйзелтпей, інілері Есілбай мен Толыбайға қамқорлық көрсеткен. Өзі Түркістан түбіндегі "Қарнақ” медресесінде білім алды. "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” жылдары інілері Есілбай мен Толыбай жау қолынан қаза тапты. Тұрсынбай жасақ құрып, жоңғарлармен күресте ерлігімен көзге түсті. Оның ерлігін ақын Дәстем Қарабасұлы жырға қосқан. 1750 – 81 жылдары қазақ әскерлеріне басшылық жасап, Абылай ханның сенімді қолбасшысы ретінде танылды. Сол тарихи кезеңде шиеленіскен қазақ-башқұрт қарым-қатынасын реттеуге елеулі үлес қосты. Бұқар жырау, Үмбетей, Тәтіқара, Жанкісі, т.б. жыраулардың мұраларында Тұрсынбай дың ерлік істері жайлы көптеген мәліметтер бар.
|
Тәттібай Есімбекұлы (туған-өлген жылы белгісіз) – 18 ғасырдың 1-жартысында жоңғар шапқыншылығына қарсы соғысқан батыр. Орта жүз найман ішінде матай руынан. Ол кейіннен ру атауы болып кеткен андастан тарайтын төртінші ұрпақ. Тәттібай Абылай ханмен замандас. Ел аузындағы аңызға қарағанда Тәттібай жоңғар басқыншылығына қарсы соғысқа 12 жасында қатысып, ерекше ерлік көрсеткен. Бұл ерлігі Сара Тастанбекқызының "Қош бол, елім” атты өлеңінде бейнеленеді. Тәттібайдың үш ұлы – Түйте, Қаңтарбай, Қарынбайдан тараған ұрпақтары негізінен Алматы облысы Көксу, Қаратал аудандарында тұрады (туған-өлген жылы белгісіз) – 18 ғасырдың 1-жартысында жоңғар шапқыншылығына қарсы соғысқан батыр. Орта жүз найман ішінде матай руынан. Ол кейіннен ру атауы болып кеткен андастан тарайтын төртінші ұрпақ. Тәттібай Абылай ханмен замандас. Ел аузындағы аңызға қарағанда Тәттібай жоңғар басқыншылығына қарсы соғысқа 12 жасында қатысып, ерекше ерлік көрсеткен. Бұл ерлігі Сара Тастанбекқызының "Қош бол, елім” атты өлеңінде бейнеленеді. Тәттібайдың үш ұлы – Түйте, Қаңтарбай, Қарынбайдан тараған ұрпақтары негізінен Алматы облысы Көксу, Қаратал аудандарында тұрады
|
Төле-Бұқа(т.ж.б. – 1291) – Алтын Орда ханы (1287 – 91). Бату ханның шөбересі. Ататегі: Бату — Тұқан - Тарбу - Төле Бұқа 1285- 87 жылы аралығында Туда Мөңкенің Венгрия және Польша жерлеріне жасаған жорықтарына қатысты. Мөңке Темірдің ұлдарымен бірлесіп, Туда Мөңкені тақтан тайдырды. Кейін өзі Алтын Орда ханы болды. 1288 жылы Рязаньға жорық ұйымдастырып, қаланы өртеді. Артынша Польша мен Венгрияға жорық жасады. Польша жеріндегі шайқастың бірінде Ноғай Төле Бұқаны тастап кетті. Соның салдарынан Төле Бұқа шайқаста жеңіліс тауып, жау қолынан кұтылып шықты. Оның билік етуі кезінде тақ таласы өрши түсті. Ол Ноғайдың ұйымдастыруымен қастандықпен өлтірілді. Одан кейін билік Тоқтаның қолына көшті
|
Төлебай Әжімов (1921, Ресей, Астрахан облысы Икрян ауд. Мушрын а. - 14.2.1988, Алматы қаласы) - екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, ефрейтор, барлаушы. Қазақ. Ұлы Отан соғысына дейін Ә. Омбы қаласында тұрып, балықшы болып жұмыс істеді. 1942 жылдан майданда болды. Ол 198-атқыштар дивизиясында Старая Русь түбінде, Брянск ормандарында шайқасты. Беларусьті азат етуге қатысты. Майданда Әжімов жау тылына талай рет барып, бағалы мәлімет алып келді
|
Тоқтаров Төлеген (19.12. 1920, Шығыс Қазақстан облысы ¥лан ауданы Қарақұдық ауылы - 9.2. 1942, Ресей, Мәскеу облысы Бородино ауылы)-2-дүниежүзүлік соғысқа қатысушы, қатардағы гвардия жауынгері. Қазақ. Соғыс қарсаңында Риддер қаласы маңындағы қорғасын зауытында жұмысшы болды. Кеңес әскері қатарына 1941 жылдың желтоқсанында шақырылып, Калинин майданы 3-екпінді армия 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы 1075-полкі құрамында ¥лы Отан соғысына қатысқан. Дивизияның «Отан үшін» газеті ержүрек автоматшының бір тәулік ішінде жаудың 150-ден астам әскері мен офицерін жойғаны туралы жазды.
|
Уәлі Итенұлы (1798, қазіргі Қызылорда облысы, Құмкөл өңірі - 1881, Қорқытата қорымы) - би. Ресей патшасының қазақ жерін отарлау саясатына сай туған жерінен ығыстырылған қазақ ауылдарымен бірге әкесі Итен де балаларын алып, қазіргі Ақтөбе, Қостанай облыстарының жеріне көшкен. Қазір де Қостанай өңірінде «Құлтының қара моласы» деп аталып кеткен жер бар. Ағасы Құлты қайтыс болғаннан кейін Уәлі өзіне қарасты ағайындарымен Сыр бойына қоныс аударып, осы күндері Жайлау, Байзақ, Сүйінқара, Шоңмұрын, Жапырақты, Шақпақты аталатын тоғайларға орналасқан. Уәлі алтын руынан шыққан Тобжан, Әлібай сияқты халыққа қадірменді кісілермен бірігіп, елдің тұтастығын, татулығын сақтауда белсенді қызмет атқарды. Уәлі Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт- азаттық қозғалысын қызу қолдады. Оның өткір де батыл сөздері халық арасында кең тараған. Қарақұмда мал жайылымын игеру мақсатында құдық қаздырып, ол бүгінде «Уәлі құдығы» аталып кеткен. Ақын Асқар Тоқмағамбетов Уәліні жырға қосқан. 1996 жылы ұрпақтары «Уәлі құдығы» басына ескерткіш-белгі орнатты
|
Унковский елшілігі- Ресей өкіметінің 1722 жылы Жоңғар хандығына жіберген елшілігі. Орыс артиллериясының капитаны И.Унковский басқарған бұл елшілікке жоңғар билеушісінен Ресей бодандығына мойынсұнатындығы жөнінде ант қабылдау және Жоңғар хандығы жерін картаға түсіру міндеті жүктелді. Елшілік 1722 жылы 26 қарашада Севан Рабдан қабылдауында болып, оған Ресей патшасы жіберген сыйлықтарды табыс етті. Севан Рабдан Ресей бодандығын қабылдау Цин әскерлерінің Шығыс Түркістанға басып кіруіне тосқауыл қояды деп санады.
|
Ысқақ Ыбыраев (10.5.1911, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Қаратал ауылы - 13.7.1965, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Ыбыраев ауылы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, взвод командирі. Қазақ. Петропавл қаласындағы педагогикалық училищені (1930) бітіргеннен кейін Есіл ауданындағы Орталық, Бірлік, Жарқайың ауандарында 12 жыл мүғалім болды. 1942 жылдьщ шілдесінде Кеңес әскері қатарына шақырылып, Горький (қазіргі Нижний Новгород қаласы) қаласындағы әскери-саяси қызметкерлер курсын тәмамдады. Сол жылдың қазан айында Прибалтика майданына жіберіліп, 50-полктің рота командирінің саяси бөлімі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды
|
Юрий Александрович Хитрин (24.08.1946, Алматы қаласы - 18.10.2004, Астана қаласы), Әділет генерал-лейтенант, С.М.Киров атындағы ҚазМУ заңгер мамандығы бойынша бітірген (1970). Еңбек жолын станокшы болып баста-ған. Одан кейін Алматы қаласы Калинин аудандық прокуратурасыньщ стажері және тергеушісі, Қазақ КСР прокуратурасының аса маңызды істер бойынша тергеушісі және Алматы прокуратурасының тергеу бөлімінің бастығы болып қызмет атқарған (1970-77). Целиноград облысының прокуроры; еңбекпен түзету колонияларында зандылықтың сақталуын бақылау бөлімінің бастығы, КСРО прокуратурасы коллегиясының мүшесі (1987); Қазақ КСР прокурорының бірінші орынбасары (1990); ҚР мемлекеттік- құқықтық мәселелер бойынша Мемлекеттік кеңесшісі (1990); ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің конституциялық құрылымды қорғау комитетінің торағасы (1991); ҚР Бас прокурорының орынбасары - әскери прокурор (1992-95); ҚР Бас әскери прокуроры (1995— 97); ҚР Бас прокуроры (1997- 2000); ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы (2000-04); 2004 жылы 13 шілдесінен ҚР республикалық Ұланы колбасшысының бірінші орынбасары болды. ҚР Прокуратурасының құрметті қызметкері. «Парасат» ордені, медальдармен марапатталған.[
|
Ғани батыр, Әбуғани (1902, Қытай, Іле аймағы, Нылқы ауданы,Қарабақ қыстағы — 19N4, Алматы облысы,Еңбекшіқазақ ауданы,Ж.Қайыпов ауылы) - Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, халық батыры. Гоминьдан өкіметінің езгісіне қарсы шыққаны үшін 1941 жылы Үрімжі абақтысына қамалған. 1944 жылы қамаудан қашып шығып, Іле аймағының Нылқы ауданында Әкбар Есбосынұлымен бірге Гоминьдан өкіметінің қыспағына қарсы ұлт-азаттық қозғалысын ұйымдастырды. Азаттық күресінің барысында партизан отрядын басқарды. Ғани батыр Нылқы ауданын, Құлжа қаласын, Бұратала, Іле аймақтарын жаудан азат етуге белсене қатысты. Шығыс Түркістан Халық Республикасының үкіметі оның ерлігін жоғары бағалап, «Халық батыры»деген құрметті атақ берді, бірнеше орден, медальдермен марапаттады. Ғани батыр кейін Қазақстанға келіп қоныстанды
|