загрузка...
Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 26.10.2017
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

В категории материалов: 754
Показано материалов: 681-690
Страницы: « 1 2 ... 67 68 69 70 71 ... 75 76 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
ҚР-дағы саяси партиялардың қазіргі жағдайы.
     Қазақстанның партиялық жүйесі қазіргі кезде өтпелі кезеңді бастан кешіріп отыр және бұл жаңа әлеуметтік топтардың, ең бастысы, бизнес-элитаның белсенділігінің нәтижесі екендігін білеміз. Басқаша айтқанда, кейбір «қысым көрсетуші» топтардың, мысалы «Ақ жол» ҚДП-ның жартылай өзгеруі айдан анық көрініп тұр. Саяси сала сапалылығы жағынан өзгеріп келеді деуге болады, және оған себеп тек жаңа ойыншылардың пайда болуы ғана емес, сонымен қатар ескі қатысушылардың да өзгеруі. Және бұл кәдімгі даму кезеңі, мұнда асығыс болмауы тиіс, алайда тежелудің де қажеті жоқ, өйткені бұл жалпы саяси жүйе үшін қауіпті. Тәуелсіз Қазақстанның партиялық жүйесі ондаған жылдар бойы қалыптасып келеді. Өткен ғасырдың 90-жылдарында республика шеңберінде көппартиялы саяси жүйе тәжірибе жүзінде қолданымда болған жоқ, өткен кеңес дәуірінің саясаты мен азаматтық қоғамның дамымағандығы әсер етті. Қазақстан Республикасының партиялық жүйесінде сапалық даму үрдісі 90-жылдардың екінші жартысында байқалды, бұл кезде кейбір әлеуметтік топтар өз мүдделерін жариялау және қорғау қажеттілігін сезініп партия атты саяси ұйымдарға бірлесе бастады. Партиялық құрылыстың алғашқы қадамдары дәл Алматы қаласында жүзеге асырылды, саяси өмірдің орталығы да дәл осында. Тіпті, Елорданы ауыстырғаннан соң да партиялық қызметтің белсенді орталығы мен саяси белсенді тұрғындардың басым бөлігі осы қалада қалды. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1613 | Загрузок: 273 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

Саттар Ерубаев
(1914-1973)

 

Қысқаша өмірбаяны: Саттар Ерубаев 1914 жылы Түркістан ауданыныда дүниеге келді. Балалар үйінде тәрбиеленген. 
1927 жылы Түркістан ауданы, «Комсомол» колхозында қызмет істейді. ҚазКСР Оқу халық комиссариатының жоғары оқу орнында даярлау курсын,Ленинградтағы философия және тарих институтын бітіреді. «Лениншіл жас» және «Ленинская смена» газетінің әдебиет бөлімдерін басқарды. «Лениншіл жас» газеті редакторының орынбасары әрі Алматы жоғары ауылшаруашылық мектебі философия кафедрасының ассистенті болды.
1934-35 жылдары «Қарағанды поолетариаты» газеті редакторының орынбасары. 1935 жылы Ленинград университетінің аспирантурасына түсті. 1936 жылдың қыркүйегіннен ҚазПИ-дің қазақ әдебиеті кафедрасының доценті. 1932 жылы «Тракторшы Камалдың жыры», «Үш шахтер туралы баллада» деген жырлары жарық көрді. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 2576 | Загрузок: 376 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

Болат Сарыбаев

Сарыбаев Болат (1927-1984) – музыкатанушы,   өнертану кандидаты.  Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын қобыз класы бойынша бітірген, мұнан соң халық аспаптар кафедрасында дәріс берген, бір  мезгілде қазақтың халықтық музыкалық аспаптарын жинау мен зерттеу жөніндегі қызметтермен айналысты. Зерттеушінің дербес жинамасы әртүрлі  халықтардың   төрт  жүзге  таман музыкалық аспабын қамтиды, ол сондай-ақ сыбызғы, сырнай, жетіген, шертер, шаңқобыз, дабыл және басқа халықтық қазақ музыкалық аспаптары жинамасының  иесі. Ол бұл аспаптарда Ықылас атындағы қазақтың музыкалық аспаптар Музейіне тапсырған. Б.Сарыбаев "Қазақтың халық  аспаптары” монографиясында табылған аспаптардың түрін, қатарын, дыбыстық  берілімін,  ойнау тәсіліне ғылыми сипаттама бере отырып, жіктейді. Бұл зерттеуге бағалы қосымша ретінде Сарыбаевтың  көмегімен "Қазақтың музыкалық аспаптары” әдемі альбомы жарық көрді.

Б. Сарыбаев  музыка  тануда ежелгі аспаптарды біліп, тауып, мәдениеттің материалдық игілігі ретінде ғана бағалап қана қойған жоқ, сондай-ақ, бұл ескі аспаптарды халықтың рухани өміріне ендірді. Сарыбаевтың  ұмытылған ескі аспаптарды жаңартып, оларды іздеуі, зерттеуі нәтижесінде  біз қазақтардың  ерте  кезден музыкаға, әнге, әуенге құмар екендігін, ерте кезде олардың әлемдегі ең бай аспаптарды қолданғандағын білеміз. Сарыбаевтың еңбегінің  маңызы аса  зор, себебі - ежелгі аспаптарда уақыт үні, ғасыр таңбасы болады, ол –қазақтың музыка  мәдениетіне жаңа тарихи бет болып қосылып, үнемі жаңарып, толығып отырады.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 701 | Загрузок: 204 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

 


Сүйінбай Аронұлы

(1815-1898 )

Сүйінбай ақын Алматы облысының Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге келген, сонда қайтыс болды. Қазақ халқының ақыны, айтыс өнерінің шебері. Аронұлы Сүйінбай (1815 - 1898) – қазақтың әйгілі ақыны, айтыс өнерінің майталман жүйрігі. Туып өскен жері Алматы маңы, Жамбыл ауданына қарасты Қарақыстақ елді мекені. Осы өңірден топырақ бұйырған. Шыққан тегі Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Шежіре дерегі бойынша арғы атасы Күсеп дәулескер қобызшы болған. Күсептен Арон, одан Сүйінбай туған. Сүйінбайдан туған Малыбай, Бағыжан, Жетібай есімді балаларының ұрпағы өсіп өнген. 

Сүйінбайдың ақындық дарының алтын бесігі халқының ежелден қалыптасқан өнерпаздық дәстүрі. Әсіресе, ел ішінің сөз өнерін әспеттеген ұлы дәстүріне жастайынан ерте ұштап, төңірегіне ерте танылады. Ел аузында айтылатын: 

«Екейде елу бақсы, сексен ақын, 
Жаратып мінеді екен ерттеп атын. 
Қобызға домбырасы үнін қосып, 
Гулейді жын қаққандай кешке жақын» 

деген өлең сол ортаның ән күй мен өлең жырды айрықша дәтүр еткенін аңғартса, одан тағылым алып өскен Сүйінбайдың: 

«Атыңнан айналайын Қызыр бабам, 
Түсімде таңға жуық келді маған. 
Білмеймін «өлең» деді, «көген» деді, 
Сайрауық құстар келіп төнді маған» 

деуі, оның ақындық дарынының ерте оянғанын аңғартады.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 5063 | Загрузок: 569 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың педагогикалық көзқарастары.
(1893-1920 жж)

Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ халқының сүйікті перзенті, асқан дарынды ақыны, ағартушы, педагогі.
Аз жасаса да соңына аса бай, мейлінше қызықты әдеби мұра қалдырған классик ақын, ұлағатты ұстаз, педагог. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды» арман еткен Сұлтанмахмұт Торайғыров бүкіл ғұмырын халық ағарту ісі мен шығармашылыққа арнаған.
Ақын еңбектерінде өзі өмір сүрген дәуірдің өзекті мәселелерін, яғни, оқу-ағарту жайын сөз ете отырып, заман сырын, замандас келбетін көркем кескіндей білген. С.Торайғыров  - нағыз ағартушы, педагогқа тән еңбектерінің азабын тартқан жазушы. Ол шындықтың жолымен жүрді.
Ақын өмірінде көпшілікке белгісіз ақтаңдақтар бар, оның өмірінің кейбір кезеңдері туралы білетініміз де аз. С.Торайғыровтың ө мірі мен шығармашылығы егжей-тегжейлі зертеліп, туған әдебиет тарихынан олар орны сараланғанмен, оның ағартушылық қызметі саласында сіңірген еңбегі әлі де болса, өнер қазынасын мұра тұтқан ұрпақтар мойнына жұктелетінпарыз. С.Торайғыровтың педагогика саласына қосқан үлесіне бүгінгі күн биігінен жаңа көзқараспен келуіміз керек, оның шығармаларын талдау арқылы қараңғы қазақ халқын өнер-білімге, мәдениетке шақырып, көзін ашу мақсатында сіңірген еңбегі, бала оқытып, ұстаздық ету жолындағы ақынның шеберлігінің поэтикалық қуатын көрсету қажет.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 615 | Загрузок: 204 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

Торайғыров Сұлтанмахмұт
(1893-1920)

 

Торайғыров Сұлтанмахмұт– қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл.
Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында туған. Торайғыровтың 3 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болды. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанды. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, 1908 жылы баянауылдық Әбдірахман молданың қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болды. 
1911 жылы жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. 1912 жылы Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 4634 | Загрузок: 280 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

Ұлтын ұлықтаған қайраткер

 

Сұлтанбек Қожанұлы - қазаққа, жалпы түркі жұртына айтулы еңбек сіңіріп, өшпес із қалдырған ірі тарихи тұлға. Ол алаш қайраткерлерінің аға толқынына жас шағында қолғанат, есейген уағында қамқор болды. Кеңес заманында басшылық орындарда отырып, Ахмет пен Міржақып бастаған ұлт зиялыларына ешкімнен тайсалмастан қызмет берді. Сау басына сақина тілеп, Мағжан Жұмабайұлының өлеңдер жинағына алғысөз жазып, баспадан шығартты. Оның ұйымдастыруымен жарық көрген атақты "Ақ жол” газетін Сталин өзінің тікелей тапсырмасымен жаптырды. Қоқан автономиясы тұсында Мұстафа Шоқаймен тізе қосып, түркі бірлігінің туын көтерді. Өзбек ағайындардың берідегі оннан астам техникалық жоғары оқу орны Сұлтанбек Қожанұлы өз қолымен қабырғасын қалап, тұңғыш ректоры болған Орта Азия мақта-ирригация политехникалық институтынан бөлініп шықты. Қарымды азамат біршама уақыт Өзбекстанның мақта шаруашылығына да жетекшілік етті. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 685 | Загрузок: 248 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

 



БЕЙБАРЫС СҰЛТАН
(1223-1277)


Жамақұлы Бейбарыс (1223-1277) – түркі әулеті Бахриден шыққан мамлюктердің Египетті билеген төртінші сұлтаны. Оны тарихи шығармаларда Бейбарыс, Бибарыс деп те атайды. Оның шыққан тегі – қыпшақ. Бірақ қай жердің қыпшағы дегенге келгенде әр түрлі деректер айтылып, бірі – Хорезм, Дербент қыпшақтарынан десе, екіншілері маңғыстаулық еді дегенді айтады. Соңғы зерттеулер бұл дүдәмалдықтың түйінін шешіп, Бейбарыстың қыпшақ тайпасының Беріш руынан шыққан атақты әулеттің тұқымы екені анықтауға мүмкіндік берді. Араб елдерінің «Мың бір түнмен» қатар қоятын халық романы – «Бейбарыста» оның әкесі Жамақ, шешесі әйек деп, олардың нақты есімдерін атап көрсеткен. Бейбарыс өмір бойы қыпшақ тілінде сөйлеген, Алдыңғы Азиядағы араб тілдес халықтармен тілмәш арқылы түсініскен. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 798 | Загрузок: 216 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

Педагог қызметіндегі жеке әдістемелік  мәселенің жүзеге асуы.
Сөздік қорды байытуға бағытталған әдістер.
Түсінік хат.
Әдіссіз оқыту процесі жүзеге асу мүмкін емес.Осы оқыту әдісі дегеніміз не? соған тоқтала кеттейік.
   Оқыту әдісі – дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары мен және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістемесінің тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты. Ол мұғалім мен оқушының бірігіп жұмыс атқаруы. Оның арқасында білім, іскерлік, дағдының қалыптасып, оқушының дүние танымдылығы мен қабылеттілігінің артуы. 
  Жалпы педагогиканың әдістерінен әр пәннің өзіне тән әдістері шығады. Менің жүргізіп жүрген пәнім Орыс мектебіндегі қазақ тілі орайында әңгіме болады. 
Тіл дамыту  ең негізгі жұмыстың бірі болып табылады. 
   Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқушыларға қазақ тілінен үйретілетін сөздер біріншіден, белгілі бір тақрыптарға, екіншіден сөз таптарға қатысты болады, сол себептен қазақ тілі сабағы әрі тілдік, әрі әдебиеттік оқу материалдарын қамтиды. Кейбір грамматикалық түсініктемелер, жаттығу шарттары орыс тілінде берілетіндіктен, салыстырмалы грамматикаға байланысты мәліметтер де қамтылады. Қазақ тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары мынадай әдіс – тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол – сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, түсінігін айтқызу, көрнекілік, аударма, кітап пен жұмыс, мәтінмен жұмыс әдістері .Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер , кестелер, видео касеталар, тақырыптар бойынша электронды оқулықтар мен сабақты көркемдеп отырса, оқушылардың сөздік қоры біршама толығады деп сенімдімін. Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отыр. Әр түрлі жаңа технологияларды өз тәжірибемізде қолданып жүрміз.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1007 | Загрузок: 238 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

Сөз тіркесінің зерттелуі

Сөз тіркесі жөнінде жүйелі зерттеулердің қалыптасып дамығанына көп болған жоқ. Қазан төңкерісіне дейінгі еңбектерде тек сөйлем мүшелерін, олардың байланысын, орын тәртібін көбірек сөз қылды да, ал сөз тіркесіне байланысты мәселелер онша ауызға алынбады. Түркі тілдерінің сөз тіркестері тек кеңес дәуірінде ғана зерттеліне басталды. Орыс тілінде сөз тіркестерін тұңғыш қолға алған В.В. Виноградов сөз тіркестерінің түрлері, байланыс формалары және олардың құрылысы тіл білімінің ең басты бөлімі екендігін айтады.
И.П. Мелиоранский «Краткая грамматика казах-киргизского языка» деген еңбегінде сөз тіркесі туралы арнайы тоқталмағанымен, «Простое предложение» деген бөлімінде бастауыштың баяндауышпен қиыса байланысатынын дұрыс көрсеткен» - деп тұжырым жасайды зерттеуші Түймебаева Н. [5, 10.] Ал септіктерге жеке-жеке тоқтай келіп, онда әрбір етістіктің мағыналық топтарының қайсысы қандай сөздерді меңгеретінін анықтаған. Меңгеру туралы айта келіп, онда үміттену, берілу, бағыну, келісу, мақтану, күлу, шыдау, жылау, мұқтаж болу т.б. етістіктер барыс жалғаулы сөздерді меңгеретінін дәлелдеген. Ал қабыса байланысу туралы ешбір сөз қозғалмайды. Бірақ автордың «Определение» деген бөліміндегі мынадай мысалдар: «ақ тас – белый камень; жақсы кісі – хороший человек; үшінші жыл – третий год» дегенде сөздердің қатар келіп, орналасатынын сөз етеді. Мұның өзі қабысу терминінің жалпы орыс тілінде де көп уақытқа дейін енгізілмеу себебіне байланысты ма деп ойлауға болады.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1045 | Загрузок: 244 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 661-670 671-680 681-690 691-700 701-710 ... 741-750 751-754
Новости музыки