Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті | [ Добавить материал ] |
В категории материалов: 754 Показано материалов: 661-670 |
Страницы: « 1 2 ... 65 66 67 68 69 ... 75 76 » |
Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
ӘОЖ: 37.018
Ж 35
ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
З.Н.Күдебаева, Г.Жауынбекова
Тараз Мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды , туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы"-деген еді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжандылық", отансүйгіштік", " патриотизм", ұғымдары сол заманның ақиқаты - наным - сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы-қазақстандық патриотизм болды.
"Қазақстандық патриотизм" ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата-жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді.
|
МАХАББАТ ДЕП ТҮСІНДІ МЫНА ӘЛЕМДІ...
Талантты лирик-ақын Жүсіп ҚЫДЫРОВ рухымен сырласу
Жүсіп, міне, сен көре алмай кеткен жаңа мыңжылдықтың наурыз айы тағы да келді. Бұл сен туған ай. Егер тірі болсаң, ол сенің жетпісінші көктемің болар еді. Әттең, жазмыштан озмыш жоқ екен.
Сонау өткен ғасырдың елуінші жылдарының орта шенінде аялы құшағына алып, бауырына басқан ару қала – Алматыға, білім ордасы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінің журналистика бөліміне оқуға түскен сәті де күні кеше ғана сияқты еді. Сенің сұңғақ бойың мен мейірімді жүзің, елжіреген жүрегің, толқынды қою бұйра шашың әлі күнге көз алдымда. Жібектей есілген биязы мінезің қандай еді шіркін. Иә, ол күндер ешқашан да ұмы¬тылмас!
Сен университет қабырғасына сүмбіле жырлардың сүлейлері туған Сыр елінен келдің. Киелі ақындықты жас шағыңнан мұрат еткен екенсің. Мектеп қабырғасында жүріп жазған жырларыңды университет қабырға-сында жалғастырғаныңның куәгері болдық. Сол балаң жырларды оқып беретін де әдетің болатын. Ол жыр¬ларыңның әдемілік пен сұлулық¬тың шолпысындай сыңғырлаған әуезге толы екенін айтқанымда көңілің өсіп, көлдей тасыған шақтарың да есімде. Түн баласына көз ілмей, бізді ұйық-татып тастап, Шығыс әдебиетінің інжу-маржандарын, әсіресе "Мың бір түн” хикаяларын бас алмай оқитының ше? Содан әсерленіп жазған мына бір жолдарың көкейімде қалыпты.
|
Өтеген батыр Өтеғұлұлы
Өтеген батыр Өтеғұлұлы (Мүйізді Өтеген) (1699-1773) – XVIII ғасырдың І жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен батыр.
Ұлы жүздің дулат тайпасынан шыққан. Бабасы Сырымбет 1635 жылы Ойрат ханы Батырдың 50 мың әскеріне қарсы соққы берген Салқам Жәңгірдің сапында ұрысқа қатысқан. Өтеген батыр 15 жасынан жоңғарларға қарсы соғысқа қатысып, қазақ елінің түстігін, Жетісу мен Шығыс Қазақстан өңірін жаудан азат етуге зор еңбек сіңірді. Түркістан, Ташкент маңындағы кескілескен ұрыстарға, Аңырақай шайқасына қатысты. Осы ұрыстарда қалмақтың Бөтхишар, Сабан Тайшық секілді аты шулы батырларын жекпе-жекте жеңіп, қазақ әскерінің даңқты қолбасшыларының біріне айналды. Төле бидің, Абылай ханның серігі болды.
|
Саз әлемінің сардары
А.Жұбановтың қазақ мәдениетіне қосқан үлесі ұшан-теңіз. 1933 жылдың ақпанынан басталған еңбек жолы қазақ өнері мен мәдениетінің қалыптасуы, дамуы және өркендеуі жолында алтын әріптермен жазылған жемісті беттеріне айналды. Бұл кезең жаңадан қаулап пайда бола бастаған оқу, мәдени-өнер ордаларының құрылуы мен кәсіби ұжымдардың қалыптасу кезеңі болатын. Бүгінгі таңда құрылғанына 70, 60 жыл толған республикалық деңгейдегі: Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық ұлт-аспаптар оркестрі, Жамбыл атындағы филармония, Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерватория және сол оқу орнындағы қазақтың халық аспаптар кафедрасы, Ұлттық ғылым академиясы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты құрамындағы Өнертану секторы қазақ мәдениетінің ірі қайраткері Ахмет Қуанұлы Жұбановтың тікелей араласуымен және жетекшілік етуімен өмірге жолдама алған ұжымдар.
А.Жұбановтың жетекшілігімен музыкалы-драмалық техникум жанынан ашылған қазақ фолклорын ғылыми тұрғыдан зерттеу кабинеті алғаш құрылған күнінен бастап, Алматыға кең-байтақ республиканың түкпір-түкпірінен жиналған өнерпаздардың орындауындағы ән-күйлерді нотаға түсіріп қор жинай бастады. Жазылып, жиналған бұл халықтың баға жетпес музыкалық байлығы халықтың өлмес мұрасы болып келер ұрпаққа қалды. Ұлттық музыка аспаптарын жетілдіру шеберханасы ұлт аспаптар оркестріне қажетті музыкалық аспаптар, домбыра мен қобыз, өзге де халық аспаптарының үлгілерін жинап, сол үлгіде жасау және олардың сапасын жетілдіру жұмыстарын жолға қойды. Кәсіби оркестрге сапасы жоғары музыкалық аспаптар қажеттігін уақтылы түсінген А.Жұбанов бұл мәселеге де ерекше мән береді. Осы саланың жауапкершілігін өз мойнына алған ол шеберханаға композитор Е.Брусиловскийді және ұлт аспаптарын жасаушы шеберлерді жұмысқа шақырды. Олардың қазақ музыка өнерін дамытуға, "қара домбыраның” үні жетіліп, әуезінің, дыбыс бояуының, диапозонының өсіп, бүгінгі таңдағы орындау мүмкіндігі мол аспапқа айналуына сіңірген еңбектері өзінше бір тақырып.
|
Заманынан озып туған азамат еді
Сағат Әшімбаев туралы
Қоғамды қозғайтын, адам санасын өзгертетін тұлғалар болады. Олар өзінің қатарынан, заманынан озық туады. Өткен ғасырдың алпысыншы – сексенінші жылдарының арасы қазақ руханиятына дарындыларды үйіп-төгіп беріп-ақ еді. Өкініші, солардың көбінің ғұмыры қысқа болды. Орыс әдебиетінің бағына туған Писарев секілді құйрықты жұлдыздай жарқырап жанып, ағып түскен жарықтарымыздың бірі – қазақ мәдениеті мен әдебиетінің дамуына, ұлттық сананың өсуіне үлкен үлес қосып кеткен асылымыз Сағат Әшімбаев еді.
Мен Сағатқа сабақ берген, оны жақсы білген кісілердің бірімін. Сағат та заманынан озып туған азамат еді. Кездескен кезде қынабынан суырылған жалт-жұлт еткен қылыш елестеуші еді көзге. Қай ортаға барса да сыйып жүре беретін, өзінің пікірін бүкпесіз ашық айтатын, оппонентін лезде ашық пікірге шақыратын. Бұл, сірә, көп оқып, көп тоқығанынан болар. "Мына мәселе туралы көзқарасыңыз қалай?.. Өзім былай ойлаймын”, – деп "әу” деп ауыз ашқаннан-ақ ұршықша үйіріп, жіпсіз жетелеп, ағыл-тегіл текті сөзге бұрып әкететін. Жатсыну, тіксінуді білмейтін, аңқылдаған ақпейіл көңілдің тереңіне сүңгігендей әсерде болатынбыз. Қалай шүйіркелесіп, тіл табысып кеткеніңді білмей қалатынсың.
|
САБАҚТАСТЫҚ
Алаш идеялары және тәуелсіз Қазақстан мұраттары
Қазақстанға Сталин жендеті Голощекин келгенше Алаш қозғалысы, Алашорда өкіметі және оның серкелері туралы әредік обьективті пікірлер де айтылып отырды. Бұл ретте Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қоғамдық-шығармашылық қызметі туралы М.Дулатов очеркі мен М.Әуезов мақаласын, Мағжан Жұмабаевтың ұлы ақындық сырын ашқан Ж.Аймауытов эссесінің салмағы мен құны, ғылыми және танымдық мәні бүгінде бір мысқал төмендеген жоқ.
Арнайы партиялық тапсырмамен құрастырылған Шафиро, Мартыненко жинақтарында қасақана жасалған бұрмалаулар, жабылған өтірік жалалар жыртылып айырылады. Соған қарамастан, бұл кітаптардағы бірталай тарихи деректер мен құжаттар Алаштануға нақты қызмет ете алады.
|
СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ОБРАЗДАР ЖҮЙЕСІ
М. Абизенова, М.Х Коржумбаева
Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық коледжі, Павлодар қ.
Кейіпкерлердің тілдік мінездемесін бір – бірімен салыстыра талдау, табиғат суретін, кейіпкерлер портретін жасаудағы автор шеберлігіне нақты мысалдар келтіріп талдау жасау. Ғалым Б. Шалабаевтың пайымдауынша "Қай жазушының болмасын шығармаларының тілін талдауда жүзеге асырылуға тиіс маңызды шарттардың бірі – салыстырмалы талдау жүргізу... [1.35.]. Сондай – ақ Сөз өнерінде адамнан тыс, адам тағдырынан тыс бірде – бір өрнек – өмір
Суреті жоқ және болуыда мүмкін емес (З.Қабдолов) десек, онда сол адамның алуан сезімін, мінез – қылығын, типі, қимыл – қозғалысын, жүріс – тұрысына дейін бейнелеуде жазушылық шеберлік тұратыны ескерлуі керек. Сонымен бірге жазушының тілдік қолданыстары шығарманың идеясы мен мазмұнына, композициялық құрлымына қарай әсері барын да ажырата білу қажет.
Жазушы Сұлтанмахұмыт Торайғыровтың "Қамар сұлу” романын башылыққа ала отырып басқада ақын – жазушылардың шығармаларымен салыстыра отырып, кейіпкерлер портретін , мінез – қылығын сол сияқты тағы басқа қырынан ашуды жөн көріп отырмыз.
|
Сүйіктісі халықтың
Жүрегіңнің алаулатып жалынын,
Тамыршыдай дарындыны таныдың.
Қабыл болып ізгі тілек, ақ батаң,
Алдым шексіз ғибрат, мол тағылым.
Танымастай өзгерді ел, жер кейпі,
Озбырлықтың мәңгүрт басы еңкейді.
Семейдегі жарылыстың үні өшіп,
Абыралы қайта түлеп, көркейді.
Көкірегіме ұяласын қалай мұң,
Егемендік, еркіндікті қалаймын.
Кең әлемге нұрын төкті жарқырап,
Қайта туған бақ жұлдызы Абайдың.
Жалауымды күн аймалап, өпті шың.
Өзін емес өзгені де дос тұтқан,
Ұмытпайды өсер ұрпақ тектісін.
Жауды жеңіп көтерген ел іргесін,
Аруақтарды сыйламасақ бізге сын.
Дүр сілкінген қайта түлеп қырандай,
О,Сапеке, халқыңменен біргесің.
Жеңіс Қашқынов
|
Жоспар
І. Кіріспе
Қоршаған ортаны қорғау
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Республикамыздың орман қоры
2.2. Орманның азып-тозуы
2.3. Қоршаған ортаның экологиялық тазалығы
ІІІ. Қорытынды
Таза табиғат – халық байлығы
|
1. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.
ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Қазақстан Республикасының Конститутциясы (1995), «Тіл туралы» Заң (1997), «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (1998) республикадағы тіл мәселелерін реформалауды жүзеге асыруға негіз болады әрі мүмкіндік береді. Сондықтан бұл реформаны жүзеге асыру үшін ір министрлік, әрбір мекеме, ұйымдар, жеке адамдар өздерінің нақты істерін көрететін шаралар белгілеп, соны жүзеге асыруы тиіс. Солардың шіндегі ең өзектісі, ең алдымен қолға алынатыны –қазақ тілінің конститутиялық мәртебесін мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» тіл саясатын іске асырудың алғашқы кезеңінде негізгі төрт бағытта іс-шаралар жүргізеді. Соның бірі –ресми іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшірудің нақты негізін жасау.
Іс қағаздарын қазақша жүргізу – мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.
|