Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті | [ Добавить материал ] |
В категории материалов: 754 Показано материалов: 51-60 |
Страницы: « 1 2 ... 4 5 6 7 8 ... 75 76 » |
Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Шекшекей (туылған өлген жылы беогісіз) — батыр, Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліс басшыларының бірі. Ығылман Шөрекұлының, Мұрат Мөңкеұлының белгілі жыр-дастандардағы көтеріліс батырларын санамалайтын шумақтарда аталғанымен, ресми құжаттардың ешқайсысында Шекшекей есімі кездеспейді. Бірақ ел ішінде оның ерлігі аңызға айналған. Бір назар аударатын жайт — көтеріліс жеңілген сәтте Исатай батырларының барлығы Жайықтың Бұхар бетіне өтіп, туыс-жұраттарын сағалағанда, Шекшекей ғана Құтымға (Астрахан) қашқан. Осы дерек астарына мән бере отырып, зерттеуші Әнес Сарай Шекшекей батыр өзге ағайындары ханды жақтап жатқанда Исатай қолына қосылған төлеңгіт Шеменбай Досайұлы шығар деп жорамалдайды
|
Шақантай Жауғашарұлы (1706 — 1791) — батыр. 1706 жылы, Алтай тауының Сауыр деген жерінде дүниеге келген. Руы – Абақ керей ішіндегі Жастабан. 18 ғасырда өмір сүріп, қиын-қыстау кезеңде қансыраған халқына қалқан, қорған болған. Қазақ-жоңғар соғысында қазақ халқының қас батырлары, бас батырлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, ер Жәнібектермен бірге бірнеше шешуші шайқастарға қатысқан.Орта жүз ішінде керей тайпасынан. 14 жасынан жоңғарларға қарсы күреске бастан аяқ қатысқан. Қазақ — жоңғар соғысында Қабанбай, Жәнібек тархан, тағы басқа батырлармен бірге ірілі-ұсақты 34 шайқаста ерлік көрсеткен.
|
Шағыр Айтұлы (туған-өлген. жылы белгісіз) — батыр. Орта жүз найман ішінде қаракерей руының қара қожамбет аталығынан шыққан. 17 ғасырда Алтайды жоңғар басқыншыларынан азат ету шайқастарына қатысқан. Қара қожамбет елінің жасағын басқарған қолбасшы. Жауға шапқанда өз атын ұрандап, сол себепті "сегіз Шағыр” аталған ұрпақтарының ұраны Шағыр болған. Шағыр ұрпақтары қожамбет ішінде 8 рулы елге (Сырымбет, Атақозы, Қарақозы, Мамыт, Жанқозы, Аққозы, Құлеке, Тыныке) бөлінеді. Ұрпақтары арасынан би-шешендер, палуандар, ақындар көп тараған (Сырымбет, Майлықан, Дәулет, Бұтабай, Нарбота, Сары билер, Тұрар палуан Бексайынұлы, Жолды Пұшық ақын, тағы басқа). Ұрпақтары Марқакөл өңірінде, көршілес елдерде тұрады
|
Шатақ Есенбайұлы (туған – өлген жылы белгісіз) - батыр. Орта жүз найман ішінде қаракерей руының жалмамбет аталығынан шыққан. 18 ғасырдың соңында жоңғар басқыншыларынан азат етілген Марқакөл өңірін қоныстанған елін коршілес торғауыт, ойрат, ұранқай шапқыншылығынан қорғап, кейбір төрелердің елді біріктірудегі дәрменсіз істеріне қарсы шыққан. Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда дене тұрқы ірі, қызыл шырайлы адам болған. Батырлық шалт қимылына қарап өзінің шын аты ұмытылып «аты шулы Шатақ батыр» аталып кеткен. ¥рпақтары шал, қанжа деп бөлініп, атақонысы Марқакөл өңірінің Ақбұлақ, Күнгей Бөкенбай жерлерін мекендейді
|
Шабай батыр, Шабай Қонысұлы (1768, Маңғыстау, Сам өңірі — 1846) — батыр. Кіші жүз адай руының құнанырыс тармағынан шыққан. Әкесі Қоныс, аталары Мыңбай, Лабақтар да батыр болған. Шабай батыр Орал казактарымен, Еділ қалмақтарымен, Хиуа жасақтарымен және түрікмендермен болған шайқастарда ерлігімен көзге түскен. Өшіккен жау бір күні көп әскермен келіп, Шабай батыр ауылын өзі жоқта шапқан. 78 жастағы батыр жаман хабарды естіп, жігіттерімен Итібай құдығы деген жерде жауды қуып жетіп, мал мен жанды түгел қайтарады, алайда өзі қаза тауып, осы жерге (Маңғыстау мен Қарақалпақстан шекарасы) жерленеді. Шабай батырдың балалары Сүгір мен Есен де батыр болған. Ұрпақтары Бердәулет (1842 — 1915) және Жоламан (1855 — 1926) батырлар көне Үргеніш қ-ның базарында жергілікті билеуші Әлімқұл ханды атып өлтірген. Осы тақырыпқа ақындар жырлар мен толғаулар арнаған. Шабай батыр мен оның ұрпақтарын Қалнияз Шопықұлы жырға қосқан
|
Чойбалсан, Хорлогийн(8.2.1895, Дорнод аймағы - 26.2.1952, Мәскеу қаласы, Улан-Баторда жерленген) - Моңғолияның саяси қайраткері, маршал, 2 мәрте МХР Батыры. 1912 жылы Моңғолияның сол кездегі астанасы Урга қаласындағы (қазіргі Улан-Батор) аудармашылар мектебіне түсіп, орыс тілін меңгереді. Үздік оқығаны үшін 1914 жылы Иркутск қаласына оқуға жіберіліп, онда 1917 жылға дейін болды. Ресейдегі революциялық оқиғалардан кейін отанына оралған Чойбалсан моңғол жастарының жасырын ұйымын құрды. 1919 жылы күзде революционер әрі екінші бір ұйым бастығы Дамдины Сухэбатормен танысты. 1920 жылы екі ұйым бірігіп, Моңғол халық партиясын құрды. Чойбалсан Сухэбатор екеуі кеңес өкіметі және Қызыл армияның тікелей көмегімен 1921 жылы 11 шілдеде Моңғол халық революциялық төңкерісін жүзеге асырды.
|
Хиуаз Қайырқызы Доспанова (15 мамыр 1922 жыл, Ганюшкин Атырау облысы— 21 мамыр 2008, Алматы қаласы) — Екінші дүниежүзілік соғысының қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының Халық ҚаһарманыХиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы мамырдың 15 Ганюшкин ауылында (қазір Атырау облысы) дүниеге келген. Әкесi Қайыр — балықшы, анасы Меруерт — мұғалiм болып еңбек еткен.
Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. Әлия, Мәншүк, Хиуаз... Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі. Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Хиуаз Доспановаға Елбасының Жарлығымен Халық қаһарманы атағы берілген болатын.
|
Федор Федорович Шиляев (6.4.1900, Ресей, Свердловск облысы Верхотурье қаласы -16.11.1969, Қарағанды қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, бөлімше командирі, старшина. Орыс. 14 жасынан еңбекке араласып, Азамат соғысына (1918-20) қатысқан. 1939 жылы Алматыға қоныс аударып, Түрксіб басқармасында жұмыс істеген. Қазақстанда жасақталған әскери құраманың қатарына алынып, 1942 жылдан 1-Балтық майданына қарасты 43-армия 5-шабуылдаушы инжылы-саперлер бригадасы батальоны құрамында ¥лы Отан соғысына қатысқан
|
Файзулла Юлдашев (15.9. 1912, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы – өлген жылы белгісіз) - 2- дүниежүзілік соғысқа қатысушы, лейтенант. Өзбек. Самарқанд педагогикалық техникумын және Ташкент муғалімдер институтын бітіріп, Бұхара облысында мұғалім, мектеп директоры қызметтерін атқарған. Кеңес әскері қатарына 1942 жылдың маусымында шақырылып, сол жылдың қазан айынан Воронеж майданына қарасты 38-армия 180-атқыштар дивизиясы 42- атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан.
|
Түркістан әскери округі - 1918 жылы 4 мамырда РКФСР ХКК-нің шешімімен құрылған әскери округ. Құрамына Закаспий, Жетісу, Самарқанд, Сырдария және Ферғана облыстары кірді. Штабы Ташкент қаласында орналасты. Оның құрамалары Азамат соғысы жылдары ақ гвардияшылар мен шетел интервенттерін, басмашыларды талқандауға қатысты. 1926-45 жылы Орта Азия әскери округі деп аталды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында округте жасақталған дивизиялар мен бөлімдер майданда ерлікпен шайқасып, даңққа бөленді (қ. Сегізінші гвардиялық атқыштар дивизиясы, Жетпіс екінші гвардиялық атқыштар дивизиясы, Үш жүз тоқсан бірінші атқыштар дивизиясы,т.б.).1945 жылы тамызда осы аумақта екі әскери округ (Түркістан және Дала) құрылды. Түркістан әскери округі қазіргі Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан Республикаларының аумағын қамтыды. Штабы Ташкент қаласында болды.
|