Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті | [ Добавить материал ] |
В категории материалов: 754 Показано материалов: 511-520 |
Страницы: « 1 2 ... 50 51 52 53 54 ... 75 76 » |
Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Жанбек болыс Торжанұлы. Кейбір шығармаларда Жәмбек, Жәнбек, Жәнібек деп те жазады. Тама тайпасының Жабал руынан. 1861 жылы дүниеге келіп, 1918 жылы дүниеден өткен. Жанбек тілі майда, ұтып сөйлейтін, сөзге шешен адам болған. Ол кісінің ел жадында сақталған қасиеті - әділдігі, қара қылды жарған билігі. Ақмолада совдеп құлаған жылы 57 жасында қайтыс болды
Әкесі Торжан Тама руының атақты адамының бірі болған. Ол Меккеге барып Торжан әжі аталады. Торжанұлы Жанбек жеті рет болыс болып сайланған. Жанбектің қыс қыстауы Шу өзені бойындағы Тасты деген жерде болады. Тастының жанында Жанбектің ағаш үйі деген жер бар. Жаз жайлауы Арқадағы Жетіқоңырда болған. Адмирал Колчак Жанбекті хан деп атаған екен.
|
Жанкісі би шамамен 1770-72 жылдары Ұлытау өңірінде туып, 1848-49 жылдары Сыр бойында қайтыс болған деседі. Би, әрі ақын Жанкісінің әкесінің аты түрлі жинақтарда әртүрлі айтылып жүр. Бірде Өтеміс, енді бірде Басыбайдың баласы делінеді. Бидің артында «Қоқан ханына айтқаны», «Қожыққа айтқаны» тағы басқада айтқандары ел есінде. Бірсыпырасы жинақтарда жарияланған. «Қоқан ханына айтқаны» деген тегеурінді өлеңі алғаш рет 1875 жыл «Записки Оренбургского отделения РГО» журналында жариялаған. Екінші рет 1885 жылы Орынбор қаласында ғалым, профессор Н.Веселовскийдің құрастыруымен «Образцы Киргизской поэзии» деген кітапқа енген. Осы кітабында ғалым Веселовский жырдың авторы Жанкісін «Сыр бойылық Найман» дегенді ғана жазған екен. |
Асаубай жәдігерұлы , Қанжығалы Асаубай (т.-ө.ж.б.) — белгілі шешен, би. Арғын тайпасының Қанжығалы руынан шыққан. Арқадағы Қорқылдақ к-нің төңірегін қоныс еткен. Ш.Уәлихановтың әкесі Шыңғыс төренің замандасы. А. қара қылды қақ жарған әділ де сыншыл ақын болған. Табан астында шығарып айтқан өлеңдері Махамбет, Ақтамберді сияқты өр мінезді, орақ тілді ақындар шығармаларымен сарындас. Оның Шыңғыс төреге, Абылай тұқымынан шыққан Ахмет биге, керей Бекентай байға, Жарқын биге, қарабалық Күлік байға, Омар төреге т.б. айтқан сөздері ұшқырлығымен, жігерлілігімен ерекшеленеді. Ақын қашан да тұрмысы нашар әлеум. топтың сөзін сөйлеп, жоғын жоқтаған. А. жырлары, суырып салма сөздері респ. баспасөздерде, "Қазақтың би-шешендері” (1993) жинағында жарияланған. == Пайдаланылған әдебиеттер == "Қазақ Энциклопедиясы"
|
Жәке қойтанұлы (1830, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сайқан тауы — 1914, Қытай, Сауыр тауы) — би, шешен. Абақ керей руынан шыққан. Он жеті жасынан ел ісіне араласып, билік айтып, шешендігімен танылған. 1883 ж. 800 үй меркіт руын бастап Сауыр тауына барып қоныстанған, сол рудың үкірдайы болып сайланған. Керей, найман тайпаларына төрелік айтып, би болған. Түрлі дау-дамайларда әділдігімен көзге түсіп, "керейдің Жәкесі, меркіттің әкесі” атанған. Тарбағатай, Алтай, Қобданы билеген қытай ұлықтары, салық салу, жер мәселесін Жәке бимен келісіп шешкен. Жәке ел ішінде сауат ашу ісіне де ат салысып, 1889 ж. Ласты өзеннің бойынан медресе ашқан. Зайсаннан Нұғман қазіретті шақыртып, бала оқытқан. Сол медресе кейін "Жәке медресесі” аталып кеткен. Жәке бидің айтқан билік, нақыл сөздері Алтай аймағының орталық Сарсүмбе қаласынан шыққан "Таң шолпан” журналының 1947 жылғы 2-санында жарияланды. 1944 ж. немересі Қабыл тәйжінің аузынан І.Омаров жазып алған Жәкенің шешендік сөздері М.Әуезов мұражайында сақтаулы тұр.
|
Жәлменде Байшығашұлы (1846, Алматы облысы Қаратал өзенінің төменгі сағасы — 1901) — би, шешен. Ұлы жүз құрамындағы жалайыр тайпасының арықтыным-байшегір тармағынан шыққан. Жәлменде 12 жыл болыс, 9 жыл би болған. Қоянды жәрмеңкесінде Абаймен кездесіп, жақын танысады. Ұржарда өткен 7 уезд өкілдері бас қосқан съезде түйіні қиын мәселелерді шешуге Абай Жәлмендені шақыртады. Жол аяғы қашықтықтан 2 — 3 күн кешігіп барғанымен, съезді Жәлменде би ашады. Съезде хатшылықміндет атқарған Абай Жәлменденің сөздерін уезд бастығы Лосовскийге аударып отырады. Уезд бастығы осы жиында Жәлменденің басшылығымен шығарылған ережені өзгеріссіз бекітіп, оған атқарған адал еңбегі үшін алтын медаль береді. Жәлменде қырғыз Шәбден төре, қазақ халқының белгілі адамдары Бөлтірік шешен, Маман бай, Есімбек Тәнекеұлы, Бақтыбай Жолбарысұлымен етене араласқан. Ж. 1901 ж. қажылыққа барған сапарында Мекке мен Мәдиненің аралығындағы "Жаннәтіл бақия” деген құдықтың маңында қаза тапқан. Жәлменде туралы ел аузында сақталған аңыздар "Баласы Жәлменденің Пішән едім” (Талдықорған, 1999), "Армысың, қайран бабалар” (Талдықорған, 1995) атты кітапшаларда жинақталып берілген.
Мазмұны
1 Жәлменде Байшығашұлы турады әңгімелер
1.1 Жәлменде Байшығашұлы турады әңгіме
1.2 Жәлменде Байшығашұлы турады әңгіме
2 Пайдаланған әдебиет
Жәлменде Байшығашұлы турады әңгімелер
Жәлменде Байшығашұлы турады әңгіме
Жәлменде би үлкенге де, кішіге де, кедейге де, байға да әділ билігін айтып, қамқор болған. Талайдың жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған ел ағасы болған азамат. Бір жолы оған Бақтыбай ақын мұңын шағып барады.
- Мына кедейлік түбіме жетті, - дейді ол. Ғашық боп жүрген Мәйке қызды бай ағайындары маған қоспайтын болды. Бар сылтауы сол - қалың малый төлей алмайтын жалаң аяқ кедейге қыз бермеймін деп жолатпайды. Енді не амал қыламын, өзің қамкорлық етпесең болатын емес.
|
«Күлен би» өз уақытында халқымыздың ірі тұлғасы ретінде,бойындағы табиғат берген ақыл парасат,шешендік қасиеттің арқасында танылған.Орта жүздің Қоңырат тайпасының Жандар руынан шыққан.Күлен би шамамен 1730-1800 жылдар арасында Сарыарқа-да, Көкшетау өлкесінде туылған,кейін Баян ауыл-да көшіп қонып жүрген. (Тілеуке Күлекеұлы 1748-1819) Шал ақын Күлен би- ге арнап өлең жазған,содан үзінді келтіруге болады.
Төрт ауылдың бір биі Күлен қозған
Қызыл тілде Қоңыратта Күлен озған
|
Көбей би - 1710-1785 жылдар аралығында өмір сүрген, халқына белгілі шешен, би атанған. 1779-1780 жылдардағы "Еңлік-Кебек" оқиғасының ішінде болып жолсыз жазаға ұшыраған екі жастың өліміне қатты қайғырып, тебіренген Көбей би шешендігі туралы жазушы Мұхтар Әуезов "Еңлік-Кебек" атты драмасында көрсеткен. Көбей би айтты деген ел ішінде көптеген шешендік алғыр, ойлы сөздер қалған.
|
Көктіңұлы Сапақ датқа, Сапақ датқа (би) Қалдарбекұлы 1814-1903 жылдар аралығында қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Сыр өңірінде дүниге келіп,өзінің бойындағы табиғат берген ақыл-парасаттылығымен, тапқырлығымен, сөзге шешендігімен халқын өз соңына ерте білген Қоңырат тайпасы, Байлар-жандар руынан шыққан қазақ батырларының бірі. Көктіңұлы атану себебі, Қоңырат тайпасының 6-ата Көктіңұлы( Алғи, Байлар-Жандар, Құлшығаш, Тоқболат, Оразгелді, Қаракөсе ) руларынан шыққандықтан өз замандастары Көктіңұлы Сапақ датқа деп атаса керек. Сапақ датқа 19-ғасырдың екінші жартысында Қоқан хандығы, Бұхара әмірлігіне қарсы күрес жүргізіп елін, жерін, халқын басқыншылардан азат ету жолында тер, қан төккен ірі тұлға. Аты шулы Мырза би оқиғасы да осы Сапақ датқамен тығыз байланысты. Аш көз Қоқан бегі Мырза би мал орнына қазақ қыздарынан зекет алғанда Бадам өзенінің жағасында, Ордабасы тауының баурайында, Қотырбұлақ қасында тап осы Сапақ датқаның туған інісі Мұсабек батыр қол жинап Мырза бидің басын алған. Қоқан хандығының Сыр бойындағы өкілі Мырза бидің қазасына қатты ашуланған Қоқан ханы Сыр бойының қазақтарын (Қоңыраттарды) жазалуға жіберген әскерін тоқтатқан да осы Көктіңұлы Сапақ датқа мен жандар Қанай датқа болатын. Сапақ датқа жайлы атақты ақындар көптеп жазды.Мысалға:Майлы қожа,Мәделі қожа,Сыр ақыны Ергөбек,Құлыншақ,сыпра шежіреші Байғұт Хәрпіш,Жамбыл Жабаев,Молда Мұса,айтыскер ақын Талап Өскенбаев, ағартушы ұстаз Бауыржан Момышұлының ұстазы Тәңірберген Отарбаев,Нәмет Сүлейменов,сенатор Болат Жылқышиевтың әкесі Әбжапар Жылқышиев,Сары арқа шежірешсі Мәшһүр Жүсіп Көпеев сынды ақын-жазушылар өз еңбектерінде жазып, қалдырып отырды.Көкшетаудың тумасы жас шежіреші Шыңғыс Оразалының айтуынша Сапақ датқа Малайсары,Сырымбет батырдың қарындасын тоқалдыққа алған.,сол Малайсары мен Сырымбеттің қарындасынан туылғанСапақ датқа -ның ұрпақтары белгісіз себебтермен арқада қалып әлі күнге дейін Көкшетау обылысы Қызылту аудандарында тұрады делінген.Бұл жайында Сапақ датқа-ның оңтүстіктегі ұрпақтары біле бермейді.
|
Көшек батыр Ерубайұлы, Көшек Ерубайұлы - 19 ғасырда өмір сүрген батыр, шешен, би. Тама тайпасының Дәулеткелді руынан. Әкесі Ерубай би Жолдыбайұлының үлкен ұлы. Жасынан тентектігімен танылып, Атбасар уезінің оязын сабаған атағымен батыр атанған. Арқадағы ағайындарының көбеюін дәлел қылып Алшын-Жағалбайлы болысы құрамынан Таманың Әліп бұтағын бөліп алу шығартқан. Сөйтіп ол болыстықтың атауын Қарақыз қойдыртып, Қосшығұл болысқа билік әперген. Көшек үлкен дауларда әділ төрелік айтып, даудың түйінін шеше білген билердің бірі. Жағдай қиынға айналғанда астына мініп жүретін қызыл айғырды әкесі Ерубай биге жібереді екен. Оны Ерубай үйінде отырып біліп: "Әп, біәрекелді, Көшектің жаны қысылды-ау. Бармасам болмас" деп киімін кие бастайтын көрінеді. Көшектің сүйегі Ерубай бидің қасына, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Сарысу ауылдық округіне қарасты Тасоба ауылының маңына қойылған. Ұрпақтары арнайы темірден қоршау жасап қоршаған. Көшек батырдың атақты Ерден Сандыбайұлының ауылына барып, сол заманның батырлары Есенқабыл, Есенбекпен ерегісіп қалатындығы туралы жақсы бір аңыз әңгімелер баршылық. Баласы Бегұлы болыс Көшекұлы да уағында көп жылдар болыс болған. Көшек батыр туралы деректер Сүлеймен Тәбірізұлының "Созақ өңірі", Пернебай Дүйсенбиннің "Үркердей болып көшкен жұрт" атты кітаптарында көптеп келтірілеген.
|
Малтақан (1819, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Бөкей Ордасы ауданы Жетібай ауылы — 1892, сонда) — би, шешен. 17 жасында Исатай-Махамбет бастаған шаруалар көтерілісіне қатысқан. Малтақан шешендігімен, табанда жауап айтқыштығымен бүкіл Бөкей өңіріне әйгілі би болған.[1] [2]
|