Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті | [ Добавить материал ] |
В категории материалов: 754 Показано материалов: 511-520 |
Страницы: « 1 2 ... 50 51 52 53 54 ... 75 76 » |
Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
ЕР ЖӘНІБЕК
Шоқан Уалиханов: "Абылай хан заманы – қазақ батырларының дәуірі” деген ұлы сөзін тегін айпаса керек. Оның сыртында Абылай дәуірі жоңғарлар мен қазақтардың сұрапыл шайқастарына толы болды. Не бір батырлар шықты. Соның бірі – біз сөз өткелі отырған Ер Жәнібек батыр.
Осы Керей Жәнібек батырды ел аузында "Ақыр Жәнібек” деп те атайды. Себебі қазақтың тарихында көптеген Жәнібектер өткен. Соларды шатастырмау үшін, әрі Жәнібектердің ерлік дәуірінің ақыры ретінде есте тұтқан болуы мүмкін.
|
Еменәлі Жалбырұлы - батыр. 15 ғасырдың 2-жартысында өмір сүрген. Орта жүз құрамындағы ашамайлы керей тайпасынан шыққан. Өзінің аталас туысы Жаңбыршы биден тәлім-тәрбие алған. Бұрындық ханмен, Жаңбыршы бимен бірге қазақ жұртын сыртқы жаулардан қорғап, ел тыныштығын сақтауға атсалысқан батырдың Сырлыбай, Күнту есімді ұлдарынан тараған ұрпақтар кейіннен бір руға айналған. Еменәліден тараған ұрпақтар қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Ресейдің Түмен, Омбы облыстарында тұрады
|
Елшібек батыр (туған-өлген жылы белгісіз) — 18 ғасырда өмір сүрген қазақ батыры. Ұлы жүздің құрамындағы сіргелі руынан шыққан. 18 ғасырда жоңғар қалмақтарына қарсы күресте ерлігімен көзге түскен. Елшібек батыр туралы ел арасына таралған әңгіме-жырлар көп. Сондай әңгіменің бірі — кезінде Ш. Уәлиханов ел аузынан жазып алған "Елшібек туралы әңгіме”. Ол әңгімеде Абылай ханның қалмақтармен болған бір соғысында Елшібек батырдың жауға қарсы жасқанбай жалғыз шапқан ерлігі, батылдығы туралы айтылған
|
Ежелгі түркілердің наным-сенімдері
Халықтың діні, наным-сенімдері мен көзқарастары оның тарихына, рухани-мәдени, саяси өміріне үлкен әсер ететін фактор болып табылады. Дін – руханияттың өзекті саласы. Дін тарихын білмейінше белгілі бір аймақты мекендеген халықтардың тұрмысын, өмірін, мәдени болмысының қыр-сырын терең тану мүмкін емес, яғни кез келген ұлттық мәдениеттің рухани бастауларын, оның менталитеті мен дүниетанымын ұғыну үшін мәдени тұтастықтағы діни жүйелерді терең зерттеп, зерделеудің маңызы ерекше. Ежелгі руханиятта дін оның негізгі құрамдас бөлігі екендігін ескерсек, айтылған тұжырымның маңыздылығы арта түседі. Себебі дін өткен тарихи дәуірлерде мәдениеттің барлық салаларын қамтып жатты.
|
Ежелгі дәуір әдебиеті
Күлтегін жырлары
Қазақ әдебиеті тарихы қазақ халқының ерте замандардан бастап бүгінге дейін жасаған көркем әдебиет туындыларын толық қамтыды. Ежелгі дәуірдегі әдебиетіміз туралы айтқаңда, ең алдымен, екі мәселені айқын түсінуіміз керек. Біріншісі – біздің ежелгі дәуір әдебиетіміздің туындылары тек қазақ халқының ғана еншісі емес, олардың басқа түркі тектес халықтардың да әдебиетіне ортақ екендігі. Екіншісі – қазақ тілінде емес, ежелгі түркі тілінде жазылғандығы. Енді осы жайттарға түсінік бере кетейік.
Қазақ халқының құрылуына негіз болған ру-тайпалар ол замандарда қазіргі Қазақстанды, Орта Азияны, Оңтүстік–шығыс Сібірді, Орталық Азияны, Еділ бойын, Каспий жағалауларын мекен еткен. Олар өзбек, қырғыз, әзірбайжан, түрікмен, ұйғыр, қарақалпақ, хакас, башқұрт, татар халықтарының төл құрамына енген ру-тайпалармен аралас өмір кешкен. Сөйтіп, экономикалық, әлеуметтік, мәдени өмірі бір-бірімен өзара тығыз байланысты болған түркі тілдес халықтардың әдебиеті де ортақ болды. Кумандар, Дешті Қыпшақтар, тағы басқадай атанған жартылай көшпелі, жартылай отырықшы түркі тілдес халықтардың ерлігі, тұрмыс-тіршілігі, арман-қиялы поэзия тілімен жырланып, ерлік эпостар, ертегілер, аңыздарда баян етілген. Құлпытас, күмбез түріндегі ескерткіштерге өздерінің елеулі-елеулі тарихи адамдары туралы жоқтау, мадақтауларын жыр түрінде ойып жазып қалдырып отырған. Бұл түркі ұлыстарының жазу мәдениеті ертеден пайда болғанын көрсетеді. Ол жазулар дами келе Күлтегін, Тоңұқық*, Қорқыт ата, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, Ахмет Йасауи, Бақырғани, Хорезми, т.б. орта ғасырлық ғұламалар шығармаларының сақталуына негіз болды.
|
Едіге Танашұлы - батыр. 14 ғасырда өмір сүрген. Ресейдің қазіргі Омбы қаласы орнындағы «Керей тоғайы» деген мекенде дүниеге келген. Орта жүз кұрамындағы керей тайпасының ашамайлы керей руынан шыққан. Едіге ағалары Балға, Балта батырлар сияқты Алтын Орда хандарының әскербасы болган. Кейін Әмір Темірге қызмет етіп, оның әскерімен бірге ауыр шайқастарға қатысқан. Сол шайқастардың бірінде Едіге ауыр жараланып, қасындағы серіктері Самарқанға жеткізбек болып әкеле жатқан жолда, Ұлытау бөктерінде қайтыс болады
|
Дөңес би (1844 — өлген жылы белгісіз) — би. Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасынан шыққан. Он сегіз жасынан қазіргі Қызылорда облысының Қазалы ауылында қажылық, билік еткен. Дөңес жастайынан өзінің аталас туысы Жақайым Мыңбайұлы Жетес (1835-1907) биден көп жол-жосық тәрбие алады. Ол Жетестен жиырма шақты жас кіші, Қарасақал Ерімбет жыраумен (1844-1916) құрдас, замандас болатын дейді. Дөңес би сол атыраптағы Жақайым Жетес, Шөмекей Бақа, Әлім-Матай Үмбет, Нұрғожа, Шөмен, Самұрат т.б. билермен талай билік, дау-дамайға қатысып, өзінің әділ төрелігі, адамгершілік, парасаттылығымен ел құрметіне бөленген азамат. |
Дәуқара Қарақожаұлы (шамамен 17 ғасырдың соңы - 18 ғасырдың ортасы) - батыр, би. Есімі байұлы тайпасы құрамындағы байбақты руының ұранына айналған. Дәуқара Еділ бойындағы қалмақтарға қарсы шайқастарға қатысқан. Ел арасындағы бір аңыздарда дене бітіміне қарай Дәуқара аталыпты делінсе, енді бірінде қарақалпақтар қоныстанған Шымбай - Дәуқара маңында көшіп-қонып жүргенде Дәуқара есімі қойылған дейді. Дәуқара батыр есімі батыс өңірінің ақын, жыраулары шығармаларында жиі айтылады
|
Дәулет Мықтыбаев (1904-1976) мектебінің өзіндік қасиеттері мен ерекшеліктері.
Қазақ өнерінің бастауында үркердей аз ғана топ ішінен айрықша табиғи талант-дарынымен жарқырап көрінгендердің бірі қобызшы - Дәулет Мықтыбаев. Д. Мықтыбаев 1904 жылы Ақмола облысы, Қорғалжын ауданында дүниеге келген.
Ықыластың ең дарынды шәкіртінің бірі Тоқтамысұлы Әбікей қартайған шағында бойындағы ұлы мұра ұмыт болмас үшін қатты алаңдап, аяқ жетер төңіректен қобыз қадірін білетін өкше басар жас ұрпақ іздеген екен. Ол іздеген Қорғалжын жағасын жайлап отырған Әупіктің ауылынан табылады. Әупік – қазақтың әйгілі қобызшысы Д. Мықтыбаевтың әкесі- өнерге жақын және өзі от басында да қобыз тартқан адам.
Д. Мықтыбаев тоғыз жасқа келгенде қобызға қатты құмарланып жүргенін әкесі байқап, тәлім - тәрбие алсын деп, Ықыластың Түсіпбек деген баласына жібереді. Дәулет Түсіпбектің қолына келгенде Ықылас әлі тірі. Бірақ қолынан күші қайтып, қобыз шылмайды екен. Талай жыл жан серігі болған қара қобызын Ықылас: «Ашаршылықта ас болған, жаяушылықта ат болған аспабым еді»-деп маңдайына басып, өзінің Әбікей деген ең дарынды шәкіртіне тапсырған екен»- деп жазады И. Жақанов.
Осы әңгімелерге сүйенсек, Д. Мықтыбаев Ықылас күйлерін Әбікей, Түсіпбектерден үйреніп ұстап қалған. Бірақ, өкінішке орай, осы кісілерді мазаламайын деп, Дәулет Ықыластың көп күйлерін ұстай алмай қалғанын да айтып кеткен де жөн көрдік. Көп күйлердің аттары сақталғанымен, орындайтын үлгісі, нотаға жазылғаны қалмаған, мысалы: «Бозторғай», «Қаншайым» сияқты күйлер.
|
Дәулен Таузарұлы (16 ғасырдың 2-жартысы, қазіргі Ресей, Омбы қаласы орнындағы Керейтоғай қонысы - 17 ғасырдың басы) -батыр. Орта жүз құрамындағы ашамайлы керей руынан шыкқан. Жас кезінде ауыл молдасынан оқып, діни білім алған. Ермактың басқыншы отрядына қарсы күресте Көшім хан әскеріне көмектескен. Дәуленнің Жалаңтөс баһадүрдің апасы Жамалдан туған он бес ұлы болған
|