Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті | [ Добавить материал ] |
В категории материалов: 754 Показано материалов: 41-50 |
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 7 ... 75 76 » |
Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Қасым Аманжолов — қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны, атақ-даңқы кең жайылған Қасым Аманжолов (1911-1955) ұлттық әдебиетіміздің заңғар аспанындағы жарық жұлдызы, мәңгі сөнбес шамшырағы еді. Өмірден ерте кеткенмен, ол болашақ ұрпаққа мол мұра қалдырды. Бейбіт өмірді, қан майданды, туған жер мен ата-ананы, достық пен махаббатты, көңіл күйі мен табиғатты биік парасаттылықпен, шынайы сезіммен, зор тебіреніспен жырлады
|
Қарасай Алтынайұлы (1589-1671) — қазақтың қаһарман батыры, әйгілі қолбасшысы, есімі шапырашты руының ұранына айналған аса көрнекті тарихи тұлға. Қарасай батыр Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Суықтөбе тауының етегінде Қарасаз деген жерде дүниеге келіп, Арқа жерінде Көкшетау үшін болған шайқаста ауыр жараланып дүние салған. Топырақ Көкшетау алабындағы Айыртау сілемінің Құлшынбай деп аталатын төбесінен бұйырған. Қасына өзінің қанды көйлек досы арғын Ағынтай батыр жерленген. Қос арыс — шапырашты Қарасай мен арғын Ағынтай батырға жөне олармен бірге қанды шайқаста қаза болған сарбаздарға қос күмбезді кесене орнатылған
|
Қалыбай Тасқұлов (15.8. 1922 жылы т., Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Асықата кенті) - 2-дүниежүз. соғысқа қатысушы, барлаушы. Қалыбай 1942 жылдың қаңтарынан 65-армия 69-атқыштар дивизиясы 120-атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылы 15 қазанда Днепр өзенінен (Украина, Чернигов облысы Репки ауданы Радуль кентінің маңы) алғашқы өткен десантшы-жауынгерлер тобының құрамында көрсеткен ерлігі үшін Тасқұловқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (30.10.1943). 1944 жылы кіші л-ттар курсын бітірді. Соғыстан кейін туған ауылында еңбек етті. Кейіннен Өзбекстан Респ. Ташкент облысы Бостандық ауданы Чахчам селосында тұрды. Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған
|
Қайқы Ұзақұлы (1845, қазіргі Жалағаш ауданы – 1918, Тереңөзек ауданына қарасты «Қайқы ағашы» деген жер.) – батыр. Кіші жүздің Табын руынан шыққан. Әділдігімен, өткір де ержүректілігімен Сыр бойындағы бүкіл Жетіру мен Кете – Шөмекейге мәлім болған. Ол жайлы деректер сирек те болса республикалық басылымдарда кездеceді. 1965 жылы жарыққа шыққан «Айтыс» кітабының 2-томында Қайқы туралы айтылған.[1] Ұрпақтары Қазақстанның әрбір жерінде еңбек етіп, өмір сүріп келеді.
|
Қазыбек бек Тауасарұлы (1692 ж. Алматы облысы Кербұлақ ауданы – 1776 жылы Алматы облысы Күрті ауданы) – батыр. Ұлы жүздің шапырашты тайпасының асыл руынан шыққан. Кейбір мәліметтер бойынша жас кезінде шығыс елдерінде болып, мұсылманша жан-жақты білім алған. Жоңғар шапқыншылығы кезінде шапырашты Наурызбай батырдың әскерінде мыңбасы (кейбір деректерде ақылшысы) болған. Жоңғарлармен болған 1727 жылғы Бұланты шайқасына, 1729 жылы Аңырақай шайқасына қатысқан. Батыр қайтыс болған жерді халық Қазыбек тауы деп атап кеткен. Оның ұлы Қасқары батыр да жоңғарларға қарсы соғыста көзге түскен. Б.Қыдырбекұлы, Б.Нұржекеев, т.б. авторлардың пікірлері бойынша Қазыбек Бек "Түп тұқианнан өзіме шейін” – деген шежіреөтірік кітап] еңбек жазғанКіші Азияның ірі қалаларында болып, діни, ғылыми білім алған оқымысты, жоңғар басқыншылығына қарсы күресте қол бастаған батыр. Шыққан тегі — Ұлы жүздің Шапырашты тайпасының Асыл руынан.
|
Қабанбай Қожақұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз — батыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған. Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан.
Жеті жасында әкесі Қожақұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады. Он алты жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін Зайсандағы Керей ішіне кетіп, жездесі Бердәулеттің қолында болды. Осында жүріп жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, "Қабан батыр” атанды.
|
Шымыр батыр, Шымыр ата (т.-ө. ж. б.) – Ұлы жүздің дулат тайпасынан шыққан батыр, әулие. Шежіре деректері бойынша Дулаттың кенже ұлы, шамамен Қазақ хандығының қалыптасып, нығаюы кезінде өмір сүрген. Талас, Шу өзендері өңірлерінде, Ташкент, Сайрамда билік жүргізіп, ұлұғ-бек (ұлы бек) атағына ие болған. Шымырдан шынқожа, бекболат, темірболат рулары тарайды. Олардың ішінен ел мақтанышына айналған шешендер, билер, батырлар, датқалар, қоғам қайраткерлері (Қойгелді батыр, Байзақ датқа, Тұрар Рысқұлов, Бауыржан Момышұлы, Шерхан Мұртаза, тағы басқа) шықты. Шымыр батыр Ташкент қаласының маңында жерленген. Қабірінің басына 2000 ж. кесене тұрғызылды
|
Шоқпар Жауғаштыұлы, Шоқпар батыр (шамамен 1691 – өлген жылы белгісіз) - батыр. Шыққан тегі Орта жүз арғын ішінде қаржас руынан. Сүйіндік- қаржас жасағын басқарып, қазақ-жоңғар арасында болған шайқастарда жаудан Баянаул, Желтау, Қызылтау сілемдерін азат еткен. 1756 жылы қашқан жоңғар әскері Баянауыл мен Ертіс аралығындағы Серектас деген тауға тығылып, қатты қарсылық көрсеткен. Шоқпардың ақылымен Олжабай бастаған қазақ колы жоңғарларды қырға қарай алдап шығарып, қырғынға ұшыратты. Серектас шайқасы өткен жер кейіннен «Қалмакқырылған» аталып кеткен. Осы жаугершілік кезінде Шоқпардың 9 ұлы жау қолынан қаза болды. Сондықтан Олжабай батырдың шешімімен Қызылтау сілеміндегі Қарадің адырына Шоқпардың аты қойылып, Үшбұлақ өлкесі оған қоныс ретінде берілді. Шоқпардың кейіннен алған қалмақ әйелінен көрген балалары болған. ¥рпақтары 1996 жылы «Шоқпар адырына» белгі тас қойды
|
Биболдыұлы Шерубай (1693-1812), батыр. Туып-өскен мекені қазіргі Топар кентінің маңы. Орта жүз жеріне қалмақтардың шабуылы кезінде (1721-1730) жылдарына Тоқбура Қарекеұлы жасы алпысқа келіп қалса да ел жиып, жауға қарсы ту көтерген. Шерубай оның қолбасшы батыры болған. Хас батырлығы, өлшеусіз ерлігі туралы ел аузында әнгіме көп. Қарағанды облысының Шет және Бұқар жырау ауданының жері арқылы ағатын Шерубай-Нұра өзені батырдың атымен аталған. Осы өзеннің жағасында Шерубай-Нұра стансасы орналасқан. Бұл бекет 1934 ж. Қарағанды-Балқаш темір жол құрылысы кезінде пайда болды
|
Шанбаев Шерімхан Оралханұлы (5.12.1958 жылы туылған, Оңтүстік Қазақстан облысы Ленгер қаласы) - әскери қайраткер, генерал-майор. Алматы жоғары жалпыкомандалық әскери училищесін (1980), ҚР ҚК әскери академиясын (2001) бітірген. 1980-95 жылы Солтүстік Кавказ, Түркістан, Орта Азия әскери округтерінде қызмет етіп, Ауғанстанда взвод командирі, шабуылдаушы десантшылар ротасы командирінің орынбасары, батальон командирі, Оңтүстік Қазақстан ДОСААФ комитетінің төрағасы болды. 1995 жылдан ҚР ИМ ІӘ қызмет атқарды. Батыс бригаданың (Орал) командирінің орынбасары - штаб бастығы (1995-97), полк командирі (1997-2001), Батыс бригаданың (2001-03), Солтүстік бригаданың (Петропавловск, 2003-04) командирі болды. 2004 жылдан Оңтүстік бригаданың (Алматы) командирі. Шанбаев «КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызметі үшін» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
|