Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 17.5.2017
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

В категории материалов: 754
Показано материалов: 471-480
Страницы: « 1 2 ... 46 47 48 49 50 ... 75 76 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Қазақ жеріндегі тұңғыш мектептер


1. Патша өкіметінің халық ағарту саясаты.
2. Қазақ жеріндегі тұңғыш мектептер.

1. Патша өкіметінің қазақ халқының халық ағарту
саласындағы саясаты.

ХҮІІІ ғасырда көшпелі қазақ қоғамы қарама қайшылықтардың шиеленіскен, патриархарлық-рулық құрылыстың көлеңкелі тұстарының ерекше өріс алған жағдайында қарсылады. Қазақстан экономикасы және мәдениеті артта қалған ел болды. Қазақ халқының негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болғандықтан, осымен байланысты көшпелі тұрмыс, патриархалдық-феодалдық қарым-қатынас, осы жағдайлардың себептерінен экономикасы мен мәдениеті артта қалды.
Қазақ жері бытыраңқы жағдайда үш жүзге бөлінді, әрқайсысын өз хандары басқарды, хандардың өзара ауыз бірлігі болмады. Осындай жағдайды сыртқы жауларымыз кеңінен пайдаланды. Жоңғар феодалдары 1723 жылы кенеттен қазақ жеріне шабуыл жасап, оның көп бөлігін жаулап алды. Кейбір мәліметтер бойынша, шетел басқыншыларының шабуылы соншама нәтижесінде қазақтар халқының үштің екі бөлігінен айырылды.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 801 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

"Қазақ әйелі" концептісінің этномәдени сипаты
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кейінгі онжылдықтар белесіндегі зерттеулер этносты, ұлт мәдениетін тіл арқылы анықтауды негізгі қағида етеді (Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Р.Сыздық, Н.Уәли, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, Қ.Жаманбаева т.б.). Нақты айтқанда, тілді тұтынушы ұлтты алғашқы орынға қоятын лингвистикадағы антропоцентристік парадигма өз аясында жаңа бағыттарға жол ашуда. Осымен байланысты Г.Снасапова, Ш.Елемесова, Ф.Қожахметова, М.Күштаева, Қ.Қайырбаева, Н.Аитова, А.Әмірбекова, Ж.Саткенова сынды жас ғалымдардың жұмыстарында тіл таным кілті деп қаралып, когнитивтік лингвистика мәселелері этнолингвистика, лингвомәдениеттану, психолингвистика, әлеуметтік лингвистикамен тығыз байланыста зерттелген.
Осыған орай соңғы кездері қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы концепт табиғатын нақты дәйектер негізінде ашуға бағытталған еңбектердің көбейіп келе жатқаны байқалады. Ғалымдардың зерттеулерінде бақ, тағдыр, өмір, өлім, жан, қайғы, мұң, тары, батырлық, қаһармандық, соғыс, түр-түс, сұлулық, әсемдік, т.б. концептілердің мазмұны көрсетіліп, олар әр қырынан қарастырылған.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1671 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)


Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі: 
көне Түркі ескерткіштері

"Ежелгі дәуір әдебиет" (VII-XIV ғғ.) деп аталатын жеті ғасырды қамтыған әдебиетіміздің, ұзақ тарихына қатысты ескерткіштер, шығармалар аз емес. Олардың алғашқылары деп түркі ру-тайпаларына ортақ Орхон ескерткіштерін (VII ғ.), "Қорқыт" (VIII ғ.) және "Оғыз-наманы" (IX ғ.) атаймыз.
Ежелгі дәуір әдебиетін Мұхаммед Хорезми, Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Йасауи, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұни тәрізді түркі халықтарының біразына ортақ ойшылдары, ғалымдары, ақындары жалғастырады (X-XII ғғ.) – Аталған ғұламалар түркі халықтарынан шыға тұра кезінде араб әдебиетін, араб ғылымын, сонымен бірге дүние жүзі ғылымын дамытуға үлкен үлес қосқан.
Ежелгі дәуір әдебиетінің негізіне қыпшақ тілінде дамыған кезеңінде (ХIII-ХVI ғғ.) "Кодекс куманикус", "Махаббатнама", "Жүсіп-Зылиха", "Гүлстан", "Домбауыл", т.б. қиссалар, дастандар, шежірелер, тарихи мұралар енеді.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 2459 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ТЕРМЕ ЖАНРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

М.Т. Мұқашева
№8 Төле би атындағы гимназия, Тараз қ.

Қазақы сөз арнау дәстүрі түрлі жанрлық, тақырыптық сипатымен өзге түрік халықтарына қарағанда өте бай. Ең бастысы байырғы рухани құндылықтарымыз таза, бастапқы пішінін жоғалтпай бүгінгі күні жалғасын тауып отыр.  Қазақы сөз арнау заман өзгерісіне байланысты тақырыптық жағынан түрленіп, мазмұны тереңдеп, өлең жүйесі күрделеніп отырды. Бұл заңды құбылыс.
Қазақ ұлтының өзіне ғана тән бірнеше сөз арнау дәстүрі бар. Толғау мен терме соның бір көрінісі. Халқымыз ықылым заманнан келешек тағдырына алаңдаушылық білдіргені тарихтан мәлім. Келешек тағдыры дегенде елді, жерін, ұрпақ тәрбиесін, тілін, дінін айтып отырмыз.  Осы қасиеттердің ұрпақ санасына сіңіріп, атадан балаға мирас қылып қалдыру дәстүрге айналған. Осы мақсатта терең мәнді терме, толғаулар өмірге келді.
Толғау мен терменің табиғатын ажыратуға арналған тұңғыш зерттеу Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» атты еңбегі болды.  Аталмыш еңбегінде ғалым толғау мен термеге анықтама беріп, ара жігін ажыратуға талпыныс жасайды. «Толғау- қысқасын айтқанда, іш қазандай қайнаған уақытта шығатын жүректің лебі, көңіл құстың сайрауы, жанның тартатын күйі», - дейді ғалым. [1.104]. Демек, іш қазандай қайнағанда ойға ерік беріліп, күрмеуі қиын мәселелердің шешімі табылады. Яғни философиялық ой қорытудың ұлттық үлгісі толғауда анық байқалады. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 801 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

ҚАЗАҚ   ӘДЕБИЕТІНДЕГІ  ДАНАЛЫҚ  ҮРДІС

Г.Ә.Өтетілеуова, Г.Ә.Мұраталиева
Ыбырайым  Сүлейменов атындағы № 37  қазақ орта мектебі, Тараз қ.

Даналық – адамды басыбүтін және үнемі баурайтын соңғы лебіз, соңғы дау. Даналық өне бойы өткенге көз тастап, тарихқа үңілумен болады, адамның, қоғамның, халықтың қазіргі күйіне өткен шақ және болашаққа қарап, салыстырады, сынайды. Белгілі ғалым Кант айтқан, адамға керек, адамға адам болудың, адам болып өмір сүрудің, қандай қиын жағдайда да адам болып қалудың жолдарын көрсететін философия бөлек, ол- даналық философиясы. Оны біз Конфуцийден, Сократтан, Достоевскийден, Л. Толстойдан, Ыбырай мен Абайдан таба аламыз.Осы кезге дейін философиялық әдебиетте даналықты философияның өткен шағы деп қарау, сол себепті даналыққа көңіл бөлмеу орынсыз келеді. Даналық- философияның түпкі мәні. Даналықтың не екенін Сократтан сұрауға тура келеді. Оның ойынша , даналық деген дүниені, өзіңді басқаларды түсіну, бәріне де түсінікпен қарау. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1354 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ АЙТЫС ӨНЕРІНІҢ ӨЗІНДІК ӨРНЕГІ

Г.А.Жұмабекова
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

Қазақ әдебиетінің қайталанбас хас ерекшеліктері аз емес.Осы орайда ауыз әдебиеті үлгілерінің кемел жазба әдебиетке ойысу, ұласу үрдісін тану, табу, ғылыми негізден айқындап көрсету - әлемдік әдебиеттануда тек қазақ әдебиетінің теориялық тарихының ғана еншісі болып көрінеді.
Қазақ әдебиетінің тарихындағы фольклор дәстүрі әдебиеттану ғылымында бастапқы кезеңнен гөрі ауқымды зерттеулерге ұласып отыр. Мұның мәні – қазақ әдебиет тарихының сарқылмайтын, таусылмайтын көркемдік негіздерден құйылған шығармашылық өзгеше жаратылыс сырында.
Ауыз әдебиет, жазба әдебиеттің айырым белгісі хатқа түскен, тасқа басылған сөз фактісінде емес, шығарманың, туындының жазылу стилінде, дәстүр үрдісінде, жанрлық өзгешелігінде жатыр. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 824 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ-ТҰЛҒАНЫҢ РУХАНИ ДАМУЫНЫҢ БАСТАУЫ

.
Әр халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы - ұлттық мәдениетінің маңызды белгісі болып табылады. Осы арқылы ол ұлттың ұлттық тәрбиесінің ерекшеліктерін білеміз. Қазақ халқының этностық ерекшеліктерін байыптасақ, бұл халық ұрпақ сабақтастығын сақтап, алысты жақындатып, аразды татуластырып, ізетті келіннен таныған, татулықты абысыннан тапқан, дарқандықты даласынан, даналықты бабасынан, пәктікті баласынан алған халық. Қазақ адамгершіліктің басы - әділдікті ту етіп, әділдіктің басы болған адалдықты анасынан алған. Аналар ұрпақты ұлағаттылыққа баулып, дауға - дәру, жауға - қару, араздыққа - араша, татулыққа- тамыр, тазалыққа - нәр,  пәктікке - пәрмен, дәстүрге - дәрмен, өнерге - тұлпар, көкте - сұңқар етіп  тәрбиелеген. Қазақтар «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның  тәрбиесімен тәрбиеле», - дегендей халқымыздың бойына сіңген атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі өзге ұлттардан ерекшеленіп, өздеріне тән   қасиеттерді көрсетіп тұратындығын жоққа шығара алмаймыз.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 989 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

ОТАН ТАРИХЫ"

Қазақ гуманитаристикасы және ұлт тарихын зерттеу

Г.Жугенбаева

Тәуелсіз Қазақстанның тарих ғылымы ұлт тарихын терең, жан-жақты зерттеп, жаңаша пайымдаулар жасауға батыл кірісуде(1). Бұл әрекеттердің отандық тарих ғылымының осы уақытқа дейінгі жетістіктері негізінде жүзеге асып жатқандығы да шындық. Сонымен бірге үш ғасырға жуық тілі, діні, ділі мүлдем бөлек жат жұрттың қол астында бодандықта болып келген ұлттың тарихын барынша шынайы танып-білуде маңызы зор проблемалар да айқындала бастады. Бұған - тарихымызды зерттеуде тарихи дерек көздері ретінде қатыстырыла қоймаған, әр қилы себептермен мән берілмеген қазақ ауыз әдебиеті туындылары дәлел бола алады. Ақиқатында, бұл ауызша руханиятымыз – түрлі тарихи жағдайлардың әсерінен жазуы тұрақты сипат алмаған көшпенді халықтың өмір сүру дағдысын, бүкіл болмысын, дүниетанымын, өткен тарихи даму жолын келер ұрпаққа жеткізіп, сақтап келгендігі мәлім. Ұлттық дерек көздері деген атауға толық лайықты қазақ әдебиеті сонысымен де баға жетпес құнды мұра. Мәселен, олардың арасында соңғы кездері тарихшылардың назарын аудартып жүрген мәселелердің бірі – ауызша тарихи дәстүр(2) жақсы дамыған. Осындай рухани мұраларды кең көлемде тарих ғылымының мүддесі тұрғысынан қарастырудың өзектілігін бүгінгі уақыт көрсетіп отыр. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 622 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

ҚАЗАҚ ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАРЫНЫҢ 
ОРЫНДАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Диссертациялық зерттеудің өзектілігі. Халық эпосы қазақ баласының рухын көтеріп, санасын түзейтін ғасырлар үні, еліміздің рухани байлығының көне көзі. Халықтың ұлттық мінез ерекшеліктерін, көзқарасын, тарихы мен дүниетанымын, менталитеті мен тілін, мәдениеті мен ой-өрісін суреттей отырып, тарихи шынайылық пен көркемді-моральдік құндылықтың дәлелі болған бұл өнер түрі ғасырлар бойы әр кезеңнің құжаты болып, ұлттың рухани сұраныстарына сай дамып отырған.  
         ХІХ ғасырдың соңынан әдебиеттанушылардың зерттеуіне нысан болған эпос үлгілері әр ғасырда ғылыми еңбектерде елеулі орын алып, өзекті мәселелердің бірі болды. ХХ ғасырдың басынан құндылығы арта түскен және құрамында фольклорлық туындылардың өзегі бар эпикалық ескерткіштер әр саладағы ғалымдарды қызықтыра түсіп, заман талабына сай қолданыста болды. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1033 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақ»  газетіндегі көтерілген оқу –тәрбие мәселелері.

              «Қазақ» – қоғамдық –саяси және әдеби газет 1913 жылы 2 ақпаннан бастап Орынборда аптасына бір рет, 1915 жылы аптасына екі рет шығып тұрған. Тиражы –3000, кейбір мағлұматтарда 8000-ға жеткен. Бірінші редакторы белгілі  ғалым, жазушы, қоғам қаураткері Ахмет Байтұрсынов, екінші редакторы қоғам қайраткері, жазушы Міржақып Дулатов бастырушы «Азамат» серіктігі. Кәрімов баспаханасында басылып тұрған. Газеттің 1918 жылғы сандарының редакторы Жанұзақ Жәнібеков.
Газетте XX ғасырдың басындағы қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірінің ең түйінді мәселелеріне, қазақ шаруашылығының  жағдайына, жер мәселесіне, басқа елдермен қарым-қатынасына, оқу ағарту, бала тәрбиесіне, әдебиет пен мәдениет, әдет-ғұрып, салт-санаға, тарих пен шежіреге арналған құнды мақалалар жарияланды [46]
XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ өміріндегі екінші бір күрделі мәселе оқу –ағарту ісі болды. Қазақ даласында заман талабына сай жалпы білім беретін негізінен орыс-қазақ мектептері болды. Мұндай алғашқы бастауыш орыс-қазақ мектебі 1841 жылы Жәңгір хан ордасында ашылды.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 598 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 451-460 461-470 471-480 481-490 491-500 ... 741-750 751-754
Новости музыки