Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті | [ Добавить материал ] |
В категории материалов: 754 Показано материалов: 461-470 |
Страницы: « 1 2 ... 45 46 47 48 49 ... 75 76 » |
Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Хмелев Павел Васильевич (1923, Алматы облысы Панфилов ауданы Көктал ауылы - 13.12.1943, Украина, Житомир облысы Радомышль ауданы Будиловка селосы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сержант, 7-гвардиялық кавалер полкінің танкіге қарсы қару командирі. Орыс. Орта мектептен кейін Самарқандтағы автожол техникумында оқыды. 1942 жылдың наурызында Кеңес әскері қатарына шақырылып, кіші командирлер даярлайтын мектепке жіберілді. 1943 жылы 3 қарашада 1-Украин майданының әскерлері Украинаның астанасын неміс басқыншыларынан азат ету үшін шабуыл жасауға кірісті.
|
Рысбек Батыр (1709, Шығыс Қаратау, Шұбарағаш мекені, қазіргі Рысбек батыр ауылы – 18 ғ. соңы, Манкент ауылы ) – Оңтүстік Қазақстан, Талас, Жетісу өлкесін жоңғар басқыншыларынан азат ету жорықтарына белсене қатысқан батыр-қолбасы. Әкесі Шінет батыр, атасы Қарабатыр қолбасымен бірге 1726 жылдары Ордабасы тауында өткен жиыннан кейін Қаратау, Талас жерін тазарту жорықтарында Бөгенбай, Наурызбай, Өтеген, Қойгелді, Сеңкібай, Тойбек, Саңырық батырлармен бірге Ұзынбұлақ, Билікөл, Аңырақайда өткен ірі шайқастарға қатысқан. Бұл жорықтарда Сиқым мыңдығын бастап, есімі Сиқым руының ұранына айналған. Ол 1757 жылдары Сайрам мен Шымкент қ-ларын жоңғар басқыншыларынан азат ету соғысына да қатысып, ерлікке толы қимылдарымен көзге түскен. Жамбыл облысы Жуалы ауданының Б.Момышұлы а-нда Р. б-ға ескерткіш орнатылған. Ұрпақтары Жамбыл облысының Талас, Жуалы, Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек аудандарында тұрады
|
Тимофей Карпович Щербанов (1922 жылы туылған, Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Херсон селосы) - 2- дүниежүзілік соғысқа қатысушы, кіші лейтенант, танк-десант ротасы могоатқыштар-пулемет батальонының командирі. Орыс. 1941 жылы Астрахан атқыш-пулеметшілер училищесін бітірген. Кіші лейтенант Щербанов 1941 жылдың желтоқсан айында Батыс майданда гитлершілермен соғысты. Брянск, 4-Украина, 1- және 2-Прибал- тика майдандарында мотоатқыштар-пулеметшілер батальонының командирі болды. Төрт рет жараланған. Щербанов Орел - Курск ұрыстарына және жаудың Никополь қаласы түбіндегі (Украина) топтамасын жою операцияларына қатысты. Қырымды және Джанкой қаласын азат етуде көрсеткен ерлігі үшін Щербановқа КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945). Щербанов Ленин, Қызыл Ту, 2 рет «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен және медальдармен марапатталды
|
Ысқақ Ыбыраев (10.5.1911, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Қаратал ауылы - 13.7.1965, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Ыбыраев ауылы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, взвод командирі. Қазақ. Петропавл қаласындағы педагогикалық училищені (1930) бітіргеннен кейін Есіл ауданындағы Орталық, Бірлік, Жарқайың ауандарында 12 жыл мүғалім болды. 1942 жылдьщ шілдесінде Кеңес әскері қатарына шақырылып, Горький (қазіргі Нижний Новгород қаласы) қаласындағы әскери-саяси қызметкерлер курсын тәмамдады. Сол жылдың қазан айында Прибалтика майданына жіберіліп, 50-полктің рота командирінің саяси бөлімі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды
|
Уәлі Итенұлы (1798, қазіргі Қызылорда облысы, Құмкөл өңірі - 1881, Қорқытата қорымы) - би. Ресей патшасының қазақ жерін отарлау саясатына сай туған жерінен ығыстырылған қазақ ауылдарымен бірге әкесі Итен де балаларын алып, қазіргі Ақтөбе, Қостанай облыстарының жеріне көшкен. Қазір де Қостанай өңірінде «Құлтының қара моласы» деп аталып кеткен жер бар. Ағасы Құлты қайтыс болғаннан кейін Уәлі өзіне қарасты ағайындарымен Сыр бойына қоныс аударып, осы күндері Жайлау, Байзақ, Сүйінқара, Шоңмұрын, Жапырақты, Шақпақты аталатын тоғайларға орналасқан. Уәлі алтын руынан шыққан Тобжан, Әлібай сияқты халыққа қадірменді кісілермен бірігіп, елдің тұтастығын, татулығын сақтауда белсенді қызмет атқарды. Уәлі Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт- азаттық қозғалысын қызу қолдады. Оның өткір де батыл сөздері халық арасында кең тараған. Қарақұмда мал жайылымын игеру мақсатында құдық қаздырып, ол бүгінде «Уәлі құдығы» аталып кеткен. Ақын Асқар Тоқмағамбетов Уәліні жырға қосқан. 1996 жылы ұрпақтары «Уәлі құдығы» басына ескерткіш-белгі орнатты
|
Шымыр батыр, Шымыр ата (т.-ө. ж. б.) – Ұлы жүздің дулат тайпасынан шыққан батыр, әулие. Шежіре деректері бойынша Дулаттың кенже ұлы, шамамен Қазақ хандығының қалыптасып, нығаюы кезінде өмір сүрген. Талас, Шу өзендері өңірлерінде, Ташкент, Сайрамда билік жүргізіп, ұлұғ-бек (ұлы бек) атағына ие болған. Шымырдан шынқожа, бекболат, темірболат рулары тарайды. Олардың ішінен ел мақтанышына айналған шешендер, билер, батырлар, датқалар, қоғам қайраткерлері (Қойгелді батыр, Байзақ датқа, Тұрар Рысқұлов, Бауыржан Момышұлы, Шерхан Мұртаза, тағы басқа) шықты. Шымыр батыр Ташкент қаласының маңында жерленген. Қабірінің басына 2000 ж. кесене тұрғызылды
|
Жүсiпбек Аймауытов (1889-1931)
Жазықсыз жапа шеккен, қазақ әдебиетi мен мәдениетiнiң көрнектi қайраткерлерiнiң бiрi Ж.Аймауытов қазақ топырағында тұңғыш шыққан педагог, психолог-ғалым. Ол бiрнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.
Ж.Аймауытов Павлодардағы орыс-қазақ мектебiн, онан кейiн Семейдегi мұғалiмдер семинариясын (1918) бiтiрген. 1924 ж. Баянауылда бала оқытады. 1920 жылы РК(б)К қатарына кiредi. Қазақстан Советтерiнiң сьезiне делегат болып сайланады. ҚАССР Халық ағарту комиссариатының коллегия мүшесi, "Қазақ тiлi”, "Ақ жол” газеттерiнiң қызметкерi, мектеп мұғалiмi, 1926-29 жылдары Шымкенттегi педтехникумның директоры болып iстейдi. 1931 жылы ұлтшыл деп айыпталып, жазықсыз өлiм жазасына кесiледi.
1918 ж. "Абай” журналының бас редакторы бола отырып, тәрбиемен байланысты бiрнеше ғылыми мақалалар жариялады. Солардың iшiнде 1922 ж. жеке кiтап болып шыққан "Тәрбие жетекшiсi” атты еңбегiн ерекше атап өтуге тура келедi. Ол еңбегiнде Ж Аймауытов "Адам мiнезiнiң, ақыл-қайратының әр түрлi болуы – тәрбиенiң түрлi-түрлi болуынан… Адам баласының ұрлық iстеуi, өтiрiк айтуы, кiсi тонауы, өлтiруi сияқты бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенiң жетiспегендiгiнен” – дейдi.
Автор бала тәрбиесiндегi отбасының рөлiне зор мән бере келiп, "Баланы бұзуға, яки түзетуге себеп болатын бiр шарт – жас күнiнде көрген өнегеге, ата-анасының берген тәрбиесiне байланысты "ұяда не көрсе, ұшқанда соны iледi” деп бала мiнезiн қалыптастырудағы отбасы мүшелерiнiң ықпалына тоқталады.
|
МӘЛІМ ДЕ БЕЙМӘЛІМ АСАН АБЫЗ
Сәбитұлы Асан қайғы (14—15 ғғ.) — жырау, философ, қоғам қайреткері.
Еділ бойында дүниеге келген. Құрбанғали Халидұлы өзінің «Тауарих хамса» атты еңбегінде әйгілі Майқы биді Асан қайғының арғы атасы еді дейді.
Берке хан дүниеден қайтқан соң (1359) Алтын Орданың тағына жанасқан хандар баянды билік құра алмаған. Сондай баянсыз хандардың бірі Ұлығ Мұхамед болса, Асан қайғы сол Ұлығ Мұхамед ханға сөзін өткізетін билерді бірі болған. 15 ғ. 1420 жж. Ұлығ Мұхамед Сарайдан қуылып, Қазанды паналағанда, Асан қайғы жасының егде тартқанына қарамастан өз әміршісінің жанында болған.
Алайда, бас сауғалау болмысына жат Асанқайғы кешікпей қайтып оралып, Әбілхайыр Ордасындағы шиеленіскен тартыстың ортасына түседі. Керей, Жәнібек сұлтандар бастаған рулардың Әбілқайыр ұлысынан бөлініп шығуын қолдаушылардың бірі Асан қайғы болады. Асан қайғының жыр толғаулары мен нақыл сөздеріне қарағанда, Дешті Қыпшақтың кіндік мекені Еділ, Жайық бойынан қазақ руларының ірге көтеруін қолдамай, Керей мен Жәнібекке көп қарсылық білдіргені айқын аңғарылады. Асан қайғының «Жерұйық» іздеуіне қатысты айтылатын аңыздардан да халықтың бас құрап, ірге орнықтырып, ел болу қамын ойлауда оған шешуші міндеттің жүктелгені байқалады.
Ақыры, елдің ертеңін ойлап, еңсесін көтеруді өмірлік мұрат еткен Асан қайғы Ордадан бөлінген қазақ руларын Шу, Сарысу бойына, Ұлытау төңірегіне қоныстандыруға атсалысып, халықтың темірқазығындай бағдаршы болып өткені мәлім.
|
ЖАҺАНША ДОСМҰХАМЕДОВ
(1886-1938)
1. Өмірі туралы мәліметтер
Досмұхамедов Жанша (Жаһанша) — Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, Алашорданың Батыс бөлімшесінің төрағасы, заңгер.
1887 жылы Орал облысы, Орал уезі, Жымпиты болысының, № 1 ауылында дүниеге келген.
1899 жылы тамыз айында Орал әскери реалдық училищесіне түсіп, онда 1905 жылы 31 мамырға дейін толық курсын оқып бітіріп, сол жылғы 27 қарашада № 991 аттестатпен 1906 жылы тамыз айында, Орал облысының стипендиаты ретінде Мәскеу университетінің заң факультетіне түсіп, оны № 175 бітіру куәлігімен 1910 жылы 4 наурызда бітіріп шыққан.
1917 жылғы Ақпан төңкерісіне дейін округтық соттың прокурорының жолдасы (орынбасары) міндетін атқарған.
|
Джон Локктың педагогикалық теориясы
(1632-1704)
Саяси-әлеуметтік және философиялық дүниетанымы.
1688 жылы Англияда буржуазиялық төңкеріс болды. Ол өндірістік төңкеріске негіз дайындады. Бұл төңкеріс жаңа кезеңнің – буржуазияның үстемдік ету кезіңін жария етті, ол бұқара халықтың қатысуымен іске асты, бірақ, төңкеріс буржуазия мен дворияндардың арасындағы келісіммен аяқталды.
Джон Локк 1632 жылы революциялық төңкеріске қатысқан адвокаттың жанұясында дүниеге келді. Ескі Вестминистрлік мектепте орта схоластикалық білім алғанынан кейін, ол Оксфорд университетіндеоқуға түседі, онда ол белгілі Декарт, Бекон, Ньютон сияқты ғалымдардың еңбектерімен танысады, жаратылыстану ғылымдарымен қызығады, медицинамен айналысады. Университетті бітіргеннен кейін Локк грек тілі мен әдебиетінің оқытушысы болып университетте қалдырылады. 1667 жылы Локк либералдық саяси қайраткер лорд Шефтсбернмен танысады, үй дәрігері және оның немересінің тәрбиешісі болып орналасады. Шефтсберн буржуазия жағында корольге қарсы күресті. Шефтсбернді және онымен бірге Локкты қуғындайды, олар амалсыздан Голландияға эмиграцияға кетуге мәжбүр болады.
1688 жылы Локк Англияға қайта оралады, буржуазиялық қоғамда құрметті орынға орналасады. 1704 жылы қайтыс болады.
|