Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 16.5.2017
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

В категории материалов: 754
Показано материалов: 461-470
Страницы: « 1 2 ... 45 46 47 48 49 ... 75 76 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Сарыұлы Ақтамберді (1675 - 1768) атақты жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері. Ұлы жүздің Ошақты руынан. Әкесі Сары мен шешесі Сырбикеден жалғыз туған. Жыраудың «атадан жалғыз туғанның жүрегінің бастары сары да жалқын су болар» деуінде өз өмірінің шындығы бар.
Қазақ тарихындағы аласапыран кезеңде өмір сүрген Ақтанберді «дұшпаннан көрген қорлығым, сары су болды жүрекке. Он жетіде құрсанып, қылыш ілдім білекке. Жауға қарай аттандым, жеткіз деп, құдай, тілекке» деп, өзі айтқандай, он жеті жасында ақ қолына қару алып, ел қорғауға аттанады.
Жыраудың ақындық даңқымен балуандық, батырлық даңқы қатар шығады. Орта Азия хандықтарымен, қалмақтармен арадағы ұрыстарға қатысып алғашқы кезде жеке басының ерлігімен, соңынан қолбасшылық қабілетімен көзге түседі. Сақа батырлар санатына қосылған кезде атақты «Ақтабан шұбырындының» куәгері болады.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 784 | Загрузок: 140 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

Шыңғыс Айтматовтың: "Адам тұлға ретінде траге¬дия¬лық қобалжулар арқылы ашы¬ла¬ды” — деп айтқаны бар. Шын¬дығында, өмір тану мен адам тану дегеніміз – осы екеуі¬нің трагедиялық кезең¬дер¬ге неге тап бола беретіндігінің сырын ашу. 
Алдан Смайылдың  "Фо¬лиант” баспасынан жарық көрген "Тамұқтан келген адам” романының басты құндылығы да осында. Жазушы аталған шығармасында адам трагедия¬сының ең бір үрейлі кезеңі — өткен ғасырдың отызыншы жылдардағы сұрапылын таңдап алған. Дәл осы шақ – репрес¬сия мен геноцид, тұтас ха¬лықтарды ессіз идеологияның көзсіз құлына айналдыру, ұлттық тамырдан үзілу қатеріне алаңдамайтын санасыздық, шектен шыққан қаталдық, жойқын қырғындар адам жаратылысының құпияларына бойлауға шақырып тұрғандай. Романның көп қырлы филосфиялық астарларынан сауып айтсақ, аталған тұста "Өмір де, өлім де жасанды еді. Одан кейінгі өмірлер мен өлімдердің табиғи бола аларына ешкім кепілдік бере алмайтын. Өйт¬кені, кеше жер басқандар мен бүгінде жер басып жүргендер құдай сыйлаған өмірді екі¬жүздендіріп әуре. Ал дәуірлер бойында көз жұмғандардың ішінде ақ өліммен өлгендер мен адам қолынан о дүниелік бол¬ғандардың қайсысы көп екен¬дігін ойласаң, сірә соңғылары шығар деп шошисың”. 
Сырт қарағанда тосын ой¬лар секілденер, алайда адамзат¬тың өткені мен қазіргі күн¬дерінің трагедияларына үңіл¬сең, дәл осылай бас қатырарың анық. Өркениеттің көгіне кө¬терілдік деген бүгінгі заманда да адам тіршілігінде мәз бо¬ларлық не бар? Сол баяғы атыс-шабыс, сол баяғы үрей, ал¬дау мен сату, қатыгездік, эфир¬¬лерден күн сайын ести¬тінің жарылыстар мен қақты¬ғыстар. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 426 | Загрузок: 108 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

Халқымыздың "Жақсы адам-қазына” деген нақыл сөзі бар. Сондай адамдардың бірі емес, бірегейі Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани өміріне көз жіберсек, ол кісінің өте бір бай өмір кешкенін байқаймыз. 

Байлық деген, біреу үшін ақша, біреу үшін дүние-мүлік. Әрі беріден соң, біздің жер астындағы қазба байлықтармызды ысырапсыз пайдалана берсек, қайтадан қалпына келмейтінін, сарқылатынын білеміз. "Сонда таусылмайтын қазына не?” – дегенде, ол – адам бойына ана сүтімен бітетін дарын. Дарынды адамдар күнде­лікті өмірде, қарым-қатынаста, жұмыста, үйде, түзде жан- жағындағы адамдарға бойындағы қабілеттің шуағын шашып жүреді. Сондай, өмірінің ақырғы сағатына дейін біздерге білім мен ғылымның, өнеге мен үлгінің нұрын шашқан, таусылмас қазына қалдырып кеткен академик, Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, профессор Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани еді.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 802 | Загрузок: 214 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

Айша Ғарифқызы Ғалымбаева, Қазақстанның халық суретшісі, ҚР Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл ту» ордендерінің иегері. Оның есімі Республиканың құрметті Алтын кітабына жазылған. Қазақстан өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін «Тарлан» сыйлығын алған.
Айша Ғалымбаева 1917 жылы Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданындағы Есік ауылында дүниеге келген. Алматының көркемсурет училищесінде (1943) және Бүкілодақтық Мемлекеттік кинематография иниститутында (1949) оқыған. Айша Ғалымбаева «Махаббат туралы аңыз», «Өжет қыз», Шоқан Уәлиханов жөнінде «Оның заманы әлі алда», «Бұл Шұғылада болған еді» дейтін фильмдердің қоюшы суретшісі. «Қазақтың халық киімдері» (1958) альбомының авторы. Республикалық, Одақтық және Халықаралық көптеген көрмелерге қатысқан. Оның туындылары Қазақстан, ТМД және әлемнің көптеген елдеріндегі жеке коллекцияларға қойылған.
Қазақ өнерінің тарихына Айша Ғалымбаеваның шығармашылық өмірбаяны шын мәнінде алтын әріппен жазылған! Ол тарихтың қай бетін ашсаңыз да, алдыңыздан Айша Ғарифқызы сомдаған тамаша образдар шығады.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 558 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)


Қазақстан – ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда ғана, яғни 1991 жылы орын алды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады!
         Еліміз Егемендік алған  жылдардан кейін көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Өз тарихымыз, салт-дәстүріміз зерделеніп, жинақталған,  кең мағыналы кітаптар, әдеби зерттеулер жарық көре бастады. Қазақстан Республикасы экономикасы, әлеуметтік тұрмысы тұрақты дамып келе жатқан Орта азиядағы беделді мемлекеттер қатарына қосылды. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 661 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

XX ғасырдың бас кезінде, яғни 1911 жылдың қаңтарынан бастап, 1915 жылдың қыркүйек айына дейін Тройцкі қаласындағы «Энергия» баспахансында қазақ тілінде үзбей шығып тұрған «Айқап» журналы халқымыздың әлеуметтік саяси-өмірінде, әдебиет пен мәдениетімізді насихаттап таратуда елеулі роль атқарды. Ол қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси және әдеби журналы болды. «Айқап» өзінің сипаты жөнінен жалпы демократиялық болғанымен, іс жүзінде Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, Абай Құнанбаевтың ағартушылық идеялары негізінде дамып келе жатқан қазақтың қоғамдық ой-пікірінің, әдебиетінің, публицистикасының прогресшілдік және демократиялық дәстүрлерін жалғастырған ілгері дамытқан журнал болды. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 591 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақтың ұлттық Ренессансының басы Абай Құнанбаев, оны дамытқан әрі қалыптастырған ХХ ғасыр басындағы Алаш қайраткерлері дейтін болсақ [1,5], оның пайда болу процесіне ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында ғұмыр кешкен кемел ақын Дулат Бабатайұлы бастаған «Зар заман» дәуірі әдебиеті өкілдерінің әсері бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Дулат ақынның Абайға дейінгі поэзияда көркем ойлау жүйесінің жаңаша үлгісін тудырып, ұлттың әлеуметтік үнін, халқының азаттығын жырлауда замандастарынан даралық танытқаны туралы Қ.Жұмалиев, Х.Сүйіншәлиев, Р.Сыздықова, Қ.Өмірәлиев т.б. сияқты көрнекті әдебиет зерттеушілері Кеңестік идеологияның екпіні басылмай тұрған кездің өзінде толымды пікірлерін жазды. Өткен заманның озығынан үйреніп, тозығынан жиренген, тарихтың тұнығынан қанып ішкен талғампаз Алаш қайраткерлері Семей жеріне туларын тіге отырып, сол өлкеде ұлы Абайдың алдындағы бүтіндей бір әдеби дәстүрдің бастауы болған, азаттықты аңсаған саф алтындай бағалы жырлар тудырған Дулат Бабатайұлының шығармашылығын мүлде білген жоқ десек қателескен болар едік. Оның кестелі көркем жырлары сол кезеңдегі азаттықты аңсаған көзі ашық зиялы қауымның айнымас темірқазығы болғандығы анық. Пікіріміздің дәлелі ретінде Дулат ақынның шығармашылығындағы идеялық жаңалықтар мен көркемдік ерекшеліктер турасында азырақ сөз қозғамақпыз.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1441 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ГЕНДЕРЛІК СИПАТЫ

      М.Б. Боранбай 
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, Ақтөбе қ.

Қазақ халқы рухани дүниеге, қазынаға бай халық. Оның қай түрін алсақ та, тәлім-тәрбиесі мол, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған өcиеті ерекше. Сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, екшеленіп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі – қазақтың мақал-мәтелдері.
 Мақал-мәтелдер туралы сөз болғанда, не оларды зерделеп оқығанда, алдымен сол мақал кімге, қай қырын тануға арналғандығын аңғарамыз. Яғни әйел адамға ма, әлде ер адамға ма? Міне, осыдан келіп мақал-мәтелдегі гендер мәселесі туындайды.
Ғалым Маханова гендер дегеніміз не? деген сұраққа мынадай жауап айтады:  «Гендер ұғымы жыныстың әлеуметтік құрылымы деген мағынаны береді. Гендер қоғамның әйел және еркекке бөлінуінің өзі әлеуметтік өмірдің, жемісі екенін көрсетеді. Сонымен қатар, гендер дегеніміз – жеке адамның белгілі бір шектердегі мінез-құлқын белгілейтін және шектейтін әлеуметтік ұстындардың жиынтығы»,- деп гендерді әлеуметтік тұрғыдан қарастырады. [1;65]
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 747 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

ҚАЗАҚ ЛЕКСИКОГРАФИЯСЫ: 
БІРТІЛДІ ОҚУ СӨЗДІГІН ТҮЗУДІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ 
ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

      Лексикография өзге ғылым салаларымен тығыз байланыстағы, көптеген жағдайларда осы ғылым салаларының тоғысында, шек-арасында дамып отыратын ғылыми пән болып саналады. Қоғамдық сананың көрінісі ретіндегі, ұжымдық тәжірибені жинақты түрде бейнелейтін ғылыми шығарма ретіндегі лексикографиялық туындыларды түзудің ғылыми-теориялық мәселелері тіл білімінің әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, этнолингвистика, лингвомәдениеттаным салаларымен тікелей байланысты. Лексикография теориясы ұғымның, зат пен құбылыс атауларының мағыналарына түсінік беру жағынан семасиологиямен, тілдегі сөздік құрамның жиынтығы ретінде лексикологиямен, ғылыми апарат пен метатіл мәселелері жағынан логикамен, тіларалық коммуникацияға байланысты аударма теориясымен, басқа да көптеген ғылым салаларымен тығыз байланыста. Сөздік атаулының, бір жағынан, ғылыми өнім, екінші жағынан, ақпарат көзі, үшінші жағынан тілді үйрететін дидактикалық туынды болып саналатыны белгілі. Тілдің табиғатын зерттейтін көпқырлы ғылым саласы ретінде лингвистиканың дидактикамен тоғысатын жерлері көп. Осы екі ғылым саласының ара-жігінде пайда болып жатқан ғылыми пәндер де жеткілікті. Солардың бірі – лексикографиядағы жаңа салалардың бірінен саналатын оқу лексикографиясы. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1440 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫ
кІРІСПЕ
Қазақ даласына ислам діні VII ғасырдың басында арабтардың Орта Азияны бағындыруы нәтижесінде кіре бастады. Шындығын айтқанда, ислам діні Қазақстанға күштеп енгізілген жоқ. Қазақстанда сол дәуірде қалыптаса бастаған феодалдық қатынастарға ислам дінінің кері әсері болмай, қайта ол феодалдық қарым-қатынастарды жандандыра түсетінін көре білген феодалдық үстем тап иелері ислам дінін қуана қарсы алды. Өйткені бұрыннан келе жатқан шаман діні феодалдардың талап-тілегін, мақсат-мүддесін қанағаттандыра алмады. Ал ислам діні болса халықты рухани жағынан болсын, саяси жағынан болсын мығым ұстай алатын мемлекеттік дін бола алды. Осындай тиімді жақтарына қарамастан қазақ тайпалары өзінің бұрыннан келе жатқан шаман дінін, ата-баба аруағын қастерлеуді ұстанып, ислам діні қағидаларына мән бермеді. Академик Бартольд В. В.: «ХІІІ ғасырдың басында мұсылман Хорезм билеушілері мұсылман емес Сырдариядағы және Торғай облысындағы қыпшақтармен соғысуына тура келді,» /1/ — деп жазуына қарағанда, сол кездерде қазақ тайпаларының басым көпшілігі әлі мұсылмандық жолға түсіп, ислам дінін қабылдамаған сияқты. Рузбиханның жазуына қарағанда, қажет десеңіз XVI ғасырдың өзінде де қазақтар пұтқа табынушылар деп танылып, оларға қарсы «ғазауат» соғысына шығуды талап еткен. Өйткені шариғат заңдарын араб миссионерлері үндеп, үгіттеп, насихат жүргізгендеріне қарамастан, халық ата-баба аруағына, тәңірге, жұлдыз-айға ұзақ уақыт бойы сиынды
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1686 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 441-450 451-460 461-470 471-480 481-490 ... 741-750 751-754
Новости музыки