Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті | [ Добавить материал ] |
В категории материалов: 754 Показано материалов: 451-460 |
Страницы: « 1 2 ... 44 45 46 47 48 ... 75 76 » |
Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев, Қадыр Мырза Әлі (1935 жылы туған) — ақын, Қазақстанның халық жазушысы (1995), ҚР Әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі.[1]
Мазмұны
1 Өмірбаяны
2 Шығармашылық жолы
2.1 Кітаптары
2.2 Жыр жинақтары
3 Дереккөздер
4 Сыртқы сілтемелер
Өмірбаяны
Ақын 1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.
Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, «Балауса» баспасының редакторы, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған.
|
Қабдеш Жұмаділов (24.04.1936 ж. т.) - жазушы, Қазақстанның халық жазушысы. Оның «Жас дәурен»өлеңдер, «Қаздар қайтып барады», «Сары жайлау», «Шарайна», «Сәйгүліктер» әңгіме, повесть жинақтары, «Көкейкесті», «Бақыт жолында», «Атамекен» т. б. романдары, «Соңғы көш» оқырман қауымға жақсы таныс. Жұмаділовке Шығыс Түркістандағы қазақтардың өмірі мен азаттығы жолындағы күресі суреттелген «Тағдыр» романы үшін Қазақстан Республикасының Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілген. [1]"Қазақ әдебиеті" газетінде (1965 - 67), "Жазушы" баспасында (1967- 76), Қазақстанның Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде (1976 - 81) қызмет істеген. 1981 жылдан шығарманың жұмыста. Жұмаділовтің алғашқы өлеңдері 1954 жылдан жергілікті баспасөз беттерінде, ал "Жамал" тырнақалды әңгімесі 1956 жылы Үрімжіде шығатын "Шұғыла" журналында жарияланған. Жұмаділовтің бір олеңдер жинағы, сегіз роман, бес повесть, ондаған әңгіме, мақалалар жинақтары жарық корген. Олардың негізгілері "Қаздар қайтып барады" (1967) атты әңгімелер жинағы, "Көкейкесті" (1969), "Соңғы қош" (1974 - 81,), "Атамекен" (1985), "Тағдыр" (1988,) романдары, "Соңғы көш" (1-кітап 1974; 2-кітап 1981) және "Дарабоз" (1-кітап 1994; 2-кітап 1996) дилогиялары. Жұмаділовтің соңғы жылдардағы көлемді шығармасы - "Таңғажайып дүние" (1998) ғұмырнамалық, "Қылкөпір" (2003) романдары.[2]
|
Боранбаев Өмірбек(1950 ж. т.), жазушы, драматург, актер. 1950 жылы 15 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл селосында туған.
1973 жылы Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік өнер институтының театр факультетін бітірген. Содан соң Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінде, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінде жауапты қызметтер атқарыл,
1985 — 1995 жылдары Республикалық эстрада-цирк училищесінің директоры болды.
1978 жылы «Жалын» баспасынан «Өрімтал» атты әңгімелер жинағы жарық көрді.
|
Әнуар Тұрлыбекұлы Әлімжанов (12.05.1930 жылы туған, Талдықорған облысы, Андреев ауданы, Қарлығаш ауылы) — қазақ жазушысы.1954 жылы Қазақтың мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Шығармаларын орыс тілінде жазады. Оның алғашқы әңгімелері, очерктері, публицистикалық мақалалары 1952 жылы жариялана бастады. Әнуар Әлімжановтың тақырыбы алуан салалы: қазақ халқының өткен дәуірдегі мүшкіл халі, бүгінгі гүлденген Қазақстан, социализмнің белсенді құрылысшылары, жаңа совет адамдары, халықтар достығы, Азия, Африка елдерінің ұлт азаттығы жолындағы жан қиярлық күресі т.б. Әнуар Әлімжановтың тарихи тақырыпқа жазған шығармаларының идеялық мазмұны бүгінгі күннің талап-тілегімен үндес. "Отырар ескерткіші", "Құрманғазының жастық шағы" повестерінде орта ғасырдағы қанаушылықты, деспоттықты, зұлымдықты өткір де уытты сөздермен түйресе, халық бойындағы алып күшті, сарқылмас жігерді, өнерге, жарқын болашаққа ұмтылған өршіл талапты сүйсіне толғайды. "Жалындап тұрған найза" повесінде Африка халқының қан құйлы отаршыларға қарсы азаттық күресін шебер суреттеді. Империалистердің шектен шыққан озбырлығын әшкереледі,ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі Джомоның қаһармандық бейнесін жасады.[1]
|
Әнуар Ипмағамбетов(1912-1996)-18 шілдеде Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданында дүниеге келген. 1956 жылы М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы жоғары әдеби курсты аяқтаған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Майдан газеттерінің тілшісі, «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінің жауапты хатшысы, Қазақ КСР Телевидение және радиохабары жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас редакторы, Целиноград (қазіргі Астана) облыстық газетінің редакторы болып қызметтер атқарған.
1973 жылы оның «Жайықтың сол жақ бетінде» атты кітабы жарық көрді. Негізінен, аударма саласында еңбек етті.
Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.
|
Сәрсенбаев Әбу (Әбуғали) (1905 – 1995) – қазақ ақыны, жазушысы. Атырау облысында дүниеге келген. Қазақстанның халық жазушысы (1987). С-тың Еділ толқыны атты тұңғыш дастанынан (1937) бастап көптеген жыр жинақтары жарық көрген. Таңдамалы шығармаларының екі томдығы баспадан шыққан (1981).
«Ант», «Күн қасиеті», «Толқында туғандар», «Теңіз әуендері» т.б. шығармалардың авторы.
|
Әбдірашит Нәбиұлы Байболатов(4.6.1929 ж.т., Шынжаң Іле аймағы, Тоғызтарау ауданы Ақтөбе ауылы) — ақын, жазушы, фольклоршы. Шыңжаң жазушылар одағының мүшесі. "Үш аймақ әскеріне” қатысқан. 1975 — 1982 ж. Шыңжаң жазушылар одағының органы "Шұғыла” журналының, 1982 ж. "Мұра” журналының бас редакторы болды. Алғашқы өлеңі 1948 ж. жарияланған. "Өмір қайығында” өлеңдер жинағы (1983, Пекин), "Қос емен” повестер жинағы (1987, Пекин), "Тау қыраны” романы (1990, Үрімші) жарық көрді. "Тау қыранында” 1944—1949 ж. Шыңжаңда ұлт азаттығы үшін гоминңдаңшылармен шайқасқан қазақ азаматтарының ерлік іс-әрекеттерін суреттеген. Ол 1982 жылдан бастап қазақ ауыз әдебиетін жинау, жүйелеу және баспадан шығару жұмысына басшылық етіп, "Қазақтың ғашықтық жырларын” (3 т.), "Қазақ қиссаларын” (12 т.), "Қазақ шежіресін” (1 т.), "Қазақ шешендері мен шешендік сөздерін” (2 т.), "Байырғы қазақ айтыстарын” (1 т.) баспадан шығарды. [1]
|
Айсарин Әбдірахман (1898 – 1938)
Бұрынғы Ақмола губерниясы, Петропавл уезі, Аққусақ болысы, Шоға ауылында туған. Жазушы, публицист. 1916 – 1918 жж. Троицк қаласындағы «Уазифа» медресесінде оқып, ол жабылып қалған соң, ауыл мұғалімдерінің курсын бітірген (1919).[1] 1919 – 1921 жж. Орынборда шығып тұрған «Ұшқын» және «Еңбек туы» газеттерінде әдеби қызметкер, 1921 – 1922 жж. Ә. Жанкелдиннің басқаруымен Орынбордан Семейге дейін Қазақстанның солтүстік облыстарын түгел аралаған «Қызыл керуеннің» хатшысы, 1922 – 1923 жж. Семей губерниялық комсомол комитетінде қызметкер, 1923 – 1926 жж. Петропавл уезінде халық соты, 1926 – 1932 жж.Қазақ ауылының тыныс-тіршілігін, адамның бас бостандығын, сүйіспеншілік пен парасатталықты бейнелеген «Болсаң, Болаттай бол», «Мәжен», «Той тарқар», «Бәсекелестер жиыны», «Жол айырығы», «Айжанның азабы» (1924), «Мырзалар» (1927), «Жүрек жұмбағы» (1928), т.б. әңгімелері, «Көн құрысса, қалпына барады», «Алма өз түбінен аулаққа түспейді» (1927 — 28) атты повестері жарық көрді. «Бостандық туы», «Кеңес ауылы», «Еңбекші қазақ» газеттерінде журналист, 1923 – 1937 жж. Қазақстан Жазушылар одағының Петропавл бөлімшесінің бастығы. 1938 жылы жазықсыз жаза құрбаны болған, кейін ақталды.[2]
1919 жылдан шығармашылықпен айналыса бастайды. «Айжанның азабы», «Мәжен», «Той тарқар», «Бәсекелестер жиыны», «Жол айырығы», «Мырзалар», «Жүрек жұмбағы», т.б. әңгімелері, «Алма өз түбінен аулаққа түспейді» (1927 – 1928), «Көн құрысса, қалпына барады» (1928) атты повестері шыққан.
|
Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов (1924 жылы 22 қазан Қызылорда облысы, Арал ауданының Құланды поселкесінің Үшкөң ауылы) – Қазақстанның халық жазушысы, ХХ ғасырда қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан суреткерлердің бірі, қоғам қайраткері. 1941-1945 жылдардағы II Дүниежүзілік соғыс ардагері, Оңтүстік және Прибалтика майданында, Луганск түбінде миномёт ротасында саяси қызметкер, кейін штабист ретінде Балтық маңында Курляндия плацдармындағы шайқастарға қатысқан.
Мазмұны
1 Өмірбаяны
1.1 Тегі
1.2 Өмір жолы
2 Марапаттары
3 Шығармашылығы
3.1 Қан мен тер
3.1.1 Экранизация
3.1.2 Ескерткіш
4 Дереккөздер
Өмірбаяны
Тегі
Ата-тегі Арал маңын ежелден қоныс еткен. Жетінші атасы Тайқожа батыр, одан Қалдан, одан Арғынбай би, одан өз заманында асқан байлығымен танылған Сыланбай, одан туған Нұрпейіс болыс болған. Нұрпейістен Кәрім, Нәжім, Қали деген ұлдар туған. Осы үшеуі, Кәрімнен туған Әбдіжәміл төртеуі 1941-45 жж. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Бұлардан аман қалғаны Әбдіжәміл ғана. Әкесі Кәрім қыран салып саяттаған, ауылнай қызметін атқарған кісі. Соғыс қарсыңында балық колхозында істеген. 1944 жылы 21 сәуір күні Тернополь түбіндегі ұрыста қаза тапқан.
|
Әбіш Кекілбайұлы (6 желтоқсан 1939 жыл Оңды ауылы, Маңғыстау облысы) - Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік хатшысы (), Парламент Сенатының депутаты ().
Мазмұны
1 Өмірбаяны
1.1 Қызмет жолы
2 Отбасы
3 Шығармашлығы
3.1 Романдар
3.2 Повестер
3.3 Әңгімелер
3.4 Аудармалар
4 Марапаттары
5 Сыртқы сілтемелер
6 Дереккөздер
Өмірбаяны
Әбіш 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрыңғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы Жаңайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген топтан. Белгілі білікті, беделді, дәулетті адам. Ата шаңырағын ұстап қалған ұрпағы Жаманқұл немересі Кекілбайды үйлендірген соң, 1924 жылы Оңдыда қайтыс болған.
|