Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 15.5.2017
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

В категории материалов: 754
Показано материалов: 441-450
Страницы: « 1 2 ... 43 44 45 46 47 ... 75 76 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Юсуп Айсаров - 27 мамырда Алматы облысы, Ұйғыр ауданында дүниеге келген. Үрімшідегі мұғалімдер институтының филология факультетін 1952 жылы бітірген. Ұзақ жылдар Құлжа қаласындаммұғалім, Үрімші ағарту департаментінде редактор, облыстық оқу бөлімінде, аудандық, облыстық газеттерде жауапты қызметтер атқарған.
«Аяқталмаған ән», «Жауынгер», «Олар қайтадан кездестір», «12 жылға созылған үрей» атты ұйғыр тіліндегі көркем прозалық кітаптардың авторы.[1]
Пайдаланған әдебиет

Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: "Аң арыс” баспасы, 2009
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 436 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

Мүсірепов, Ғабит Махмұтұлы (1902-1985) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері.
Мазмұны  
1 Балалық шағы
2 Шығармашылығы
3 Пайдаланылған әдебиеттер
4 Сілтемелер
Балалық шағы

Туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы.
Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат таныған Ғабит жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебін, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітіріп, Қазан төңкерісінен кейін үстемдік алған Кеңес өкіметінің жұмысына әжептеуір орысша сауаты бар адам ретінде араласып, түрлі қызмет атқарады.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 3027 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

Құрманхан Мұқамадиұлы – (1923-1964) әдеби қызметін өлең жазумен бастады. Оның "Құттықтау”, "Қыс”, "Октябрь тойына”, "Қазақстандық достарға” "Тау қойнында жеке дара” секілді өлеңдері бар.Әйткенмен ол қаламгерлік қабілетін драма саласында көрсете білді.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 465 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

Қыдырханұлы Уахап(23.12.1932 ж.т., Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Ақарал ауылы) — жазушы, аудармашы, дінтанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1979). 1933 — 55 ж. Шығыс Түркістанда тұрған. Шыңжаң халық радиосында алғаш қазақша хабарлар бөлімін ашқан. 1955 ж. Қазақстанға оралып, ҚазМУ-дің журналистика факултетін бітірген соң, "Лениншіл жаста” (қазіргі "Жас алаш”), Қазақ радиосында, "Социалистік Қазақстанда” (қазіргі "Егемен Қазақстан”) қызмет атқарған. 1986 — 96 ж. халықаралық "Шалқар” газетінің бас редакторы болды. "Тасқайнат”, "Шаңқай түс”, "Таң нұры”, "Алтын ай”, "Сағыныш саздары”, т.б. шығармалары жарық көрген. Қыдырханұлы Қазақстанда тұңғыш рет қасиетті Құран Кәрімнің мағыналық-түсіндірме аудармасын жасады (1991). 2002 ж. бұл аударманың толықтырылған нұсқасы қайта басылып шықты.[1]
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 555 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

Қуандық Төлегенұлы Шаңғытбаев (21.03.1925 - 19.02.2001) — Қазақстанның халық жазушысы, ақын. Қазіргі Ақтөбе облысы, Қарабұтақ ауданында туған. 1937 жылы Қуандықтың 12 жасында әкесі Төлеген "халық жауы" ретінде он жылға айдалып кетеді[1]. Төлегеннің ағасы Жоныс[2] пен Қуандықтың нағашы ағасы Сауда[3] атылады. Бала Қуандықты пионер қатарынан шығарады. Он бес жасында үздік оқыған Қуандық Алматыға келіп, Қазақтың мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Сол 1940 жылы бірінші курстың студенті Қуандық Шаңғытбаевтың тұңғыш кітабы шығады. Ол кітап ұстазы Мәулен Балақаевпен (кейіннен профессор, ҚҒА корреспондент-мүшесі) бірге жазылған қазақ тілінің оқулығы болған. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 2513 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

Қойшыбек Мүбарак 20.10,1976, ҚХР Шыңжаң Алтай аймағы — жазушы. Жастарға арналған көркем әдеби "Үн” жүрналының бас редакторы болып жұмыс атқарған, қазір әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде оқытушы болып жұмыс істейді.
Өмірбаяны

Қойшыбек Мүбарак 1976 жылы 20 қазанда ҚХР Шығыс Түркістанның Алтай аймағы, Шіңгіл ауданында дүниеге келген. 2000 жылы Атамекенге қоныс аударған.
Шығармалары

"От ару" мистикалық әңгімелер жинағы, "Жат құшақ"(2012) мистикалық хикаяттар мен әңгімелер жинағы.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 505 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

Қасым Қайсенов — Қазақстанның Халық Қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғы­сының ержүрек батыры, әйгілі пар­тизан, көзі тірісінде аты аңыз­ға ай­налған халқымыздың қайта­лан­бас біртуар даңқты перзенті.[1]
Мазмұны 
1 Өмірбаяны
2 Шығармашылығы
3 Марапаттары
4 Пайдаланылған әдебиет
Өмірбаяны

1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында дүниеге келген. Ол 2006 жылы 30 жел­тоқсан күні 89 жасқа қараған ша­ғында ауыр науқастан дүние салды.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1941 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

Қамбаров Қапан — қазақ совет жазушысы. 1944 жылдан КПСС мүшесі. Ұлы Отан соғысына қатысқан. ҚазПИ-ді бітірген. Филология ғылымдарының кандидаты. 1938-41 жылдары мұғалім, аудандық газетте қызметкер, 1946-53 жылдары облыстық "Оңтүстік Қазақстан" газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты секретарь, 1953--73 жылдары Шығыс Қазақстан облысы "Коммунизм туы" газетінде редактордың орынбасары, Қазақ телевизиясында аға редактор, "Социалистік Қазақстан" газетінде әдеби қызметкер. 1973 жылдан ҚазГУ-де. Алғашқы әңгімелер жинағы "Алтай аясында" деген атпен 1959 жылы жарық көрді. "Таудағы қала", "Көксеңгір", "Ертісте", "Ақадырдың ақ шағаласы" т. б. шығармаларында қазіргі ауыл өмірі, жасампаз еңбек, совет жастарының ой-арманы суреттеледі. Әдебиеттану, сын саласында көптен еңбек етіп келеді. "Ерлік эпосы" монографиясы, "Сөнбеген жалын" зерттеуі жарияланды. Қ. М. Е. Кольцовтың, А. П. Довженконың, Н. И. Ановтың, В. Ванюшиннің бірқатар әңгімелерін, татар халқының "Гүлшешек" ертегісін қазақ тіліне аударған.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 440 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

Қайып Айнабеков халық ортасынан шыққан, көрнекті талант иесі, ақын. Қ.Айнабеков 1885 жылы Нұра өзенінің жағалауындағы Кеңқия аулында (қазіргі Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Көгілдір селосы) кедей шаруаның отбасында туды. Әкесі Айнабек Қайыптың қаршадайында қайтыс болған. Ержетіңкіреп еңбекке жарағанға дейін Қайып нағашылырының қолында тәрбиеленеді. Кейін олардан бөлініп шығып, өз бетінше еңбек етіп, күн көрген. Қазақ даласындағы қалың кедейдің сол кездегі шеккен азабын, тұрмыстың ауыр жүгін Қайып та бірге арқаласып, басынан бірге өткізеді. Тек Ұлы Октябрь социалистік революциясының арқасында ғана ақын азат өмір құшағына еніп, еркін еңбекке беріледі. Кейін ол әр түрлі әлеуметтік қызметтерге қатынасады. Орталық Қазақстанда Совет өкіметін орнату жолындағы күреске белсене араласа отырып, Қайып 1920 жылы Коммунистік партияның мүшелігіне кіреді. Саяси шаруашылық мекемелерінде жұмыс істейді. Ауылда мектеп ашып, жас ұрпақтарға білім беру ісіне жіті ат салысады. Қайып ұзақ уақыт бойы Қарағанды қаласында тұрған.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 488 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

Қажығұмар Шабданұлы (1925 жыл, Таңсық елді мекені, Шығыс Қазақстан облысы - 15-ақпан, 2011 жыл, Шәуешек қаласы, ҚХР) - жазушы.
1930-шы жылдардың басында ашаршылықтан бас сауғалап, ата-анасымен Қытайдың Шыңжаң өлкесіне қарасты Дөрбілжін ауданына ауып барған. Жергілікті халықтардың мәдени-ағарту көтерілісі кезеңінде Дөрбілжіндегі «Қазақ-қырғыз ұйымын» басқарған. Алғаш рет 1958 ж. «оңшыл», «солшыл» деген саяси айыптаулармен сотталып, 22 жылға бас бостандығынан айрылған Қажығұмар жазасын Такламакан шөліндегі Тарым лагерінде толық өткеріп, 1980 жылы бостандыққа шығады.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 468 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 421-430 431-440 441-450 451-460 461-470 ... 741-750 751-754
Новости музыки