Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті | [ Добавить материал ] |
В категории материалов: 754 Показано материалов: 371-380 |
Страницы: « 1 2 ... 36 37 38 39 40 ... 75 76 » |
Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Эдуард Джилкибаев - 1938 жылы 11 маусымда Мәскеу қаласында туған.[1]
1961 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетін бітірген. Мектепте, көркемсурет училищесінде ұстаздық еткен. Халық театрында режиссер, Суретшілер одағында аға референт, Қазақ теледидарында Бас редактордың орынбасары, «Нива» журналында редактор болған. Қазір «Казахстанская Правда» газетінде бөлім меңгерушісі. Алғашқы мақалалары 1956 жылы жарық көрген.
Шығармашылығы
«Мартовский снег» («Жалын», 1980), «Долгая работа» («Жазушы», 1990), «Любовь хулигана. Сергей Есенин и Августа Миклашевская» («Московский издательский дом», 2000), «Собственность автора» («Жібек жолы», 2000) атты кітаптары жарық көрген. Жазушы Ж.Тілековтің «Сквозь огонь войны», Н.Ақышевтің «Необыкновенное лето» кітаптарын, Т.Мамасейітовтің әңгіме, повестерін аударған.[2]
Пайдаланған әдебиет
" Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: "Аң арыс” баспасы, 2009
|
Жақсылық Сәмитұлы (8.5.1940 жылы туылған, Қытай, Алтай аймағы, Жеменей ауданы Жәке ласты) — жазушы. Шыңжаң унверситетін бітірген (1959), Қытайда жүргізілген мәдени төңкеріс жылдары "ұлтшыл” атанып, 1959 — 79 жылдары Үрімжі, Тарым және басқа да жаза лагерьлерінде болған. 1979 жылы ақталған. 1980 — 89 жылдары "Алтай аясы” журналының редакторы, 1989 — 93 жылдары Шыңжаң теледидарында редактор қызметтерін атқарған. 1993 жылы сәуірде Қазақстанға көшіп келіп, Алматы қаласына қоныстанған. 1995 жылдан ҚазМУ-де дәріс оқиды.
|
ДОСЫМОВ Сейітқазы (5.5. 1943, Жамбыл облысы, Талас ауданы. Үшарал а. – 1997, Алматы) – жазушы. Шымкент сауда техникумын (1963), Қазақ ұлттық ун-тінің журналистика ф-тін (1969) бітірді. 1969 – 76 ж. «Жас алаш», «Қазақ әдебиеті» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі. «Директорлар», «Ащы мен тәтті» повестері Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемл. к-ттің, Қазақстан комсомол одағының және «Жалын» баспасының бірлесіп ұйымдастырған байқауында бәйгеге ие болған.[1]
Пайдаланылған әдебиет
Қазақ Энциклопедиясы, 5-том
|
Бердібек Соқпақбаев (13.10.1924 жылы туған, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостобе ауылы) — қазақ жазушысы.[1] Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген соң (1949) Нарынқол ауданында мұғалім болды. "Жұлдыз", "Балдырған" журналында, Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызмет атқарды (1952-70). "Бұлақ" (1950) өлеңдер жинағы, "Он алты жасар чемпион" (1951), "Бақыт жолы" (1952), "Алыстағы ауылда" (1953), "Балалықшаққа саяхат", "Дала жұлдызы" (1960), "Аяжан" (1963, орыс тілінде 1965), "Гауһар" (1966) повестерін жазды. "Менің атым Қожа повестсі" (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы "Қазақфильм" студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды. "Балалық шаққа саяхат" атты повесі бойынша жазылған киносценарийі де фильмғе түсірілді (1965).
|
Бауыржан Момышұлы(audio (?·тыңдау)) (24 желтоқсан 1910 - 10 маусым 1982) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.[1]
Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколам тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады [2].
|
Адамбаев Балтабай Әбдірахманұлы (24.9.1919, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Байқадам ауылы — 12.10.1990, Алматы) — әдебиет зерттеушісі, фольклоршы. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Абай атындағы педагогика училищесін (Жамбыл, 1947), Қазақ Мемлекеттік ун-тін (1951) бітірген. Қазақстан Ғалымдар Академиясының әдебиет және өнер институтында кіші, аға ғылым қызметкері болды (1957 — 1986). Филология ғылымдарының кандидаты (1962). "Сырларым” (1959), "Ақбөбек” (1962), "Аманат” (1972), "Тұлпардың ізімен” (1983) аталатын өлең жинақтары, "Мәди” (1969), "Жауынгер жолы” (1978) повестер мен деректі әңгімелер кітабы жарық көрді. Қазақ халқының ауыз әдебиетін, оның ішінде халық даналығы — шешендік сөздер мен мақал-мәтелдерді зерттеумен шұғылданды. Шешендік сөздердің тарихы, табиғаты, көркемдік ерекшеліктері туралы "Шешендік” (1969), "Халық даналығы” (1976), "Қазақтың шешендік өнері” (1984), аталатын моногр. зерттеу еңбектері шықты. "Қазақ ертегілері” (1962), "Шешендік сөздер” (1967), "Ел аузынан” (1985) жинақтарын құрастыруға қатысқан. 1-дәрежелі "Отан соғысы” орденімен марапатталған.
|
Ақышев Зейтін (1911 – 1991)
18 сәуірде Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған, жазушы, аудармашы. Омбыдағы жұмысшы факультетін бітірген (1938). 1931 жылы Баянауыл аудандық оқу бөлімінің іс жүргізушісі, кейін оның инспекторы, жеті жылдық мектептің мұғалімі, директоры болды. 1939 жылы Семей педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітіріп, Павлодар, Талдықорған облыстық оқу бөлімдерінің меңгерушісі қызметін атқарды. Алматыдағы Оқу-педагогика баспасында аға редактор, редакция меңгерушісі, Бас редактор болды. 1955 – 1960 жж. республикалық «Қазақстан мұғалімі» газетінің редакторы, 1965 – 1969 жж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің аппаратында аудармашы редактор, ал 1970 – 1972 жж. Қазақ Совет энциклопедиясының Бас редакциясында аға ғылыми редактор болды.
|
Ақыт Қажы Үлімжіұлы (А. Алтайский) (1866(7), ҚХР, Шыңжан өлкесі, Алтай аймағы, Көктоғай ауданы — 1940, Үрімші) - атақты қазақ ақыны, діни қайраткері, халық ағартушысы. Шығыс Түркістандағы Алтай аймағының Көктоғай ауданында кедей отбасында дүниеге келді. Бала кезінен бастап ауыл молдасынан, одан кейін Бұқар медресесінде дәріс алып араб, парсы тілдер, сондай-ақ шариғат пен тәжуитті үйренген. 1908 жылы Алтай, Қобда аймақтары қажылар тобының аудармашы ретінде Меккеге қажыға сапар шегіп барады. 1910 ж. елге қайтып келген соң, Сарытоғай ауылында мешіт салдырып, медресе ашып мұғалім болады. 1939 жылы Шэнь Шицайдің үкіметіне наразы шыққан халық көтерілісіне белсене қатысқаны үшін тұтқынға алынып, мешіті талқандапып, кітаптары өртендіріліп, 1940 ж, түрмеде азаптап өлтірілген. [1]
|
Моңғолиядағы жазба әдебиеттің негізін салушы – Ақтан Бабиұлы (1897-1973). Ол МХР мәдениеті мен өнеріне еңбегі сіңген қайраткер, ақын әрі драматург, сонымен бірге ауыз әдебиетінің белді өкілі. Жас кезінде айтыскер ақын ретінде елге танылған ол 1919 жылдан бастап "Кедей күні”, "Сары Мешелге”, "Қарау байға”, "Жөргем салға”, "Халел мен Мәлік молдаға” секілді өлеңдерімен сол кездегі мешеулікті сын тезіне салып, тілі уытты сыншыл да шыншыл ақын ретінде халыққа танылады. Оның Ұмсындық, Ғазиза, Ақбалалар мен айтысы сол кездегі қазақ өмірінің айнасы деуге болады.
А.Бабиұлы 1940 жылдан бастап "Өркендеу” газетіне өршіл үнін қосып, жаңа заманның жаршысы болумен бірге мәдениет пен өнерге қарымды үлесін қосқан сергек саналы қайраткер болды. Оның оннан астам жинақтары жарық көріп, драмалық туындылары театр репертуарының мәйегіне айналды.
Ақынның 1940-1960 жылдарда жазған өлеңдері үгіт-насихат сипатында болып, халықты жаңа қоғам құруға уағыздады, ескі мешеулікті қатты сынауға бағытталды. Ол достық тақырыбында "Орыс даласы”, "Москвам”, "Қанды соғыс”, "Отан жыры” секілді туындылар, "Қыс”, "Жазғы мысал”, "Қобда өзені”, "Бесбоғданың қойыны”, "Бөкентау” секілді табиғат лирикаларын жазды. Ақынның "Бүркіт” (1959), "Досымбек-Балқия” (1964), "Өмір жолы” (1970) секілді поэмалары оның қаламгерлік қарымын жалпақ елге танытқан шоқтығы биік туындылар болумен бірге поэма жанрының қалыптасуына негіз болды.[1]
Пайдаланған әдебиет[өңдеу]
" Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
|
Ахмәди Адалбек - 1969 жылы 22 наурызда ҚХР, Алтай өлкесі, Жеменей ауданында дүниеге келген. [1].1993 жылы Шыңжаң университетінің әлем тілдері факультетін бітірген. 1996 жылы атамекеніне біржола қоныс аударған. "Шолпан әлі туған жоқ" жыр жинағының авторы. 1993 жылы Шыңжаңда "Үкілі ырғай" атты таңдамалы жинақта жырлары жарық көрген. 1997, 1998 жылдары өткізілген Дүниежүзі қазақтарының жыр мүшайраларының, 2003 жылы өткен Махамбет Өтемісұлының республикалық тележыр бәйгесінің жүлдегері.
Дереккөздер
"Қазақстан жазушылары" анықтамалық, Ан Арыс баспасы, Алматы, 2009,ISBN 978-601-7130-43-5
|