Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті | [ Добавить материал ] |
В категории материалов: 754 Показано материалов: 371-380 |
Страницы: « 1 2 ... 36 37 38 39 40 ... 75 76 » |
Сортировать по: Дате · Названию↑ · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Мырзағылұлы Бекет (Бекет ата) (1750—1813) — қазақтың әйгілі батыры, ағартушы, сәулетші. Халық әулие тұтқан. Маңғыстауда туып-өскен. Өзі тұрғызған Оғыланды мешітіне жерленген. Хорезмдегі Пақыржан қажыдан оқып, діни білім алған.[2] Бекет жастайынан білмекке құмар болып, алғырлық зеректігімен көзге түскен. Ол ат жалын тартып мінген, оң-солын тани бастаған кездің жаугершілігі мол болған. Содан да ел қамы, халық тағдырына қатысты істерге ерте араласып, парасат-пайымымен, ерлік-табандылығымен жұрт көзіне ертерек түскен. Ол, әсіресе, медресе-мешіттер салдыртып, халықты имандылыққа, кісілікке, ауызбірлікке баулуға айрықша көңіл бөлген. Бекет ата салдыртқан мешіттер күні бүгінге дейін біршама тәуір сақталған. Әсіресе, өзінің сүйегі қойылған Үстірттің Маңғыстау жақ ойысындағы Оғыланды мешіті үш бөлме етіп ойылған қалпы әлі тұр. Бекеттің немересі Мұрынның мүрдесі де осында.Көзінің тірісінде оның қабілетін, қызметі мен жеке басына тән жаратылысын сипаттайтын ерекше төрт қасиеті болған: Біріншісі — халықтың тәуелсіздігі жолында жауларға қарсы күреске белсене араласқан батыр. |
XVII ғасырдағы Тілеу батырдың жетінші ұрпақтарының бірі – Мырзағұл Шыманұлы(1845-1906 жж), ол әрі би, әрі шешен, әрі бүкіл аймаққа беделді тұлға, болыс болған. Мырзағұл би - елі мен жері үшін күресе білген, халық қамын қорғаған үлкен ағайының бірі болған. Ол 1872-1879 жылдары Ырғыз уезіндегі Аралши болысын басқарған, 1878 жылы қазақ зиялыларының депутатциясы құрамында Санкт-Петербург пен Москваға барып, ІІ Александр патшаның қабылдауында болған, 1879-1887 жылдары Тілеу руының аға биі, 1891-1908 жылдары екі рет Шеңгелді болыстығына болыстыққа сайланған, Шалқар қаласында 2 кластық орыс-қазақ мектебін ашқан, 1901-1905 жылдары Орынбор-Ташкент теміржолын салуға белсене қатысқаны үшін Орынбор әкімшілігінен «Мақтау грамотасын» алған. Осындай әкімшілік қызметтерде жүргенімен, ел мүддесін көздеген. 1882 жылы маусымда өткен Орал, Торғай облыстарының болыстары мен билерінің құрылтайында шығып сөз сөйлеп, патша үкіметінің жер саясатын ашық сынаған. Отаршылдарға жер бермеу үшін күрескені себепті 1891 жылы 15 қаңтарда болыстықтан босатылып, 6 айға сотталып, түрмеде отырып шыққан. Езгіге қарсы толқулар ұйымдастырғаны үшін екінші рет сотталып, 1908 жылы Орынбор түрмесінде отарлаушылар қолынан қаза табады. Сүйегі Орынбордағы мұсылмандар зиратында. «Қазақ совет энциклопедиясында»: «Мырзағұл Шыманұлы... 1903-жылы Біршоғыр, Шалқар станциясында басталған шаруалар көтерілісін басқарды...Патша өкіметінің отарлық саясатына ашықтан-ашық қарсы шықты» [1] деп жазылған. Қарт ағайындарының естеліктерінде, Мырзағұл Шыманұлы - 7 жасынан зерек, шешен әділдікті көздеуші, ауылдың үлкендері арасында өткізілген жиналыстарды тындап, дау шешуге қатысып, билік айтқан деседі.
|
Мүсірәлі Алыбайұлы (1837 - қ. ж. б.) - Абайдың құдасы. Дүзбембет-тобықты болысының адамы. Ақынның баласы Мағауияның әйелі – Дәмегей осы Мүсірәлінің қызы. 1877 ж. Мәмбетей-тобықты болысы Бұғылы, Шаған болыстары болып 2-ге бөлінгенде Мүсірәлі Бұғылы болысының басқарушысы болған. Абай үстінен арыз жазушылар ИбраҺим (Абай) Құнанбаев Мүсірәліні өз құдасы болған соң болыс қойғызып отыр деп кінәлайды. Мүсірәлінің ел басқару ісінде әділ болуына, халқына дұрыс қарауына Абайдың ықпалы көп болған. Оның Қарамола сьезі жайлы, Абайға байланысты шығармалары 1961 жылғы жинақта жарияланды. Бұл естелік Абайдың қоғамдық, қайраткерлік қызметі жайында аса құнды деректер береді.
|
Мұзафар Әлімбаев — Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінде соғыс сұрапылын бастан кешіп келген қаламгер шоғырының бірі. Туған жері Маралды атырабында — Павлодар облысы, Шарбақты ауданындағы Маралды ауылы. Әнші-күйшілердің, ақын-жыраулардың думан құрған өнер төрінде, солардың тәтті сазын, татымды сөзін қаршадайынан құлағына құйып өскен. Мұзағаң 5 жасында әріпті әліп деп біліп, кітап оқи бастаған. 6 сыныпта ауыл кітапханасының бір қыста 150-ден аса кітабын тауысып, «Бауырсақтан» бастап», «Батырлар жырын» ортаға ала, А. С. Пушкиннің 4 томдығын тауысады.
Мазмұны
1 Жетімдік
2 Сұрапыл соғыс
3 Ақындық бақыты
4 Шығармалары
5 Әскери атағы
6 Қазақстанның болашағы туралы болжамы
7 Хоббиі
8 Отбасы
9 Фильмдер
10 Пайдаланған әдебиет
Жетімдік
Әкеден 8 жаста, шешеден 13 жасында айырылып, «Туар-тумастан тоналған ұрпақтың өкілі…». Сол тұста жетімектің кім екенін, жетімдіктің зіл мен мұң екенін анық та толық сезді. 1932-33 жылғы алапат аштықты көлденең көзбен көріп емес, өз басынан өткерген. 1937 жылдың сталиндік сойқанында халықтың зиялы ұл-қыздарын зорлық-зомбылықпен оққа байланғанын өз көзімен көріп, үрейі ұшқан ұрпақ. Осы тұста тырнақалды өлеңін жазды.
|
Мұсабек батыр Қалдарбекұлы (1815-1886) жылдар аралығында казіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сыр өңірінде өмір сүрген. Мұсабек батыр, Қоқан хандығына қарсы күрес жүргізген Қоңырат тайпасының Байлар-Жандар руынан шыққан атақты қазақ батырларының бірі. Өз заманында алты алашқа аты шыққан Сапақ датқа Қалдарбекұлының туған інісі. Қоқан хандығы 19-ғасырдың екінші жартысында алым саққа қазақ қыздарын ала бастағанда, ел арасында толқулар болып, Қоқан хандығына деген халықтың ашу ызасын тудырады. Мұсабек батыр қол бастап, қазақ батырларын жинап,Бадам өзенінің жағасы Ордабасы тауында Ташкент құсбегі Мырза бидің басын алады. Бұл ұрыста Қоңырат Жаманқара батыр, Қоңырат Белес батыр, Қоңырат Ербөбек батыр, Ұлы жүз батыры Рысқұлбек, Маделіқожа және тағыда басқа да батырлар болған. Мұсабек батыр жайлы ақындар көп жырлаған.
|
Ақынжанов Мұсатай (1905 – 1986) - 9-мамырда бұрынғы Семей облысы, Абай ауданының Қарауыл ауылында туған. 1925 жылы Семейдің педтехникумын, 1929 жылы Орынбор қаласындағы Халық ағарту педагогикалық институтын бітірген.[1] 1925 – 1941 жж. округтік, облыстық газет-журналдарды басқарған, республикалық баспасөздерде арнаулы тілші болған, облыстық, уездік, өлкелік комсомол комитетінің хатшысы, Семей және Алматы қалаларында ҚКП аудандық партия комитетінің хатшысы, Қазақстан КП Орталық Комитетінің жанындағы Маркс-Энгельс-Ленин (ИМЭЛ) институты Қазақ филиалының директоры қызметін атқарған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Одан кейін ҚазМУ-де ғылыми-педагогикалық жұмыспен шұғылданды. «Қазақ халқының шығу тегі» тақырыбына докторлық диссертация қорғаған. Тарихи және тарихи-әдеби тақырыптарға бірнеше монографиялары, кітапшалары жарық көрді. «Исатай мен Махамбет», «Сырым Датов», «Бағытай – Бағила», «Фрунзе», «Жеңіс қамы», «Шопан қыз», «Алтын сақа», «Алтын алқап сырлары», «Ыбырай Алтынсарин», т.б. драмалық шығармалары бар.[2]
|
Рүстемов Мұхамеджан 1932 жылы 15 мамырда Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы қазіргі Нартай ауылында туған.
Мазмұны
1 Өмір жолы
2 Шығармалары
3 Отбасы
4 Сілтемелер
5 Пайдаланған әдебиет
Өмір жолы
1950 жылы Шиелі қыстағындағы XIV жылдық Октябрь атындағы қазақ орта мектебін бітіріп, еңбек жолын сол жылы қазан айында Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандақ комсомол комитетінде мектеп оқушылары және пионер ұйымы бөлімі меңгерушісі қызметін бастаған.
1951 жылы маусымда сол комсомол комитетінде екінші хатшы болып сайланады.
|
Сегіз сері (Мұхамедқанапия) Баһрамұлы Шақшақов поэзиясы. (1818 - 1854)
Сабақтың мақсаты :
1. Білімділік : Серілер поэзиясы туралы ойларын тереңдету, серілерге тән ортақ қасиетті танып- білу, Сегіз серінің өзіне ғана тән қасиеттерін ерекшелеу, ажырату. Өңдерімен және оған шығарылған әндерімен таныстыру.
2. Дамытушылық : Өз беттерімен ойланту, ойландыру, өзіндік дәлелді пікір, тұжырымды ой айтуға баулу, үйрету. Сегіз сері поэзиясының кейбіреуінің халықтық шығармаға айналғанын дәлелдеу.
3. Тәрбиелік . Эстетикалық тәрбие, өнерді сүюге, бағалауға баулу.
Сабақтың түрі : Зерттеу сабағы
Сабақтың әдісі : Қ.О. Бітібаева технологиясы (топтық жұмыс, зерттеу)
Пәнаралық байланыс: Тарих, музыка, қазақ тілі
|
Мұхтар Мұқанұлы Мағауин (2.02.1940, Баршатас ауылы, Аягөз ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) — тарихшы, жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі ғалым. Филология ғылымдарының докторы, Мемлекет сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1996).
Мазмұны
1 Өмірбаяны
1.1 Білімі
1.2 Қызмет жолы
2 Шығармалары
3 Дереккөздер
Өмірбаяны
Мұхтар Мұқанұлы Мағауин — 1940 жылы 2 ақпанда Семей облысының Шүбартау ауданында туған. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1965 жылы оның аспирантурасын бітірген. Еңбек жолын 1965 жылы бастады. "Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі, 1967-1971 жылдары "Жазушы" баспасында бас редактордың орынбасары, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып істеген, Мәскеуде М.Горький атындағы Әдебиет институтында қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша арнайы лекциялық курстар жүргізді.
|
Мұхтар Шаханов (2.07.1942 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгір ауданы, Қасқасу селосы) — қазақ ақыны.
Мазмұны
1 Өмірбаяны
2 Шығармалары
3 Өлеңдер мен балладалар тізімі
4 Шетелдегі танымалдығы
5 Пайдаланған әдебиет
6 Сыртқы сілтемелер
Өмірбаяны
Шымкент педагогикалық институтын бітірген (1969). "Оңтүстік Қазақстан" (1960-65), "Лениншіл жас" (1965-70) газеттерінде, республикалық телевизия, радио редакцияларында (1971-75) істеді. 1976 жылдан Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы.
|