Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 7.9.2019
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

В категории материалов: 754
Показано материалов: 311-320
Страницы: « 1 2 ... 30 31 32 33 34 ... 75 76 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам

Қазақстан – ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда ғана, яғни 1991 жылы орын алды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады!
         Еліміз Егемендік алған  жылдардан кейін көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Өз тарихымыз, салт-дәстүріміз зерделеніп, жинақталған,  кең мағыналы кітаптар, әдеби зерттеулер жарық көре бастады. Қазақстан Республикасы экономикасы, әлеуметтік тұрмысы тұрақты дамып келе жатқан Орта азиядағы беделді мемлекеттер қатарына қосылды. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1077 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

Айша Ғарифқызы Ғалымбаева, Қазақстанның халық суретшісі, ҚР Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл ту» ордендерінің иегері. Оның есімі Республиканың құрметті Алтын кітабына жазылған. Қазақстан өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін «Тарлан» сыйлығын алған.
Айша Ғалымбаева 1917 жылы Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданындағы Есік ауылында дүниеге келген. Алматының көркемсурет училищесінде (1943) және Бүкілодақтық Мемлекеттік кинематография иниститутында (1949) оқыған. Айша Ғалымбаева «Махаббат туралы аңыз», «Өжет қыз», Шоқан Уәлиханов жөнінде «Оның заманы әлі алда», «Бұл Шұғылада болған еді» дейтін фильмдердің қоюшы суретшісі. «Қазақтың халық киімдері» (1958) альбомының авторы. Республикалық, Одақтық және Халықаралық көптеген көрмелерге қатысқан. Оның туындылары Қазақстан, ТМД және әлемнің көптеген елдеріндегі жеке коллекцияларға қойылған.
Қазақ өнерінің тарихына Айша Ғалымбаеваның шығармашылық өмірбаяны шын мәнінде алтын әріппен жазылған! Ол тарихтың қай бетін ашсаңыз да, алдыңыздан Айша Ғарифқызы сомдаған тамаша образдар шығады.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 952 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

Халқымыздың "Жақсы адам-қазына” деген нақыл сөзі бар. Сондай адамдардың бірі емес, бірегейі Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани өміріне көз жіберсек, ол кісінің өте бір бай өмір кешкенін байқаймыз. 

Байлық деген, біреу үшін ақша, біреу үшін дүние-мүлік. Әрі беріден соң, біздің жер астындағы қазба байлықтармызды ысырапсыз пайдалана берсек, қайтадан қалпына келмейтінін, сарқылатынын білеміз. "Сонда таусылмайтын қазына не?” – дегенде, ол – адам бойына ана сүтімен бітетін дарын. Дарынды адамдар күнде­лікті өмірде, қарым-қатынаста, жұмыста, үйде, түзде жан- жағындағы адамдарға бойындағы қабілеттің шуағын шашып жүреді. Сондай, өмірінің ақырғы сағатына дейін біздерге білім мен ғылымның, өнеге мен үлгінің нұрын шашқан, таусылмас қазына қалдырып кеткен академик, Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, профессор Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани еді.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1378 | Загрузок: 240 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

Шыңғыс Айтматовтың: "Адам тұлға ретінде траге¬дия¬лық қобалжулар арқылы ашы¬ла¬ды” — деп айтқаны бар. Шын¬дығында, өмір тану мен адам тану дегеніміз – осы екеуі¬нің трагедиялық кезең¬дер¬ге неге тап бола беретіндігінің сырын ашу. 
Алдан Смайылдың  "Фо¬лиант” баспасынан жарық көрген "Тамұқтан келген адам” романының басты құндылығы да осында. Жазушы аталған шығармасында адам трагедия¬сының ең бір үрейлі кезеңі — өткен ғасырдың отызыншы жылдардағы сұрапылын таңдап алған. Дәл осы шақ – репрес¬сия мен геноцид, тұтас ха¬лықтарды ессіз идеологияның көзсіз құлына айналдыру, ұлттық тамырдан үзілу қатеріне алаңдамайтын санасыздық, шектен шыққан қаталдық, жойқын қырғындар адам жаратылысының құпияларына бойлауға шақырып тұрғандай. Романның көп қырлы филосфиялық астарларынан сауып айтсақ, аталған тұста "Өмір де, өлім де жасанды еді. Одан кейінгі өмірлер мен өлімдердің табиғи бола аларына ешкім кепілдік бере алмайтын. Өйт¬кені, кеше жер басқандар мен бүгінде жер басып жүргендер құдай сыйлаған өмірді екі¬жүздендіріп әуре. Ал дәуірлер бойында көз жұмғандардың ішінде ақ өліммен өлгендер мен адам қолынан о дүниелік бол¬ғандардың қайсысы көп екен¬дігін ойласаң, сірә соңғылары шығар деп шошисың”. 
Сырт қарағанда тосын ой¬лар секілденер, алайда адамзат¬тың өткені мен қазіргі күн¬дерінің трагедияларына үңіл¬сең, дәл осылай бас қатырарың анық. Өркениеттің көгіне кө¬терілдік деген бүгінгі заманда да адам тіршілігінде мәз бо¬ларлық не бар? Сол баяғы атыс-шабыс, сол баяғы үрей, ал¬дау мен сату, қатыгездік, эфир¬¬лерден күн сайын ести¬тінің жарылыстар мен қақты¬ғыстар. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 724 | Загрузок: 111 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

Сарыұлы Ақтамберді (1675 - 1768) атақты жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері. Ұлы жүздің Ошақты руынан. Әкесі Сары мен шешесі Сырбикеден жалғыз туған. Жыраудың «атадан жалғыз туғанның жүрегінің бастары сары да жалқын су болар» деуінде өз өмірінің шындығы бар.
Қазақ тарихындағы аласапыран кезеңде өмір сүрген Ақтанберді «дұшпаннан көрген қорлығым, сары су болды жүрекке. Он жетіде құрсанып, қылыш ілдім білекке. Жауға қарай аттандым, жеткіз деп, құдай, тілекке» деп, өзі айтқандай, он жеті жасында ақ қолына қару алып, ел қорғауға аттанады.
Жыраудың ақындық даңқымен балуандық, батырлық даңқы қатар шығады. Орта Азия хандықтарымен, қалмақтармен арадағы ұрыстарға қатысып алғашқы кезде жеке басының ерлігімен, соңынан қолбасшылық қабілетімен көзге түседі. Сақа батырлар санатына қосылған кезде атақты «Ақтабан шұбырындының» куәгері болады.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1272 | Загрузок: 144 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

Әбіш Кекілбайұлы (6 желтоқсан 1939 жыл Оңды ауылы, Маңғыстау облысы) - Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік хатшысы (), Парламент Сенатының депутаты ().
Мазмұны  
1 Өмірбаяны
1.1 Қызмет жолы
2 Отбасы
3 Шығармашлығы
3.1 Романдар
3.2 Повестер
3.3 Әңгімелер
3.4 Аудармалар
4 Марапаттары
5 Сыртқы сілтемелер
6 Дереккөздер
Өмірбаяны

Әбіш 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрыңғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы Жаңайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген топтан. Белгілі білікті, беделді, дәулетті адам. Ата шаңырағын ұстап қалған ұрпағы Жаманқұл немересі Кекілбайды үйлендірген соң, 1924 жылы Оңдыда қайтыс болған.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 5699 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

Айсарин Әбдірахман (1898 – 1938)
Бұрынғы Ақмола губерниясы, Петропавл уезі, Аққусақ болысы, Шоға ауылында туған. Жазушы, публицист. 1916 – 1918 жж. Троицк қаласындағы «Уазифа» медресесінде оқып, ол жабылып қалған соң, ауыл мұғалімдерінің курсын бітірген (1919).[1] 1919 – 1921 жж. Орынборда шығып тұрған «Ұшқын» және «Еңбек туы» газеттерінде әдеби қызметкер, 1921 – 1922 жж. Ә. Жанкелдиннің басқаруымен Орынбордан Семейге дейін Қазақстанның солтүстік облыстарын түгел аралаған «Қызыл керуеннің» хатшысы, 1922 – 1923 жж. Семей губерниялық комсомол комитетінде қызметкер, 1923 – 1926 жж. Петропавл уезінде халық соты, 1926 – 1932 жж.Қазақ ауылының тыныс-тіршілігін, адамның бас бостандығын, сүйіспеншілік пен парасатталықты бейнелеген «Болсаң, Болаттай бол», «Мәжен», «Той тарқар», «Бәсекелестер жиыны», «Жол айырығы», «Айжанның азабы» (1924), «Мырзалар» (1927), «Жүрек жұмбағы» (1928), т.б. әңгімелері, «Көн құрысса, қалпына барады», «Алма өз түбінен аулаққа түспейді» (1927 — 28) атты повестері жарық көрді. «Бостандық туы», «Кеңес ауылы», «Еңбекші қазақ» газеттерінде журналист, 1923 – 1937 жж. Қазақстан Жазушылар одағының Петропавл бөлімшесінің бастығы. 1938 жылы жазықсыз жаза құрбаны болған, кейін ақталды.[2]
1919 жылдан шығармашылықпен айналыса бастайды. «Айжанның азабы», «Мәжен», «Той тарқар», «Бәсекелестер жиыны», «Жол айырығы», «Мырзалар», «Жүрек жұмбағы», т.б. әңгімелері, «Алма өз түбінен аулаққа түспейді» (1927 – 1928), «Көн құрысса, қалпына барады» (1928) атты повестері шыққан.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1007 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

Әбдірашит Нәбиұлы Байболатов(4.6.1929 ж.т., Шынжаң Іле аймағы, Тоғызтарау ауданы Ақтөбе ауылы) — ақын, жазушы, фольклоршы. Шыңжаң жазушылар одағының мүшесі. "Үш аймақ әскеріне” қатысқан. 1975 — 1982 ж. Шыңжаң жазушылар одағының органы "Шұғыла” журналының, 1982 ж. "Мұра” журналының бас редакторы болды. Алғашқы өлеңі 1948 ж. жарияланған. "Өмір қайығында” өлеңдер жинағы (1983, Пекин), "Қос емен” повестер жинағы (1987, Пекин), "Тау қыраны” романы (1990, Үрімші) жарық көрді. "Тау қыранында” 1944—1949 ж. Шыңжаңда ұлт азаттығы үшін гоминңдаңшылармен шайқасқан қазақ азаматтарының ерлік іс-әрекеттерін суреттеген. Ол 1982 жылдан бастап қазақ ауыз әдебиетін жинау, жүйелеу және баспадан шығару жұмысына басшылық етіп, "Қазақтың ғашықтық жырларын” (3 т.), "Қазақ қиссаларын” (12 т.), "Қазақ шежіресін” (1 т.), "Қазақ шешендері мен шешендік сөздерін” (2 т.), "Байырғы қазақ айтыстарын” (1 т.) баспадан шығарды. [1]
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 716 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

Әнуар Ипмағамбетов(1912-1996)-18 шілдеде Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданында дүниеге келген. 1956 жылы М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы жоғары әдеби курсты аяқтаған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Майдан газеттерінің тілшісі, «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінің жауапты хатшысы, Қазақ КСР Телевидение және радиохабары жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас редакторы, Целиноград (қазіргі Астана) облыстық газетінің редакторы болып қызметтер атқарған.
1973 жылы оның «Жайықтың сол жақ бетінде» атты кітабы жарық көрді. Негізінен, аударма саласында еңбек етті.
Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 909 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

Әнуар Тұрлыбекұлы Әлімжанов (12.05.1930 жылы туған, Талдықорған облысы, Андреев ауданы, Қарлығаш ауылы) — қазақ жазушысы.1954 жылы Қазақтың мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Шығармаларын орыс тілінде жазады. Оның алғашқы әңгімелері, очерктері, публицистикалық мақалалары 1952 жылы жариялана бастады. Әнуар Әлімжановтың тақырыбы алуан салалы: қазақ халқының өткен дәуірдегі мүшкіл халі, бүгінгі гүлденген Қазақстан, социализмнің белсенді құрылысшылары, жаңа совет адамдары, халықтар достығы, Азия, Африка елдерінің ұлт азаттығы жолындағы жан қиярлық күресі т.б. Әнуар Әлімжановтың тарихи тақырыпқа жазған шығармаларының идеялық мазмұны бүгінгі күннің талап-тілегімен үндес. "Отырар ескерткіші", "Құрманғазының жастық шағы" повестерінде орта ғасырдағы қанаушылықты, деспоттықты, зұлымдықты өткір де уытты сөздермен түйресе, халық бойындағы алып күшті, сарқылмас жігерді, өнерге, жарқын болашаққа ұмтылған өршіл талапты сүйсіне толғайды. "Жалындап тұрған найза" повесінде Африка халқының қан құйлы отаршыларға қарсы азаттық күресін шебер суреттеді. Империалистердің шектен шыққан озбырлығын әшкереледі,ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі Джомоның қаһармандық бейнесін жасады.[1]
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1896 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 291-300 301-310 311-320 321-330 331-340 ... 741-750 751-754