Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 6.11.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

В категории материалов: 754
Показано материалов: 281-290
Страницы: « 1 2 ... 27 28 29 30 31 ... 75 76 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Жаңа тұрмыс жырлары
(Сәкен Сейфуллинннің поэзиясы)

 Жиырмасыншы жылдары қоғамдық өмірде болған түбегейлі өзгерістер, жаңа заман дамуының қарқындылығы, тарихи оқиғалардың жедел ауысып отыруы Сәкен поэзиясында сол дәуір бейнесін берерлік екінші образ — жүйрік пойыз-экспресті тудырды. "Біздің тұрмыс — экспресс" деп жырлады ол. 
Жаңа қоғамдық құрылыстың даму қарқыны мен өзіндік сипатын, қанша ұшқыр да арынды болғанмен, тұлпар бейнесі таныта алмайды деп түсінген жаңашыл ақын: 

Бұрын атым тұлпар еді — бәйге көк,        
Енді, міне, пойыз болды, тұлпар жоқ. 
Ұзақ жолға 
Тұлпар қол ма? 
Мейлі жорға, 
Тұлпар міну — Сарыарқада жүрсең тек. 
...Ісі ерен 
Ұқсас көрем 

Отарбаны біздің осы тұрмысқа! — деп жазды. Жаңа елдің даму жылдамдығын ұшқыр пойызға — экспреске теңеу Сәкеннің басқа да туындыларында кездеседі. Жаңа өмірдің болашағына, оны орнатушылардың жасампаздығына ақын кәміл сенеді. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 462 | Загрузок: 184 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

ЖАҺАНША ДОСМҰХАМЕДОВ
(1886-1938)

1. Өмірі туралы мәліметтер
Досмұхамедов Жанша (Жаһанша) — Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, Алашорданың Батыс бөлімшесінің төрағасы, заңгер.
1887 жылы Орал облысы, Орал уезі, Жымпиты болысының, № 1 ауылында дүниеге келген.
1899 жылы тамыз айында Орал әскери реалдық училищесіне түсіп, онда 1905 жылы 31 мамырға дейін толық курсын оқып бітіріп, сол жылғы 27 қарашада № 991 аттестатпен 1906 жылы тамыз айында, Орал облысының стипендиаты ретінде Мәскеу университетінің заң факультетіне түсіп, оны № 175 бітіру куәлігімен 1910 жылы 4 наурызда бітіріп шыққан.
1917 жылғы Ақпан төңкерісіне дейін округтық соттың прокурорының жолдасы (орынбасары) міндетін атқарған.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 534 | Загрузок: 76 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

Жеке тұлғаның бейімділіктерін психодиагностикалық  
зерттеу тәсілдері

Жеке тұлғаны психофизиологиялық тұрғыдан зерттеу оның психикалық және ақыл-ой сапаларын, болашақ мамандықтарына бейімділігін анықтап беруге және олардың жекелеген бөліктерін жетілдіру туралы ұсыныс-кеңестемелер беру үшін жүзеге асырылуы да мүмкін.
Мамандық бойынша психодиагностикалық зерттеулердің барысына негізінен төмендегідей психологиялық сынақтар енеді:
- зерттеудің бланктер толтыру арқылы жүргізілетін тәсілдері;
- жекелей (көзбе-көз) әңгімелесу;
Психодиагностикалық зерттеудің бланктер толтыру арқылы жүргізілетін сынақтарына жататын тәсілдер:
- жеке тұлғаны көп жақты зерттеу әдістемесі (MMPI); 
- Р. Кеттелдің 16-факторлық жеке сауалнамасы әдісі (16-ФЛО);
- Равеннің «Прогрессивті матрицалар өлшемі» әдістемесі (кескіндеме сынағы);
- есте сақтау қабілетін, зейінді және ойлауды зерттеу әдістері;
- Амтхауэрдің интеллектуалдық сынағы.
Жекелей немесе көзбе-көз әңгімелесу – психофизиологиялық зерттеулердің соңғы кезеңі болып табылады. Зерттелушінің типологиялық және мінездемелік ерекшеліктерін бағалаудың және сараптаудыу мен талдаудың қосымша бір тәсілі болып табылады, сонымен қатар толтырылған бланктер, сауалнамалар, сынақтар бойынша зерттеулер нәтижесінде алынған мәліметтерді нақтылауға, айқындауға көмектеседі. Әңгімелесу мен бақылаудың, психодиагностикалық қорытындының мәліметтері, жеке тұлғаның психикалық сапалары мен қасиеттері бойынша ұсыныстарды психолог өзіндегі психофизиологиялық зерттеу хаттамасына енгізіп отырады. Тұлғаның негізгі, басты-басты жеке сапалары мен типологиялық ерекшеліктері сипатталған қысқаша тұжырым шығарылып, оның жалпы тұлғалық мінез-құлық және ақыл-ой ерекшеліктері туралы арнайы қорытынды жасалады.  
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 3783 | Загрузок: 212 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

Айша Ғарифқызы Ғалымбаева, Қазақстанның халық суретшісі, ҚР Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл ту» ордендерінің иегері. Оның есімі Республиканың құрметті Алтын кітабына жазылған. Қазақстан өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін «Тарлан» сыйлығын алған.
Айша Ғалымбаева 1917 жылы Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданындағы Есік ауылында дүниеге келген. Алматының көркемсурет училищесінде (1943) және Бүкілодақтық Мемлекеттік кинематография иниститутында (1949) оқыған. Айша Ғалымбаева «Махаббат туралы аңыз», «Өжет қыз», Шоқан Уәлиханов жөнінде «Оның заманы әлі алда», «Бұл Шұғылада болған еді» дейтін фильмдердің қоюшы суретшісі. «Қазақтың халық киімдері» (1958) альбомының авторы. Республикалық, Одақтық және Халықаралық көптеген көрмелерге қатысқан. Оның туындылары Қазақстан, ТМД және әлемнің көптеген елдеріндегі жеке коллекцияларға қойылған.
Қазақ өнерінің тарихына Айша Ғалымбаеваның шығармашылық өмірбаяны шын мәнінде алтын әріппен жазылған! Ол тарихтың қай бетін ашсаңыз да, алдыңыздан Айша Ғарифқызы сомдаған тамаша образдар шығады.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 494 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

УДК 811.512.122'373.222

ЖЫЛҚЫ МАЛЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТІЛДІК ЕДИНИЦАЛАРДЫ "ҒАЛАМНЫҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІ” ТЕОРИЯСЫ ТҰРҒЫСЫНАН ЗЕРТТЕУ

А.А. Амангелді 
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ.

Ғылым мен техниканың дамуы ғылымның барлық салаларына, соның ішінде тіл білімінің дамуына да өз әсерін тигізуде. Қазіргі заман талабына сай лингвистикада жаңа бағыттар мен түрлі салалардың негізі салынып, дамып, тіл білімінің зерттеу нысаны кеңейе түсті. Этнолингвистика, когнитивті лингвистика, лингвомәдениеттаным, паралингвистика, прагмалингвистика тәрізді лингвистика салалары тілді жан-жақты, ғылыми тұрғыда зерттеуге мүмкіндік ашты. Қазақ тіл білімі де жаңа бағыттардағы зерттеулермен толығу, даму үстінде. «Ғаламның тілдік бейнесі» теориясы да өз кезегінде тілдік зерттеулерге негіз болып, тілдің дамуына өз үлесін қосуда. 
Әрбір жекелеген ұлт түсінігінде әлем әр түрлі көрініс табады. Бұл, әсіресе, тілде айқын байқалады. Яғни тілдегі әлем бейнесі адамның әлемді тануының негізі. Бұған Б.Уорф пен Э.Сепирдің көзқарастары тұрғысынан қарасақ, әр түрлі ұлт осы ғаламды өзінше танып, өзінше пайымдайды. Демек, тіл біздің ата-бабаларымыздың "ғалам бейнесін” қалпына келтіруімізге мүмкіндік жасайды, тіл арқылы біз ата-бабаларымыздың "ғалам бейнесін” елестете аламыз. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 683 | Загрузок: 77 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

Жылқыаман батыр Отыншыұлы (1712-1796) — Қызылорда облысы Арал ауданы Бөген елді мекеніндегі Ақшатау өңірінде дүниеге келген. Ол ұлт-азаттық қозғалысындағы ерекше орны бар көрнекті қайраткерлердің бірі. 1796 жылы Қарақалпақ жерінде 84 жасында Нұрата өңірінде дүниеден өткен және сүйегі сонда жерленген.[1]Жылқыаман батыр "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" заманында үш жүздің басы қосылған, жоңғарлардың түре қуатын 1725 жылы болған қанды қырғында 13 жасында-ақ ат ойнатып, қарсы келген дұшпанды "ақшұбарымен" жусатып, атағы күллі қазаққа дабырлата шыққан
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 497 | Загрузок: 76 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

ӘОЖ 378.147:8.0

ЖЫРАУ МЕН ЖЫРШЫЛЫҚ ДӘСТҮРДІҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚАЛЫПТАСУЫ

А.Мұқашева, Г.Мейірбекова
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

        Тарих қашан да өз перзенттерінің құнды мұраларымен қымбат, әрі барлық кезеңдердің сарапшысы.Ерлігі мен еркіндікке құштар күрестерге, батырлығы мен бостандық дегенде жан салмайтын байламдарға,шешендер мен ел тағдырын шешетін сәтте ақыл-парасатымен, дана-сәуегейлігімен өмір шырдығын толғап жеткізуші жырауларға толы бүгінгі күнге өз жемісін жеткізіп отыр.
        Тарих толқынында қазақ әдебиеті үшін жарқын белестерге толы бір кезең XV-XVIIIғасыр әдебиеті. XIII-XIV ғасыр моңғол шапқыншылығы зырдаптарынан бас көтеріп, жаңа заман, жаңа өмірге бет бұрған халықтың жаңа шежіресі басталды. Алтын Орда құлап ноғай, қазақ рулары дербесеігін алып бөлініп шығып, Ақ Орда халқының жеке мемлекет болып қалыптаса басталу тарихында да заман өз қиындығын кездестірді. Бірінші орынға елдікті,қазақ ұлтының біртұтастығын мақсат еткен қайырымды хандармен бірге, елді басып –жаншуға, өзге елдермен қазына үшін соғыстырып ел берекесін кетіруге, халықты қалың тобыр деп  қана түсінетін қатігез хандар да кездесті. Осы бір аға мен іні хандық үшін жауласып,әке мен бала билік үшін араздасып, аждаханың аузындай хан тағы үшін бала әкесін,іні ағасын жұтқызып жіберіп жатқан, хандар билігі жиі-жиі ауысып, ел басына біркелкі заман орнату қиынға соққан кезеңдерде ел қамы үшін , ұлт жаны үшін тарих төріне әдебиеттің құрметті өкілдері жыраулар келген еді.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 752 | Загрузок: 88 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

Жүрегі  жүз жыл жырлаған 


Менің пірім — Сүйінбай...

Қазақ халқы табиғатынан ақын халық. Есте жоқ ескі замандардан бергі ел тарихының көркем шежіресін жасаушылар да, оның сақтаушылары да сөз зергерлері – ақындар.

Ғасырдан ғасырға жалғасып, атадан ұрпаққа мирас болып келе жатқан қазақ сөз өнерінің айшықты бір саласын телегей-теңіз жыр тудырған жыраулар құрайды. Олар: Йоллығ-тегін, Тоныкөк, Сыпыра, Қазтуған, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар, Шө­же, Майкөт, Марабай. Қазақ жыраулары тарихты түптен таратып айтатын шежірешілер, миллиондаған жыр жолдарын жадында сақтай алатын ұлы даланың көшпелі академиясы еді. Байтақ қазақ даласын жырға кенелткен, осы бір теңдесі жоқ өнерді биікке көтерген, ілгері дамытқан даңғыл жыраулардың ең соңғы үздігі – Жамбыл. Ол – эпик әрі айтыс ақыны, абыз жырау, жауынгер жыршы, шын мағынасындағы заңғар поэзияны жасаушылардың ерен ұлысы. Жамбылдың құдіреті оның осындай асқан шеберлігімен ғана емес, халық поэзиясының бұтақ жайған алып бәйтерегі болуымен де, халық ақындарының жаңа көшін бастаған даралығымен де әлемді таңғалдырған. 

Жамбыл Жетісудың төрінде, жырдың тұнып тұрған шағында туды. Бұл кезде Жетісу ән мен жырдың бесігінде болатын. 

Жамбыл дүниеге келгенде Жетісу Қоқан хандығының қол астында еді. Құдияр ханның датқалары елге лаң салып, жұрттың аузына қақпақ, басына тоқпақ болып, қазақты оңынан да, солынан да доптай домалатты. Шапқыншылықтан, қысымнан әбден ығыр болған ел ығысып, сынаптай сырғып, жел айдаған бұлттай жөңкіліп көше берген. Үдере көшкен сондай бір боранды қыста Ұлдан ана көш-жөнекей түйе үстінде толғатып, болашақ ақын Байғара, Хан Жамбылдың етегінде, ықтырмада дүниеге келеді. Шапырашты – Екей осында қыстап, жаз Алатаудың баурайын, Құлансаз, Суықтөбені жайлаған. Ата қонысын қорғамаққа Сұраншы батыр мен Сарыбай би қол жинап, Ұзынағашта Қоқанның биі Қанатшаны талқандап, өз елін, өз жерін азат етеді. Әулиеатаны да босатып, Ұлы жүз батырларының Қоқанға қарсы соғысында Сұраншы 1864 жылдың шілдесінде Сайрамда ерлікпен қаза табады. Сарыбай аяғынан жараланып, Ташкентке дейін барады.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 535 | Загрузок: 169 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

Сөз құны – сөз қадірі. Жүрсін Ерман


Бұған дейін «Жанартау», «Арайлы күн, армысың», «Ұлытауға бардың ба...», Құдіретке жүгіну» кітаптарымен танылған Жүрсін Ерманның жақында «Атамұра» баспасынан «Құстың көлеңкесі» деп аталатын таңдамалы жарық көрді.

***

Кітаптың кіріспесі «Ақынның үйі» деген өлеңмен ашылады:

 Дегені қайда - басылды құйын ?
Ақылым жетпей ашиды миым:
Виноградов көшесіндегі
Қиратып жатыр Қасымның үйін.

Әуелде жыр нобайындағы психологиялық ой-нақылық ішкі иірімге ұласқанда сананың бір түкпірінде ұлт зиялыларының жүрегінде беріш боп қалған, Қасымның аузынан шығып, әмбеге жайылған баспана зарының сарыны бой көтереді. Оның үстіне, ақындықтың ақ мешітіндей болған Қасымның үйі қайдағы бір Виноградов көшесінде орналасқанын көрмейсіз бе?! Автордың «ақылы жетпей миы ашып отырған» себебін зер сала үңілсеңіз ұға қоясыз. Оқырманды жоғарыдағыдай күйге түсіру, әлбетте қаламгер шеберлігі деуге негіз болатындай-ақ тәсіл. Әрине, ақын әр жолды есегітеп, кесіп-пішіп жазып отырмағаны аян
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 467 | Загрузок: 95 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

Жүсiпбек Аймауытов (1889-1931)
Жазықсыз жапа шеккен, қазақ әдебиетi мен мәдениетiнiң көрнектi қайраткерлерiнiң бiрi Ж.Аймауытов қазақ топырағында тұңғыш шыққан педагог, психолог-ғалым. Ол бiрнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. 
Ж.Аймауытов Павлодардағы орыс-қазақ мектебiн, онан кейiн Семейдегi мұғалiмдер семинариясын (1918) бiтiрген. 1924 ж. Баянауылда бала оқытады. 1920 жылы РК(б)К  қатарына кiредi. Қазақстан Советтерiнiң сьезiне делегат болып сайланады. ҚАССР Халық ағарту комиссариатының  коллегия мүшесi, "Қазақ тiлi”, "Ақ жол” газеттерiнiң қызметкерi, мектеп мұғалiмi, 1926-29 жылдары Шымкенттегi педтехникумның директоры болып iстейдi. 1931 жылы ұлтшыл деп айыпталып, жазықсыз өлiм жазасына кесiледi. 
1918 ж. "Абай” журналының бас редакторы бола отырып, тәрбиемен байланысты бiрнеше ғылыми мақалалар жариялады.  Солардың iшiнде 1922 ж. жеке кiтап болып шыққан "Тәрбие жетекшiсi” атты еңбегiн ерекше атап өтуге тура келедi. Ол еңбегiнде Ж Аймауытов "Адам мiнезiнiң, ақыл-қайратының әр түрлi болуы – тәрбиенiң түрлi-түрлi болуынан… Адам баласының ұрлық iстеуi, өтiрiк айтуы, кiсi тонауы, өлтiруi сияқты бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенiң жетiспегендiгiнен” – дейдi. 
Автор бала тәрбиесiндегi отбасының рөлiне зор мән бере келiп, "Баланы бұзуға, яки түзетуге себеп болатын бiр шарт – жас күнiнде көрген өнегеге, ата-анасының берген тәрбиесiне байланысты "ұяда не көрсе, ұшқанда соны iледi” деп бала мiнезiн қалыптастырудағы отбасы мүшелерiнiң ықпалына тоқталады. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 671 | Загрузок: 69 | Добавил: Admin | Дата: 22.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 261-270 271-280 281-290 291-300 301-310 ... 741-750 751-754
Новости музыки