Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 10.11.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

В категории материалов: 754
Показано материалов: 271-280
Страницы: « 1 2 ... 26 27 28 29 30 ... 75 76 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Жанайдар Орынбайұлы (шамамен 1818, өлытау өңірі — 19 ғ-дың 70-жылдары) — батыр, Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі. 1837 ж. Ақмола дуанына қарайтын арғын тайпасының Қуандық, Сүйіндік, Төртуыл, Қойлыбай, Қалқаман, Темеш, Тінәлі руларының жасақшыларын бастап Кенесары әскеріне келіп қосылады. Кенесары Ақмола бекінісіне шабуыл жасар алдында Жанайдарды бас етіп бекіністі барлауға шолғыншылар жіберді. Шабуыл кезінде ерлігімен, мергендігімен көзге түскен Жанайдар ханның сенімді серігі, қол бастаушы батырларының біріне айналады. Жанайдар өзінің бауырлары Жанатай, Бектұрған, Өтебайлармен бірге Кенесарыға еріп, он жыл бойы азаттық жолындағы шайқастың бел ортасында жүрген.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 381 | Загрузок: 71 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Жанбек болыс Торжанұлы. Кейбір шығармаларда Жәмбек, Жәнбек, Жәнібек деп те жазады. Тама тайпасының Жабал руынан. 1861 жылы дүниеге келіп, 1918 жылы дүниеден өткен. Жанбек тілі майда, ұтып сөйлейтін, сөзге шешен адам болған. Ол кісінің ел жадында сақталған қасиеті - әділдігі, қара қылды жарған билігі. Ақмолада совдеп құлаған жылы 57 жасында қайтыс болды 
Әкесі Торжан Тама руының атақты адамының бірі болған. Ол Меккеге барып Торжан әжі аталады. Торжанұлы Жанбек жеті рет болыс болып сайланған. Жанбектің қыс қыстауы Шу өзені бойындағы Тасты деген жерде болады. Тастының жанында Жанбектің ағаш үйі деген жер бар. Жаз жайлауы Арқадағы Жетіқоңырда болған. Адмирал Колчак Жанбекті хан деп атаған екен.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 488 | Загрузок: 93 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

Жанкісі би шамамен 1770-72 жылдары Ұлытау өңірінде туып, 1848-49 жылдары Сыр бойында қайтыс болған деседі. Би, әрі ақын Жанкісінің әкесінің аты түрлі жинақтарда әртүрлі айтылып жүр. Бірде Өтеміс, енді бірде Басыбайдың баласы делінеді. Бидің артында «Қоқан ханына айтқаны», «Қожыққа айтқаны» тағы басқада айтқандары ел есінде. Бірсыпырасы жинақтарда жарияланған.

«Қоқан ханына айтқаны» деген тегеурінді өлеңі алғаш рет 1875 жыл «Записки Оренбургского отделения РГО» журналында жариялаған. Екінші рет 1885 жылы Орынбор қаласында ғалым, профессор Н.Веселовскийдің құрастыруымен «Образцы Киргизской поэзии» деген кітапқа енген. Осы кітабында ғалым Веселовский жырдың авторы Жанкісін «Сыр бойылық Найман» дегенді ғана жазған екен.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 458 | Загрузок: 89 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

Нұрмұхамедұлы Жанқожа

 


Нұрмұхамедұлы Жанқожа (1774-1860) – батыр, Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы.
Қазіргі Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған. 19-шы ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуаңдария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңіздеріне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малын барымталап, әйел, бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен әркез жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап тұрды. Осындай зорлық-зомбылықтан жапа шеккен қазақтар, жастайынан әділдігімен, батырлығымен елге танымал болған Жанқожаның төңірегіне топтасады.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 975 | Загрузок: 57 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

Өмірбаяны
19-ғасырдың 20-жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуандария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңізіне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малдарын барымталап, әйел, бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен әркез жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап кетіп тұрды.[1]
Осындай зорлық–зомбылықтан жапа шеккен қазақтар, жастайынан әділдігімен, батырлығымен елге танымал болған Жанқожаның төңірегіне топтасты. Жанқожа 17 жасында Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының жергілікті рулары сайлап алған Қылышбай ханның Хиуа бекінісіне жасаған жорығы кезінде жасаққа елеусіз еріп барып, ешкімге дес бермей тұрған қарақалпақ батыры Тықыны жекпе-жекте өлтіреді.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 541 | Загрузок: 62 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Жаппас Қаламбаев (1909-1970) мектебінің қобызда ойнау әдіс-тәсілдері, әуендік құрлыс өзгешілігі.
      Қаратау күйшілік мектебі дегенде домбырашылық  пен  қобызшылық өнер қатар қанат жайған Созақ жері бірден ауызға оралады. Күйшілік дәстүрге келсек – Қаратау күйлері, Арқа орындаушылық үлгісінің өзінше дамыған бір арнасы болып табылады. Қаратауға сонымен қатар  қобыз өнері де қонған жер. Қаратау шертпе мектебінің негізін қалаған  Сүгір Әлиұлы, өзіне дейінгі күйшілердің мұрасын терең  меңгерген, өз сазгерлігімен күй өнерін  жаңа  белеске көтерген  дарын иесі. Ол  Ықыластың төл шәкірті ретінде осы екі аспапты да  тең меңгерген. Мұндай феномен Сүгірдің шәкірті – Жаппас Қаламбаевқа да қонып, әрі қарай жалғасын тапқан. 
 Сонымен, төлтума қобызшы Ж. Қаламбаев, Сүгір мектебінің  дәстүрін жалғастырушысы болып саналады. Сонау көне заманнан бізге дейінгі қазақтың аспаптық музыкасын  жеткізіп, аманат еткен  халық аспаптар оркестрінің алғашқы құрамындағы орындаушылардың бірі – Жаппас Қаламбаев.    «Қобыз қазағымның, ата-бабамның өнері, ғажайып дарыны екен. Сондықтан халқым алдында өтелмеген қарызым көп, шамам келсе соны өтей бермекпін», - деп айтатын Жаппас .
     Ж. Қаламбаев 1909 жылы  1 – ші қаңтарда Шымкент облысының Созақ  ауданына қарасты Талап ауылында өмірге келеді. Қоршаған табиғи көркем  өңірі,   халықтың бай  музыкасы, оның табиғи дарынының  оятып дамуына дәрісін тигізді. Жаппастың өнерге  деген  ықыласы  жас  кезінен байқалды. Ол жасынан сезімтал, ізденімпаздығымен көзге ерекше  түседі. Жаппастың  кіші  қызы Құндыздың  айтуы бойынша: - Әкемнің атасы – Қасымбек он саусағынан өнер тамған кісі болатын,  домбырада күйлерді шебер орындайтын, неше түрлі   музыкалық аспаптар жасап өзі гармонмен  ән шырқайтын.  Баласының  бойындағы өнерге деген құштарлығын байқаған әкесі, өзі жасаған домбырасымен  ән – күй үйреткен. Алты жасынан бастап әкем домбыраны  шебер меңгеріп  ойнайтын,  күйлерді  бір естігеннен – ақ  жылдам жаттап алатын.    Ал, әжем – Жібек,  күміс көмей әнші, ауыл аймаққа беделді, сыйлы  болған адам.   Осы атаммен әжемнің  өнерге деген сүйіспеншілігі менің әкеме  дарыған.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1317 | Загрузок: 105 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

Жарылғап Байшораұлы (шамамен 18 ғ-дың орта шені) — батыр. Орта жүз құрамындағы найман тайпасының қаракерей руынан шыққан. Қаракерей Қабанбай батыр мен найман Барақ сұлтанның жасағында жоңғар шапқыншылығына қарсы шайқастарға қатысқан. Ел ішінде "жауырыншы қара Құдыс” атанған Жарылғаптың арғы атасы Құдыс Жалмамбетұлының алыстағыны болжайтын көріпкелдік қасиеті болған. Жарылғап батыр 1744 жылдың көктемінен 1745 жылға дейін Барақ сұлтанның баласы Шығай сұлтанмен бірге Қалдан Сереннің қолында аманатта болады. Бұл туралы арнайы мақсатпен Қазақ елінде болған Тюкен Балтасов деген башқұрттың 1743 жылы 14 тамызда Орынбор комиссиясына жазған рапортында айтылған. Жарылғап Барақ сұлтанның ұлы Шыңғыс сұлтан, қаракерей қожамбет Сырымбет би, т.б. елдің игі жақсыларымен бірге қожамбет руын бастап, қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл өңіріне қоныстандыру ісіне ат салысқан. Жарылғап батырдан 7 ұл туып, "Жеті Жарылғап” атанған. өрпақтары Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл, Күршім аудандары мен Қытай, Моңғолия жерінде тұрады. Жарылғаптың Атанбай есімді баласынан Алтай өңіріне белгілі Бәшік деген атақты би туған
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 428 | Загрузок: 83 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Жарылғап батыр (шамамен 1733 — өлген жылы белгісіз) — батыр, би, шешен. Бұқар жырау "Қарашорда Сәңкібай, Алтекеде — Жидебай, Тобықтыда — Қараменде, Кернейде — Жарылғап” деп, Жарылғап батырды жоңғарларға қарсы шайқастарда ту ұстаған батырлар қатарында мадақтайды. Жарылғап батырдың әкесі Түйте 18 ғ-дың басында ноғайлармен бірге Ресей отаршыларына қарсы күрескен. Жарылғап батыр 16 жасында Қаз дауысты Қазыбек биден бата алып, жорыққа аттанған. 1748 жылы Қалба — Шаған шайқасында Кебін қалмақты жеңіп, ерлігімен көзге түскен. Бөгембай батыр бірнеше шайқастарды басынан бірге кешірген үзеңгілес серігі Жарылғап батырдың баласына қызын ұзатып, құда болған. Жарылғап батыр ел билеген көсем, дауға түскен шешен ретінде де танылған. Абылай ханмен, Қаз дауысты Қазыбек бимен, Бөгембай батырмен сөз қағыстырып, артында тағылымды, шешендік сөздер қалдырған. Түркістанда жерленген. 1993 жылы қазіргі Қарағанды облысы Шет ауданында Жарылғап батырға арнап ас беріліп, Ақшатау кентіндегі орталық алаңға батыр есімі берілді
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 383 | Загрузок: 73 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Жақсылық Сәмитұлы (8.5.1940 жылы туылған, Қытай, Алтай аймағы, Жеменей ауданы Жәке ласты) — жазушы. Шыңжаң унверситетін бітірген (1959), Қытайда жүргізілген мәдени төңкеріс жылдары "ұлтшыл” атанып, 1959 — 79 жылдары Үрімжі, Тарым және басқа да жаза лагерьлерінде болған. 1979 жылы ақталған. 1980 — 89 жылдары "Алтай аясы” журналының редакторы, 1989 — 93 жылдары Шыңжаң теледидарында редактор қызметтерін атқарған. 1993 жылы сәуірде Қазақстанға көшіп келіп, Алматы қаласына қоныстанған. 1995 жылдан ҚазМУ-де дәріс оқиды.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 619 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 27.02.2014 | Комментарии (0)

Қазіргі әлемдік қатынастарда, соның ішінде Қазақстан Республикасында дін және дінаралық қатынастар өзекті мәселеге айналып отыр. Социалистік жүйе және Кеңес одағы ыдыраған соң діндердің рөлі және дінаралық қатынастар әлемдік саясатта нығая түсуде. Әлемнің көптеген елдерінде діни экстремизм мен терроризм әрекеттері белең алып отыр.

 

Соңғы кездері Қазақстандағы демократиялық принциптерге қарамастан діни-ахуалдық мәселелер туындады. Экстремистік және террористік бағыттағы Ислам дінін жамылған радикалдық ағымдар пайда болды.Олардың көріністері Ақтөбе облысындағы Шұбаршы ауылындағы террорлық әрекеттер, Ақтау, Атырау, Тараз, Алматы қалаларындағы экстремистік ағымдардың көрініс беруі.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 5041 | Загрузок: 711 | Добавил: Admin | Дата: 24.11.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 251-260 261-270 271-280 281-290 291-300 ... 741-750 751-754
Новости музыки