Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 8.11.2017
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

В категории материалов: 754
Показано материалов: 231-240
Страницы: « 1 2 ... 22 23 24 25 26 ... 75 76 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
ИСАНЫ ТАНИ АЛДЫҚ ПА?
 

Біз әдетте талантты адамды көрсек, "сегіз қырлы, бір сырлы” деп жатамыз. Оның өнерінің қандай қасиеттері барына назар аудармай, әйтеуір мадақ жөні осы екен деп жаттанды сөздерді оңды-солды қолдана береміз. Сөздің сауабы мен обалы бар екенін ойламаймыз.

Исаға арналар ғылыми конференцияның бағдарламасын айқындар кезде де талай ой-пікірлер айтылып жатты. Ең әуелі "Иса Байзақов – ауызша және жазбаша әдебиеттің алтын көпірі” деген тақырып айтылды. Әбден ойласа келе, Исаның осы қырын ғана әңгімелеу аздық ететіні анықталды. Себебі Исаның қазақ мәдениетіндегі айрықша құбылыс, қайталанбас дарын екендігі елдің егемендік алған кезінде ерекше аталуға тиіс, тіпті әрі-беріден соң ғылыми қажеттілік.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1766 | Загрузок: 104 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

ИСАТАЙ ТАЙМАНҰЛЫ

(1791-1838)


Тайманұлы Исатай (1791-1838) – 1836-38 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры. Кіші жүз Байұлының Беріш руынан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы. 

Халық батыры И.Тайманұлы 1791 жылы қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған құмындағы "Тайман жалы" деген жерде дүниеге келген. Исатайдың анасы Есентемір руының Тағашы бөлімінен. И.Тайманұлының төртінші атасы Ағатайдың (Тайман-Бегәлінің -Боқай-Ағатай) есімі қалмақтарға қарсы соғыста көрсеткен ерлігі үшін Беріш руының ұранына айналған Исатайдың жастық шағында оған ықпал жасап, қамқорлық еткен әкесі, Тайманның інісі - Жабал Бегәліұлы. 1808 жылы Жабал бастаған Бегәлі ауылы Бақсай бекінісі тұсынан Жайықтан өтіп, Бөкей ханның қарауына кіреді. Хан орысша сауатты, саясаттан хабары бар, халық алдында беделді Жабалды Беріш аулына старшина етіп қояды. Жабал қайтыс болғаннан кейін, оның орнына старшина етіп И.Тайманұлын қоюды сұрап, хан Бөкей 1812 жылы 12 наурызда Орынбордағы Шекара коммссиясына ұсыныс жасайды. Шекара комиссиясы 1813 жылғы қараша айында Бөкей ханның ұсынысын қуаттап, құжаттарды әскери губернаторға жібереді. Генерал губернатор Г.С.Волконский 1814 жылы 12-қарашада Исатайды старшиналыққа бекіту туралы құжатқа қол қояды
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1067 | Загрузок: 90 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

Мұртаза БҰЛҰТАЙ
Философия ғылымдарының кандидаты,
Дінтанушы, мәдениеттанушы

ИСЛАМ - ӘЛЕМДЕГІ БЕЙБIТШIЛIКТIҢ КЕПIЛI[1]

Өткен жолғы (Ислам және өркениет газеті, №4 Сәуір, 2001 ж.) «Дiни экстремизм мен терроризм» деп аталатын мақаламда хақ дін исламның Батыс елдерінде пайда болған әлеуметтік аурулар уә саяси конспирациялармен ешқандай байланысының жоқ екенін көрсетіп едім. Ислам діні адамның ойлау қабілетін, ақылын, иманын, адами абыройын, жанұя ұйымы мен қоғамды сақтап, әлеуметтік әділеттілікті көздейтін дін. Бұған қарамастан, соңғы жылдары бейбітшілік діні исламды әлемдік бейбітшілікке үлкен қауіп төндіретін террористерді өндіретін дін ретінде көрсету үрдісі күшеюде. Кейбір шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары мен саясаткерлер, әскери басшылар, ықпалды іскер топтар уә қаржы бұлақтарын меңгеруші күштер ислам дінін қаралау науқанын ұйымдастырғандай. АҚШ-тың екі үлкен қаласында 11 қыркүйек 2001 ж. болған және кім тарапынан, не үшін ұйымдастырылғаны әлі нақтылы әшкереленбеген уақиғалар, өкінішке қарай ислам дінін қаралап, мұсылмандарға шабуыл жасау үшін қолданылуда. Ақпарат көздерінің айтуына қарағанда АҚШ, Англия, Германия, Франция қатарлы Батыстың көптеген дамыған (!) һәм демкоратиялық (!) елдерінде мұсылмандарға, мешіттер мен ислам мәдениет орталықтарына бомбалы шабуылдар жасалған, ондаған бейкүнә мұсылмандар тек мұсылман болғандықтары үшін өлтірілген, кейбір долыланған адамдар мұсылман әйелдердің жаулықтарын басынан жұлып алған т.т. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 662 | Загрузок: 84 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

Мұртаза БҰЛҰТАЙ
ҚР Білім қайраткерлері одағының мүшесі

ИСЛАМ ДIНIНДЕГI ХОШКӨРУШIЛIК

Дін деген ұғымның негізінде зорлық-зомбылық болмауы керек, бұл хақ діннің ғайрихақ (хақ емес) діндерден ажырасатын айқын парқы. Дін дегеніміз негізінде иман, яғни сенім жататын рухани байлық. Рұхты зорлауға болмайды. Ислам дінінде зорлау жоқ. Исламияттың негізінде адамдардың өз еркімен, өз ықтиярымен сенуі, өз ирадасымен ғамал етуі қағидасы жатады. Өз ирадасынсыз харам істеуге мәжбүр болғандардың жауапты болмайтыны сондықтан; мисалға, өлім қаупінен қорқып, шошқа етін жеген мұсылманға күнә жоқ /[1]/.
Исламның имани негіздері осында жатыр. Сондықтан, Ислам діні басқа сенім-нанымдағы адамдардың зорлықпен, күшпен дінге кіргізілуін жақтамайды, ижазат (рұқсат) бермейді. Исламмен танысқан адамдар оны қабылдап-қабылдамау мәселесінде толық еркіндікке ие болады. Үйткені, тағы да бір рет айталық-кім, дін дегеніміз жүректің мәселесі, жүректің сенуі, ұжданның қабылдауы. Демек, адам баласы егер шын жүрегімен қаласа ғана сенеді, керегін жасайды; шын жүректен сенбесе, онда зорлықпен жасағаны мағнасыз болады. Зорлықпен жасалған мойындатпалар сүреңді болмайды, жемістері аурулы болады, гүлденіп өспейді. Өз еркімен болса онда басқа, ондай адам иманы үшін жанын береді, барлық қиыншылықтарға шыдайды.
Ислам хұқұғында басқа дін өкілдері мұсылман билігін мойындап, "жизя” және "хараж” төлеген жағдайда мұсылман мемлекеті олардың бас амандығын, қорғанысын қамсыздандыру міндетін өз мойнына алады. Олар ешқашан да Исламды күштеп қабылдауға зорланбайды.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 668 | Загрузок: 117 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

Мұртаза БҰЛҰТАЙ
Философия ғылымдарының кандидаты,
Дінтанушы, мәдениеттанушы

ИСЛАМ [1]

Жаратушы ұлық тәңiр Аллаһ Тағалаға иманды және мойынсұнуды бiлдiретiн нағыз бiртәңiрлi (монотеист) тәухид нанымы негiзiнде пайғамбарымыз Мұхаммед Абдұллаһұлы (с.а.у., 569-632) тарапынан 609-632 жылдары аралығында адамзатқа түсiндiрiлген әлемдiк дiн. Ислам барлық болмыс пен фәни адам өмiрiндегi ең маңызды ұғымдардың бiрi. Ислами ұғымда бұл дiн абсолюттi құдiрет иесi Жаратушы тарапынан ең алғашқы адамнан ең соңғы адамға дейiнгi барлық адамзатқа және заманаға жiберiлген дiн. Ислам – ақыл иелерi мен күллi махлұқаттың (жаратылыстың) ұлық Жаратушының құдiретiне тәсiлiм болуының, мойынсұнуының және дүниедегi өмiрдi белгiлi бiр тәртiпке келтiретiн құдайы жүйенiң, яғни пенде мен Аллаһтың арасындағы байланыстың аты. Ислам сөзiнiң түбiрi арабшадағы «сәлиме», «силм» етiстiгi. Бұлар және осы түбiрден жасалған «сәлм», «сәлам», «әслеме» сөздерi сөздiкте бейбiтшiлiк, тыныштық, амандық, татулық, келiсiм, мойынсұну, тәсiлiм болу, берiлу, сәлеметтiлiк, сенiмдiлiк дегендi бiлдiредi. Қысқаша айтқанда, «сәлиме» етiстiгi бейбiтшiлiктi қалайтын бiр биiк күшке, билiкке бағынып, оны құрметпен қабылдай отырып, оған бас июдi, тыныштық һәм амандыққа берiлудi және осы мәртебенi жалғастыру үшiн қажеттi iстердi жүзеге асыруды бiлдiредi. Мұсылмандардың қасиеттi кiтабы Құран Кәрiмде жәннет туралы «дар әс-сәлам», яғни «тыныштық өлкесi» делiнген (Құран Кәрім 10/25). Себебi, мұсылман ұғымындағы жәннет әр түрлi қауiп-қатерден ада, толық бақыт пен қуаныштың мекенi. Құран Кәрiмдегi Аллаһ Тағаланың есiмдерiнiң бiрi «әл-Сәлам», яғни әр түрлi кемшiлiктерден ада, толық бейбiтшiлiктi ұсынушы һәм өзiне мойынсұнылатын дегендi бiлдiредi.
Исламның не екенiн толықтай түсiну үшiн осы сөзбен түбiрлес сөздердiң мағыналарын әбден бiлiп алған жөн. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 793 | Загрузок: 130 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН

(1915-1983)

  Ілияс Есенберлин 1915 жылы Ақмола облысындағы Атбасар қаласында туған. 1940 жылы Қазақ тау-кен институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейінгі жылдарда филармонияны, "Жазушы" баспасын басқарады, т.б. жұмыстар атқарады. Жазушы Алматыда дүние салды. Қазақ әдебиетінде І. Есенберлин- жазған романдарының саны ең көп аса көрнекті жазушылардың бірі. Жазушы "Айқас" (1967), "Ғашықтар" (1968), "Алтын құс" (1971), "Көлеңкеңмен қорғай жүр" (1974), "Маңғыстау майданы" (1978), "Аманат" (1978), т.б. романдарымен оқырман назарын өзіне аударды. 

Тарихи романдары. Есенберлиннің нағыз жазушылық орнын белгілеген шығармалары — "Қаһар", "Алмас қылыш", "Жанталас" атты тарихи романдары. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1431 | Загрузок: 128 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)


ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ
(1894-1938)

Ілияс Жансүгіров – ақын, драмашы, прозашы, оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. Ақынның терең идеялы, көркем мүсінді, эпикалық кең тынысты шығармаларының танымдық, тәрбиелік мәні зор.Олар қалың оқырманның ойына ой, сезіміне сезім қосады, қиялына қанат бітіреді, эстетикалық ләззат беріп, гуманистік адамгершілік идеяларды толғайды.
Ілияс Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында ( қазіргі Тадықорган облысы, Ақсу ауданы) туған.Ескіше хат танитын, шағатай тілдеріндегі кітаптарды жинайтын, аңыз-ертегілерді, батырлық жырларды, тарихи оқиғаларды, әңгіме-шежірелерді жақсы білетін, көкерегі ояу, көзі қарақты, әр түрлі өнерді ұстаған әңгімеші, домбырашы, ұста, көшелі Жансүгір анасынан ерте қалған Ілиясты жетімсіретпей, еркелетіп, жақсы үлгі көрсетіп, тәрбиелеп өсіреді.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 3637 | Загрузок: 112 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

Ілияс Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңін оқытудағы ерекшеліктер немесе «қазақ поэзиясындағы ұлы жаңалық»
 
Б.О.Есімбекова, Алматы қаласы

 Ілияс Жансүгіров Жетісу губерниясының  Қапал уезі,  Ақсу болысы 4-ауылында 1894 жылы 14 мамырда дүниеге келген.  Анасынан 4 жасында қалады. Сауатын әкесі ашады. 

Ілияс лириканың бар саласында қалам жебеген дарын.  Оның қазақ поэзиясын өркендетуге ерен үлес қосқан саласы - пейзаждық лирика. Табиғатқа арналған өлеңдерінде сөзбен сурет салуға барынша шебер екенін көреміз. «Жазға салым», «Жазғытұрым», «Жазғы шілде», «Жаз», «Қыс», «Мезгіл суреттері», «Жел», «Жетісу суреттері», т.б. өлеңдері осының айғағы. 1925 жылы қазақ поэзиясына ұлы жаңалық әкелген «Жетісу суреттері» өлеңін оқығаннан кейін М.Әуезовтің - «мен Ілиястың шын ақындығына ден қойдым» деуі тегін емес. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 939 | Загрузок: 81 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

Ілияс Жансүгіровтың "Күйші" поэмасы

Қазақ поэзиясында бүгінге дейін өнер жайында көп жазған және көркемдіктің шыңына жеткізе жазған І.Жансүгіров пен теңдесер қаламгер жоқ. Сонау 20-жылдардың бас кезінде өмірге келген "Әнші" өлеңінен басталған бұл тақырып тек қазақ әдебиетінде ғана емес, қазіргі әлемдік поэзиядағы айтулы туындылар санатындағы "Күйші" мен "Құлагер" сияқты классикалық поэмаларға ұласты. Акынның осы екі аралықтағы шағын көлемді, бірақ керемет суретті, екпіндеп ескен желдегі көтеріңкі лепті туындылары жоғарыда талданды. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 2639 | Загрузок: 106 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

Мотивация ұғымы бұл басқарушылық әрекет мәселесімен өте тығыз байланысты.Жаңа экономикалық қатынастар өткен кезендерге байланысты жұмыскерлерге жаңа талаптар қойады.Бұл тек қана тандау емес, бұл кадрларды оқыту және орналастыру жәнеде жаңаша ойлау қабілеті.
Кәзіргі уақытта нарықтық қарым-қатынасқа көшкенде  жұмыскерлердің   негізгі мотивациялық факторы бұл кепілді жалақы алу.  Сонын өзінде жұмысқа берілгендігі, жұмыс сапалығы есепке алынбайды. Көбінесе орташа жұмыс кепіліді жалақысы бар, Жалақысы көп күрделі жұмыс емес.
Кәзіргі кезде нарықта жұмысты ұқыпты орындайтын және негізі салтты жұмыскерлер. Сондада оларда жас тосқауылынан жақсы жұмыс табуға үміт аз, көбінесе олар (50жастан төмен немесе улкен) немесе рекомендацияның болмауынан
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1350 | Загрузок: 115 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 211-220 221-230 231-240 241-250 251-260 ... 741-750 751-754
Новости музыки