Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 11.4.2018
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

В категории материалов: 754
Показано материалов: 221-230
Страницы: « 1 2 ... 21 22 23 24 25 ... 75 76 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ
(1889-1931)

 


Аймауытов, Жүсіпбек (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.
Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 2947 | Загрузок: 103 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

Жүсіпбек Елебеков

 


Елебеков Жүсіпбек (1904-1977) - әнші (тенор). Қазақстанның халық артисі. Қарағанды облысында туған. Елебеков бес жасынан ән айтуды бастаған. Ән өнеріне оны ағасы Ж. Балғабайұлы баулиды. Кейін Ғ. Айтбаевтан, Қ. Байжановтан, Ә. Қашаубаевтан дәріс алады. Елебеков музыкалық фольклордың талантты насихаттаушысы болып табылады. Халық композиторларының шығармалары ("Ардақ”, "Айтбай”, "Құлагер” және т. б.) Елебеков репертуарының негізін қалайды. Абай әндерін де ол аса шеберлікпен орындаған. Қазақ драма театрының сахнасында ол Жапал бейнесін (М. Әуезов "Еңлік-Кебек” ) , музыкалық театр сахнасында Әлібек (М. Әуезов пен И. В.Коцыканың "Айман-Шолпаны”), Төлеген (Е. Г. Брусиловскийдің "Қыз Жібегі”) бейнелерін сомдады. Елебеков өнері көңіл - күй иірімдері, сезім байлығымен ерекшеленеді.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1036 | Загрузок: 82 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

Бір естелік

86-ның ызғарлы желтоқсанындағы дүрбелең халық көкейінде әлі жаңғырып тұр. Уақыт алға жылжыған сайын кезінде айтылуға тыйым салынған шындықтар там-тұмдап болса да, оқиғаны көзбен көргендердің аузымен айтыла бастады. Жастардың зиялы қауымға деген сенімсіздігі де сол кезде қалыптасты. Ызғарлы желтоқсан оқиғасының басы-қасында болған жастар аға буынды "алаңдағы жастарды қолдамады, қорғамады, керісінше бірге жазаласты" деп әлі күнге дейін кінә артса, сол кездегі оқиғаға жаны ауырып, жастарға араша түскен бірлі-жарым зиялы қауым өкілдерін әлі күнге құрметпен еске алысады. Сол құрметке ие азаматтардың бірі – ақын Жұбан Молдағалиев. Ақынның "Желтоқсанның көргенше он алтысын, Бір күн бұрын батсамшы батар күнмен" деген жүрекжарды шындығы ауыздан-ауызға жететін бүгінгінің аңызына айналғандай. Жұбан ағаның осы азаматтығын көзбен көрген ақын Ақұштап Бақтыгеерева өз естелігінде төмендегі жайттарды тебірене отырып әңгімеледі. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1626 | Загрузок: 123 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

УДК 811.512.122'373.222

ЖЫЛҚЫ МАЛЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТІЛДІК ЕДИНИЦАЛАРДЫ "ҒАЛАМНЫҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІ” ТЕОРИЯСЫ ТҰРҒЫСЫНАН ЗЕРТТЕУ

А.А. Амангелді 
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ.

Ғылым мен техниканың дамуы ғылымның барлық салаларына, соның ішінде тіл білімінің дамуына да өз әсерін тигізуде. Қазіргі заман талабына сай лингвистикада жаңа бағыттар мен түрлі салалардың негізі салынып, дамып, тіл білімінің зерттеу нысаны кеңейе түсті. Этнолингвистика, когнитивті лингвистика, лингвомәдениеттаным, паралингвистика, прагмалингвистика тәрізді лингвистика салалары тілді жан-жақты, ғылыми тұрғыда зерттеуге мүмкіндік ашты. Қазақ тіл білімі де жаңа бағыттардағы зерттеулермен толығу, даму үстінде. «Ғаламның тілдік бейнесі» теориясы да өз кезегінде тілдік зерттеулерге негіз болып, тілдің дамуына өз үлесін қосуда. 
Әрбір жекелеген ұлт түсінігінде әлем әр түрлі көрініс табады. Бұл, әсіресе, тілде айқын байқалады. Яғни тілдегі әлем бейнесі адамның әлемді тануының негізі. Бұған Б.Уорф пен Э.Сепирдің көзқарастары тұрғысынан қарасақ, әр түрлі ұлт осы ғаламды өзінше танып, өзінше пайымдайды. Демек, тіл біздің ата-бабаларымыздың "ғалам бейнесін” қалпына келтіруімізге мүмкіндік жасайды, тіл арқылы біз ата-бабаларымыздың "ғалам бейнесін” елестете аламыз. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 992 | Загрузок: 95 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

ЖЫР ЖАМПОЗЫ

К.Ж. Демеш
Жамбыл облысы әкімияты, Тараз қ.

Қашанда халық арасынан өнерімен елді сүйсіндірген адамдар шығып отырған. Олар елді қиын-қыстау шағында қиыншылықтан шығуға қол ұшын берумен қатар, рухани тірегі бола білді. Ел мақтанышына айналып отырды. 
Қазақ халқы өнерге, өнер адамдарына кенде болмаған. Тарих түкпіріне көз салсақ көне әдебиет өкілдері, жыраулар қазақтың бай ауыз әдебиеті мен халықтық поэзияның пайда болуына, қалыптасуына, біздің заманымызға жетуіне мұрындық болып келді. Соның бірі және бірегейі - бүгінгі күні 160 жылдығын тойлап отырған жерлесіміз, мақтанышымыз әйгілі Жамбыл ақын. 

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 3869 | Загрузок: 109 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

ӘОЖ 378.147:8.0

ЖЫРАУ МЕН ЖЫРШЫЛЫҚ ДӘСТҮРДІҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚАЛЫПТАСУЫ

А.Мұқашева, Г.Мейірбекова
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

        Тарих қашан да өз перзенттерінің құнды мұраларымен қымбат, әрі барлық кезеңдердің сарапшысы.Ерлігі мен еркіндікке құштар күрестерге, батырлығы мен бостандық дегенде жан салмайтын байламдарға,шешендер мен ел тағдырын шешетін сәтте ақыл-парасатымен, дана-сәуегейлігімен өмір шырдығын толғап жеткізуші жырауларға толы бүгінгі күнге өз жемісін жеткізіп отыр.
        Тарих толқынында қазақ әдебиеті үшін жарқын белестерге толы бір кезең XV-XVIIIғасыр әдебиеті. XIII-XIV ғасыр моңғол шапқыншылығы зырдаптарынан бас көтеріп, жаңа заман, жаңа өмірге бет бұрған халықтың жаңа шежіресі басталды. Алтын Орда құлап ноғай, қазақ рулары дербесеігін алып бөлініп шығып, Ақ Орда халқының жеке мемлекет болып қалыптаса басталу тарихында да заман өз қиындығын кездестірді. Бірінші орынға елдікті,қазақ ұлтының біртұтастығын мақсат еткен қайырымды хандармен бірге, елді басып –жаншуға, өзге елдермен қазына үшін соғыстырып ел берекесін кетіруге, халықты қалың тобыр деп  қана түсінетін қатігез хандар да кездесті. Осы бір аға мен іні хандық үшін жауласып,әке мен бала билік үшін араздасып, аждаханың аузындай хан тағы үшін бала әкесін,іні ағасын жұтқызып жіберіп жатқан, хандар билігі жиі-жиі ауысып, ел басына біркелкі заман орнату қиынға соққан кезеңдерде ел қамы үшін , ұлт жаны үшін тарих төріне әдебиеттің құрметті өкілдері жыраулар келген еді.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1200 | Загрузок: 107 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

Мұртаза БҰЛҰТАЙ
Философия ғылымдарының кандидаты,
Дінтанушы, мәдениеттанушы

ЗАМАНАУИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ИСЛАМ
ДIНIН ҚАБЫЛДАУ СЕБЕПТЕРI [1]

Ғылым және информация ғасыры деп аталған өткен жүз жылда дамыған мемлекеттердiң азаматтарынан бек көп адам ислам дiнiн өз еркiмен қабылдаған. Олардың iшiнен әлемге аты мәшһүр боксшы Мұхаммед Әли (1942- ) мен өткен ораза айында мұсылмандықты қабылдаған Италия мемлекетiнiң Сауди Арабыстандағы 60 жасар елшiсi Торкуато Кардеилли (Torquato Cardeilli, 1942- ) мырзаны айтуға болады. Бұларға қоса әлемдiк деңгейдегi философтар, физикашылар мен химияшылар, тарихшылар мен әлеуметтанушылар, экономистер мен дiнтанушылар бiр-бiрлеп хақ дiн исламды қабылдауда. Батыс елдерiнiң кейбiр қатардағы азаматтары да, баспасөзде аттары аталмағанымен, кәлима айтып, мұсылмандардың санатына кiруде. Елiмiздегi ислами үгiт-насихаттың мешеулiгiне қарамастан, бiзде де орыс, грузин, кәрiс, неміс халықтары уәкiлдерiнiң бiр сыпырасы мұсылман болды. Осындай жағдайда, нелiктен дүние жүзi халықтарыны ислам дiнiн жаппай қабылдап жатыр, деген сұрақ пайда болады. Адамдардың өзге дiндер мен наным-сенiмдердi тастап, мұсылмандықты қабылдауы әр жеке тұлға үшiн өмiрлiк маңызы бар уақиға, радикалды өзгерiс. Сондықтан, заманауи тұлғалардың хақ дiнiмiздi қабылдауындағы басты себептерге талдау жасауды жөн көрдiк, ағайын.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 680 | Загрузок: 124 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

ӘОЖ 323 (001) (574)

ХІХ ҒАСЫРДЫҢ ІІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ 
ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЗАР ЗАМАН ӨКІЛДЕРІ

Қ.С. Қожабекова 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

  Қазақ әдебиетіндегі байырлық рух ХVІІІ ғасырда  жоңғарлар мен қарсы күресте ХІХ ұлт азаттық күресте, (Махамбет, Нысанбай ) қайта көтерілгенмен , Қазақстанның Ресей құрамына өтуі нәтижесінде зар заман кезеңі басталды. 
Қазақ жеріне қол салған патша үкіметі халықты жарылқау үшін келмегенді. Жерінен айрылған халық әдеп – ғұрып пен қазақы мінезінен де айрыла бастады . Патга үкіметі енгізген жаңа әкімшілік шаралар қазақ болмысына тән еместі. Ұрлық, өсек, талас – тартыс , алауыздық, арызқойлық – қазақ қоғамының осы кезеңдегі жемісі болды. 
Осы кезде өмір сүрген қазақ ақын - жырауларының бір тобы қоғамда болып жатқан келеңсіз құбылыстарды айаусыз сынға алды.
Олар Қазақстанның  Ресейге қосылуымен капиталистік көзқарастардың енуін кері кеткендік деп есептеді. Өткен өмірді ансады , болашақ туралы өз болжамдары мен пікірлерін білдірді. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1346 | Загрузок: 128 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

ЖЫР ОТЫМЕН БІРГЕ ЖАНЫП ӨМІРДЕН ӨТКЕН АҚЫН

Г.Е.Махамбетжанова, Н.Т.Қожанова 
Қызылорда облысы Қазалы қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы № 17 орта мектебі

Cыр өңірі қашаннан хас таланттардың отаны болып табылады. Бұл өңірден түлеп ұшқан жырау, жыршы, шайырлардың, ақындардың санында шек жоқ, әсіресе, сыр бойының рухани орталығы болып есептелінетін Қазалы ауданы – ата–бабаларымыздан мирас болып келе жатқан ақындық дәстүрді іргелі жалғастырушы қасиет қонған ірі өнер ордасы, жыр қазанын қайнатқан қара шаңырақ. VIII-ІХ ғасырларда ғұмыр кешкен ұлы Қорқыт бабалардан бастау алған Сыр бойының ақын-жыраулары өзіндік дәстүрімен өзге аймақтардан ерекшеленіп тұрады. Өлеңді өнердің пірі тұтып, басқа қонған бақ, абырой санап, оны аруақтай құрметтеп, жақсы жыр тудыруды басты мақсат тұтқан. Міне, осы жыр додасында ерен дарындылығымен суырылып алға шыққандарды халық - дүр ақын, Сыр сүлейлері деп атады. Олардың есімдері ел аузында жатталды.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 794 | Загрузок: 60 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

Иоганн Генрих Песталоццидің педагогикалық теориясы
(1746-1827)


И.Г.Песталоццидің педагогикалық қызметі.

   Швейцария – Песталоццидің отаны – ХҮІІІ ғасыр ортасында әлі де артта қалған феодалдық ел болды. Бірте-бірте швейцария деревнясына ене бастаған капитализм шаруаларды жіктей және жағдайы нашарлата бастады.
   Генрих Песталоцци Цюрих қаласында дәрігердің жанұясында 1746 жылы дүниеге келді. Оның әкесі ерте қайтыс болды. Баланы анасы және жанұяға шын берілген қызметші әйел тәрбиеледі. Жанұяның материалдық жағдайы өте ауыр болды.
   Балалық шағынан бастап, швейцария шаруаларының ауыр тұрмысын байқап, Песталоцци дворяндар – памещиктер және мануфактура иелері оларды қалай қатты қанағанын көріп өсті.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1010 | Загрузок: 141 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 201-210 211-220 221-230 231-240 241-250 ... 741-750 751-754