Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті | [ Добавить материал ] |
В категории материалов: 754 Показано материалов: 221-230 |
Страницы: « 1 2 ... 21 22 23 24 25 ... 75 76 » |
Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Шыңғыс Уәлиұлы Уәлиханов (1811, Уәли ханның Сырымбеттегі ордасы – 1895, Сырымбет қонысы) – Көкшетау округінің аға сұлтаны, Абылай ханның немересі, Уәли ханның ұлы, Шоқан Уәлихановтың әкесі.[1] Полковник және Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстанның қоғам қайраткері. Ауыл мектебінен бастауыш білім алған соң, шешесі Айғанымның айтуымен Омбы әскери училищесінде білім алған. Училищені майор шенінде бітіріп, Аманқарағай (1834 – 44), Құсмұрын (1844 – 53), Көкшетау (1857 – 68) округтерінің аға сұлтаны болған. 1853 – 57 ж. Омбы облысы Сібір қазақтары басқармасында кеңесші болды. Қазақтардың қалыптасқан қоғамдық және шаруашылық тұрмыс-салтын қайта құруға ат салысты. Кенесары Қасымовтың ұлт-азаттық қозғалысына қолдау көрсетті. Уәлиханов оқу-ағарту және ғылымның рөлін жоғары бағалады, ғалымдармен, саяхатшылармен, декабристермен жақын қарым-қатынас орнатып, Орыс географиялық қоғамының ғалымдарына қазақ халқы мен даласы жөніндегі ғылыми, этногр. материалдар жинауға көмектесті. Уәлихановтың жинаған жәдігерлері мен мәліметтері Мәскеудегі көрмеге қойылып, С-Петерургте өткен шығыстанушылардың 3-Конгресінде көрсетілді. 1868 ж. полковник шенінде отставкаға шықты. Этнографиялық топтама үшін жинаған жеке заттары Мәскеу, Санкт-Петербург, Омбы және Гамбург мұражайларында сақтаулы. Қалтқысыз қызметі үшін Ресейдің бірнеше орден, медальдарымен марапатталған.
|
Шормақ Басыбақұлы, Шормақ батыр (шамамен 1780, Қазығұрт бөктері – 1870, қазіргі Алматы облысы Панфилов ауданы Қоңырөлең ауылы) – белгілі би, батыр. Ел ішіндегі шежіре әңгімелерде Ұлы жүз албан ішінде қоңырбөрік руының сарықұл аталығын Шормақтың басқарғаны айтылады. 19 ғасырдың басында Жетісу қазақтары жоңғар шапқыншылығынан кейін есін жинап, атақоныстарына орала бастады. Осы уақытта қазақтар мен қырғыздар арасында жерге, мал барымтасына қатысты даулар аз болмаған. Осындай қақтығыстардың бірінде аз ғана қолмен қырғыз жасағына қарсы тұрған Шормақ қырғыздың бас батыры Қарабатырды жекпе-жекте өлтірген. Осыдан кейін қырғыздың бұғы руы мен қоңырбөріктер арасында үлкен дау болып, әрең басылған. 1998 ж. Қоңырөлең ауылынан Жаркент қаласына шығар жол бойында Шормақ қабірінің басына ұрпақтары ескерткіш орнатты.
|
Шегір биШегір би (туылған және өлген жылдары белгісіз) — 19 ғасырдың 2-жартысында өмір сүрген би. Орта жүз найман ішіндегі бағаналы руынан. Әділдігі мен дуалы ауыз шешендігі үшін бағаналының төрт босағасының бірі атанып, елді ауызбірлікке, татулыққа шақырған. Жасы үлкен билердің өзі күрделі мәселенің төрелігін Шегір биге айтқызатын болған. Батырлар ұрысқа аттанарда арнайы келіп,Шегір биден бата алған. [1] Шегір Би әділдігі мен дуалы ауыз шешендігі үшін Найман Бағаналының төрт босағасының бірі атанған. Руы — Бағаналынын Ақтаз бұтағы. Еддіауыз бірлікке, татулыққа шақырған. Жасы үлкен билердің өзі күрделі мәселенің төрелігін Ш. б-ге айткызатын болған. Батырлар ұрысқа атғанарда арнайы келіп, Шегір биден бата алған. Шегір бидің: «Қасиетті Кәдіраға, Ұлытаудың күн сүйген шығысын сізге, батыс бетін Бабыр көкеме, теріскейін Сандыбай ағама, өзіме оңтүстік-шығысын еншіге бөлдім» дегені, соңдай-ақ «Ұлытау жерін құдай жаратты, бөлуін Шегір болді» деген сез ел жадында сақталып қалған. |
Шаншар Бұлбұлұлы (16-17 ғ.), қоғам қайраткері. Өз заманында қазақ хандығының нығаюына, ұлттың бірлігіне өлшеусіз қызмет еткен тұлға «Шаншар абыз» атанған. Ол Арғын тайпасының «бес Мейрам» тобына жататын Қаракесек руынан тарайды. Шежіреде оның ата-тегі төмендегі ретпен тарайды: Қаракесек — Ақша — Бошан — Таз — Бұлбұл — Шаншар. Шаншар — қазақ тарихында жарқын із қалдырған тұлғалар — Келдібек, Бертіс, Қаз дауысты Қазыбек, Бекболат, Алшынбай, Еспенбет тәрізді билер мен бектердін, Тәттімбет, Мәди, Айтбай, Балта, Ғаббас тәрізді өнерпаздардың түп атасы. Бұл жайлы Ш. Уәлихановтың, А. Құнанбаевтың, Ш. Құдайбердиевтің, Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М.Әуезовтің, С. Мұқановтың т. б. шығармаларында жазылған. Есім және Жәңгір хандар билік құрған 17 ғасырдың алғашқы жартысында Орта жүздің төбе биі болған Шаншар. Қазақ хандығының бір орталыққа бағынған біртұтас мемлекетке айналдыру жолында күресті. Сөйтіп, қазіргі Оңтүстік Қазақстан, Ташкент, Науаи облыстарының жері Есім хан дәуірінде Қазақ ордасының құрамына енгізілді. Есім хан Әлібек (Ұлы жүз), Шаншар (Орта жүз) және Жидебай (Кіші жүз) билердің қатысуымен заңдар жинағын шығарды. «Есім салған ескі жол» атанған оған қазақтың тұрмыс дәстүрі мен салт-санасын реттейтін талап және тәртіп баптары енді. Қазақ хандығыньң ішкі және сыртқы жауларына қарсы күрестегі өлшеусіз еңбегі мен жеке басының ерлігі, шешендік-билік қасиетіне кермет белгісі ретінде Есім хан оған биліктен тайған Тұрсын ханның үш қызын — Айбике, Нұрбике, Қызданбикені берген. Кеңес дәуіріне дейін олардың әрқайсысы бір-бір болыс ел болып отырса, ұрпақтары әлі де Айбике — Шаншар, Нұрбике — Шаншар, Қызданбике — Шаншар тұқымымыз дейді. Шаншар Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне жерленген.
|
Уәли би
Уәли би Итенұлы 1798 жылы өмірге келіп 1881 жылы 83 жасында дүниеден қайтқан. Оның сүйегі Қорқыт ата қорымына қойылған. Оның бейітіің бір бөлігі 1950 жылға дейін сақталған, бірақ одан кейінгі кезде дария шайып Сырдарияға құлап кетеді.
Уали бидің ата тегі Байұлы - Алтын - Көзала - Ораз - Айдар - Тілеуке - Дербісәлі - Итен. Итеннен Құлты, Уәли, Жақсылық және Тәспенбет туады.
Орыс патшаларының қазақ жерінің орталау саясатына сай туған жерінен ығыстырылған қазақ ауылдары Жайық өзенінің бойына, арқаға ауып келе бастайды. Сол кезде Итен де Құлты, Уәли деген балаларымен бірге кәзіргі Ақтобе облысына көшіп келеді.
|
Тәңкі би Қаржауұлы
Тәңкі шешен 1763-65 жылдар шамасында туып,1830 жылы Кіші (Арал) Қарақұмда қайтыс болыпты.Тәңкінің батырлығынан шешендігі басым болса керек.Ел әңгімелеріне бүгінге дейін Тәңкі шешен аталады.Арғы бабалары Сарғасқаның Метейі.Көрнекті ақындардың бірі Молдахмет Дабылов өзінің шежіре дастаныңда:
...Метейден Тәңкі шешен сайрап туды,
Билікті талай дауда алған жығып,-депті.
Тәңкі өзі турасында:
«…Ей,Алла тіл,жағыма бердің ерік,
Несіне қимағанның маған көрік»,
-деп өзінің бет-бейнес-бейнесінен хабардар етсе,екінші бір шумақта:
«Тары да бітеді бұл жерге.
Арпа да бітеді бүл жерге.
Бірақ Тәңкі би бітпейді бұл жерге»,
деп өзінің ерекше адам екенін тағы да білдіріп өтеді.
|
Тұяқ Елқондыұлы - шешен, би. Тарақты руының беделді кісі. Ол кісінің туған-өлген жылы туралы нақты мәлімет жоқ. Оның Тарақтының қыздарынан туған атақты адамдар туралы жыры:
Қаз дауысты Қазыбек би,
Ол да менің жиенім.
Қаракерей Қабанбай,
Ол да менің жиенім.
Қанжығалы Бөгенбай
Ол да менің жиенім.
|
Тұрым би
Қаңлы Тұрым би Шуақ ұлы 1890-91 жылдарда өмірге келіп,1928-29 жылдары Болтай өңірінде қайтыс болды.
Аппаз биде көп сөз есітіп,іштей шамырқанып жүрген қаңлы Тұрым,Сауранбай бидің ел билеуге жарайтынын сезіп,елді біріктіріп,оның болыс болуына ықпал жасапты-деседі.
Тұрым биден жеткен сөздер:
…Шайтан шабыра көп болад,
Жегенің шөп болад.
Буйырса бір-екі түйір ет болад,
Әр адамның астында темірден мінген ат болад.
Ағайын бір-біріне жат болад.
Сөйлейтін қағаз болад.
Тұрым би қайтыс болғаннан кейін ел ішіде: "Тұрым кетті - бақ кетті",- деген сөздер қалыпты.
Асқар Тоқмағамбетов өзінің кітаптарында Сыр елін, әсіресе Қараөзектегі билер қатарына Тұрым биді қосып, оның ел билігіне араласқан нақты мысалдармен өрнектеген.
|
Тоқболат би.
Тоқболатты биді кейде хан деп те атайды. XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың ортасында өмір сүрген. Қаракетенің Қарабазары, Қарабазардан-Байбөрі, одан Қожамжар. Қожамжардан-Тоқболат, тағы басқа ұрпақтары бар.
Тоқболат туарда Қожамжарға Қыдыр әулие аян беріп, «үшінші ұлыңның атын Тоқболат қоярсың,оған бақыт қонар, халық сыйлап құрметті тұлға болар», - деген халық аузында аңыздар қалған. Қармақшы өңірінде «Тоқболат атамыз би болды,би болды емсе хан болды»- деген сөз бар.Тоқболат өз заманында Кете руының бетке ұстар айтулы басшысы болғандығын «Тоқболат» деген жер атауы дәлелдей түседі.
|
Тана (Тана мырза) Тілемісұлы (1803-68) - Құнанбайдың замандасы, құдасы. Т-ның әкесі Тілеміс Байжігіт-Мұрын елінің атақты биі болған. Оның немере қызы Тектіге Құнанбайдың баласы Ысқақ үйленген. Одан Кәкітай туған. Т. Мұрын еліне, Құнанбай өз еліне бір жылда (1844) болыс болып сайланған. Т. Лепсі аймағының Шұбар ағаш деген жерінде орыс-қытай шекарасы туралы комиссияның мүшесі ретінде (1858) құжатқа қол қойған. Оған поручик (1868) шені берілген. Т. Ертіс ө-ніне таяу жердегі Көкпектіде мешіт салдырған. Мешіттің ашылу тойына Құнанбайды да шақырған. Сол тойға Құнанбай Абайды да ертіп барды деген деректер бар. Абай ел басқару ісінде Т-ның тәжірибесін де пайдаланған.
|