Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті | [ Добавить материал ] |
В категории материалов: 754 Показано материалов: 211-220 |
Страницы: « 1 2 ... 20 21 22 23 24 ... 75 76 » |
Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы, Кеңес Одағының Батыры.
1922 жылы Гурьев облысы Орда ауданында туылған. Азан шақырып қойған аты Мәнсия. Бес жасынан бастап оны әкесінің немере інісі Ахмет Мәметов және әйелі Әмина асырап алған. Үлкен қара көзі, пысықтығы, ширақтығы үшін олар баланы еркелетіп «Моншағылым» деп атады. Өзінен атын сұрағанда, бала «Мәншүк» деп жауап берген. Солай аты Мәншүк боп қала берді.
1937 жылдың қуғын- сүргініне Мәметовтер әулеті де ұшырады. Ғылыми – зерттеу институтының директоры Ахмет Мәметов қамауға алынды. Ол кісінің әйеліне айтқан соңғы сөзі: «Менің Мәншүгімді ренжітпе, аман сақта». Кейіннен Ахмет Мәметовті ақтады, бірақ олардың отбасы қудаланып, «халық жауы» аталды. Есейген Мәншүк әкесінен бас тартпады, оны сатпады. Ол әкесінің қамалуын қате деп санады.
Мектепті бітіргенне соң Мәншүк медицина институтына оқуға түсті.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдады. Өтінішінде: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз», деп жазған. 1939 жылдан бері комсомолмын. 1941 жылдың 7-ші тамызы».
Бір жыл бойы Мәншүк әскери комиссариаттан өзін әскерге жіберу туралы өтінді. 1942 жылдың 13-ші тамызында Алматыдан 100-ші атқыштар бригадасы майданға аттанды. Оның құрамында 4890 жауыңгер, оның ішінде 2 қазақ қызы – дәрігер Мәриәм Сарлыбаева және Мәншүк Мәметова болған екен. Бригаданы ұла дана ақын Жамбыл өлеңімен шығарып салыпты.
Әскердің қиындығын Мәншүк ерлермен қатар көрді- жер жорғалап, судан жүзіп, қалың ну ормандардан өтті, пулемет атып үйренді. 21-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының ең жақсы пулемет атқышы атағына ие болды. Ол ержүректің үлгісі болды,оны дивизия жауыңгерлері мақтан тұтқан. 1943 жылдың 15-ші қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде өте қатал соғыс болды. Мәншүк өзінің әскери бөлімінің шабуылын пулемет отымен қолдады. Мәншүктің басына оқ тиді. Соғғы күштерін жинап, Мәншүк пулеметін ашық жерге алып шығып, жодастарына жолды тазалап, фашистердің тікелей бетіне атқан. Өлі Мәншүк пулеметтің саптарын қолына тастай қатты қысып алған. Сол қан майданда Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты.
Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 1-ші наурызында немес басқыншыларымен соғысу майданындағы қолбасшының әскери тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны үшін, көрсеткен ерлігі үшін Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Мәншүк соғыстан аттанған Алматы қаласына Кеңес Одағының түпкір – түпкірлерінен алғыс хаттар барды. Невель қаласында Мәншүк атында көше бар.
|
Жаппас Қаламбаев (1909-1970) мектебінің қобызда ойнау әдіс-тәсілдері, әуендік құрлыс өзгешілігі.
Қаратау күйшілік мектебі дегенде домбырашылық пен қобызшылық өнер қатар қанат жайған Созақ жері бірден ауызға оралады. Күйшілік дәстүрге келсек – Қаратау күйлері, Арқа орындаушылық үлгісінің өзінше дамыған бір арнасы болып табылады. Қаратауға сонымен қатар қобыз өнері де қонған жер. Қаратау шертпе мектебінің негізін қалаған Сүгір Әлиұлы, өзіне дейінгі күйшілердің мұрасын терең меңгерген, өз сазгерлігімен күй өнерін жаңа белеске көтерген дарын иесі. Ол Ықыластың төл шәкірті ретінде осы екі аспапты да тең меңгерген. Мұндай феномен Сүгірдің шәкірті – Жаппас Қаламбаевқа да қонып, әрі қарай жалғасын тапқан.
Сонымен, төлтума қобызшы Ж. Қаламбаев, Сүгір мектебінің дәстүрін жалғастырушысы болып саналады. Сонау көне заманнан бізге дейінгі қазақтың аспаптық музыкасын жеткізіп, аманат еткен халық аспаптар оркестрінің алғашқы құрамындағы орындаушылардың бірі – Жаппас Қаламбаев. «Қобыз қазағымның, ата-бабамның өнері, ғажайып дарыны екен. Сондықтан халқым алдында өтелмеген қарызым көп, шамам келсе соны өтей бермекпін», - деп айтатын Жаппас .
Ж. Қаламбаев 1909 жылы 1 – ші қаңтарда Шымкент облысының Созақ ауданына қарасты Талап ауылында өмірге келеді. Қоршаған табиғи көркем өңірі, халықтың бай музыкасы, оның табиғи дарынының оятып дамуына дәрісін тигізді. Жаппастың өнерге деген ықыласы жас кезінен байқалды. Ол жасынан сезімтал, ізденімпаздығымен көзге ерекше түседі. Жаппастың кіші қызы Құндыздың айтуы бойынша: - Әкемнің атасы – Қасымбек он саусағынан өнер тамған кісі болатын, домбырада күйлерді шебер орындайтын, неше түрлі музыкалық аспаптар жасап өзі гармонмен ән шырқайтын. Баласының бойындағы өнерге деген құштарлығын байқаған әкесі, өзі жасаған домбырасымен ән – күй үйреткен. Алты жасынан бастап әкем домбыраны шебер меңгеріп ойнайтын, күйлерді бір естігеннен – ақ жылдам жаттап алатын. Ал, әжем – Жібек, күміс көмей әнші, ауыл аймаққа беделді, сыйлы болған адам. Осы атаммен әжемнің өнерге деген сүйіспеншілігі менің әкеме дарыған.
|
Жүрегі жүз жыл жырлаған
Менің пірім — Сүйінбай...
Қазақ халқы табиғатынан ақын халық. Есте жоқ ескі замандардан бергі ел тарихының көркем шежіресін жасаушылар да, оның сақтаушылары да сөз зергерлері – ақындар.
Ғасырдан ғасырға жалғасып, атадан ұрпаққа мирас болып келе жатқан қазақ сөз өнерінің айшықты бір саласын телегей-теңіз жыр тудырған жыраулар құрайды. Олар: Йоллығ-тегін, Тоныкөк, Сыпыра, Қазтуған, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар, Шөже, Майкөт, Марабай. Қазақ жыраулары тарихты түптен таратып айтатын шежірешілер, миллиондаған жыр жолдарын жадында сақтай алатын ұлы даланың көшпелі академиясы еді. Байтақ қазақ даласын жырға кенелткен, осы бір теңдесі жоқ өнерді биікке көтерген, ілгері дамытқан даңғыл жыраулардың ең соңғы үздігі – Жамбыл. Ол – эпик әрі айтыс ақыны, абыз жырау, жауынгер жыршы, шын мағынасындағы заңғар поэзияны жасаушылардың ерен ұлысы. Жамбылдың құдіреті оның осындай асқан шеберлігімен ғана емес, халық поэзиясының бұтақ жайған алып бәйтерегі болуымен де, халық ақындарының жаңа көшін бастаған даралығымен де әлемді таңғалдырған.
Жамбыл Жетісудың төрінде, жырдың тұнып тұрған шағында туды. Бұл кезде Жетісу ән мен жырдың бесігінде болатын.
Жамбыл дүниеге келгенде Жетісу Қоқан хандығының қол астында еді. Құдияр ханның датқалары елге лаң салып, жұрттың аузына қақпақ, басына тоқпақ болып, қазақты оңынан да, солынан да доптай домалатты. Шапқыншылықтан, қысымнан әбден ығыр болған ел ығысып, сынаптай сырғып, жел айдаған бұлттай жөңкіліп көше берген. Үдере көшкен сондай бір боранды қыста Ұлдан ана көш-жөнекей түйе үстінде толғатып, болашақ ақын Байғара, Хан Жамбылдың етегінде, ықтырмада дүниеге келеді. Шапырашты – Екей осында қыстап, жаз Алатаудың баурайын, Құлансаз, Суықтөбені жайлаған. Ата қонысын қорғамаққа Сұраншы батыр мен Сарыбай би қол жинап, Ұзынағашта Қоқанның биі Қанатшаны талқандап, өз елін, өз жерін азат етеді. Әулиеатаны да босатып, Ұлы жүз батырларының Қоқанға қарсы соғысында Сұраншы 1864 жылдың шілдесінде Сайрамда ерлікпен қаза табады. Сарыбай аяғынан жараланып, Ташкентке дейін барады.
|
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰННЫҢ ЖӘНЕ ХІХ-ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ӨКІЛДЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЗАМАНА БЕЙНЕСІ
Түркі әлеміне есімі мәшһүр болып, қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті ақыны, данышпан-ойшылы Жүсіп Баласағұн өнегелі ой-толғамдарын өзінің «Құтадғу білік» атты дастанында өрнектеп кеткен. «Құтты білік» дастанының төрт принципке негізделіп жазылғаны белгілі. Біріншісі – мемлекетті әділ басқару; екіншісі – бақ-дәулеттің елге құт болып даруын Айтолды бейнесі арқылы суреттеуі, үшіншісі – Өгдүлміш бейнесі арқылы берілетін ақыл-парасат, төртіншісі – қанағат-ынсап жайында. Бүгінгі біздің сөз еткелі отырған мәселеміз – ақынның замана құбылыстары, оның кейпі турасында айтқан ой-толғамдарының кейінгі ақындармен, яғни ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы қазақ ақындарының поэзиясының негізгі идеяларымен ұштасатынын ашып көрсету. «Ақын өзінің «Құтты білік» дастанын сөз түсінбес парықсыздарға емес, сөз қадірін білетін ақылды жандарға арнап жазғанын оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады» /1.209/. Ақын шығармасында замана бейнесі «Заманның озғаны, достардың жапасы туралы» деген тарауда анық та ашық түрде беріледі:
Бәрін таптым, тек кісілік таппадым,
Кездессе егер, жүзін көру, баққаным.
|
Сөз құны – сөз қадірі. Жүрсін Ерман
Бұған дейін «Жанартау», «Арайлы күн, армысың», «Ұлытауға бардың ба...», Құдіретке жүгіну» кітаптарымен танылған Жүрсін Ерманның жақында «Атамұра» баспасынан «Құстың көлеңкесі» деп аталатын таңдамалы жарық көрді.
***
Кітаптың кіріспесі «Ақынның үйі» деген өлеңмен ашылады:
Дегені қайда - басылды құйын ?
Ақылым жетпей ашиды миым:
Виноградов көшесіндегі
Қиратып жатыр Қасымның үйін.
Әуелде жыр нобайындағы психологиялық ой-нақылық ішкі иірімге ұласқанда сананың бір түкпірінде ұлт зиялыларының жүрегінде беріш боп қалған, Қасымның аузынан шығып, әмбеге жайылған баспана зарының сарыны бой көтереді. Оның үстіне, ақындықтың ақ мешітіндей болған Қасымның үйі қайдағы бір Виноградов көшесінде орналасқанын көрмейсіз бе?! Автордың «ақылы жетпей миы ашып отырған» себебін зер сала үңілсеңіз ұға қоясыз. Оқырманды жоғарыдағыдай күйге түсіру, әлбетте қаламгер шеберлігі деуге негіз болатындай-ақ тәсіл. Әрине, ақын әр жолды есегітеп, кесіп-пішіп жазып отырмағаны аян
|
Жүсіп Баласағұни еңбектеріндегі халықтық
педагогика мәселелері
Ж.БАЛАСАҒҰНИДЫҢ ізімен немесе одан тәуелсіз қорытындылар арқылы ғылымның және білімнің маңыздылығы мен пайдалылығы идеясын Махмұд Қашғари, Ахмет Жүйнеки, Қожа Ахмет Яссауи, Имад ад-дин Әбу-л Қасым Әл-Фараби, Реванди Хорезми, Сайф Сараи да дәледдеген еді.
Бұл ойлардың ерекше өзгешеліктері ғылым мен өнер, мәдени құндылықгар әрбір халықтың туған тілінде, халық оқымыстыларының, халыққа шын ықыласпен берілген білімпаз адамдардың күшімен жасалуы қажеттілігіне назар аудартулары болып табылады.
Туған тілдің ролін түсінудегі пікірлестік олардың түркі халықгарының рухани сұраныстары мен тілектеріне жақындастырды. Мәселен, кезінде ел арасына кеңінен тарап, авторға ізгі атақ әкелген "Құтты білік" шығармасындағы халықтың талғам-білігін аңғартатын толып жатқан арналардың біреуін ғана, яғни тілдің қоғамдық-әлеуметтік, әсіресе, эстетикалық орнын айқындайтын бәйіттерге назар аударсақ, қазақ жағдайында бірауыз сөзбен адам тағдырын шеше беретін дәстүрдің алғашқы бастауын көріп, өткенімізде қаншама рухани байлық жатқанын аңғарамыз.
Жүсіп Баласағұни өзі туған түркі дүниесі халқының салттарының әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін жақсы біледі, оның рухани өміріне тереңдей енді. Кандай да бір үлы педагог секілді ол энциклопедист-философ, психолог, тарихшы, лингвист, этнограф, фольклорист, әдебиеттанушы болатын. Түркі
халықтарының рухани асыл қазынасы оның көз алдында болды, ғалым олардың мәдениетіндегі сабақтастық пен ортақтыққа қызықты.
Соның ішінде адамдық жетілулердің мәні мен мазмұны жайлы түсінік төрбиенің халықтық идеалдарының түрақтылығынан куә етеді. Кемелденген түлға сипаттары тек тілек-сөздер аумағында ғана мүмкін болған жоқ Олар тәрбие тәжірибесі мен тығыз байланысты алға шықты, яғни сөз бен істің бірлігі халық педагогикасының ең күшті түстарының бірі деп арнайы көрсетеді.
Ұлы данышпанның айтуынша, тәрбие мақсатын жүйеге келтіруге өрекеттенеді. Жақсы тілек, жақсы сөз, жақсы іс – автордың көрсетуінде түркі халықгары үшін белгілі өсиет.
|
Жүсіп Баласағұни еңбектеріндегі халықтық
педагогика мәселелері
Ж.БАЛАСАҒҰНИДЫҢ ізімен немесе одан тәуелсіз қорытындылар арқылы ғылымның және білімнің маңыздылығы мен пайдалылығы идеясын Махмұд Қашғари, Ахмет Жүйнеки, Қожа Ахмет Яссауи, Имад ад-дин Әбу-л Қасым Әл-Фараби, Реванди Хорезми, Сайф Сараи да дәледдеген еді.
Бұл ойлардың ерекше өзгешеліктері ғылым мен өнер, мәдени құндылықгар әрбір халықтың туған тілінде, халық оқымыстыларының, халыққа шын ықыласпен берілген білімпаз адамдардың күшімен жасалуы қажеттілігіне назар аудартулары болып табылады.
|
Қазақ даласының орта ғасырдағы ғұламаларының
педагогикалық идеялары
Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік
мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиеті парыздарының қатарына жатқызамыз. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады.Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандары – Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари Жүгінеки қазақ жерін әлемге мәшһүр етті.
Жүсіп Баласағұни.
Түркі халықтарының көрнекті өкілдерінің бірі, бұл кезеңнің рухани мәдениеті тарихында өзіндік із қалдырған, қазақ топырағында дүиеге келген. Оның өмірбаяны жөнінде бізге жеткен мағлұматтар жоқтың қасы. Ата-жөніне қарағанда, Баласағұн қаласында (Жетісу) өңірінде туып-өскені хақ.
|
Рақымжан Тұрысбек
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университетінің профессоры,
филология ғылымдарының докторы
Ж.АЙМАУЫТҰЛЫ – ӘДЕБИЕТ СЫНШЫСЫ
Ұлттық сөз өнеріне, оның өрісті өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан – Жүсіпбек Аймауытұлы әдеби мұра мен оны зерттеу ісіне, тарих пен таным арнасына, сын мен сыншы сипатына биік талап, жоғары жауапкершілікпен қарады. Өз еңбектерінде бұл бағыттарға адалдық танытты.
Ж.Аймауытұлы шығармашылығының арналы саласын әдеби-сын еңбектері құрайды. Абайдың ақындық әлемі //«Абайдың өнері һәм қызметі», «Абайдан соңғы ақындар»//, Мағжанның мұра-мирастары //«Мағжанның ақындығы туралы»//, театр табиғаты мен тағылымдары //«Қалыбек әртіс», «Сауық кеші», «Театр кітабы туралы»//, сөз өнерінің сырлары //«Әдебиет мәселесі», «Көркем әдебиетті саралау», «Әдебиет мұралары»//, әдеби мұра мен оны зерттеудің түйінді тұстары //«С.Торайғырұлының сөздерін жинау науқанына ат салысыңыздар», «С.Торайғырұлының жиналған сөздері»//, т.т. әдеби-сын еңбектерінде ұлттық мұрат пен руханият ісінің көкейкесті мәселелері, талант табиғаты мен дара дарынның сырлы сипаттары, көркемдік құпиясының мың сан иірімдері терең танылады. Сондай-ақ ұлттық сөз өнерінің көкейкесті мәселелері, ақындық өнердің тарихы мен тағылымдары, сахналық туындылардың табиғаты мен жекелеген тұлғалардың тағдыр-талайлары да кең көлемде сөз етіледі. Ең негізгісі, ұлттық сөз өнерін бар асылдан да жоғары қояды, ондағы ел өмірі мен тарихына, тағдыры мен тағылымына құрметпен қарайды [1. 110-290].
|
ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ
(1889-1931)
ХХ ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің барлық жанрында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгерлердің қатарында ақын әрі прозашы, драмашы әрі аудармашы, сыншы әрі публицист Жүсіпбек Аймауытовтың есімі айрықша орын алады. Әдебиеттің әр алуан жанрларында қалам сілтей жүріп, ол қазақ әдебиетінің жаңа өріске шығуына мол еңбек сіңірді.
Өмір жолы. Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Он бес жасына дейін туған ауылында болған ол әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Бұдан кейін де әр түрлі молдалардың алдын көріп, ескіше едәуір білім жинайды. Соның нәтижесінде ауыл арасында өзі де азды-көпті молдалық құрады. 1907 жылы молдалықты тастап, Баянауылға барып орыс-қазақ мектебіне түседі. 1911 жылы Павлодардағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебіне түсіп, оқуын жалғастырады. 1914-1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды. Семейде жүріп алаш қозғалысына қатысады," Абай" журналын шығаруға ат салысады. 1919 жылдан бастап Жүсіпбек Семейде, Павлодарда кеңес өкіметінің жұмыстарына араласады. Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, "Қазақ тілі" газетінің редакторы болады. 1922-1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі болады. 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын "Ақ жол" газетінің редакциясында істейді. 1926-1929 жылдары Шымкенттегі педагогикалық техникумға директор болады. Ара-арасында әр түрлі саяси жұмыстарға араласады. 1929 жылы жазықсыз тұтқынға алынып, "халық жауы" деген жаламен 1931 жылы өлім жазасына кесіледі. Ж. Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы бұдан кейінгі алпыс жыл бойы ауызға алынбайды. Кеңес өкіметі түсында ол туралы айтуға да, жазуға да тыйым салынды. Тек кеңес өкіметі ыдырап, коммунистік идеологияның құрсауы босағаннан қейін ғана қаламгер мұрасы халқына жете бастады. 1989 жылы бір томдық кітабы жарық көрді. Зерттеу жұмыстары қолға алынды. 1997 жылдан бастап Жүсіпбек шығармаларының бес томдық жинағы басылды.
|