Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті | [ Добавить материал ] |
В категории материалов: 754 Показано материалов: 191-200 |
Страницы: « 1 2 ... 18 19 20 21 22 ... 75 76 » |
Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Әскери өнердің шыңдалған шыңы – жекпе-жек
Ұстағалиев Ернар, ҚазҰУ-дің 4 курс студенті
Ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының әскери өнері оның әскери-тарихи болмысын айқындап берді. Көшпелілердің әскери жүйесінің мұрагері қазақтар өз заманына сай аталған өнерді одан әрі дамыта білген. Әскердің құрылымы, соғыс жүргізу тактикалары мен маневрлік әдіс-айлалары, ұрыстың барысына ықпал еткен батырлар жекпе-жектері, жауынгерлердің рухани және тұлғалық болмысы, қазақ әскери өнерінің өзіндік ерекшелігін көрсетеді.
Жекпе-жекке шығатын кәсіби жауынгерлер соғыс тағдырына тікелей ықпал ететін күш болды. Алайда жекпе-жек әскери жүйеде әлі де өзінің тиісті бағасын ала алмай келеді
|
ЖҰМЕКЕН НӘЖІМЕДИНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҚОСАРЛАНҒАН СИНОНИМДЕР
Байғазиева Б. Ө.
Б.Бегалиев атындағы орта мектеп, Құрманғазы ауданы,
Атырау облысы
Қазақ тілі- дамыған, жетілген, бай, икемді тілдің бірі. Бұл пікірдің растығын кемеңгер Абай атамыз дәлелдеген болатын .Қазақтың ақын-жазушылары тіліміздің шоқтығы биік, өзге тілдерден ерекше екенін өз шығармаларында айқын көрсетіп келеді.Солардың бірі- өзінің оқшау стилімен, нәзік сезімімен, ақындық шеберлігінің сан қырлылығымен танымал болған жерлес ақынымыз Жұмекен Нәжімеденов. Қазақ әдебиетінде өзінің елеулі орны бар ақынның өлең жинақтары одан қалған мұра боп табылады. Сол өлеңдерінде ақын өз ойын оқырманына нақты, дәл көркем етіп жеткізуде шеберлігімен айқындалады.
|
Омарова Жамал (1912-1976) - әнші (контральто). Қазақстанның халық артисі. Өзбек ССР-нің Янгиюль қаласында туған. Ташкент педагогикалық училищесінде оқу бітірген. Ж. Омарова қазақ ұлттық операсымен ән мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосты. Ол 1934-1936 жж. музыкалық драмалық спектакльдерден Мақпал (Б. Майлиннің "Шұғасы”), Қамқа (Ғ. Мүсіреповтың "Қыз Жібегі”), Айман (М. Әуезовтің "Айман-Шолпан”) образдарын жасады. 1937-1976 жж.- Қазақконцерт пен қазақ филармониясының солисі. Оның репертуарында "Бипыл”, "Қараторғай”, "Ертіс”, "Ләтипа”, "Шынарай” сияқты қазақтың халық әндері, Ш. Қалдаяқовтың "Менің Қазақстаным”, А. Телғозиевтің "Менің елім” және т. б. әндері бар. Ж. Омарованың орындауында қазақтың халық шығармашылығына ұлттық сипаттар, оның әуезділігі, фольклорлық жанрдағы патетика тән.
|
ӘОЖ
ЖАМБЫЛ АЙТЫС ШЕБЕРІ
Ж.Момбекова, Ә. Уралбекова
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Халық поэзиясы көбіне ауызша айтылады, кейін назарға түсіріліп оқылады. Оның көркемдеу құралдары да басқаша, көбіне байырғы тіл әдісімен баяндалады. Оның талантты өкілдері нағыз көркем сөз шебері болып, айтулы ақын дәрежесіне көтеріледі. Кеңес заманында халық поэзиясының ірі өкілдерінің бірі – Жамбыл Жапаұлы болды. Жамбыл қазіргі Жамбыл облысында Шу өзенінің бойындағы Жамбыл тауының етегінде 1946 жылы ақпан айында туған. Жамбыл жоқшылық тұрмыста өседі. Ес білген соң әкесі оны ауыл молдасына оқуға береді. Бірақ молдалардың қорлығына шыдай алмай Жамбыл оқуды тастап кетеді. Жаратылысында пысық, зерек бала оқып білім алмаса да, жастайынан ән мен өлеңге құмар болады, ауызекі естіген өлеңдерін жаттап алып жүреді.
|
ӘӨЖ 894.342.35
Ә 20
ЖАМБЫЛ - ӘЛЕМ ТҮРКІЛЕРІ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ АЛЫБЫ
Меңдібай Әбілұлы
А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институты, Тараз қаласы.
Түрік әдебиетінің мақтанышы Мехмет Юрдақұл:
…Мен түрікпін, дінім, ұлтым ұлы ғой,
Өне бойым жанған отқа толғандай…-деп жырласа, қазақ түркісінен шыққан ақын Жұбан Молдағалиев:
"…Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген…"-деп жырлады.
Ал, Мағжан әлем түркілерін өзінің поэзиясымен былайша асқақтатты:
…Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?
Түрікке адамзатта ел жеткен бе?
Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял,
Түріктің ерлеріне ер жеткен бе?…
|
ӘОЖ:82.09:82.091
ЖАМБЫЛ – ЖЫРАУ
Т.Мұқашев
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Жыраулық дәстүрдің соңы ХІХ ғасырмен аяқталып, оның орнына ендігі жерде ақындық дәстүр жалғасын тапты. ХІХ ғасырда өмір сүрген Базар жырау, Қабан жырау сияқты жыр дүлділі болғаны мәлім. Бірақ жыраулық дәстүрдің соңы мұнымен бітпейді. ХІХ ғасырда өмір сүріп, зарзаман поэзиясын өмірге әкелген Дулат, Шортанбай, Мұрат сынды тұлғалар да жыраулық дәстүрдің іргетасын бекітіп, оны біздің заманымызға жеткізуге мұрындық болған поэзия қайраткерлері болды.
Жырау, жыраулық мектеп жайлы әр жылдары түрлі пікірлер айтылып келді. Шоқан өз зерттеулерінде Асан жырау жайлы «көшпелілер философы» десе, ал онан кейінгі зерттеуші ғалымдар да жыраулардың ойшылдық танымына баса назар аударып келген болатын. М.Әуезов - «Жырау демек, аќын деу емес. Жыраудыњ аќын атаулыдан, жыршыдан бөлек өз жанры бар. Жыраудыњ маќсаты, міндеті - не болса сол, көњіл ашар, әлде не дерлік сөзді айту емес. Ол заман сынын, мезгіл, дәуір болжамын, тарихи оќиѓаныњ мазмұнын, баѓасын сөз ќылады. Көбінесе, әрі жырау, әрі би болады,» - деп жыраудың өмірілік орны мен сөз арнау ерекшелігіне анықтама беріп кеткен болатын. (1.17). Әдебиетші ғалым Е.Ысмайылов та «Ақындар» атты монографиясында жыраулық дәстүрдің бүге-шігесіне дейін тоқтала келіп, жыраулық поэзияның негізгі белгісі оның тақырыптық сипатында деген болатын. Демек, жыраулық поэзияның басты ерекшелігін олардың айтқан сөзінің астары мен көтерген мәселелерінен іздестіруіміз қажет. Сонымен қатар біздің пайымдауымызша жыраулардың тағы бір басты ерекшеліктерінің бірі олардың ауызша поэзия өкілдері екендігі. Тіпті жыраулардың осы белгісі басты роль атқарғандай сезіледі.
|
![]() ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ (1846 - 1945) АҚЫН ӨМІРІ Шу өзенінің бойымен жүре берсеңіз Хан және Жамбыл деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жабай бір кезде осы тауларда көшіп-қонып жүрген. Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын! Маған сол көне Жамбыл тауының есімі ат болып тағылыпты. Бұл 1846 жылы февраль айы екен.Менің әкем Жабай шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған. Тұрған жеріміз құлазыған кең, жазық дала еді. Сондықтан да мен балалық шағымда егісті де, бақты да, арықты да көрмедім. Жазық кең дала менің Отаным болды. Мен киіз үйде өстім. Сол кездегі барлық қазақ балаларындай мені де көшкенде бесігіммен алып жүрді. |
Тәуелсіздікті жақындатқан тұлғалар
Азаттықтың ақ таңы атқалы он бес жылда облысымызда орнатылған ескерткіштер елдік еңсемізді биіктетіп тұр
Лесбек Сайлаубеков
Тәуелсіз ел атануымыздың арқасында өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп, жлоғымыз түгенделуде. Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Тұрар, Мұстафа сынды арыстарымызды алыш болып ардақтап, талай тұлғаларымызды тұғырына қондырдық. Хандарымыздың, батыр-билеріміздің қадіріне жетіп, ұлттық салт-санамызды қайта жаңғыртқанымыз – елдігіміздің белгісі. Оған тәубе, десеміз.
Мызғымастай көрінген кеңестік империя күйреп, тіліміз бен дініміз, діліміз есіктен көтеріліп, терге озды. Тарихымыздан ажырап, озгепің жырын жаттап, батырын мақтап, өгей баланын күйін кешіп едік, ол сорақылықтан біржолата құтылдық.
|
ӘОК 941/949 (574. 52)
ЖАМБЫЛ ӨҢІРІНДЕГІ КӨНЕ ТҮРКІ ТАС МҮСІНДЕРІ
А.Б. Әміркенова
Төле би атындағы №8 мектеп гимназиясы, Тараз қ.
Халқы мен елінің бүкіл әлемдік процестегі алар орнын, бүгінгі күннің болмысын жете ұғынуға талпынған адамға - өз халқы өмірбаянының беттерін парақтай отырып, өткен заман оқиғалары мен құндылықтарына, өзінің тарихи тегіне зер салып, ой елегінен өткізу қасиеті тән. Бұрынғы ұрпақтардан мирас болған бай мәдени-тарихи мұралардың бірегей саласы түркі дәуірінің тас мүсіндері болып табылады. Ғасырлар қойнауынан жеткен бұл ескерткіштер шын мәнінде ғажайып әсер қалдырады. Бүтін бір халықтар мен мемлекеттердің гүлдену мен құлдырау кезендерін бастан өткерген, тарихтың бізге беймәлім жұмбақ сырлары тұнған бұл мұралар қазақ халқы ата-бабаларының өткен өмірінің тілсіз куәгерлері болып қала береді.
Тас мүсіндерге табыну ғұрпы VII-XII ғасырларда Түркі және Қарлұқ қағанаттарының, Оғыз, Қыпшақ және Қараханид мемлекеттерінің құрамына кірген түркі тілдес тайпалардың арасында өріс алды. Көне тас мүсіндер Қазақстанның барлық аймақтарында күні бүгінге дейін сақталған. Әсіресе Жамбыл облысының маңындағы жазық далаларда ұшырасады.
Қазақ жеріндегі көне тас мүсіндерді ғылыми тұрғыда түбегейлі зерттеген ғалым- Ә.Х.Марғұлан. Оның Ұлытау төңірегіндегі осындай ескерткіштерге арналған еңбегі қазақ тілінде жазылғандықтан, көп ғалымдардың назарына ілікпеді.
|
ЖАМБЫЛДЫҢ ҰСТАЗЫ ЕДІ МАЙКӨТ АҚЫН
Сыманова Г.Қ 10 - сынып оқушысы
Жамбыл облыстық ерекше дарынды балаларға арналған
«Дарын» мектеп-интернаты.
Ғасыр мен ғасыр беттесіп, уақыт теңізінің алып толқындары жалын желбіретіп аспанға шапшығанда, тереңде қалған жақұт жырлар да жарға жабысып, жаңа дүние жағалауына шығатыны болады. Тіршілік тауқыметінен қашып, қарттыққа бой алдыра бастаған, балалық, жастық, жігіттік дәуреннің отты өлеңдері, жалынды жырлары сол өткен ғасырдың тереңіне шөге бастаған шағында қайта жаңғыратын, жасаратын ақындар болады. Адам баласы қатарында мұндай құдіретке, мұндай қасиетке жүз жыл бойына тынбай шындық деп соққан, шындық деп жырлаған ұлы жүрек иесі ғана лайық. Жүз жыл жасап, жүз жыл жырлау құдай мен халықтың сүйген кісісінің ғана қолынан келмек. Ал жүз жыл жасап, жүз жыл бойы шындықты жырлау мәңгілікпен бірдей құбылыс. Көзінің тірісінде-ақ «Өлең сөздің пірі», «Поэзия алыбы», «Алатау сынды ақсақал», «Жыр күмбезі», ал 90-нан асқан жасында «XXI ғасырдың Гомері» атанған, ұлы Абайдың құрдасы Жамбыл – халық ауыз әдебиетінің қайнар көзі.
|