Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 8.4.2017
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

В категории материалов: 754
Показано материалов: 191-200
Страницы: « 1 2 ... 18 19 20 21 22 ... 75 76 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
АТАН Мәмбетұлы (т. — ө.ж. б., Ерейментау ауданы) — қазақ батыры. Орта жүздің Қанжығалы, арғын руынан шыққан. 18 ғ-да өмір сүрген. Бөгенбай батырдың кеңесшісі болған. Жоңғарлармен болған шайқас кезінде көзге түсіп, батыр атанған. Ерейментау тауындағы шыңға есімі берілген.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 400 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Асхат Өлмесұлы Шойынбаев (10.6.1959 жылы туылған, Алматы қаласы) - әскери қайраткер, генерал-майор (2000). Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін (1980), М.В.Фрунзе атындағы әскери академияны (1991) бітірген. 1980-93 жылы мотоатқыштар взводы, ротасы, батальонының командирі, полк штабының бастығы болды. 1993— 97 жылы мотоатқыштар полкі командирінің орынбасары, полк командирі, 1997-2000 жылы танк дивизиясы командирінің орынбасары - штаб бастығы, мотоатқыштар дивизиясының командирі, 2000-02 жылы Батыс әскери округі әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы, 2002-03 жылы оқу орталығының бастығы қызметтерін атқарды. 2003-04 жылы АҚШ- та қызмет бабымен больш, 2004- 05 жылы құрама (корпус) командирі болды. 2005 жылдан Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы. Бірнеше медальдармен марапатталған.[1]
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 390 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Шәкіров Астанқұл (1.4. 1922, Өзбекстан, Әндіжан қаласы - 11.1.1945, Украина, Калининград облысы Нестеров ауданы Калинин поселкесі) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, барлаушы. Қазақ. Кеңес әскері қатарына 1941 жылы желтоқсан айында шақырылды. 75-гвардиялық атқыштар полкінде (З-Беларусь майданы 11 -гвардиялық армия 26-гвардиялық атқыштар дивизиясы) 111. 1944 жылы 15 шілдеде алғашқылардьщ бірі болып Алитус қаласының оңтүстігінде Неман өзенінен өтті. Оң жағалауда бірден ұрысқа кірісіп, басқа бөлімшелердің өзеннен өтуіне кедергі жасап, үздіксіз оқ атып жатқан жау пулеметін жойды
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 403 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Арқалық батыр (18 ғ- дың ақыры - 19 ғасырдың басы, ҚХР, Шығыс Түркістан өлкесінің Алтай аймағы) - батыр. Жоңғар басқыншыларына қарсы соғыста даңқы шыққан. Абақ Керей төресі Әжі Когедай ұлына наразы топты бастатан. Бұл күресте оған калмақтың Қарамертен, Қоңқа деген батырлары қосылған. Арқалық батыр туралы ел аузында аңыз әңгімелер, жырлар көп сақталған (қ. «Арқалық батыр»). Ж.Шанин пьеса жазып, сахнаға қойған (1924 ж. Семей).[1]
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 439 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Аралбай (1712, Жаркент өңірі — 1752, Шу бойы)[1] — қазақ-қалмақ соғысының батыры, елші. Қаракерей Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Өтеген, Райымбек, Хангелді батырлардың үзеңгілесі. Ұлы жүз ханы Жолбарыстың орыс бодандығын қабылдайтыны жөнінде Әбілқайыр ханға жіберген елшісі. А. 1733—34 ж. Петербургке Ресей патшасы Анна Иоановнаға жіберілген Ералы сұлтан бастаған елшіліктің құрамында болды (қ. Ералы сұлтан елшілігі). 1740 ж. Жетісу, Талас өңірінде қалмақтармен болған шайқастарда қол бастап, ерлігімен көзге түскен. Шу бойындағы осындай соғыстардың бірінде қаза тапқан.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 408 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Арал батыр (18 ғ.) — қолбасы. Қалмақтарға қарсы соғыстарға қатысқан. Кіші жүздегі Кете руынан. Әжібай би Балпашұлының інісі. Жоңғарларға қарсы Абылай хан бастаған ұрыстарда көрсеткен ерліктері Олжабай Нұралыұлының "Сабалақ” дастанында суреттелген. Ол Кіші жүздің 10 мыңға дейін жеткен біріккен қолын басқарған Арал баты қазақ елінің Ресейге бодан болуына қарсы болды. 1738 ж. Әбілқайыр ханды қолдаған ру басылары Ресейге бодан болуға екінші рет ант бергенде құжатқа қол қоюдан бас тартқан. А.б. Жемнің төменгі ағысындағы Бақашы әулиенің қорымына жерленген.[1]
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 532 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Анфилофий Петрович Шилков (14.3.1917, Ресей, Түмен облысы Исет ауданы Турушево селосы - 1990, Екатеринбург қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға сержант, батарея командиpi. Орыс. Қаржы-экономикалық техникумын бітіріп, Амур облысының Благовещенск қаласында бухгалтер болып жұмыс істеген. Кеңес әскері қатарында 1938 жылы және 1941 жылдан әскери борышын өтеген. 1938 жылы Хасан көлі маңындағы кақтығысқа қатысқан. Ұлы Отан соғысына 1942 жылдың ақпан айында келді. 624-жаяу әскер полкінің (Беларусь майданы, 42-армия, 137-жаяу әскер дивизиясы) зеңбірекшілер командирі Шилков Беларусьтің Гомель облысы Жлобин ауданы Доброгоща державасы үшін болған шайқаста танкіге қарсы ататын гранатамен батареяға баса көктеп келе жатқан жаудың ауыр танкісін жойды. Жараланған батарея командирінің орнына басшылық жасап, айналдыра қорғаныс ұйымдастырды.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 407 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Хименко Андрей Максимович (7.12.1915, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Елизаветинка ауылы - 6.10.1944, Польша, Магнуш қаласының маңы,Подолье ауылы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы гвардиялық атқыш жауынгер. Украин. 1927 жылы Бішкекке қоныс аударған. Мұнда ол пошташы, «Союзпечать» агенттігінде бухгалтер болып жұмыс істеді. Кеңес әскері қатарына 1941 жылдың қазан айында шақырылып, майданға 1942 жылдың ақпан айында келді. Ол Солтүстік-Батыс, Оңтүстік-Батыс, З-Украина, 1-Беларусь майдандарында болды, Холм қаласы (Ресей, Новгород облысы) үшін болған ұрысқа және 1942 жылы Демян гитлер топтамасын қоршауға алып құрту операцияларына, Харьков және Полтава облыстарын азат етуге, сонымен қатар 1943 жылы Запорожье қаласы маңындағы шайқастарға, кейіннен 1944 жылы Никополь плацдармын істен шығару және Апостолов қаласын азат ету, Березнеговато-Снегирев және Брест- Люблин операцияларына қатысты.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 451 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Аман Смағұлұлы Шабдарбаев (1.8.1950 жылы туылған, Алматы облысы Қарасай ауданы Абай ауылы) - генерал-лейтенант (2002). ҚР ҰҚК-нің төрағасы (2005), Қазақ дене тәрбиесі интитутын (1974), КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жоғары мектебін (1977), ҚазПИ-ді (Қаз- ҰПУ) (1996) бітірген. 1976- 87 жылы Қазақ КСР-і Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде қызмет атқарды. 1992-95 жылы ҚР Президентін қорғау қызметі бастығының орынбасары, 1995-97 жылы Мемлекеттік тергеу комитеті төрағасының орынбасары, 1997-2002 жылы ҚР ҰҚК-нде «Арыстан» қызметінің бастығы, Президент қауіпсіздігі департаментінің бастығы, 2002- 05 жылы Президентті қорғау қызметінің бастығы қызметтерін атқарды. 2005 жылдан қазіргі қызметінде. 2-дәрежелі «Даңқ» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.[1]
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 402 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Аман байбатырұлы (т.-ө.ж.б.) — 1812 жылғы орыс-француз соғысының батыры, ақын. Ресей тарихында Отан соғысы аталатын бұл соғысқа қазақтың Нарынбай Жанжігітов (Георгиев кресінің толық иегері), Майлыбаев, Яков (Жақып) Беляков (шоқынған қазақ), Қарынбай Зындәуітов сынды есімдері белгілі-белгісіз жүздеген батыр жігіттері қатысты.[1] Солардың ішінде А. башқұрт полкінің құрамында Наполеон армиясымен шайқастарда асқан ерлігімен танылды. Оның есімі, әсіресе, Лейпциг қ. үшін болған ұрыстан кейін кеңінен мәлім болды. Ол ат үстінде ұрыс жүргізу, садақ, қылыш пен найзаны бірдей жақсы меңгеру шеберлігімен батыр жауынгерлер саналды. Орыс деректері А-ды Париж қ-на алғашқылардың бірі болып кіргендердің қатарында атап көрсетеді. 1814 ж. 19 наурызда М.И.Кутузовтың армиясы Парижге салтанатпен енгенде, таңдаулы әскер сапында қазақ сарбаздары А. мен Жанжігітов те болған.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 424 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 171-180 181-190 191-200 201-210 211-220 ... 741-750 751-754
Новости музыки