Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті | [ Добавить материал ] |
В категории материалов: 754 Показано материалов: 11-20 |
Страницы: « 1 2 3 4 ... 75 76 » |
Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Байсерке күйші
Байсерке Ұлы жүз ішіндегі Дулаттан шыққан әйгілі ¬Өтеген батырдан өрбиді.Байсеркенің әкесі Қылыш он саусағынан өнері төгілген ісмер,өлмес өнердін парқын білетін,сері көніл сергек жан болса керек.осындай дәстүрлі өнері бар ортада өскен Байсеркенің домбырашылык қабілеті жас кезінен-ақ Төңірегін тәнті еткен.ол ертегі жырларды әсіресе ән-күйді ішкен асын жерге қойып тыңдайды екен.Жас Байсерке ауылга келген әнші,музыканттардан бір адым қалмай жүріп,естігендерін көкірегіне тоқи береді.Жетісу алабы мен қырғыз елінің күйлуррін 16-17 жасынын өзінде-ақ жеріне жеткізе тартуды игерген Байсерке алқалы бас қосуларда небір дәулескер күйшілермен табан тіресіп домбыра тартысып, алыс-жақынға таныла бастайды.Көпшілік күйді ол бір-екі естігенде-ақ бұлжытпай салып алып,қайта тартып береді екен.Байсеркенің музыкалық жағынан өсуіне сол кездегі белгілі домбырашылар Есім ,Үржарлык,Сарша дегендер септігін тигізеді. |
Балтабай Әбдірахманұлы Адамбаев
М.Б. Қоңқашова «Әулие-Ата» университеті, Тараз қ.
Қазақ ауыз әдебиеті туралы ғылыми зерттеулер он тоғызыншы ғасырда өз бастауын алды. Бұған дейінгі уақытта қазақ фольклоры жайында жекелеген пікірлер ғана айтылып, тек ауыз әдебиеті үлгілері жарияланып келді. Әрине, баспа ісінің кеңіп, өріс алмай тұрған бұл шақта, фольклористиканың өзіндік қиындықтары болды. Сонда да зерттеу-жинақтау жұмыстары тоқтамағаны белгілі. Оған алғашқы болып орыс ғалымдары ат салысса, кейінірек қазақ ағартушылары да қолға ала бастады. Қазақ фольклорының кеңірек зерттеле бастаған шағы , әрине, кеңес дәуірі екені анық. |
ШӘКЕН АЙМАНОВ
Айманов Шәкен Кенжетайұлы (1914-1970) – қазақтың әйгілі әртісі, режиссер. Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы. Орта мектеп бітірген соң (1928), Семейдегі педагогикалық техникумға оқуға түскен. Осы кезден бастап театр өнерімен әуестеніп, 1933 жылы Қазақ драма театрының құрамына алынады. Осы театр сахнасында жиырма жылдай еңбек етіп, әртістік шығармашылығын шыңдады. Театрдың бас режиссері болды /1951/. 1953 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін қазақ кино өнері саласында өнімді еңбек етті. |
Ахмет Байтұрсынов
Байтұрсынұлы, Ахмет (1873—1938) — ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. |
Ақын Николай Гумилев пен ақын Анна Ахматованың ұлы. Балалық шағын Тверь губерниясының Слепнёво атындағы Бежецк уезінде әжесінің қолында өткізген. 1917 - 1929 жылдары аралығында Бежецк қаласында тұрды. Бежецк қаласының №1 мектебінде 1926 жылдан 1929 жылға дейін білім алды. Ал 1930 жылы Ленинградта оқыды. 1930—1934 жылдары Саян, Памирдегі, Қырымдағы экспедицияларда жұмыс істеді. 1934 ж. Гумилев Ленинград университетінің тарих факультетіне түсіп, Батыс пен Шығыстың өздеріне тән әр түрлі мәдениеттерінің бір-бірімен байланысы, сонымен қатар ерте орта ғасырлардағы халықтардың тарихи жөніндегі мәселелер қамтылған алғашқы «Удельно-лестничная система у тюрок в VI – VIII вв.» мақаласын жаза бастайды. Бірінші рет 1935 ж. түрмеге қамалады, бірақ анасының аралсауымен көп уақыт өтпей босатылады. 1938 ж. Гумилев қайта түрмеге қамалып, 5 жылға бас бостандығынан айрылады.
|
Қазіргі әлемдік қатынастарда, соның ішінде Қазақстан Республикасында дін және дінаралық қатынастар өзекті мәселеге айналып отыр. Социалистік жүйе және Кеңес одағы ыдыраған соң діндердің рөлі және дінаралық қатынастар әлемдік саясатта нығая түсуде. Әлемнің көптеген елдерінде діни экстремизм мен терроризм әрекеттері белең алып отыр.
Соңғы кездері Қазақстандағы демократиялық принциптерге қарамастан діни-ахуалдық мәселелер туындады. Экстремистік және террористік бағыттағы Ислам дінін жамылған радикалдық ағымдар пайда болды.Олардың көріністері Ақтөбе облысындағы Шұбаршы ауылындағы террорлық әрекеттер, Ақтау, Атырау, Тараз, Алматы қалаларындағы экстремистік ағымдардың көрініс беруі. |
Әбу-Л-Хасан Рудаки
Әбу-Л-Хасан Рудаки, Әбу Абдаллах (Әбу-л-Хасан) Жафар Рудаки (860 ж.ш., қазіргі Тәжікстан республикасы, Пенжикент ауд. Рудаки қыстағы — 941, сонда) — тәжік классикалық әдебиетінің негізін салушы, философ. Заманында "Ақындар атасы” атанған. Туындыларының ішінен бізге жеткені "Шарап туралы” қасида, "Кәрілік туралы” ода, 40-қа жуық әр түрлі жанрдағы жырлар. Шығармаларының негізгі идеясы — адам өмірін жырлау. Бұл дәстүр өзінен кейінгі шығыс әдебиетіне зор әсер етті. Ә. Р. өмірдің сәнді, салтанатты жағын, жақсылықты, кіршіксіз таза махаббатты мадақтады, адам бойындағы асыл қасиетті жырлады. Ә. Р. өлеңдері қазақ жұртшылығына ертеден таныс. Ақынның гуманистік сарындағы шығармалары Абай Құнанбаевқа үлкен ықпал жасады. Ә. Р. шығармаларын зерттеуге қазақ ғалымдары Т. Нұртазин, Р. Бердібаев елеулі үлес қосты. Ә. Р-дың өлеңдері Қ. Бекхожин, Ғ. Орманов, Т. Жароков, Т. Шопашев, Қ. Жұмағалиевтердің аудармасы арқылы қазақ тілінде жеке кітап болып шықты (1958, 1965, 1973) |
Алаш мүддесі
Қазіргі таңда азат ұлтпыз,кемеліне келген ұлтпыз деуге толық қақымыз бар. Оған мүмкіндік беріп,жол салған-Алаш мұраты және алаш ардагерлері. «О баста Алаш идеясының, Алаш мүддесінің ұйтқысы - жердің жалпықазақтық меншікке көшуі, мемлекеттік дін мен тілдің үстемдігін орнату, ғылымға сүйенген мемлекет құру, жер асты,үсті байлығы жергілікті ұлттың құзырында болу, игілігін қазақ ұлтының көруін қаматамсыз ету болды» [2-24б] Ал мұның барлығы кейін алаш ардагерлеріне қара күйені жағып, «әр түрлі айыптар тағылып», ату жазасына кесілуге алып келді. |
Адамның шығу тегі
Адамның жануарлар, әсіресе сүтқоректілермен құрылысының ортақ жобасы және ұйымдасуының көптеген белгілерінің ұқсастығы көп уақыттан бері адамдардың назарын аударып келеді. Адамның табиғаттағы орнын түсінуге, оның басқа организедермен ұқсастығын, өзгешелігін, адам типіндегі алуан түрлі белгілерінің болу себептерін түсіндіруге көп елдердің адамдары көне заманнан-ақ, мүмкін жалпы ғылыми білім пайда болға кезден бастап әрекет жасаған болар. Адамның шығу тегі туралы алғашқы эволюциялық көзқарастар көне заман ойшылдарының еңбектерінде кездеседі. XVIII-ғасырда К.Линней адамды лемур және маймылмен бірге приматтар отрядына жатқызады. Ламарк адам ағаштарға өрмелеуден жер бетімен жүруге көшкен маймыл тәрізді ата-тектерден шықты деп жорамалдайды. |
Абай Құнанбаев |