Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 2.4.2017
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

В категории материалов: 754
Показано материалов: 171-180
Страницы: « 1 2 ... 16 17 18 19 20 ... 75 76 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Қазақтың ұлттық киімдері
Автор: Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН
Рухыңды көтеріп, ізгілікке тәрбиелейді
 
Киізден жасалатын киімдер
1. Байпақ. 2. Кебенек. 3. Киіз етік. 4. Киіз қалпақ. 5. Пима.
Теріден жасалатын киімдер
Сырт киімдер: Аба; Бота ішік; Жарғақ; Тайжақы; Тақыр шалбар; Тон. 
Бас киімдер: Бөрік; Құлақшын; Малақай; Тақия; Тымақ. 
Аяқ киімдер: Кебіс; Мәсі; Мықшима; Саптама етік; Шарық (Шо-қай); Шоңқайма.
Жүннен жасалатын киімдер
Жабағы күпі; Жадағай шапан; Жүн қолғап; Жүн шұлық; Мойынша; Түйежүн далбағай; Түйе жүн кеудеше; Шекпен; Шидем шекпен.
Киімге байланысты ырымдар
Жас қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгісі. 
Жаңа түскен келін киім-кешегін қысқартса, нәрестесі кем туады немесе ол түсік тастайды. 
Нәрестенің иткөйлегін далаға тастамайды. Олай жасаса, сәбиге сырқат жұғады. Сәбидің бақыты иткөйлегін кигеннен басталады.
Сыңар аяқ киім киген баланың әйелі ұры болады.
Киімнің түймесін айқастырып салса, қуанышты хабар келеді. Ілулі тұрған киімнің түймесін салмайды. 
Аяқ киімді оң аяқтан бастап киеді, сол аяқтан шешеді. 
Қонаққа келген сәбиге көгендік береді немесе киім алып береді. 
Шалбарды отырып, оң аяқтан киеді, сол аяқтан шешеді.
Киім сатып алғанға: «Киімің күй-рек, жаның берік болсын!» деген тілек айтады. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1529 | Загрузок: 113 | Добавил: Admin | Дата: 21.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақ халқының салт-дәстүрлері     

Той малы 

Той малы (дәстүр). «Жүз жылқы той малына кетіпті» (М.Ж.Көпеев). Келін алуға келген қадірлі құдалар ел дәстүр салты бойынша сән салтанатымен, жөн жосығымен келіп түседі. Бұл жолдың кәде жоралары да көп болады. Соның ішінде ең басты кәдесінің бірі осы топқа арнайы әкелген « той малы» деп аталатын жолды дәстүр. Бұған әр құда өз дәулеті мен шамасына қарай жылқы немесе бірнеше қой әкеледі. Күйеудің абырой, беделі осы кәдеге де байланысты болады. Бұған қымбат мата, бұйым, жеміс, қант, шәй да қосылады. Әкелген мал арқылы құдалар қыз әкесінен, атасынан немесе сол ауылдағы жолы үлкен ақсақалдан бата тілейді. Батадан кейін әлгі мал сойылып, тойға жиналғандар одан ауыз тиеді. Той малы толымсыз болса қыз жеңгелері құдалардың бетіне басады. Сондықтан да «той малының» мүшесі түгел әрі семіз болуы қатты қадағаланады. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 2711 | Загрузок: 113 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

Көбей би - 1710-1785 жылдар аралығында өмір сүрген, халқына белгілі шешен, би атанған. 1779-1780 жылдардағы "Еңлік-Кебек" оқиғасының ішінде болып жолсыз жазаға ұшыраған екі жастың өліміне қатты қайғырып, тебіренген Көбей би шешендігі туралы жазушы Мұхтар Әуезов "Еңлік-Кебек" атты драмасында көрсеткен. Көбей би айтты деген ел ішінде көптеген шешендік алғыр, ойлы сөздер қалған. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 495 | Загрузок: 113 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

Қабанбай Қожақұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз — батыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған. Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан.
Жеті жасында әкесі Қожақұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады. Он алты жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін Зайсандағы Керей ішіне кетіп, жездесі Бердәулеттің қолында болды. Осында жүріп жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, "Қабан батыр” атанды.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 569 | Загрузок: 113 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Боккаччо (1313–  1375)

Джованни Боккаччо (1313 ж. Париж – 21.12.1375. Чертольдо, Флоренцияға таяу жерде) – итальян жазушысы. Қайта өрлеу дәуіріндегі алғашқы гуманист жазушылардың бірі. Ауқатты семьядан шыққан. Әке жолын қумай, жасынан сөз өнері жолына түседі. Латын, грек тілдерін үйренеді. Творчествосының алғашқы өлеңінде ондаған лирикалық  өлеңдер, көне грек, рим мифологиясын негізге алып, «Филострато» (1338), «Геляда» (1339) атты роман жазды. Бұдан соңғы «Махаббат елестері» (1342) поэмалары мен «Амето» (1341) пасторалінде, «Фьяметта» (1343) повесінде адамға, табиғатқа жаңа көзқарас баяндалады, адамның ішкі рухани байлығы мадақталады.
Боккаччоның елеулі шығармасы «Декамерон» (1350-1353) (грекше «он күн» деген сөз). Бұл итальян халық әңгімелері мен анекдоттары, француз фаблиолары, шығыс хикаялары негізінде біріктірілген 100 новелладан тұратын шығарма. Корольдар мен дінбасылардан бастап, қарапайым шаруаны да кейіпкер ете отырып, сол кездегі қоғамның шынайы бейнесін көрсетеді. Еуропада көркем әңгіме жанрының қалыптасуы мен дамуында кезеңдік шығарма боп танылған «Декамерон» дүние жүзі әдебиетінде реалистік ағымның өркендеуіне зор ықпал етті.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1603 | Загрузок: 112 | Добавил: Admin | Дата: 21.02.2014 | Комментарии (0)

Шәкәрiм Құдайбердиев (1858-1931). Абайдың реалистiк дәстүрiн жалғастырушы әрi ақын, әрi жазушы, аудармашы, философ, шежiрешi әмбебап ғалым.
Ол жастайынан өнер-бiлiмге, әдебиет пен тiлге (араб, парсы, түрiк, орыс тiлдерiн жетiк бiлген) бейiмдiлiк көрсетiп, көп iзденiп, шығыс, батыс классиктерiнiң еңбектерiн оқып үйренген. 
1905-1906 ж. Орыс география қоғамының Семей бөлiмшесiне мүше болған. 1905-1906 ж.ж. Меккеге сапар шегiп Стамбул кiтапханасындағы бай мәдени мұрамен танысқан. Қайтып келе жатып, Ясная поянадағы Л.Н.Толстоймен кездесiп пiкiрлескен. "Толстойша” деген өлеңiн жазған.
Ол халық аңыздары негiзiнде "Қалқаман-Мамыр”, "Еңлiк-Кебек” дастандарын жазып, қазақтың әдет-ғұрыптары туралы мол мәлiметтер бередi. 1911 ж. "Түрiк, қырғыз, қазақ һәм хандар шежiресi” атты еңбегiн жазады. Ол Толстойдың қысқа әңгiмелерiн, Физулидiң "Ләйлi-Мәжнүн” поэмасын, Пушкиннiң "Дубровский” атты поэмаларын аударады. 1918 ж. "Абай” журналына  Қожа Хафиз шығармаларын аударып бастырады. 
Шәкәрiмнiң дүниенiң жаратылысы, философиялық-геологиялық көзқарасы "Үш анық”, "Қазақ айнасы”, "Анық пен танық”, "Мұсылмандық шарттары” атты еңбектерiнен көрiнiс тапқан. Ол бұл еңбектердi жазбас бұрын батыс, шығыстың атақты ғалымдары: Пифагор, Маско, Эпиур, Демокрит, Аббас, Ньютон, Линней, Гасанди, Мұхаммед, Исус Христос, Дарвин т.б. еңбектерiн оқып шығып үлкен дайындықпен келген. Олардың пiкiрлерiмен терең танысқан Шәкәрiм дүниенiң негiзi атомдардың қосындысынан тұрады, жаңа туып, өсiп-өнiп, өлiп-өшiп үнемi жаңаруда, өзгерiстерде болады дегендi қуаттайды. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 770 | Загрузок: 112 | Добавил: Admin | Дата: 22.02.2014 | Комментарии (0)

ӘӨЖ 951/959

 

ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТҮРКІ ҒАЛЫМДАРЫ МЕН ЖАЗУШЫЛАРЫ

 

Ф.М. Махашова

№36 қазақ орта мектебі, Тараз қ.

 

Ғалымдар Қайта өрлеу дәуірін  Ренессанс деп атайды, өйткені бұл кезеңде антикалық дәстүрлер қайта жаңғырып,  ғылым мен мәдениетте,  әдебиетте өрлеу, өркендеу байқалды. Ренессанстың алғашқы ғалымдары мен жазушылары, философтар  түркі  ойшылдары еді. Олардың Ренессансы ІХ-Х ғасырларда-ақ  басталды, Европаға Ренессанс бірнеше ғасырдан кейін келді.

Әбу Насыр Әл Фараби (870-950 жж) бүкіл әлемге «Екінші ұстаз» ретінде танылды (бірінші ұстаз болып ежелгі грек философы Аристотель саналады). Әл Фараби ғұлама ғалым, философ, математик,  өнертанушы, әдебиеттенушы, ақын болатын. Ол  қазақ жеріндегі Отырар қаласында дүниеге келді.  Арыс өзенінің Әмударияға  құятын жеріне жақын орналасқан Отырар  қаласын қыпшақтар Қарашоқы деп атады.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 782 | Загрузок: 111 | Добавил: Admin | Дата: 21.02.2014 | Комментарии (0)

Сәтбаев Қаныш
(1899-1964)
 

Сәтбаев Қаныш Имантайұлы (1899-1964) – Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық металлогения ғылымының негізін салушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті, КСРО және Қазақстан Ғылым академияларының академигі, Тәжікстан Ғылым академиясының құрметті мүшесі, қоғам қайраткері, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтарының лауреаты.
Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым Павлодардағы орыс-қазақ мектебінде, Семей мұғалімдер семинариясында, Томск технология институтының тау-кен факультетінде білім алған. Мұғалімдер семинариясында Ж.Аймауытов, М.Әуезов сынды көрнекті қайраткерлермен бірге оқыған. Ш.Құдайбердіұлымен тығыз байланыста болып, оның шығармашылығын жоғары бағалаған. «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің іс-әрекетіне қолдау білдірген.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 918 | Загрузок: 111 | Добавил: Admin | Дата: 21.02.2014 | Комментарии (0)

Мұртаза БҰЛҰТАЙ
ҚР Білім қайраткерлері одағының мүшесі

ИСЛАМ ДIНIНДЕГI ХОШКӨРУШIЛIК

Дін деген ұғымның негізінде зорлық-зомбылық болмауы керек, бұл хақ діннің ғайрихақ (хақ емес) діндерден ажырасатын айқын парқы. Дін дегеніміз негізінде иман, яғни сенім жататын рухани байлық. Рұхты зорлауға болмайды. Ислам дінінде зорлау жоқ. Исламияттың негізінде адамдардың өз еркімен, өз ықтиярымен сенуі, өз ирадасымен ғамал етуі қағидасы жатады. Өз ирадасынсыз харам істеуге мәжбүр болғандардың жауапты болмайтыны сондықтан; мисалға, өлім қаупінен қорқып, шошқа етін жеген мұсылманға күнә жоқ /[1]/.
Исламның имани негіздері осында жатыр. Сондықтан, Ислам діні басқа сенім-нанымдағы адамдардың зорлықпен, күшпен дінге кіргізілуін жақтамайды, ижазат (рұқсат) бермейді. Исламмен танысқан адамдар оны қабылдап-қабылдамау мәселесінде толық еркіндікке ие болады. Үйткені, тағы да бір рет айталық-кім, дін дегеніміз жүректің мәселесі, жүректің сенуі, ұжданның қабылдауы. Демек, адам баласы егер шын жүрегімен қаласа ғана сенеді, керегін жасайды; шын жүректен сенбесе, онда зорлықпен жасағаны мағнасыз болады. Зорлықпен жасалған мойындатпалар сүреңді болмайды, жемістері аурулы болады, гүлденіп өспейді. Өз еркімен болса онда басқа, ондай адам иманы үшін жанын береді, барлық қиыншылықтарға шыдайды.
Ислам хұқұғында басқа дін өкілдері мұсылман билігін мойындап, "жизя” және "хараж” төлеген жағдайда мұсылман мемлекеті олардың бас амандығын, қорғанысын қамсыздандыру міндетін өз мойнына алады. Олар ешқашан да Исламды күштеп қабылдауға зорланбайды.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 582 | Загрузок: 111 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

Шешендiк өнер - Ұлы даланың тiршiлiгiнен өмiрге келген табиғи туындысы, сол ортаның мұрасы, ұлттық рухымыздың биiгi деп санаған дұрыс.
Қазақ руларының, ауылдарының жұрт жаңартып, малына жайылым қуып үнемi көшiп жүруi неғұрлым қонысы шалғай, атасы алыс рулармен қыз алысып, қыз берiсiп қарым-қатынас жасауы, алыс-жақын демей бiрiн-бiрi жиынға ас-тойларға шақырысып тұруы - осының барлығы, сайып келгенде бiрыңғай халық тiлiнiң, ауыз әдебиетiнiң, өзiнiң мәдениетiнiң қалыптасуына қолайлы жағдай жасалған. Ауыл мен ауыл, ру мен ру және азаматтар арасындағы дау-жанжалдарды шешетiн жұрт көп жиналатын ас-тойлар, жәрмеңке-базарлар, «күнде кеңес құратын Күлтөбелер» билер мен шешендер мектебi. Шешен-билерге халықтың көрсететiн құрметi мен беретiн сыйы да дарынды, талантты жастарды сөз өнерiн үйренуге, игеруге ынталандырған, итермелеген, сөз қасиетiн құрмет тұтқан. Осыдан келiп талапты жастардың оқу бiлiмi кенжелегенмен, сана-iлiмнен кенже қалмаған, бүкiл елдiң, қоғамның қарым-қатынасы ауыз-екi жүргiзiлген, барлық iс, дау-дамайi қолма-қол, бетпе-бет шешiлген.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 486 | Загрузок: 111 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 151-160 161-170 171-180 181-190 191-200 ... 741-750 751-754
Новости музыки