Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 7.5.2017
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

В категории материалов: 754
Показано материалов: 161-170
Страницы: « 1 2 ... 15 16 17 18 19 ... 75 76 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Барлыбай Бәсентиінұлы - Абылай хан заманында өмір сүрген батыр. Бәсентиіннің қай атасынан тарайтындығы жөнінде дерек жоқтың қасы. "Абылай туралы жырдың" Шоқан Уәлиханов жазып алған нұсқасында мынадай дерек кездеседі.
...Тоқал терек түбінде
Айналып кеңес құрды хан.
Бәсентиінұлы Барлыбай
Омыраулап сөйлледі,
Кісі ырқына көнбейді:
- Сен көк бөрідей желдің, хан,
Тоқал терек түбінде
Аттанып кеңес құрдың, хан.
Иманды қолға тұсымыз,
"Кел қайталық", - дейді хан.[1]
Арғынның Момын деген тоқалынан Ақсопы, Қарасопы, Сарысопы. Бәсентиін Қарасопыдан тарайды. Бәсентиіндер Павлодар уезінде қоныстанған. Бәсентиін руларының ұраны - "Барлыбай". [2]
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 528 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Барсбек, алып Білге – 8-ғасырдың басында Енесайдағы Қырғыз қағандығының басқарушысы. Екінші Шығыс Түрк қағандығының басқыншыл саясатына қарсы күресу үшін өзінің Ерен-Улуг деген елшісін басшы қылып, өкілдерін Тибетке және басқа елшілерін болса Қытайға және Түргеш қағандығына жіберген. Барсбек 711-ж. түргештердің басшысы Сақал қаған м-н бірге шығыс түрк қағандығына қарсы ұрысқа даярланған, бірақ Шығыс түрк қағаны Қапаған теңізінен Көгмөн тауын асып, Барсбектің Енесайдағы ордасына қапыда қалдырған. Барсбек 711-ж. қырғын соғыста батырлықпен күресіп жатып құрбан болған. Қазіргі таңда Қырғызстанда Барсбек есімдері балаларға жиі қойыла бастады
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 469 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Басықара Би Құрманұлы

Басықара Би Құрманұлы 10-12 жасында билік айтып, әділдігімен ел ішінде көріне бастайды. Ел әңгімелерінде Басқараны бірде батыр,бірде би деп атайды. Басқараның атасы Тасым атақты батыр болған. Төртқара ғана емес Әлім руының да атағынан арттырған батыр. 1840-1841 жылдары өзінің атымен аталатын жерде қайтыс болған. Басықарадан – Бекмырза, одан Бәймен туады. Бәймен бидің, Басықараның есімдері «Қазақ-орыс қатынастары» жинағында кездеседі. Мұрағатта олардың есімдері, істеген істері жайлы қысқаша деректер жазылған. Мысалы, 1792 жылдың маусым айында басқа билермен бірге Ералы сұлтаның хан болуына қарсылық білдіргендердің ішінде Басықара бидің есімі де бар.
Басықараның тапқыр, әділ билік жасағаны ел аузында айтылады. Қазалы су торабы Басықара атымен аталады. Бүл деген бабаға үлкен құрмет. Ел аузында «Басықара басып айтады, басқа билер қасып айтады»- деген сөз бар.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 607 | Загрузок: 87 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

Қазақ тарихындағы күрделі тұлғалардың бірі — Кіші жүз ханы Әбілқайыр. Бүгінге дейін оның қоғамдық-саяси қызметі, тарихи портреті сан мәрте талқыланып, сан қырынан зерттеліп, ой елегінен өткізілгенімен нақты бағасын ала алмай келеді.

Кеше ғана қазақты жоңғар жұтуға шақ қалғанда үш жүздің ығайы мен сығайын, хандары мен сұлтандарын, батырлары мен билерін мойындатып бас қолбасшы сай­ланып, жауын талқандап, кейін қашырған, еліміздің батысы мен солтүстігіндегі қалмақ пен казак орыстан, оңтүстігіндегі Бұхара, Хиуа, түркімен, қарақалпақтан еш тайсалмаған, көршілес башқұрт елінің хан тағына шақырылған жалғыз қазақ – Әбілқайыр тарихы осыншама неге 300 жылға жуық мерзім бойы пікірталас нысанына ұласып келеді?
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 671 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.02.2014 | Комментарии (0)

 Батыр Баян Байболатұлы- 1731 жылы дүниеге келіп, 1771 жылы қайтыс болған. Таманың Дәулеткелді руынан. Әкесі Байболат та уағында елді қорғаған, жүрегі ештеңеден қаймықпайтын батыр болған екен. Баян батыр атымен танылған бірнеше батырлар болған. Абылай ханның байрақдары болған. Бірақ, "Шаңды жорыққа" қатысып, сол жорықтан қайтып келе жатқан жолда қайтыс болған батыр Баян осы кісі. Баянның мазары кешегі Қапшағай көлінің астында қалып кетті. Одан тараған ұрпақтар қазіргі Жамбыл облысы Сарысу ауданы мен Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында өмір сүруде. Батыр Баянның ұрпақтары ішінде Берік Шаханұлы секілді белгілі жазушы шыққан. Берік Шаханұлы бабасы Баян Батыр туралы біршама зерттеулер жүргізіп, оның өмір жолына шолу жасады.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 438 | Загрузок: 83 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)


"Қожаберген жыраудың шығармаларын сұрыптап, толықтырылған жинағын баспаға дайындап жатыр едiк, соған сiз алғы соз жазсаңыз”- деп, Қызылжардан телефон шалғанда уәдемдi берiп қалып едiм. Өзiң атқарар iстi бiреу жарқыратып атқарып жатса, құдайдың бергенi емес пе? Осыған орай, алдымен әдебиеттiң, өнердiң жанашыры, облыс әкiмiнiң орынбасары Қуат Есiмханұлы бастаған Қызылжардың бiр топ азаматтарының игiлiктi iсiне ризашылығымды бiлдiрем, сәттiлiк тiлеймiн.
Шындығын айтсақ, Қожаберген мұрасын, өмiр жолын ғылыми зерттеу жұмысының жүйелi түрде қолға алынуы елiмiздiң тәуел-сiздiгiне қол жеткен кезден басталды. Осы тұста әдебиетшi - ғалым Төлеш Сүлейменовтiң, атыраулық Нәбиден Әбутәлиевтiң "Сегiз серi”(1991), "Ордабасы Қожа-берген”(1995) жинақтарын айрықша еске алу керек. "Елiм-ай”жинағын шығарған Мәдина Дастанованың "Жырлары қазақ жұртын елжiреткен”деген еңбегi де құнды зерттеулердiң бiрi. Қазақтың әл-Фараби атындағы Ұлттық университетiнiң "Қазақ әдебиетiнiң тарихы мен сыны”кафедрасы жанындағы "Қазақ фольклоры және әдебиет тарихы”деп аталатын ғылыми зерттеу тобы 1991 жылдан осы тақырыпта тұрақты жұмыс iстеп келедi.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 863 | Загрузок: 212 | Добавил: Admin | Дата: 28.02.2014 | Комментарии (0)


ҚазҰУ-дың тарихы және Қазақстанның химия саласындағы ғылыми жетістіктері Батырбек Ахметұлы Бірімжановпен тығыз байланысты. Ол 1934 жылдан бастап 1985 жылға дейін ҚазҰУ-дың химия факультетінде қызмет істеген ғалым. Жарты ғасыр бойы өзінің бар күшін химияға, шәкірттері мен жоғары білімге сарп еткен жан. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 809 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.02.2014 | Комментарии (0)

Көркемдік дамудың,әдеби процестің маңызды бір заңдылығы-әдеби байланыстар-әдебиет әлеміндегі тоғысулар мен қарым-қатынастардың, рухани байлықтардыңалмасуы.Қай әдебиет болса да өзара байланыссыз, қарым-қатынассыз толық кемеліне келе алмақ емес.Қазақ халқының әдеби даму тарихында оның өзге халықтармен әдеби байланысы,зерттеу ісінде ғалымдар З.Ахметов, Ө.Күмісбаев және Ш.Сәтбаева т.б еңбектерінің ролі ерекше.   
«Әдебиеттану терминдер сөздігінде»: «Әдеби байланыс-ұлттық әдебиеттер арасындағы көркемдік дәстүрлер жалғастығы, ықпалдастығы.Әдеби байланыс нышандары жазушының қалыптасқан әдеби дәстүрлерге табан тіреуінің нәтижесінен, сондай-ақ тамырлас әдебиеттер арасындағы типологилық ұқсастықтан туындайды» /1.62/, - делінген.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 882 | Загрузок: 104 | Добавил: Admin | Дата: 28.02.2014 | Комментарии (0)

Тақырыптың өзектілігі. Республиканың тәуелсіздік тізгінін өз қолына алып, егемен ел болуы төл тарихымызды жаңаша зерделеуге мүмкіндік берді. Осыған орай бүгінде еліміздің тарихында өзіндік терең із қалдырған тарихи тұлғаларға ұлттық мүдде тұрғысынан лайықты баға беру жолында көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, тарихымыздың ақтаңдақ беттері ашыла түсуде. Себебі кез келген өркениетті елде тарих ғылымы сол елдің, халықтың жүріп өткен жолын, әсіресе күрделі тарихи кезеңдер мен сол кезеңдерде өзінің қоғамдық қызметімен тарихта терең із қалдырған жеке тарихи тұлғалардың өмір жолын зерттеу арқылы өзінің гуманистік міндетін орындап отырған. Оның үстіне әр кезеңде тарихи тағдырлары үздіксіз бұрмаланып келген жеке тұлғалар туралы тарихи шындықты қалпына келтіру бүгінгі ұлттық тарихымыздың қалпына келуі үшін де аса қажет. Өйткені тарихи тұлғаларға ұлттық көзқарас ұстану жас ұрпақтың бойында отаншылдық сезімді қалыптастыратыны белгілі.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 925 | Загрузок: 193 | Добавил: Admin | Дата: 01.03.2014 | Комментарии (0)

Құлдық қоғамның ыдырауы және құлауы оны жаңа феодальдық құрылыспен өзгертуге алып келді. Ал, сөзсіз оның алдындағы құлдық қоғаммен салыстырғанда прогрессивтік сипатта болды (себебі негізгі өндіргіш күш-шаруаның өз шаруашылығы болды, сондықтан да еңбекте құлдарға қарағанда кейбір ынталылық танытты), бірақ феодальдық құрылыстың негізіне феодалдардың, діниелерінің жерге жекеменшігі жатты.
Феодалдық құрылыстың идеологиялық тірегі және ірі саяси күші католиктік шіркеу болды. Ол орта ғасырлық батысевропалық қоғам өмірінде ерекше роль атқарды. Шіркеу бұқара халықты басты-даншуды жақтап отырды.
   Католиктік діниелері ертедегі мәдениетке қарсы болды: ғылымға, өнерге, мектепке;
   Манастырлардың жанында манастырлық мектептер, шіркеулердің – приходтық мектептер ашылды. Ең алдымен ол мектептер діни адамдарды дайындады. Бұл мектептердің мұғалімдері – монахтар мен діниелері оқитын ер балаларды христиан дінінің және адамгершіліктің рухында тәрбиелеуді, оларды оқуға және жазуға олар үшін жат латын тілінде оқытты, құдайға құлшылық ету латын тілінде жүргізілді. Бұл мектептерде оқыту өте қиын, әрі ұзақ болды. Балаларды үлгермегені және аз-кем тәртіпті бұзғаны үшін шәкірттерді өте ауыр дене жазасын беріп отырды.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1523 | Загрузок: 91 | Добавил: Admin | Дата: 01.03.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 141-150 151-160 161-170 171-180 181-190 ... 741-750 751-754
Новости музыки