Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 3.4.2017
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

В категории материалов: 754
Показано материалов: 161-170
Страницы: « 1 2 ... 15 16 17 18 19 ... 75 76 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Бөрібай батыр (шамамен 1694 – 1756/60) – қолбасы. 1723 – 40 жылы жоңғарларға қарсы соғыстарда матай руы қолын басқарған. Жалайыр, найман, қоңырат жасақтарының басын біріктіріп, Сарысу өзені бойына қоныстандырған. Жоңғар шапқыншылығының ең ауыр кезеңінде өз қарамағындағы рулардың жаудан қорғану ісін ұйымдастырды. Сарысу өзені бойындағы шайқаста қаза тапқан. Қожа Ахмет Иасауи кешенінде жерленген Бөрібай батырдың ерлігі жайлы кезінде Сегіз сері, Дәстем сал, Жанкісі жыраулар дастандар шығарған
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 399 | Загрузок: 82 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Бөлек Қараұлы (1700, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы — 1785, сонда) — батыр, қолбасы. Ұлы жүздің шапырашты тайпасының асыл руынан. Сатай батырдың немересі. Сатайдың тұңғыш немересі болғандықтан Сатай баласы атанып кеткен. Бөлек 18 ғасырдың 1-жартысында жоңғарларға қарсы күресте Шапырашты Наурызбай батырдың мыңбасы болған. 1729 жылы шайқаста жоңғар әскерлерінің қолбасы Аңырақаймен жекпе-жекке шығып, оны өлтірген. 1734 жылы орыс бодандығын қабылдау жөнінде Ресей патшасы Анна Иоановна атына Қодар би, Төле би, Сатай батырмен бірге хат жолдауға қатысты. Бөлек батыр бастаған қазақ жасақтары 1750 жылы жоңғарларды Тұрфаннан асыра қуған. Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданыннда Бөлек есімімен аталатын ауыл бар.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 483 | Загрузок: 101 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Бөкенбай Бозқозұлы (17 ғасырдың 2-жартысы - 18 ғасырдың басы) - батыр. Арғынның сүйіндік руынан. Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. Жоңғар шапқыншылығы кезінде арғын-қыпшақ қолын басқарған сардар. Бөкенбай кейін Бөгенбай батырдың жасағында мыңбасы болған. Батырдын ерлігіне ақын Дәстем сал Қарабасұлы «Бөкенбай Бозқозұлы» атты қисса арнаған.[1]
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 396 | Загрузок: 87 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықтан оны халық Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен. Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келіпті
Оның атасы — Әлдекүн, әкесі Ақша қанжығалы руы ішінде белгілі адамдар болған. Әз Тәуке хан оның әкесіне 80 мың сарбаздан тұратын әскерге қолбасшы болуды сеніп тапсырған. Ол сонымен қатар өнерлі адам болған. Ұсталық өнермен айналысып, соғыс қару-жарақтарын жасаған. Бойында ақындық, айтыскерлік өнері де болған. Әкесінің өнері баласына дарыған. Бала кезінен қазақ даласының шешендік өнерін бойына сіңіріп өскен ол жігіт шағында ауылдарға барып, ру арасындағы дауларды шешіп, билердің құрылтайларына қатысқан
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 890 | Загрузок: 74 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Бөгембай Ақшаұлы, Қанжығалы Бөгембай, кейбір әдебиеттерде Бөгенбай (1680, Қаратау бөктеріндегі Бөген өзені бойы — 1775, кейбір деректерде 1776, 1778, Ақмола облысы Ерейментау ауданы Қоржынкөл к. маңы) — қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі тарихында ерекше рөл атқарған батыр, қолбасшы.18 ғасырдағы қазақ батырларының жасы үлкен ақсақалы, сондықтан оны халық аңыздарында ардақтап "Қанжығалы қарт Бөгембай” деп атап кеткен. Қарабалта түбінде қырғыздармен болған шайқаста Бөгембай батыр 77 жаста болған деседі. Арғынның қанжығалы руынан. Батырлар әулетінен шыққан. Атасы Әлдеуін батыр Есім хан әскерінің қолбасшысы, әкесі Ақша батыр Тәуке ханның 80 мың қолын басқарған сардар болған.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 552 | Загрузок: 93 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Бұлытбай Баһадүр (Сұлтан) - XVII - XVIII ғасыр аралығында өмір сүрген алып денелі қазақ баһадүрі. Тарихшылардың айтуынша Бұлытбайдың 20 мың-ға жуық әскері болған. Бұлытбай Қоқан хандығымен соғысқан, себебі Қоқандықтар қазақтардың оңтүстік аумағын егеленіп, ауылдарды қырғынға ұшыратып отырған. 1806 жылы Бұлытбай сұлтан 2 мың әскерімен Қоқандық әскерлерге тұтқиылдан шабуыл жасап тас-талқан еткен, соғыс ауыр болады. Қоқандықтардың әскері 2 есе болатын. Бұлытбай сұлтан Қоңырат Елбақ-Қойбақ руынан шыққан, Деректерде әкесі Тілмәмбет дейтін көсем кісі болған. Бұлытбай партизан соғыстарын көп мөлшерде ұйымдастырған. Кейбір деректерде Бұлытбай молдалық іспен айналысып жындарды қағып отыратын болған. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданындағы қоңыраттар өздерін Бұлытбайдың ұрпағымыз деп санайтыны белгілі. Кейбіреулер Бұлытбайды Сырдарияның бойында жерленген десе де, оның қайда жатқаны әлі бел
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 445 | Загрузок: 95 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Бұлытбай Баһадүр (Сұлтан) - XVII - XVIII ғасыр аралығында өмір сүрген алып денелі қазақ баһадүрі. Тарихшылардың айтуынша Бұлытбайдың 20 мың-ға жуық әскері болған. Бұлытбай Қоқан хандығымен соғысқан, себебі Қоқандықтар қазақтардың оңтүстік аумағын егеленіп, ауылдарды қырғынға ұшыратып отырған. 1806 жылы Бұлытбай сұлтан 2 мың әскерімен Қоқандық әскерлерге тұтқиылдан шабуыл жасап тас-талқан еткен, соғыс ауыр болады. Қоқандықтардың әскері 2 есе болатын. Бұлытбай сұлтан Қоңырат Елбақ-Қойбақ руынан шыққан, Деректерде әкесі Тілмәмбет дейтін көсем кісі болған. Бұлытбай партизан соғыстарын көп мөлшерде ұйымдастырған. Кейбір деректерде Бұлытбай молдалық іспен айналысып жындарды қағып отыратын болған. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданындағы қоңыраттар өздерін Бұлытбайдың ұрпағымыз деп санайтыны белгілі. Кейбіреулер Бұлытбайды Сырдарияның бойында жерленген десе де, оның қайда жатқаны әлі белгісіз.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 464 | Загрузок: 78 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

ущев Борис Петрович (31.3. 1915, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы - 13.3.1996, Ресей, Санкт-Петербург қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, капитан-лейтенант 1-гвардиялық дивизиясы торпедалық катерлер отрядының командирі. Орыс. Орта мектептен кейін 1939 жылы Жоғары әскер-теңіз флоты училищесін бітіріп, 1939-40 жылы Кеңес-фин соғысына қатысты. Ущевтің қол астындағы торпеда катерлері неміс басқыншыларының үрейін алды. Балтық флотының маңызды жауынгерлік операцияларында Ущев басқарған торпеда катерлері звеносы отряды соғыстың аяғына дейін белсенділік танытты. 1941 жылы 28-29 тамызда Кеңес флоты Таллиннен Кронштадтқа бұзып өткен кезінде Ущевтің звеносы «Максим Горький» крейсерін күзетуді сенімді атқарды. 27 қыркүйекте Сарем аралының My шығанағында Ущевтің торпеда катерлері «Кельн» крейсерін және жаудың үш эсминецін суға батырып жіберді. Соғыстың аяқ шенінде капитан Ущев басқарған торпедалық катерлер дивизионы Данциг портына басып кірді. Кеңестік торпеда катерлері осы порттан үздіксіз әрекет жасап, жаудың ең соңғы қатынас жолын істен шығарды. Шығыс Пруссияда жаудың екі ірі транспорты мен екі десант баржасын ержүрек капитан суға батырып жіберді. Осы көрсеткен ерліктері үшін Ущевке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылды (22.8.1944). 3-рет Қызыл Ту, 1-дәрежелі 3-рет Отан соғысы, «Қызыл Жүлдыз» ордендерімен және медальдармен марапатталған
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 485 | Загрузок: 86 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Борис Никитович Хитеев (15.6.1909, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы - 14.9.1943, Украина, Чернигов облысы Бахмач ауданы Гайворон селосы) - 2-дүниежүзілік соғысқа катысушы, гвардия капитаны, байланысшы. Орыс. 1942 жылдың қаңтарынан Орталық майдан 60-армия 18-гвардиялық атқыштар корпусы құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылы Мәскеу Әскери академиясы жанындағы командирлер курсын тәмамдаған. 1943 жылы 14 қыркүйекте Днепрден өтуде көрсеткен ерлігі үшін Хитеевке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (17.10.1943). Хитеевке Мәскеу облысы Коломна қаласында бюст орнатылып, Гайворон селосының бір көшесіне есімі берілген. Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған.[1
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 475 | Загрузок: 95 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Бекет Серкебайұлы (т. - ө. ж.б.) - Есет Көтібарұлы бастаған Кіші жүз қазақтары көтерілісіне (1855-58) катысқан батыр. Елінің еркіндігі үшін күресіп, Ресей отаршыларына қолдау көрсеткен Арыстан төрені өлтіруге қатысқан. Көтеріліс жеңіліс тапқан соң ел арасынан жаңадан жасақ жинап жүргенде қолға түсіп, Сібірге жер аударылады. Артынан анасы мен жары іздеп барып, солардың көмегімен түрмеден қашып шығады. Елге келген соң, жауларынан өш алады. Бекет батырға байланысты ерлік пен елдікті, азаттық пен адалдықты өсиет ететін «Бекет батыр» атты дастан жазылған.[1]
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 478 | Загрузок: 91 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 141-150 151-160 161-170 171-180 181-190 ... 741-750 751-754
Новости музыки