Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті | [ Добавить материал ] |
В категории материалов: 754 Показано материалов: 91-100 |
Страницы: « 1 2 ... 8 9 10 11 12 ... 75 76 » |
Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Сабытай батыр (туылған-өлген жылы белгісіз) – батыр. Кіші жүз Адай руынан шыққан. Кіші жүз қазақтарының "Сауран айналған” оқиғасы тұсында Ер Жәнібектің жоңғарларға қарсы қимылын белсене қолдады. Бұдан кейінгі кезеңде Бұланты-Білеуті, Сарысу, Шорға, Қандысу, Аңырақай, Шар, Баянауыл, т.б. соғыстарға қатысып, Әбілқайыр ханның сыртқы саясатын қолдады. Бірақ, 1740 – 50 жылдары Кіші жүз хандығының іргесіне Орынбор бекінісі салына бастағанда оған алаңдаушылықпен қарады. Қазақ жерлерінің тұтастығы жолында түрікмен жасақтарымен болған бірнеше шайқастарда қазақ қолына басшылық жасаған
|
Сабыр Омарұлы Рахимов [1902, Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Көкбел ауылы — 26.3.1945, Польша, Данциг (қазіргі Гданьск қаласы), сүйегі Ташкенттегі бауырластар зиратына жерленген] — әскери қайраткер, генерал-майор (1943), Кеңес Одағының Батыры (1965)[1]. Әкесі ерте қайтыс болып, жас қалған Рахимовты шешесі (өзбек қызы) Өзбекстанға алып кеткен. 1922 жылы әскер қатарына шақырылған. Бакудегі әскери уч-щені бітірісімен (1925), Самарқанд қаласындағы атты әскерлер дивизиясында взвод, эскадрон командирі болды. 1925 — 27 жылдары Орта Азияда (Қарақұмда) Кеңес өкіметіне қарсы шыққандармен қарсы күрестегі ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен марапатталған (1927). 1941 жылға дейін түрлі әскери мекемелерде қызмет істеді
|
Рысбек Батыр (1709, Шығыс Қаратау, Шұбарағаш мекені, қазіргі Рысбек батыр ауылы – 18 ғ. соңы, Манкент ауылы ) – Оңтүстік Қазақстан, Талас, Жетісу өлкесін жоңғар басқыншыларынан азат ету жорықтарына белсене қатысқан батыр-қолбасы. Әкесі Шінет батыр, атасы Қарабатыр қолбасымен бірге 1726 жылдары Ордабасы тауында өткен жиыннан кейін Қаратау, Талас жерін тазарту жорықтарында Бөгенбай, Наурызбай, Өтеген, Қойгелді, Сеңкібай, Тойбек, Саңырық батырлармен бірге Ұзынбұлақ, Билікөл, Аңырақайда өткен ірі шайқастарға қатысқан. Бұл жорықтарда Сиқым мыңдығын бастап, есімі Сиқым руының ұранына айналған. Ол 1757 жылдары Сайрам мен Шымкент қ-ларын жоңғар басқыншыларынан азат ету соғысына да қатысып, ерлікке толы қимылдарымен көзге түскен. Жамбыл облысы Жуалы ауданының Б.Момышұлы а-нда Р. б-ға ескерткіш орнатылған. Ұрпақтары Жамбыл облысының Талас, Жуалы, Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек аудандарында тұрады
|
Райымбек Түкеұлы1705, қазіргі Алматы облысы — 1785, Алматы) — батыр, қолбасшы. Ұлы жүз албан ішіндегі алжан руының сырымбет тармағынан. Атасы Хангелді батыр 18 ғ-дың 1-жартысында жоңғарларға қарсы күресте аты шығып, 1733 ж. Төле, Қодар билер, Сатай, Бөлек батырлармен бірге Ұлы жүз қазақтары атынан орыс патшайымы Анна Иоановнаға елші жіберген. Райымбек 17 жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерлік көрсетіп, батыр атанды. Қалмақтың Бадам, Қорын, Ағанас, Секер, т.б. хан, ноян, батырларын жекпе-жекте жеңіп, Қаратау өңірі мен Жетісуды жаудан азат етуге басшылық жасағандардың бірі болған. Торайғыр және Сөгеті таулары аралығындағы "Ойрантөбе” деген жерде өткен шайқаста ерекше көзге түсті. 1733 ж. Бөлек батырмен бірге жоңғарға елші болып барған. Райымбектің ерекше еңбегін оның есімі албан тайпасының ұранына айналғанынан да білуге болады
|
Чигадаев Петр Васильевич (1923, Қостанай облысы Қарабалық ауданы Боскөл ауылы - 26.2.1982, Меңдіғара ауданы Боровской кенті) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сержант, өздігінен жүретін қарулы қондырғының командирі. Орыс. Кеңес әскері қатарына 1942 жылы шақырылды. Украина, Молдова, кейіннен Румыния, Венгрия, Австрия жерлерін азат етуге қатысты. 1944 жылдың 20 тамызында 2-Украина майданының тобы жау бекінісін Яссы қаласы тұсында бұзып өтті. 6-армияның танкішілері дұшпанның үшінші алаптағы қорғаныс шебіне шықты.
Жау ұрысқа өз резервінен үш дивизия қосып, Кеңес әскерлерін Бахлуй өзенінің сырт жағына шығарып тастамақ болды. Бахлуй өзенін кешіп өтушілер сапында Чигадаев та болды. Холл станциясына басып кірген Чигадаев өзінің жауынгер достарымен бірге танкіге қарсы ататын төрт зеңбіректі, алты пулеметті, жүзге тарта жау басқыншыларын жойып жіберді.
|
Петр Васильевич Томасевич (1923, Украина, Одесса қаласы - 1984, Одесса қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сержант, пулемет взводының командирі. Орыс. Соғысқа дейін Жамбыл облысы Жамбыл қаласында (қазіргі Тараз) тұрған. Кеңес әскері қатарына 1942 жылдың күзінде шақырылған. Ол 2- және З-Украина майданында Сталинград қаласынан Венгрия жеріне дейін жеткен. 1944 жылы Томасевич бір топ жауынгерлермен Тиса (Тисса) өзенінен өтіп, плацдармды үш тәулік бойы жауға бермей ұстап тұрды да, Кеңес әскерлерінің өзеннен өтуін қамтамасыз етті. Осы ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін Томасевичке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945). Бұл ұрыста Томасевич ауыр жарақаттанды. Комиссия ержүрек жауынгерді әскер қатарынан босатты. Одесса қаласына оралып, зауытта, кейіннен (27 жасында) Қара теңіз пароход кәсіпшілігінде жұмыс істеді. Мұнда ол қатардағы матростан капитанның бірінші көмекшісіне дейін көтерілді
|
Хмелев Павел Васильевич (1923, Алматы облысы Панфилов ауданы Көктал ауылы - 13.12.1943, Украина, Житомир облысы Радомышль ауданы Будиловка селосы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сержант, 7-гвардиялық кавалер полкінің танкіге қарсы қару командирі. Орыс. Орта мектептен кейін Самарқандтағы автожол техникумында оқыды. 1942 жылдың наурызында Кеңес әскері қатарына шақырылып, кіші командирлер даярлайтын мектепке жіберілді. 1943 жылы 3 қарашада 1-Украин майданының әскерлері Украинаның астанасын неміс басқыншыларынан азат ету үшін шабуыл жасауға кірісті.
|
Оспан батыр (Оспан Исламұлы) (қаз. Оспан батыр; وسپان باتىر; түр. Osman Batur; қыт. 欧斯曼·巴图尔; (1899—1951) — 20 ғ. алғашқы жартысында Шығыс Түркістанның тәуелсіздігі үшін күрескен ұлт азаттық қозғалысының көсемі. Алтай қазағыӨмірбаяны[өңдеу]
1899 жылы Алтай аймағының Көктоғай өңірінде туған. 12 жасында қазақ серкелерінің бірі Бөке батырдың қасына келді.
1951 ж. сәуірдің 29-ында Үрімжіде қытайлар тарапынан өлім жазасына кесілді.
" Қазақ үшін сайтанмен сөйлесуге де бармын! ”
Оспан батыр
|
Жанайдар Орынбайұлы (шамамен 1818, өлытау өңірі — 19 ғ-дың 70-жылдары) — батыр, Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі. 1837 ж. Ақмола дуанына қарайтын арғын тайпасының Қуандық, Сүйіндік, Төртуыл, Қойлыбай, Қалқаман, Темеш, Тінәлі руларының жасақшыларын бастап Кенесары әскеріне келіп қосылады. Кенесары Ақмола бекінісіне шабуыл жасар алдында Жанайдарды бас етіп бекіністі барлауға шолғыншылар жіберді. Шабуыл кезінде ерлігімен, мергендігімен көзге түскен Жанайдар ханның сенімді серігі, қол бастаушы батырларының біріне айналады. Жанайдар өзінің бауырлары Жанатай, Бектұрған, Өтебайлармен бірге Кенесарыға еріп, он жыл бойы азаттық жолындағы шайқастың бел ортасында жүрген.
|
Орман Түктібаев (Үрмәш) (17.11.1917, Қызылорда облысы Қазалы ауданы Түктібаев ауылы - 20.7. 1944, Латвия, Лудза ауданы Нерзкое дер.) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, пулемет ұбөлімшесінің командирі, кіші сержант. Қазақ. Ұжымшарда егін бригадирі болып жұмыс істеген. Кеңес әскері қатарына Қазалы ауданы әскери комиссариатынан шақырылған (17.8.1941). 2-Прибалтика майданы 3-екпінді армия 391-атқыштар дивизиясы 1280-атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1944 жылы 20 шілдеде Перелидер. (Латвия, Лудза ауданы) үшін ұрыста атыс позициясына бекінген Түктібаев қарсы шабуылға шыққан жауды атқылай бастады. Түктібаев тайсалмастан жаудың 20 әскерімен жеке айқасқа түсті. Осы шайқаста Түктібаев жаудың бірнеше әскерін жойып, ерлікпен қаза тапты. Түктібаевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945). Туған жерінде Түктібаев есімімен аталатын ауылда ескерткіш орнатылған. Қазалы ауданының Бекарыстан би атындағы орта мектепке Түктібаев есімі берілген. Ленин, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған
|