Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Ашық сабақтар | [ Добавить материал ] |
06.01.2015, 23:05 | |
Мукушева Лаура Мадияровна қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі ШҚО Шемонаиха қаласы №5 жалпы орта білім беретін мектеп
10 сынып
Пән: қазақ әдебиеті Тақырып: Әнші ақындар шығармашылығы Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Сабақта пайдаланылатын әдебиеттер: 10 сыныптың Қазақ әдебиеті және хрестоматия оқулықтары.
Сабақтың түрі: Нәтиже сабақ Сабақтың жүргізілу әдісі: сұрақ-жауап, талдау,іздену, мағынаны тану,түсіндіру,
Көрнекті құралдар: мультимедиялық слайд, үлестірмелі карточкалар,сызба-нұсқалар.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды психологиялық жағынан дайындау.Сабаққа дайындықтарын тексеру. ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру. ІІІ. Сабаққа деген қызығушылықтарын ояту. 1-тапсырма.Хронологиялық кесте толтыру.Мақсаты- оқушылардың ізденімпаздығын,есте сақтау қабілеттерін арттыру. 2-тапсырма. Түсініктеме күнделік стратегиясы бойынша берілген ақын өлеңдеріне талдау жасау.Мақсаты- оқушылардың шешендік өнерін,ой ұшқырлығын анықтау. 3-тапсырма.Ақан сері Қорамсаұлының «Жақсы мен жаман» өлеңін оқып,мазмұнын ашу, ұнаған шумақтарына сатылай кешенді талдау жасау.Негізгі мақсаты-теориялық ұғымдарды,ережелерді,шығармашылық зерттеулерді,қазақ тілінің сөз байлығын терең игеріп,сөздің ішкі мағынасы мен қолданыс ерекшеліктерін, ана тілінің құдіретін таныту. 4-тапсырма.Берілген өлең шумағын толықтыру.Мақсаты -оқушылардың ойлау қабілеттерін,дарындылықтарын жетілдіру. 5-тапсырма.Тест-интервью бойынша жұмыс.Мақсаты оқушылардың шығармашылық ізденістерін,еркіндігін, сөйлеу мәнері мен тілін жетілдіру.
6-тапсырма. Әнші-ақындар әндерінен үзінді орындау.Мақсаты оқушылардың өнерге деген қызығушылықтарын ояту,өнерді құрметтеу,талант иелерін тани білуге баулу. 7-тапсырма. Сабақты қорытындылау. 10 сұрақтық тест жұмысы. Мақсаты оқушылардың оқулықтағы тақырып бойынша білімдерін бағалау. Үйге тапсырма беру: қорытынды сабақ бойынша оқыған ақындар туралы қандай көркем фильмдер немесе қойылымдар бар екенін ізеп жазып келесіңдер.Сонымен қатар ақындарды сомдаған актерлардың аты-жөнін жазып келу.
Бағалау. | |
Просмотров: 3047 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |