Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 21.2.2020
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2987
Показано материалов: 921-930
Страницы: « 1 2 ... 91 92 93 94 95 ... 298 299 »

Автономдық жүйке жүйесі (грек, autos — өзім, өздігінен; nomos — заң; systema nervosum autonomicum) — адам мен жануарлар организміндегі тамырлар жүйесі (қан айналым жүйесі, лимфа айналым жүйесі, қантүзу) мүшелерінің, ішкі ағзалардың (ас қорыту, тыныс алу, зәр бөлу, көбею жүйелері ағзаларының), эндокринді (ішкі секреция) және экзокринді (сыртқы секреция) бездердің, бірыңғай салалы ет үлпасының қызметтерін реттейтін жүйке жүйесінің тәуелсіз бөлігі. Адам мен жануарлар жүйке жүйесінің бүл бөлігін вегетативтік (лат. vegeto — коздырамын, тірілтемін, жандандырамын) жүйке (нерв) жүйесі деп те атайды. Өсімдіктер түқымының тыныштық жағдайы- нан жанданып өсіп шығу қүбылысы, яғни адам мен жануарлар организмдеріндегі өсімдіктер организмдеріне тән: зат алмасу, көбею, өсу сияқты қызметтерді реттейтін жүйке жүйесінің бөлігі. Вегетативтік жүйке жүйесі өз кезегінде бір-бірімен тығыз байланыста қызмет атқаратын симпатикалық және парасимпатикалық екі бөлікген түрады

Биология | Просмотров: 1109 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 03.06.2014 | Комментарии (0)

Автолиз (гр. 'αὐτός' — өзім, өздігінен; λύσις — ыдырау, еру) — өздерінің жасуша цитоплазмасы құрамындағы гидролиздік ферменттерінің әсерінен жасушалар мен ұлпалардың (тканьдердің) өздігінен ыдырау процесі; ағзаның немесе жасушаның өз құрамының заттар бөліктерін қорытуы. Автолиз бірқатар физиологиялық процестерге тән және қалыпты тіршілік жағдайында өтіп жататын құбылыс.[1]
Автолиз — жәндіктердің түрөзгеруі (метаморфоз) кезеңінде, оқыс тітіркеніс кезінде кесірткенің кұйрығын өздігінен үзіп тастау (автотомия) құбылысы, өлексенің ыдырауы кездерінде және тірі организмнің өліеттену ошақтарында байқалады

Биология | Просмотров: 947 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 03.06.2014 | Комментарии (0)

Авто (грек, autos — өзі, өзім) — өздігінен болатын немесе орындалатын құбылыстарды бейнелейтін күрделі сөздердің (терминдердің) бір бөлігі

Биология | Просмотров: 769 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 03.06.2014 | Комментарии (0)

Абсорбент (лат. absorbeo — сіңіру) :
газдар немесе сұйық ортадағы (ерітіндідегі) заттарды өзінің барлық массасымен сіңіруге, соруға қабілетті сұйық немесе қатты зат. [1]
бойына судан, ауадан иондар мен молекулаларды сорып алатын сұйық немесе кеуекті қатты затАдам мен жануарлардың дене құрылысындағы сіңіргіш құрылымдарға: жасушалардың биологиялық жарғақтары (мембраналары), арнайы (жасушалар микробүрлері) және жалпы органеллалар (лизосомалар т.б.);
Өсімдіктер организмдерінде — тамырдын, сабақтың, жапырақтың беткей жаткан жасушаларының плазмолеммалары жатады.Абсорбент (лат. absorbens— сіңіргіш зат) — абсорбент, көлемді сіңіргіш зат — бойына cудан, ауадан иондар мен молекулаларды сорып алатын сұйық немесе кеуекті қатты зат

Биология | Просмотров: 804 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 03.06.2014 | Комментарии (0)

Аборальдық (лат. ab -дан, -ден, -нан, -нен; лат. or — ауыз) — адам мен жануарлардың бас аумағында қолданылатын халықаралық морфологиялық термин. Термин "ауыздан артқа немесе кері қарай" деген магына береді.

Биология | Просмотров: 629 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 03.06.2014 | Комментарии (0)

Абиотикалық факторлар (гр. 'a' — теріс және bіotіkos — тірішілік, өмір) — бейорганикалық ортаның тірі организмдерге жасайтын тікелей немесе жанама әсерлерінің жиынтығы; сыртқы ортаның бейорганикалық, физикалық және химиялық жағдайлары.[1]
Ол ф и з и к а л ы қ абиотикалық фактор (темпиратура, жарық, жел, ылғалдылық, атмосфераның қысымы, ағыстар, радиациялық деңгей, радиоактивті сәуле шығару т.б.), х и м и я л ы қ Абиотикалық фактор (атмосфера, су, қалдықтар, топырақ, шөгінді құрамы және олардағы қоспалар т.б.), к л и м а т т ы қ абиотикалық фактор (күн радиациясы, атмосфералық жауын-шашын, гидросфералық қысым т.б.) болып бөлінеді. Өсімдік пен жануарлардың ыстыққа, суыққа, ауа қысымына, су тереңдігіне, хим. құрамына қарай бейімделуі, кейбір жануарлардың қысқы, жазғы ұйқыға кетуі т.б. Абиотикалық факторға байланысты. Жер бетінің, ауаның, судың химиялық және физикалық құрамының өзгеруі тірі организмдерге де әсер етеді. Мысалы, 20 ғасырда Арал теңізінің тартылып, ауада тұз концентрациясының көбеюіне байланысты, миллиондаған тонна тұзды шаң тірі организмдерге үлкен әсерін тигізді.
Абиоталық факторды химиялық (атмосфераның, теңіздің, тұщы судың құрамы және тағы да басқалары) және физикалық (климат, орография) деп екіге бөледі. Абиоталық фактор биоталық және антропогендік факторлармен қосылғанда экологиялық факторлар құрайды.

Биология | Просмотров: 2206 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 03.06.2014 | Комментарии (0)

Абиогенез (гр. 'a' — болымсыздық, жоққа шығару, bіos — тіршілік, genesіs — пайда болуы), жансыздан өрбу — тірі табиғатта ферменттердің қатысуынсыз организмнен тыс пайда болатын органикалық қосылыстар; кең мағынасында — эволюциялық даму барысында тіршіліктің яғни тірі организмнің органикалық емес заттардан пайда болуы жөніндегі теория; организмнен тыс, тірі табиғатта ағзадан тыс, ферменттердің қатысуынсыз таралған органикалық қоспалардың қалыптасуы.[1]
19 ғасырдың ортасына дейін ғылымда тіршілік өзінен-өзі пайда болған, өлі заттардан күрделі құрылымды тіршілік иелері шыққан деген ұғым сақталды. Бірақ 18 ғасырда италиялық ғалымдар Ф. Реди, Л. Спалланцани, француз ғалымы Л.Пастер бұл ұғымның қате екенін өздерінің ғылыми еңбектерінде дәлелдеп берді. Абиогенез теорияларының ішіндегі көбірек таралғаны — А.И.Опарин теориясы. Қазіргі кезде ғалымдар жер бетінде тіршіліктің пайда болуы, ерекше ғасыр дәуірде басталған күрделі де ұзаққа созылған процесс болғанын мойындайды. Жер бетінде қалыптасқан сол дәуірдегі жағдайларды жасанды түрде тудыру арқылы 20 ғасырдың ортасында тәжірибе жүзінде белок тектес және басқа да органикалық заттардың абиогенді синтезі жүзеге асырылды. Тіршілік— табиғи дамудың белгілі бір кезеңінде пайда болған материя қозғалысының ерекше түрі. Мұндай қозғалыстағы материя даму барысында алуан түрлі кезеңнен өтеді де, барған сайын күрделене береді.

Биология | Просмотров: 1511 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 03.06.2014 | Комментарии (0)

Абдукция (лат. abductio — сыртқа серпу, алыстату) — адам мен жануарлардың омыртқа бағаналарының бойын бойлай бастан кұйрыққа дейін өтіп, олардың денелерін арқадан құрсаққақарай тепетең екі жарты бөлікке бөлетін орталық сагиттальды (лат. cagitta — жебе) жазықтықтан дененің оң жағына немесе сол жағына сыртқа қарай бағытталған қозғалыс. Аталған қозғалысты іс жүзіне асыратын бұлшықеттерді "абдукторлар" деп атайды.

Биология | Просмотров: 771 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 03.06.2014 | Комментарии (0)

Абдуктор (лат. abductor; ab — сыртқа қарай; duko — серпу, яғни денеден алыстатқыш) - адамда қол мен аяқ, ал жануарларда алдыңғы және артқы аяқтар буындарына әсер ету арқылы аталған мүшелерді денеден алыстататын бұлшық ет. Абдукторларға иық буынын денеден алыстататын "қырарты бұлшық еті" және жамбас-ортан жілік буынын сыртқа қарай тартып қозғалтатын "бөксенің терендегі бұлшық еті" жатады

Биология | Просмотров: 766 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 03.06.2014 | Комментарии (0)

Абдоминальдық (лат. abdomen — құрсақ) — адам мен жануарлар денелерінің құрсақ жағы, морфологияның анатомия саласында қолданылатын термин.

Биология | Просмотров: 656 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 03.06.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 901-910 911-920 921-930 931-940 941-950 ... 2971-2980 2981-2987