Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 21.2.2020
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2987
Показано материалов: 901-910
Страницы: « 1 2 ... 89 90 91 92 93 ... 298 299 »

Айырша без (грек, thymus — тимус) — омыртқалы жануарлар мен адам организмдеріндегі иммундық жүйенің қалыптасуы мен оның қызметінің толық атқарылуын қамтамасыз ететін без. Айырша без иммундық жүйенің орталық мүшесіне жатады. Ол көкірек қуысында орналасқан тақ көкірек бөлігінен және кеңірдектің екі қапталында жатқан жұп мойын бөлігінен түрады. Адам мен жануарлар организмдеріндегі жасушалық және гуморальдық (сүйықтық) иммунитеттердің қалыптасуында маңызды рөл атқаратын Т лимфоциттердің түрліше популяцияларын түзу арқылы айырша без денедегі иммуногендік қызметті реттеуге қатысады. Ол гуморальды фактор — тимозинді организмнің ішкі сүйық ортасына (қан, лимфа, ұлпа сүйығы) бөліп, шеткі лимфоидты мүшелер — лимфа түйіндері мен көкбауырдағы лимфоциттердің көбейіп жетіліп, әсерлі (эффекторлы) клеткаларға айналуын қамтамасыз етеді. Құрылысы жағынан айырша без лимфоидты-эпителиальды мүшелерге жатады.

Биология | Просмотров: 1443 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 03.06.2014 | Комментарии (0)

Азу тістер — тістің шығып тісеуі мен пішініне байланысты: алдыңғы азу тістер (премолярлар) және нағыз азу тістер (молярлар) болып екіге бөлінеді. Алдыңғы азу тістер (dentes praemolares; лат. dens — тіс; лат. praemolaris - алдыңғы азу) адам мен жануарлардың жоғарғы және төменгі тіс доғаларында (аркадаларында) күрек тістерден кейін орналасады. Нағыз азу тістер (лат. dentes molares) алдыңғы азу тістерден кейін, тіс аркадаларының шетіне қарай орналасады. Азу тістер тамақты (азықты) шайнап үсақтауға арналған, өте берік те, қатты ас қорыту мүшелері. Алдыңғы азу тістер адам мен жануарларда алдымен сүт тістері ретінде шығып, нәрестелер мен төлдерде біраз қызмет атқарып тісейді де, түрақты тіспен алмасады. Ал нағыз азу тістер түрақты тіс ретінде тек бір рет ғана шығады. Жыртқыштар мен талғаусыз (шошқа) жануарларда азу тістер — қысқасауытты, тақтұяқты және жұптұяқты жануарларда — ұзынсауытты тістерге, ал пішініне байланысты олар жыртқыштарда - тісше, талғаусыздарда - бұдырлы, тақ тұяқтыларда — қатпарлы, жұптұяқтыларда — айшықты тістерге жатады. Алдыңғы азу тістердің саны жануарлардың түрлеріне байланысты түрліше болып келеді. Ал нағыз азу тістер жануарлар жоғарғы және төменгі тіс доғаларының оң және сол жағында үш-үштен орналасады, тек жыртқыштарда ғана екі-екіден ғана болады

Биология | Просмотров: 1026 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 03.06.2014 | Комментарии (0)

Адренэргиялық жүйке жүйесі — вегетативтік жүйке жүйесінін жүйке түйіндерінен (ганглийлерінен) кейін орналасқан (постганглионды) симпатикалық жүйке талшықтарынан кұралады. Олардың жүйке ұштары адреналин және норадреналин олигопептидті нейрогормондарын бөледі. Адренэргиялық жүйке жүйесіне тер бездерін жүйкелендіретін жүйке талшықтарынан басқа, адам мен жануарлар организмдеріндегі барлық симпатикалық жүйке талшықтары жатады

Биология | Просмотров: 736 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 03.06.2014 | Комментарии (0)

Адренокортикотропты гормон — бүйрекүсті безінің қыртысты затының қыз-метін күшейтетін гормон (АКТГ). АКТГ-ды аденогипофиздің алдыңғы бөлігіндегі цитоплазмасы эозинмен Кызыл түске боялатын жасушалар — кортикотропоциттер бөледі

Биология | Просмотров: 1082 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 03.06.2014 | Комментарии (0)

Адецидуаттар (грек, а — жоқ; лат. deciduus — түсіп қалу, бөліну) — буаздық кезеңінде, жатырдың ішкі кілегейлі қабығыңда (эндометрийінде) төл туғаннан кейін, арнайы бөлініп түсетін қабықшасы түзілмейтін және болмайтын жануарлар. Адецидуаттарға барлық тұяқты үй жануарлары жатады. Төлді туғаннан кейін, бұл жануарларда ұрық қабықтары: бүрлі қабық (хорион), несепқабық (аллантоис) және қағанақ (амнион) жатырдан оңай бөлініп ажырайды. Жатыр эндометрийі зақымданбайды. Себебі, эндометрийдің ішкі бетінде төлден кейін бөлініп түсетін арнайы қабықша болмайды.

Биология | Просмотров: 754 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 03.06.2014 | Комментарии (0)

Аденогипофиз (adenohypopphyisis; грек, aden — без; hypo — төменгі, асты; physis — құрылым) — ұрықтық даму кезінде біріншілік ауыз қуысы эктодермасынан жетілетін гипофиздің безді бөлігі. Гипофиздің бұл бөлігін "безді гипофиз" деп те атайды. Аденогипофизді — гипофиздің алдыңғы, аралық және төмпектік бөліктері құрайды

Биология | Просмотров: 993 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 03.06.2014 | Комментарии (0)

Аденил қышқылы — адам мен жануарлар бұлшықеттер ұлпаларының қызметінде маңызды рөл атқаратын қарапайым нуклеотид. Аденил қышқылы фосфор қышқылының бір молекуласынан, дезоксирибозаның бір молекуласынан және адениннен (азоттық негіз) тұрады.Аденил қышқылы — адам мен жануарлар бұлшықеттер ұлпаларының қызметінде маңызды рөл атқаратын қарапайым нуклеотид. Аденил қышқылы фосфор қышқылының бір молекуласынан, дезоксирибозаның бір молекуласынан және адениннен (азоттық негіз) тұрады.

Биология | Просмотров: 855 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 03.06.2014 | Комментарии (0)

Аддукция (лат. adductio) — организмнің (оң немесе сол) бүйір аумағынан жануарлар денелерінің омыртқа бағанасы бойымен өтіп, денені тепетең екі жарты бөлікке бөлетін орталық сагиттальды (лат. sagitta — жебе) жазықтыққа, яғни ішкі орталық жазықтыққа қарай бағытталған козғалыс. Аддукцияны іс жүзіне асыратын бұлшықеттерді "аддукторлар" деп атайды

Биология | Просмотров: 755 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 03.06.2014 | Комментарии (0)

Аддуктор (adductor; лат. ad — ішке қарай; лат. duco — серпу, яғни ішке тарту, жақыңдатқыш) - адамда қол мен аяқ, ал жануарларда алдыңғы және артқы аяқтар буындарына эсер ете отырып, аталған мүшелерді дене түлғасына жақындататын бұлшықет. Аддукторларға иық буынына әсер ететін "жауырынасты бұлшықеті", жамбас-ортан жілік буынын қозғалтатын "сымбат бұлшықеті" мен "санды жақындатқыш бұлшықет" жатады

Биология | Просмотров: 728 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 03.06.2014 | Комментарии (0)

'Адаптация' (лат. adaptatio — бейімделу) — жануарлар организмдерінің, олардың мүшелер жүйелерінің құрылысы мен қызметі жағынан белгілі бір тіршілік ортасына бейімделу процесі; бір биологиялық түрдің морфофизиологиялық мінез-құлық - популяциялық т.б. оған ыңғайлы табиғи ортада өзіне тән өмір сүруіне мүмкіндік беретін ерекшіліктері. Бейімделу әрбір түрдің барлық даму сатысында даму арқасында қалыптасады. Бейімделу жиынтығы ағзалардың құрлысы мен тіршілігінің табиғи қажеттілігін қалыптастырады.[1]
Адаптация теориясы (лат. adaptatioбейімделу, икемделу) — үндіеуропалыкфлективті формалардын шығу тегі туралы 19 ғасырдың ортасында ұсынылған ғылыми болжамдардын бірі. Ол бойынша сөз түрлендіруші-қосымшалар мен есімдіктер бір-біріне тәуелсіз дербес дамыған, тек кейін грамматикалык мағыналарды білдіру үшін өзара бейімделген. Адаптация теориясысын Бопптын агглютинация теориясына қарама-қарсы ұсынған — санскрит тілін зерттеуші Людвиг. Онын түсіндіруінше, үнді- еуропалыкесім мен етістіктін жалғаулары алғашында жинакты сілтеу мағынасындағы негіздерді жасайтын суффикстер болган. Бірақ әртүрлі мағыналар мен катынастарды білдіру қажеттілігіне байланысты бұл көне негіздерфлективті мағына беретін болған да, ал олардын бүрынғы суффикстері жана грамматикалык категорияларды білдіруге бейімделген. Адаптация теориясы Боппка қарсы бағытта эволюциятеориясымен сабақтасып жатыр (Ф. фон Шлегель). Агглютинация теориясынан бұрын шыккан, бірак жақтаушылары аз болған бұл теория бойынша, жалғаулар — алғашқы, ал есімдік — жалғаулардан шыққан кейінгі элементтер деп түсіндіріледі

Биология | Просмотров: 1601 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 03.06.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 881-890 891-900 901-910 911-920 921-930 ... 2971-2980 2981-2987