Главная » Файлы » Қазақша рефераттар | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2987 Показано материалов: 851-860 |
Страницы: « 1 2 ... 84 85 86 87 88 ... 298 299 » |
Апофиз (көне грекше: apophysis — өсік) — адам мен жануарлар сүйектер індегі қосымша шығатын сүйек өсіктері. Өсіктер көбіне біліктік (остік) қаңқа сүйектер інің ішінде қүйымшақта (адамда — сегізкөз), шеткі қаңқа сүйектер інің ішінде жауырында, шынтақ сүйекте, мықын сүйекте, ортан жілікге, асықты жілікге, өкше сүйекте пайда болуы мүмкін |
Апоневроз (көне грекше: aponeurosi; көне грекше: аро — неден; көне грекше: neuron — жүйке) — жалпақ бұлшықеттердің жалпақ сіңірі. Адам мен жануарлар организмдерінде апоневроз — құрсақ, тұлға, бастағы жақаралық бұлшық еттерде болады. Адамда сіңірлі жіпшелермен арқауланған алақан мен табанның шандырларын да, ғылыми тілде апоневроз — деп атайды |
Апокринді тер безі (көне грекше: glandula sudorifera аросrіпа; көне грекше: glandula — без + көне грекше: sudorifera — тер + көне грекше: арех — төбе + көне грекше: krinos — бөлемін) — солін апокринді секреция арқылы бөлетін тер безі. Апокринді тер бездеріне адамның қолтық, шат және күнтимес (аралық), жануарлардың түкті тері аймақтарындағы тер бездері жатады. Апокринді тер бездерінің өзектері тек тері түктері қынабының қуысына ашылады. Тердің құрамында әрбір жеке организмге тән иісті анықтайтын протеин (жылқы терінде протеин 5% дейін) болады |
Апокринді секреция (көне грекше: арех — төбе, krinos — болемін) — апикальды (төбе) ұштарына жиналған без сөлінің безді жасушалардан (гландулоциттерден) бөлінуі — гландулоциттердің төбе ұштары жағынан жартылай бүзылуы арқылы жүретін процесс. Безді жасушалар апикальды ұштарында жиналған бөлінді тамшылары немесе дәншелері сыртындағы жасуша плазмолеммасымен бірге үзіледі. Тер, сүт және қосымша жыныс бездері секреттерін апокринді секреция арқылы бөледі. |
Аплаценталдар (көне грекше: aplacentalia, көне грекше: а — жоқ + лат. placenta — күлше, ұрықжолдас) — іштөлдерінің ұрықжолдасы (плацентасы) жетілмеген сүтқоректі жануарлар. Аплаценталдарға клоакалы (жұмыртқа салатын) және қалталы сүтқоректі жануарлар жатады |
Апикальды (көне грекше: арех — төбе, ұшы) — түтік тәрізді мүшелер қуыстарын астарлайтын эпителий қабаттары эпителиоциттерінің, бездердің сөл бөлетін соңғы бөлімі гландулоцитгерінің (безді жасушалар) мүше қуыстары жағына қараған төбе ұшы. Гландулоциттердің төбе ұшына без сөлінің майда тамшылары немесе дәншелері безді жасушалардан бөлінер алдында жиналады. Эпителиоциттердің апикальды ұштары — эпителий ұлпаларына тән сору, сіңіру және бөлу процестеріне белсенді қатысады |
Анэструс (көне грекше: anoestrus; көне грекше: an — жок + көне грекше: oistros — құмарлық, әуесқойлық, ынтықтық) — екі жыныстық айналым (цикл) арасындағы жыныстық тыныштық кезең |
Антифертилизиндер - ұрықтану процесі кезінде жұмыртқа жасушасы бөлетін арнайы зат — фертилизинге қарсы әсер ететін, сперматозоид цитоплазмасының беткей қабатында болатын зат. Антифертилизиндер - молекулалық салмағы 10000 жуық қышқыл протеиндер |
Антидиурездік гормон (көне грекше: anti — қарсы; көне грекше: diuresis — зәр бөлу) — гипоталамустың алдыңғы бөлімі көруүсті ядросының (супраоптикалық ядроның) ірі мультиполярлы холинергиялық нейроциттері бөлетін нонапептидгік нейрогормоны. Антидиурездік гормонының қызметі парасимпатикалық жүйке жүйесінің қызметіне сәйкес келеді, яғни ол организмдегі тамырлардың бірыңғай салалы ет ұлпасы қабық тарының жиырылуына, сөйтіп, олардың арнала- рының тарылуына әсер етеді. Сондыктан, антидиурездік гормонды вазопрессин (тамыртарылткыш) деп те атай- ды. Тамыртарылткыш гормон қан тамырларының қабырғасын тарылтып қысу арқылы қанның қысымын арттырады, бүйрек нефрондарының төменгі өзекшелері (дистальды бөлімі) мен жинағыш түтікшелері кабырға- ларын астарлайтын эпителиоциттердің өткізгіштігін күшейтіп, алғашқы несеп (зәр) құрамындағы судың бүйрек тамырларына қарай кері сорылуына ықпал етіп, зәрдің бөліну мөлшерін азайтады да, организдегі судың алмасуын реттеуге қатысады. Вазопрессин гормоны- ның жетіспеушілігі — организмді қантсыз сусамыр (диа- бет) ауруына (зәрдің қалыпты мөлшерден көп бөлінуіне әсер етеді) шалдықтырады. Антидиурездік гормон - супраоптикалық ядро нейропитгерінен бөлінгеннен ке- йін, гипоталамустың алдыңғы бөлімі нейроциттерінің аксондары бойымен жылжып ағып, гипоталамустың медиальды дөңесі мен гипофиз аяқшасы арқылы гипофиздің артқы бөлігі — нейрогипофиздің қан капиллляр- лары қабырғаларымен жанаса орналасқан ұсақ жина- ғыш денешікгерде (Херринг денешіктері) жиналып, қажетгі мөлшерде қанға өтіп отырады |
I. Аномалия (көне грекше: anоmalіa — ауытқу) — қалыпты жағдайдан және жалпы заңдылықтан ауытқу, бұрыстық. |