Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 17.2.2020
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2987
Показано материалов: 841-850
Страницы: « 1 2 ... 83 84 85 86 87 ... 298 299 »

Тазалық-денсаулық кепілі тәрбие сағаты

 

            Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті                                Тәрбиеші:Амирханова.Н.У.
                                                                                             «Восход»ЖББОМ.Ақсоғым ауылы                                                                 
Білім беру саласы:Қатынас.            Теректі ауданы.Батыс Қазақстан облысы.
Бөлімі: Қоршаған  орта.
Тақырыбы: «Тазалық – денсаулық  кепілі»
Мақсаты: Балаларды  тазалыққа,ұқыптылыққа  тәрбиелеу.Тазалық құралдары туралы айта білуге,оларды пайдалана білуге үйрету.

Барысы:
Тәрбиеші: Балалар,бүгінгі сабағымыз  тазалық жөнінде болады.Біздер әрдайым таза жүрсек,ауырмаймыз.Деніміз сау болады.Деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек екен?
Балалар:Жуыну керек,үстімізді ұқыпты ұстау керек,жаттығулар жасау керек.
-Жарайсыңдар,сендер көптеген ережені біледі екенсіңдер.
Қоңырау шылдырлайды.
-Бізге біреу хабарласып жатыр.Кім екен?
-Алло! Бұл кім екен? Дәрігер Айболит? Иә, бұл «Балақан»тобы.Келіңіз.Біз сізді күтеміз.
-Балалар,бізге дәрігер Айболит келеді.Оны қарсы алайық.
Айболит: Сәлеметсіздер ме,балалар! Мен алыс Африкадан келдім.Аңдарды,құстарды,жануарларды емдеймін.Сендердің көңілді көздеріңді,әдемі күлкілеріңді,әдемі тістеріңді қарауға келдім.Сендер жуынасыңдар ма?

Тәрбие сағаты | Просмотров: 26438 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 12.06.2014 | Комментарии (0)

Ас атасы - нан тәрбие сағаты

 


Мақсаты: 1. Асты қадірлеуге үйрету.
2.Нанның дастарқанға қалай келетіндігін айтып, оған көптеген адамдар еңбек ететіндігін түсіндіру.
3.Еңбек адамдарын сыйлай білуге, әр адам нанды үнемдей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:нантуралы нақыл сөздер, стенд, нанның түрлері, наннан жасалатын тағамдар.
1-жүргізуші: Құрметтіұстаздар, оқушылар, ата-аналар. 3-сынып оқушыларының «Ас адамның арқауы»  атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат беріңіздер. 
1-    Оқушы: Қырман басы – береке,
Көп жүрген жер-мереке.
2.Жеріңе жақсылық қылғаның,
Тасыды дей бер қырманым.
3.Егінексең тыңға,
Шықтым дей бер шыңға.

Тәрбие сағаты | Просмотров: 11776 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 12.06.2014 | Комментарии (0)

Наурыз мейрамы тәрбие сағаты

 

«Нұр себеле, ұлыстың  ұлы күні Наурыз!» атты мерекелік шараның 
Индира: Наурыз - көктем мерекесі
Мирхан:Наурыз - жыл басы
Индира:Наурыз - жаңа серпін, жаңа леп
Мирхан:Наурыз  - қуаныш мерекесі,
Индира:Наурыз - Бақыт пен шаттық мерекесі
Мирхан:Наурыз - шаруаның мересі
Индира: Наурыз - еңбек мерекесі
Мирхан:  Армысыңдар, халайық! Құрметті жиналған жамағат Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні-Наурыз құтты болсын.
Индира:  Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа жыл келді. 
Бірге: Той құтты болсын. Ұлыс оң болсын. Ақ мол болсын. Ұлыс мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін. 
    Мирхан:  
 Уа, жараңдар, жараңдар!
Бәрің бері қараңдар,
Наурыз думан басталды,
Бір сәт зейін салайық.
Ұштасқан оймен мәңгілік
Біздерде бар сан ғұрып,
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырып.
Бермен жақын тұрыңдар,
Сөзіме көңіл бұрыңдар.
Жауқазындай Наурыздың
Сіздерге арнар сыйы бар.

Тәрбие сағаты | Просмотров: 9515 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 12.06.2014 | Комментарии (0)

Аранций өзегі — бауырдағы қақпалық вена мен артқы (адамда — төменгі) қуыс венаны жалғастырып тұратын веналық (көктамырлық) өзек. Ол — тек шаранада, іштөлінде (эмбрионда) ғана веналарды жалғастыру қызметін атқарады. Төл туғаннан кейін веналық өзек вена тамырларын жалғастыру қызметін тоқтатып, аталған мүшелерді байланыстыратын байламға айналады

Биология | Просмотров: 793 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 03.06.2014 | Комментарии (0)

Аран немесе ауызжұтқыншақ — ас (азық) қорыту жүйесінің дененің бас аумағында орналасқан бөлімі. Ауызжұтқыншақ екі бөлімнен: ауыз қуысынан және жүтқыншақтан тұрады. Ауыз қуысын (көне грекше: cavum oris, көне грекше: cavum — қуыс, көне грекше: оr — ауыз) — жоғарғы және төменгі ерін, ұрт, тіс, қызыл иек, қатты және жұмсақ тандай, тіл, сілекей бездері құрайды. Ауыз қуысында ас механикалық өндеуден (шайнау, сілекеймен жібіту, араластыру) өтеді және сілекей ферменттерінің әсерінен қорытыла бастайды. Жұтқыншақ (лат. рһагупх) — пішіні қүйғышқа (воронкаға) ұқсаған етті-жарғақты түтікше ағза. Ол ауыз қуысын өңешпен жалғастырып, ауыз қуысында өндеуден өткен асты (азықты) өңешке еткізеді. Жұтқыншақтың қабырғасы үш қабық тан: ішкі - кілегейлі қабық тан, ортаңғы — етті қабық тан, сыртқы - адвентиция кабығынан құралған. Жұтқыншақ — ас қорыту және тыныс алу жүйелеріне ортақ мүше. Оның ішкі кілегейлі қабырғасында ас (азық) және ауа жүретін екі жол айқасып орналасады. Ас (азық) жолының кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен, ал тыныс жолы — бірқабатты кепқатарлы кірпікшелі эпителиймен астарланған. Ас (азық) жұтылған кезде тыныс жолы — мұрын қуысы жағынан жұмсақ таңдаймен, көмекей тесігі — көмекей бөбешігімен (тілшікпен) жабылады. Ас (азық) жұтылғаннан соң, жүмсақ тандай төмен түсіп, бөбешік (бөбешіктің негізін серпімді шеміршек құрайды) алға қарай серпіліп, ауа жүретін тыныс жолы ашылады

Биология | Просмотров: 965 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 03.06.2014 | Комментарии (0)

Аралық жасушалар (көне грекше: interstitiocytus; көне грекше: interstitium — аралық; көне грекше: kytos — жасуша) - аталық (ен) және аналық (жұмыртқалық) жыныс бездері стромасында кездесетін, мезенхимадан дамыған эпителиоциттер тәрізді жасушалар. Аралық жасушалар жүмыртқалықта аналық жыныс гормоны — эстрогендерді, енде аталық жыныс гормоны — тестостеронды түзеді

Биология | Просмотров: 896 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 03.06.2014 | Комментарии (0)

Аралық бүйрек (көне грекше: mesonephos) — құрсақтағы ұрықтың денесінде бастапқы бүйректен кейін, 10-30-дене сегменттері тұсында, яғни дене түлғасы бойында мезодерманың нефротомынан (сегментті аяқшалардан) қалыптасатын бүйрек. Эмбриондық даму кезінде аралық бүйрек бастапқы бүйректі (пронефросты) алмастырады. Аралық бүйректе пронефросқа тән бүйрек өзекшелерінің (нефрондарының) денедегі метамериялық (сегменггік) орналасуы бүзылады. Нефрондардың екінші дене қуысымен (целомамен) байланысы үзіледі. Бүйрек нефрондарының тостаған тәрізді кеңейіп басталатын ұшы қан капиллярлары шумақшасЬіның қапшығына айналып, бүйрекденешіктерін түзеді. Нөтижесінде аралық бүйрек құрылысы жағынан қомақты бүйрекке ауысады. Аралық бүйрек — балықтар мен қосмекенділер кластары өкілдерінде негізгі зәр түзуші ағза болып табылады, ал бауырымен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректі жануарларда ол тек эмбриондық даму кезеңінде ғана уақытша қызмет атқарады

Биология | Просмотров: 796 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 03.06.2014 | Комментарии (0)

Аралшық без немесе Лангерганс аралшықтары (көне грекше: insuli pancreas; көне грекше: insuli — аралшық, көне грекше: pаn — барлыгы, көне грекше: kreas — ет) — ұйқы безінің гормондар бөлетін ішкі секреция (эндокринді) бөлігі. Аралшық без құрылысы мен қызметі әртүрлі безді жасушалар — инсулощптерден (А, В, D, D , РР) құралған. Аралшықтың орталығында орналасқай В инсулоциттер инсулин гормонын (организмдегі қант алмасуын ретгеуге қатысады, гормон жетіспеген жағдайда қант диабеті ауруы өрбиді), шеткі жағындағы А инсулоциттер глюкагон (инсулинге қарсы әсер етеді) гормондарын бөледі. D инсулоциттер аралшықтардың шеткі жағында орналасқан, сирек кездесетін безді жасушалар. Олардың гормоны А және В инсулоциттердін гормон түзу процесін тежейді. D инсулоциттер тым сирек кездеседі, олардың гормондары қанның қысымын төмендетіп, үйқы безінің сөл бөлу қызметін күшейтеді. РР инсулоциттер гормоны асқазан (қарын) мен үйқы безі сөлінің бөліну белсенділігін арттырады

Биология | Просмотров: 1074 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 03.06.2014 | Комментарии (0)

Аралас сүйектер (лат. os mixtum; лат. os — сүйек, лат. mixtum — аралас) — қаңқаның қысқы жөне жалпақ сүйектер інің құрылысына тән қасиеттері ортақ сүйектер . Аралас сүйектердің тұрқы қысқалау және сәл жалпақтау болып келеді. Аралас сүйектерге омыртқалар және бассүйектің негіздік сүйектері (шүйде, сынаша сүйектер ) жатады

Биология | Просмотров: 1171 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 03.06.2014 | Комментарии (0)

Аппозициондық өсу (көне грекше: appositio — қабаттану) — адам мен жануарлар организмдері ұлпалары мен дене мүшелерінің сыртқы жағынан жаңа қабаттар түзу арқылы қабаттана жуандап өсуі. Шеміршек ұлпалары — сыртқы шеміршекқаптағы шеміршек түзгіш жас жасушалар (хондробластгар) түзетін шеміршек ұлпасы қабаттарының, ал сүйек ұлпалары - сүйек қаптағы остеобласттар түзетін қабаттарының қалындауы нәтижесінде жуандап өседі

Биология | Просмотров: 916 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 03.06.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 821-830 831-840 841-850 851-860 861-870 ... 2971-2980 2981-2987