Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 31.1.2020
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2987
Показано материалов: 781-790
Страницы: « 1 2 ... 77 78 79 80 81 ... 298 299 »

Ұлттық аспаптар тәрбие сағаты

 


Сабақтың тақырыбы: Ұлттық аспаптар

Мақсаты: Қазақтың  ұмыт болып бара жатқан көне аспаптары туралы білім беру, оқушылардың ой -өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Ұлттық, әдет – ғұрыптарды сақтау, өнер иелерін құрметтеу.
Сабақтың көрнекілігі: Ұлттық аспаптар, суреттер, домбыра, қобыз, шешендік сөздер, ілінген плакаттар, шиырма кітапшалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Жаңа сабақ.Ұлттық аспаптар.
ІІІ.Ұлттық аспаптармен ойнап көрсету.
IV.Сабақты қорытындылау

Тәрбие сағаты | Просмотров: 3824 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 14.06.2014 | Комментарии (0)

Менің елім-Қазақстан тәрбие сағаты

 

Менің елім-Қазақстан
 
Мақсаты:
1.Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып,білгендерін тереңдету
2.Оқушылардың тарих,география сабақтарында алған білімдерің молайту
3.Отанды сүюге,достыққа,ұлтжандылыққа,еліне,халқына қызмет етуге тәрбиелеу.
 Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан рәміздері,Қазақстанның картасы,слайдтар
 Сабақтың түрі: сайыс сабағы
 Сабақтың барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Алдымызда еліміздің салтанатты да, мерейлі мерекесі-Тәуелсіздік күні келеді.Тәуелсіз ел атанып,өз алдына дербес мемлекет болу-айтар ауызға оңай көрінгенмен,біздің басымызға ол оңай жолмен келген жоқ.Тәуелсіздік алған Қазақстанның алдында жаңа мемлекет құрумен бірге адамдардың жаңа өмірге бейімделуіне жағдай туғызу сияқты аса күрделі жауапкершілік тұрды.

Тәрбие сағаты | Просмотров: 6876 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 13.06.2014 | Комментарии (0)

Қазақ тілі - менің тілім! тәрбие сағаты

 

Қазақ тілі - менің тілім!

Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүйуге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде,  әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері,  салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу. 

Барысы:
Жүргізуші: Саламатыздар ма? Құрметті ұсаздар, қонақтар,  даярлаған мерекелік бағдарламамызды  сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
Мемлекетіміз тәуелсіздік, ана тіліміз  мемлекеттік мәртебе алып, көптен күткен арманымыз орындалды. 
Ия, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрлері,  тіл ерекшелігі болады. Біздің ұлттық тәрбиеміз  ананың сүті, ананың әлдиі, ананың тілінен бастау алады.

Тәрбие сағаты | Просмотров: 3844 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 13.06.2014 | Комментарии (0)

Әке туралы тәрбие сағаты(Әке –асқар тау)

 

Елеуова Жұлдыз Қылышпекқызы                                                                                                    Астана қаласы 

№31 мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі

 Тәрбие сағаты:    «Әке –асқар тау».

  Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым қатынасты     нығайту.Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру.Әкеге деген бала махаббатын ояту.

Көрнекіліктер: мақал –мәтелдер,әкелерінің суреті бар плакат,ребус,шарлар.
 
Сабақ барысы: Құрметті  бүгінгі кешіміздің қонақтары,ұстаздар,ата-аналар,оқушылар сіздерге арналған «Әке-асқар тау» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.

Тәрбие сағаты | Просмотров: 11977 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 13.06.2014 | Комментарии (0)

16 желтоқсан тәуелсіздік күні тәрбие сағаты (Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым-желтоқсан)

 

  «Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым-желтоқсан» 
Мақсаты: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді. Осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрерменге жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
Отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
1-Жүргізуші :  Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар. Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен.
Ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік, Егемендік күні мерекесіне арналған Ар-намысым, қасіретім; мақтанышым-желтоқсан атты тәрбие сағатымызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

Тәрбие сағаты | Просмотров: 3817 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 13.06.2014 | Комментарии (0)

Қайырымдылық туралы тәрбие сағаты(Қайырымдылық һәм сәби)

 

Топ жиынның тақырыбы: Қайырымдылық һәм сәби.
Мақсаты: Қазіргі кездегі өткір мәселелердің бірі – тірі жетім балалардың көбеюі және оларды шетелге сату мәселелеріне тоқталу.Ұл-қыздарымызды қайырымдылыққа,имандылыққа,бірлікке тәрбиелеу.
Жүргізуші:Қоғамдағы әлеуметтік өткір мәселелердің бірі-тірі жетім балалардың көбеюі.Соңғы жылдардың деректеріне сүйенсек,тастанды балалардың саны жылдан-жылға көбейіп отыр.Соңғы кезде халықтың хал-ауқаты,елдің экономикасы түзеліп келеді.Сонда бұл қайшылық қайдан пайда болуда?Сірә,сана-сезім,ата-аналық борыш,ата-баба дәстүріне ақау кіріп,санамызда мүгедектік пайда болған сияқты.

Алтынбек:Әрбір сәби өмірге бақытты болу үшін келеді.Сәби ата-анасы қасында болып,анасының ақ сүтін тоя еміп,мейірімді алақанның жылуын,әкесінің асқар таудай қорғаны екенін сезініп өссе,ол бойына барлық асыл қасиетті жинаған парасатты азамат болып өседі.

Тәрбие сағаты | Просмотров: 11281 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 13.06.2014 | Комментарии (0)

Ана тіл туралы тәрбие сағаты(Ана тілім – ажарым, асыл мұрам)

 

Тәрбие сағаты: Ана тілім – ажарым, асыл мұрам.
Мақсаты: Оқушылардың еліне, ұлтына,тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге, тіл мәдениетін сқтай білуге үйрету, тіліміздің қадір қасиетін бойларына дарыту.
Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер, ақын – жазушылардың портреттері, кітап бұрышы, интерактивтік тақта.
Барысы:
І. Ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалады.
ІІ. Кіріспе сөз
    Құрметті ұстаздар, оқушылар, жиналған қонақтар, қош келдіңіздер! Халқымыздың аса бай рухани қазынасы туған ана тіліміз. Ол қазақ тілі. Елімізден жүзден аса ұлт өкілдері тату – тәтті өмір сүруде. 1989 жылы 11-қыркүйекте қабылданған Тіл туралы заңда «Тіл-халықтың ұлы жетістігі әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі» делінген. Ал 1-баптың 1-тармағында «Қазақ тілі- Қазақстан 

Тәрбие сағаты | Просмотров: 15875 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 13.06.2014 | Комментарии (0)

Отан отбасынан басталады тәрбие сағаты

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік жоспар  « Отан отбасынан басталады»
Обасылық сайыс. Үш топ. Топ үш адамнан: анасы, баласы, әкесі немесе ағасынан (әпкесінен) құралады.


Жоспар:
1.     Жүргізушілер
2.    Қонаттармен таныстыру
3.     Аяжан. Мирас. Ақбаян
4.    Би: «Отаныма арнау»
5.    Жүргізушілер 
6.    Сайыскерлерді шақыру
7.    ән: «Айналайын » хор
8.    1 сайыс «таныстыру»
9.    ән: «Отаным» ұлдар тобы
10.    2 сайыс «викториналық сұрақтар»
11.    ән: «Туған жер»
12.    3 сайыс «мақал–мәтел» сайысы
13.    ән: «Елім менің»
14.    4 сайыс «Балам, саған айтарым»
15.    ән: «Ақ тілек»
16.    5 сайыс «жырымды саған арнаймын»
17.    қорытынды, әділ қазыларға сөз
18.    соңғы ән, фейерверк.

Тәрбие сағаты | Просмотров: 10040 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 13.06.2014 | Комментарии (0)

Достық туралы тәрбие сағаты(Дос және Достық)

 


Тақырыбы:Дос және Достық
Мақсаты:
1.Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы,достықтың шынайы белгісі туралы түсіндіру;
2.Оқушыларды әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру,олардың өзін қоршаған ортасын дұрыс түсінулеріне,өмірге деген көзқарастарының қалыптасуына,һз ойын,пікірін баяндай жеткізе білулеріне көмектесу;
3.Оқушыларды досытққа адал болуға,имандылыққа,сыйластыққа тәрбиелеу;
Түрі:Тренинг элементтері аралас танымдық сағат
Көрнекілігі:интереактивті тақта, нақыл сөздер,сызбалар.
Әдісі:Сын тұрғысынан ойлау страегиясы,сұрақ-жауап.
Барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық
Үлкенге де «сіз»,кішіге де «сіз».
Баршаңызға құрметпен,
Бас иеміз біз.

Тәрбие сағаты | Просмотров: 36272 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 13.06.2014 | Комментарии (0)

Адам құқығы тәрбие сағаты(Адам құқығы және демократиялық қоғам)

 

Тақырыбы: «Адам құқығы және демократиялық қоғам»(жарыс-ойын сабақ)
Мақсаты:Оқушылардың конституция бойынша білгендерін еске түсіру,заңгер ретінде өз сөзін қорғай білуге,мемлекет басқару ісіне араласу құқығын пайдалануға үйрету,құқықтық тәрбие арқылы адамның бойында заңға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, заңды құрметтеу,орындау арқылы мемлекеттің іргетасы мызғымас берік болып қаланатынын түсіндіру.
I-топ : «Мирас» тобы,II-топ: «Қыран» тобы.
Мұғалімнің сөзі:
Жүрісі:
I .Екі топқа ауызша сұрақтар қою арқылы жарыс сабағымызды бастаймыз.
«Мирас» тобына:
1.Конституция сөзінің аудармасы қалай?
2.Қазақ тарихында қабылданған қандай заңдарды білесің?
3.Дүниежүзіндегі елдердің басқару түрі?
«Қыран» тобына:
1.Құқық дегеніміз не?
2.Тұңғыш конституция қай елдерде қабылданды?
3.Дүниежүзіндегі елдердің мемлекеттік құрылысы?

Тәрбие сағаты | Просмотров: 6538 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 13.06.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 761-770 771-780 781-790 791-800 801-810 ... 2971-2980 2981-2987