Главная » Файлы » Қазақша рефераттар | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2987 Показано материалов: 751-760 |
Страницы: « 1 2 ... 74 75 76 77 78 ... 298 299 » |
Экономикадағы экологиялық факторлар
Негізінде жаңа экологиялық – экономикалық жобаны экономика саясында қалыптастыру үшін экономиканы дамытудың экологияландырылған тұжырымдамасын жасау талап етілуде. Қоғам мен техникалық салалардың өзара қарым-қатынасында қоршаған ортамен экономиканың барлық құрылымдары мен функциялары, яғни өндіріс бөлу және тұтыну тартылған десе де болады. Адамзат қоғамының материалдық игілігінде шек жоқ, ал материалдық қажеттілікті қамтамасыз ететін ресурстар шектеулі. Осыған орай, бұл байланыста экономиканың іргелі тәртіптерінің негізіне байланысты қалыптасатынын әсте естен шығармаған жөн. Шектеулі ресурстар мен қажеттіліктерді барынша қанағаттандыруда экологиялық процестерді оңтайландыруда айқын көрініс табады. |
Экономиканың экологиялық жағдайға әсері
Адамның табиғатқа, табиғи өмір сүру ортасына тәуелділігі адам қоғамы тарихының барлық кезеңдерінде байқалған. |
Қазақстандағы экологиялық проблемалар
Экологиялық жағдай қазіргі уақыттағы күрделі мәселенің бірі болып отыр. Ол біздің елімізде де, әсіресе индустриялы, дамыған орталықтарда, соның ішінде ауыл шаруашылық аймақтарында да өткір түрде қойылуда. Табиғи қорларды тиімді пайдалануда, қалаларды, елді мекендерді көгалдандыруда, ұлттық парктер, көгалды аймақтар жасауда көптеген шаралар іске асырылса да, айналадағы ортаны қорғаудағы жауапсыздық, болашақты ескермеушілік орын алып отыр. |
Табиғат пен қоғамның өзара әрекеті
Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын-ұя бесігі, құт-берекесі. Ал адам үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өйткені адамның өзін дүниеге келтіретін аяулы анасы, сондықтан да адамның табиғатты ана деп құрметтеуінде де өте үлкен ұғым жатыр. |
Экология туралы түсінік
Экология - жаңа, жас ғылым саласы. Бұрын соңғы он – жиырма жылға дейін тіптен көңіл бөлінбей келген. Әбден табиғатымыз азып – тозғанда, бұл ғылым саласына бет бұрдық. Енді болашақта, экология саласында білім берудің аясын кеңейте түсу қажет. Ең негізгісі, “экология” пәнін бала бақшаларынан бастап барлық мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында оқытылуын қамтамасыз ету қажет. Сонда ғана ертеңгі күннің белсенді табиғат қорғаушыларын дайындауға мүмкіндік аламыз [10,144б]. |
Қоршаған орта және қоғамның өзара әсері
Адамзат өміріне қажетті материалдық байлықты табиғаттан алады. Қоғамның дамуы ондағы табиғат ресурстарының қорына байланысты. Сондықтан адамзат болашақта күйзеліске (катаклизмге) ұшырамас үшін табиғатпен толық үйлесімде болып, оның байлығын үнемді және қалдықсыз пайдалануға тиіс. |
2030 жылға дейінгі экономикалық стратегия
Қазақстан егеменді, тәуелсіз мемлекет. Ірі көлемдегі әлеуметтік, саяси және экономикалық реформа жүргізілді, жүріп те жатыр. Белгілі ұзақ мерзімді мақсаттар нәтижелері әзірге нашар болса да, оның қайсыбір бағыттары бойынша жетістіктерге қол жетуде. Республиканың экономикасы тұрақтана бастады. Бізде бұрынғы 70 жылдан астам өмір сүрген саяси және экономикалық жүйеден түбірінен өзгеше саяси және экономикалық жүйе жұмыс істеуде. |
Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформа
1991 жылы КСРО құлады, соның нәтижесінде Қазақстан басқа да КСРО құрамындағы республикалар сияқты егемен, тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Әкімшіл - әміршіл жүйе, жоспарлы экономика өмірден кетті. Бұл жүйе өмір сүрген 70 жылдың көлемінде елдің экономикасы тұрақты дағдарысқа ұшырай бастады. Қоғамдық меншік адамдардың еңбекке деген ынтасын жойды, тепе-теңдік үстем болды. Барлығы да жоғарыдан жоспарланды, оны орындау міндетке айналды. Өндірістің негізгі құралдары министрліктердің қарамағына шоғырланды. Қатаң орталықтандырылған принцип орнады. Министрліктер жоғарыдан төменге дейін жоспарлады, бүкіл қорды бөлушіге айналдырды. Жоспар заңға айналды. Өндіріс органдары өз өнімдерінің пайдасының иесі болудан қалды. Өндіріс органдарының материалдық ынтасы жойылды. КСРО өнімінің сапасы жөнінен көптеген елдерден артта қалды. 20 проценттен астам өндіріс органдары тиімсіз жұмыс істеді. Ауыл шаруашылығы сын көтермейтін жағдайға жетті. Ең жақсы, қолайлы деген жылдарда егістің әр гектарынан 17-19 центнерден өнім алды, бұл Еуропа елдерінен 2,5 есе кем еді. Батыс Германияда ауыл шаруашылығындағы бір жұмыскер 67 адамды тамақпен қамтамасыз етті, Америкада бұл көрсеткіш бұдан да жоғары еді, ал КСРО-да 7-8 адамды ғана тамақпен қамтамасыз ете алды. |
Экономика туралы жалпы түсінік
Экономика (грек. oikonomia – шаруашылықты жүргізу өнері) ұғымы алғашында үй шаруашылығын жүргізу туралы заң дегенді білдірген. Қазіргі кезде бұл ұғым одан әлдеқайда кең мағынада: өндіріс, тұтас халық шаруашылығы, жалпы өндірістің әр саласы, қаражат-ақша айналысы, т.б. байланысты айтылады. Біздер экономиканы кең көлемде, қоғамдық өндірістің жүйесі деп түсінеміз. Экономика ұғымы материалдық игіліктер өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды сипаттайды. Экономикалық қатынастар өзге қоғамдық қатынастарды айқындайды, олардың базисі болып табылады [4,53б]. |
Экономика және оның қоғам өміріндегі орны
Қоғамның XX ғасырдағы дамуы экономикалық өмірді ұйымдастырудың екі жолы бар екенін көрсетті. Оның біріншісі – нарықтық экономика, екіншісі – жоспарлы - әкімшілік экономика. |