Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 17.1.2020
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2987
Показано материалов: 701-710
Страницы: « 1 2 ... 69 70 71 72 73 ... 298 299 »

Микоплазмалардың морфологиялық сипаттамасы.                                       
Микоплазмалар- жасуша қабырғасы жоқ, бірақ үш қабатты  липопротеидті цитоплазматикалық мембранадан тұрады. Микоплазмалар пішіні бойынша шар, сопақша, жіпшелі, жұлдыз тәрізді болуы мүмкін.   Микоплазмаларды Берги жіктелуі бойынша жеке топқа жатқызады.  Олардың  өлшемдері әртүрлі: бірнеше микрометрден 125—150-ге нм дейін. Ұсақ микоплазмалар  бактериальді сүзгі арқылы өткендіктен оларды сүзгілі форма деп атайды  Микоплазмалар топырақта, ағынды суларда, әртүрлі субстраттарда табылған.Адам және жануарлар ағзасында патогенді және шартты-патогенді түрлері кездеседі.   Патогенді микоплазмалар тыныс алу жолодарын, зәр шығару және ОЖЖ зақымдайды.  Адам үшін  патогенді Mycoplasma pneumonia, ал  шартты-патогенді -   Mycoplasma hominy және Т-  топтары.                                 

 

Биология | Просмотров: 7679 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 24.07.2014 | Комментарии (0)

Стандарттаудың экономикалық тиімділігі. 
Лекция мақсаты: Стандарттаудың экономикалық тиімділігін қарастыру
Лекция сұрақтары:
1.    Өнімнің өмірлік циклінің әр түрлі сатыларында стандарттаудың экономикалық тиімділігінің негізгі көздері.
2.     Стандарттарды енгізудің экономикалық тиімділігі. 
3.    Өнімді игеру мерзімдерін қысқартуда стандарттаудың атқаратын ролі. 
Лекция мазмұны
Стандарттау объектілерінің көбеюі олардың әлеуметтік және экономикалық өмірдің әр түрлі салаларына енуі, стандарттаудың дамуы көп мөлшерде ресурстардың бөлінуін талап етеді. Ал кейбір жағдайларда ресурстарды тиімді пайдалану, стандарттардың әр бағытта дамуына қажетті ресурстармен қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар ұлғаяды.

Экономика | Просмотров: 3265 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 23.07.2014 | Комментарии (0)

Стандарттау бойыннша халықаралық ұйымдар (ИСО).

Лекция мақсаты:Стандарттау бойыннша халықаралық ұйымдармен студенттерді таныстыру (ИСО).

Лекция сұрақтары:

Стандарттау бойыннша халықаралық ұйымдар (ИСО). Құрылу тарихы. Қызмет сферасы.
ИСО-ның негізгі міндеттері. ИСО-ның мүшелері.
ИСО-ға Қазақстан Республикасының қатысуы.
ИСО-ның ұйымдық құрылымы.
 ИСО-ның комитеттері: ПЛАКО, СТАКО, ИСОНЕТ, ДЕВКО, РЕМКО, КОПОЛКО, КАСКО.
ИСО халықаралық стандарттары. ИСО стандарттарын әзірлеу тәртібі
. Жұмысшы органдары.
Халықаралық стандарттарды әзірлеу процедурасы. 
Лекция мазмұны

Ұлттық стандарттар өздерi әзiрлеген және қолданылатын елдердiң ерекшелiктерiн және ғылыми және техникалық даму деңгейiн көрсетедi. Сондықтан әр елдердiң бiркелкi бұйымдарға арналған стандарттары бiр-бiрiнен өзгеше болуы мүмкiн. Ал бұл жағдай халықаралық сауданың дамуына әжептеуiр кедергi болуда, себебi тауардың сипаттамасын тауарды сатып алушы елдiң стандартымен үйлестiру қажеттiгi туындайды. Халықаралық сауда мен халықаралық ынтымақтастықтың ұлттық стандарттарды үйлестiру, сонымен қатар халықаралық (аймақтық) стандарттарды әзiрлеу және кеңiнен қолдау қажеттiлiгiне әкелiп отыр.

Экономика | Просмотров: 16109 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 23.07.2014 | Комментарии (0)

Мемлекеттік стандарттардың талаптарын орындалуын мемлекеттік бақылау.

Лекция мақсаты:Мемлекеттік стандарттардың талаптарын орындалуын мемлекеттік бақылаумен студенттерді таныстыру

Лекция сұрақтары:
1.    Мемлекеттік стандарттар талаптарының орындалуын мемлекеттік қадағалау. Негізгі мақсаттары.
2.     Мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар. 
3.    Мемлекеттік бақылау объектілері және субъектілері. 
4.    Мемлекеттік бақылау және қадағалаудың нормативтік базасы.
5.     Мемлекеттік қадағалау жүргізудің әдістемесі және формасы. 
6.    Мемлекеттік бақылау және қадағалау шешімдерін рәсімдеу. 
7.    Мемлекеттік инспекторлардың құқықтары және міндеттері. 
8.    Мемлекеттік бақылау шешімдері бойынша жасалынатын іс-шаралар. 

Лекция мазмұны
Стандарттау жұмысын мемлекеттік бақылау және қадағалау
    ҚР-ның стандарттау заңы бойынша мемлекеттік бақылау және қадағалау жұмыстары мемлекеттік стандарттың міндетті талаптарының орындалуын қажет болған жағдайда жүргізіледі. Бұл талаптарға қоршаған орта мен адамдардың денсаулығы, азаматтардың мүлкі, өнім, жұмыс, қызмет қауіпсіздігін қаматамасыз ететін көрсеткіштер, сонымен қатар техникалық және ақпараттық сәйкестік, өзара алмасылымдық, өлшеу мен таңбалаудың бірыңғайлылығы, нарықтық экономика жағдайына сәйкес бақылау мен қадағалау механизмдерінің көрсеткіштері жатады.

Экономика | Просмотров: 4514 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 23.07.2014 | Комментарии (0)

Салааралық стандарттар жүйесі.
Лекция мақсаты:
Лекция сұрақтары:
1.    Өнімді өндіріске әзірлеуді және қоюды стандарттау. 
2.    Еңбек қауіпсіздігі саласындағы стандарттау (ЕҚОС). Қоршаған ортаны қорғау облысындағы стандарттау (ҚОҚ). 
3.    Салааралық стандарттар жүйесі. Конструкторлық құжаттаманы стандарттау (БТҚС).
4.    Технологиялық құжаттаманы стандарттау (БТҚС). 
5.    Жіктеуді стандарттау және техника-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты кодтау (ЖСТЭӘФК).Жіктеу объектілері. 
6.    Технико-экономикалық және әлеуметтік ақпараттар жіктегіштері
7.    . Технико-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты жіктеу және кодтаудың жүйесі. Негізгі принциптері, ережесі,тәртібі және талаптары.   
Лекция мазмұны
   Метрологиялық сараптама – стандарттау мен метрология бойынша конструкторлық және технологиялық құжаттамалардың сапасын қамтамасыздандыру үшін қажет. Конструкторлық құжаттаманың сапасын өндірілген өнімнің сапасы анықтайды. Конструктор есепті шешу үшін минималды шығынмен нәтижеге қол жеткізуге бел буады. Қазіргі уақытта конструкторлық құжаттаманы жасауда сатылардың оптималды реті жасалған және мемлекеттік стандарттармен регламенттелген міндетті сатылар жасалған. 

Экономика | Просмотров: 3982 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 23.07.2014 | Комментарии (0)

Стандарттау бойынша нормативтік құжаттар.
Лекция мақсаты: Стандарттау бойынша нормативтік құжаттар түрлеріментанысу
Лекция сұрақтары:
1.    Нормативтік құжаттар туралы ақпарат.ҚР стандарттау жүйесіндегі нормативтік құжаттар.
2.      Стандарттау бойынша нормативтік құжаттар және оларға қойылатын талаптар. 
3.    Стандарттау  бойынша нормативтік құжаттардың  категориясы, сипаттамасы. Стандарттау объектілері. Тағайындалған талаптар.
4.     Стандарттарды әзірлеу тәртібі.
Лекция мазмұны
Стандарт - нормативтік құжат,ол белгілі бір саланы оптималды дәрежеде ретке келтіруге бағытталған, уәкілетті ұйыммен бекітілген келісім бойынша дайындалған нормативтік құжат. Стандарт ғылыми зерттеудің нәтижесі және техникалық жетістіктерге, тәжірбиеге негізделуі тиіс.
Стандарттаудан басқа стандарттау ережелері, стандарттау бойынша нұсқаулықтар да нормативтік құжатқа кіреді.

Экономика | Просмотров: 21868 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 23.07.2014 | Комментарии (0)

Өнімді жіктеу және кодтау  
Лекция мақсаты:  Өнімді жіктеу және кодтаумен танысу
Лекция сұрақтары:
1.    Өнімді штрихтап кодтау. Шетелдік тәжірибе. 
2.    Өнімді штрихтап, оның қолданысы және қолдану тәртібі. 
3.    Өнімді штрихтап кодтау облысындағы нормативтік құжаттар. 
Лекция мазмұны
Ақпараттық технологияның дамуына байланысты ақпаратты жiктеудiң әдiстерi мен кодтауы өзектi мәселе болып отыр. Бұрынғы КСРО-да жап-жақсы ғылыми-әдiстемелiк база болған және техникалық-экономикалық ақпараттарды жiктеудiң кең жүйесi құрылған болатын.
Алайда экономикадағы қазiргi заманғы нарық шарттары Қазақстан Республикасындағы қолданымдағы жiктегiштердi жаңалауды және жаңасын құруды талап еттi.
Жалпы мемлекеттiк жiктегiшсiз мекемеаралық ақпараттың ағынының келiсiмдiк мәселесiн шешу мүмкiн емес.

Экономика | Просмотров: 3023 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 23.07.2014 | Комментарии (0)

Салалардағы стандарттау.
Лекция мақсаты:
Лекция сұрақтары:
1.    Стандарттау және қоршаған  ортаны қорғау.
2.     Стандарттау және маркетинг.
3.    Қызметті стандарттау.
4.     Стандарттаудың метрологиямен, сертификаттаумен және сапа менеджментімен байланысы.
Лекция мазмұны
Соңғы уақытта экология мен қоршаған ортаны қорғау мәселесі ең керекті, қолға тез алатын проблема болып отыр. Экологиялық жағдайлар дүние жүзі қауымдастығының түбегейлі мәселесі болып отыр, бұл дегеніміз-дүние жүзілік кәсіпорындардан шығатын экологиялық таза емес, газдарды шығаруды  азайту керек деп Киота протоколына қол қойып дайындалған болатын. 
Кейбір шет мемлекеттерде  ауаға тарайтын газдардың, дыбыстардың, электромагниттік жарықталудың деңгейлік өте қатал қадағалап отырады. 
Бұның барлығы стандарттау аумағында қаралады, кейбір бөлігі экология және табиғатты қорғауға негізделеді. 

Экономика | Просмотров: 4213 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 23.07.2014 | Комментарии (0)

Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесіндегі стандарттау.
Лекция мақсаты: Қазақстан Республикасының стандарттау жүйесімен, міндеттерімен танысу. 
Лекция сұрақтары:
1.    Қазақстан Республикасының стандарттау жүйесі. Оның мәні және негізгі міндеттері.
2.    Стандарттаудың әдістемелік негіздері және ҚР-да стандарттау жүйесінің қызметі.  
3.    Қазақстан Республикасында стандарттау жұмысын ұйымдастыру.
4.    Стандарттау органдары және қызметтері. Оның ұйымдық құрылымы. 
5.    Кәсіпорындар және ұйымдардағы стандарттау бойынша қызметтер. 
6.    Стандарттау бойынша техникалық комитеттер. Қызмет бағыттары.
7.     Қазақстан Республикасында стандарттау жұмыстарын жоспарлау және қаржыландыру. 
8.    Стандарттау бойынша жұмыстарды ақпаратты қамтамасыз ету.
Лекция мазмұны
Қазақстан Республикасында мемлекетік стандарттау жүйесі енгізілген, ол стандарттаудың ұйымдастырушылық, әдістемелік, тәжірбиелік негіздерін анықтайды.

Экономика | Просмотров: 5090 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 23.07.2014 | Комментарии (0)

Стандарттаудың құқықтық базасы.
Лекция мақсаты:
Лекция сұрақтары:
1.    Қазақстан Республикасындағы стандарттау бойынша құқықтық базаның дамуы. 
2.    Қазақстан Республикасының  «Техникалық реттеу туралы» заңы (2004 жыл). Оның қолданылуы және негізгі қолдану облыстары.
3.     Өнім,процесстермен қызметтердің қауіпсіздігін және сапасын қамтамасыз етуде стандарттаудың атқаратын ролі. 
4.    Тұтынушылар құқықтарын қорғау қызметіндегі стандарттау.
5.     Қазақстан Республикасының «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» Заңы. Негізгі баптары және оны  қолдану сферасы.

Лекция мазмұны
Қазақстан Республикасындағы стандарттаудың Ұлттық ҚР-ның «Стандарттау және сертификаттау» (1993ж), «Стандарттау» (1999ж), «Техникалық реттеу» (2004ж) заңдарына сәйкес енгізілген. Бұл жүйе ҚР-да стандарттау жөніндегі практикалық іс-қызметті ұйымдастыру, басқару іс-шараларын жүйелі түрде қалыптастырады.

Экономика | Просмотров: 1816 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 23.07.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 681-690 691-700 701-710 711-720 721-730 ... 2971-2980 2981-2987