Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 18.2.2020
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2987
Показано материалов: 61-70
Страницы: « 1 2 ... 5 6 7 8 9 ... 298 299 »

Коммутациялау мақсаты- түйіндерді транзитттік түйіндер желісі көмегімен қосу. Жіберушіден қабылдаудыға дейінгі жолдағы транзиттік түйіндер ( желілік интерфейстер) тізбегі маршрут деп аталады. Коммутациялау есебі бірнеше өзара байланысқан есептерден тұрады:
1.    ақпараттық ағындарды анықтау
2.    ағындар үшін маршрутты анықтау
3.    табылған маршруттар туралы желі түйіндеріне хабарлау
4.    ағындарды тану және әрбір транзитті түйінде жергілікті коммутациялау
5.    ағындарды мультиплестеу және демультиплекстеу
Ақпараттық ағын (data flow, data stream) деп жалпы белгілер жиынымен анықталатын берілгендер тізбегі аталады. Берілгендер байттар тізбегі түрінде болады немесе берігендердің үлкен көлемді бірліктеріне (дестелер, кадрлар, ұяшықтар) біріктірілген.

Информатика | Просмотров: 1323 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 30.03.2016 | Комментарии (0)

Егер желіде Ethernet немесе Token Ring дәстүрлі технологиялары қолданылса, онда Fast Ethernet, FDDI немесе 100VG-AnyLAN-қа ауысу каналдардың өткізгіштік мүмкіндігін 10 есе үлкейтуге мүмкіндік береді. 
Корпоративті компьютерлік желі CAN {Corporation Area Network) бөлінеді. Қандай да бір ұйымға (корпорация) жатады және оған қарайтын қолданушыларға қызмет көрсетеді. Масштабына қарай ол жергілікті, регионалды немесе ауқымды болуы мүмкін. Корпоративті желінің мысалы ретінде: Microsoft фирмасының желілері (АҚШ), автоматтандырылған жүйелер институтының IASNET желілері (Россия) қарастырылады. 
Ауқымды компьютерлік желілерге қосылу үшін телефон сымдары қолданылады. 
Телефон сымдары арқылы мәлімет алмасу процесі электрлік тербеліс түрінде жүруі қажет (дыбыс сигналының аналогы), ал компьютерде мәлімет код түрінде сақталады. Мәліметті компьютерден телефон сымдары беру үшін кодты электрлік тербеліс түріне ауыстыру қажет. Бұл процесс модуляция деп аталады. Демодуляция – адресат өзінің компьютеріне келген мәліметті оқу үшін электрлік тербелістер қайтадан машиналық кодқа айналуы керек. Мәліметті компьютерде сақталынатын цифрлық формадан телефон сымдары арқылы беріле алатын аналог түріне ауыстыратын (электрлік тербелістер) және керісінше әрекет жасайтын құрылғы модем деп аталады (МОдулятор-ДЕМодулятор). Бұл жағдайда компьютерде модемді басқаратын арнайы телекоммуникациялық программа болуы керек. 

Информатика | Просмотров: 2277 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 30.03.2016 | Комментарии (0)

Ethernet технологиясы. CSMA/CD қатынас құру әдістері
    Тікелей ауқымды желімен байланыс өте қымбат, сондықтан компьютерлер Интернетпен  интернет – провайдер арқылы байланысады.
    Интернет – провайдер  – бұл компьютерлік торап (узел), клиент компьютерлерді әр түрлі байланыс тізбегін қолданып Интерентпен  қосуға мүмкіншілік жасайды.

    Сондықтан клиент  компьютерде Интернетпен жұмыс істеу үшін байланыс тізбегімен қосатын жабдық болса болғаны.
Кез келген компьютерді Интернетке қосып,  электронды поштаның, бүкіләлемдік өрмектордың немесе басқа да желі қызмет түрлерінің тұтынушысы болып тіркеуді желі қызметін ұйымдастырушылар – провайдерлер орындайды. Олар ірі қалаларда, жердің жасанды серігі көмегімен байланыс және желілі байланыс тораптарында орналасқан. Қазір Қазақстанда 20 – дан астам операторлар интернет провайдер қызметін орындауда. Олардың ірілеріне «Нұрсат», «Қазақтелеком», «Алтел» және «СА телеком» жатады.

Информатика | Просмотров: 4390 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 30.03.2016 | Комментарии (0)

Жергілікті желінің желілік құрылғылары

    Концентраторлар. Бұл құрылғылар апаратты бір немесе бірнеше түйіндерге қайта таратуға арналған. Кез келген топология түріндегі желілер қолдана береді. Олар бір бірінен сандары, типтері және қосылған кабельдер ұзындықтары арқылы автоматты түрде басқара алады ( үзілген және бұзылған жағдайда қосып және ажырату).
    Қабылдап таратқыштар. Желі жұмыс станциясының контролллерінің пакеттерін қабылдап және оны желіге тарату қызметін атқарады.
    Қайталағыштар. Желідегі сигналдарды күшейтуге және қайта орнына келтіруге арналған құрылғы.
    Көпірлер. Физикалық айырмашылықтары бар жеке түрлерін құруға арналған.
    Шлюздер. Әр түрлі айырбастау протоколдары бар желі түрлерін біріктіруге арналған құрылғы. Шлюздер желідегі протоколдарды қайта құруға арналған, яғни бір форматтағы хабарламаны басқа форматқа ауыстыруды немесе кодтау жүйесінің басқа кодтау жүйесіне ауысуды қамтамасыз етеді.

Информатика | Просмотров: 2444 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 30.03.2016 | Комментарии (0)

 Ауқымды желінің жергілікті желіден айырмашылығы жергілікті желімен қоса өте алыс (жер шарының кез келген нүктесінде) орналасқан компьютермен жұмыс істеуге болады.
Ауқымды компьютерлік желі логикалық үш компонеттен тұрады:
•    Қолданушылардың жұмыс орны (жәй компьютерлер);
•    Серверлер, әр түрлі қызмет атқаратын (күшті компьютерлер);
•    Мәліметтерді беру желілері.
Ауқымды компьютерлік желі  әр түрлі хаттамалармен жұмыс істей алады. Қазіргі уақытта ТСР/ІР хаттамасымен жұмыс істейтін, ауқымды желі – Интернет  (Internet) баршаға белгілі. 
Енді оның тарихына қысқаша тоқталайық. 
DARPA атты американ мекемесі 1966 жылы телекоммуникациялық желілердің жобасын ұсынды. Онда компьютерлерді бір-бірімен өте үлкен қашықтықтар арқылы біріктіріп, орналастырылды. Жүздеген мамандардың жұмыстарының нәтижесінде 1969 жылы алғашқы аймақтық APRANET компьютерлік желісі пайда болды. Ол әскери мақсатта пайдаланылды және онда қашықтықта орналасқан компьютерлерге түрлі программаларды жіберу, электрондық хабарламаларды жіберу және жүйеге ену құқықтарын қолданушы жүзеге асыра алады. 

Информатика | Просмотров: 1613 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 30.03.2016 | Комментарии (0)

Коммуникациялық желі мәліметтерді жіберу үшін арналған, және де ол мәліметтерді қайта құруға байланысты есептерді орындайды. Компьютерлік желілер физикалық қосылу жағдайды қолданудың түрлерімен ажыратылады.
Ақпараттық желі ақпараттарды сақтауға арналған және ақпараттық жүйелерден тұрады.  Компьютерлік желілердің қорында ақпараттық желілердің тобы құрылуы мүмкін:
Ақпараттық жүйе деп ақпараттарды жіберуші немесе тұтынушы жүйе деп түсіну керек.
Компьютерлік желі ақпараттық жүйеден және байланыс каналдардан тұрады.
Ақпараттық жүйе деп ақпаратты сақтауды, өңдеуді және жіберуді қамтамасыз ететін объект деп түсіну керек. Ақпараттық жүйенің құрамына: компьютерлер, программалар, қолданушылар және мәліметтерді өңдеу мен жіберу процессіне арналған басқа да құраушылар жатады. Кейін ақпараттық жүйелер қолданушының есептерін шығаруға арналған жұмыс станциясы (client) деп аталынады. Желідегі жұмыс станциясы жай дербес компьютерден айырмашылығы, желілік карталардың (желілік адаптер) болуы және мәліметтерді жіберуге арналған каналдар мен желілік бағдарламаның қамтамасыз етілуі.

Информатика | Просмотров: 1816 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 30.03.2016 | Комментарии (0)

Қолданбалы хаттамалар OSI моделінің жоғарғы деңгейінде жұмыс істейді. Олар қосымшалар әрекеттестігі мен олардың арасында мәліметтердің ауысуын қамтамасыздандырылады.
Танылған қолданбалы хаттамаларға мыналар жатады:
- АРРС (Advanced Program-to-Program Communication) - негізінен AS/400® қолданылатын. IBM фирмасының бір рангылы SNA хаттамасы;
- FTP (File Transfer Protocol) — файлдарды беруга арналған интернет хаттамасы;
- SNMP (Simple Network Managment Protocol) - желі компонентері мен желі мониторингі үшін арналған интернет хаттамасы;
•    Telnet — мәліметтерді өңдеу және қашықтан орындауға тіркеу үшін арналған интернет хаттамасы;
•    Vicrosoft SM Bs (Server Message Blocks, сервер хабардау блогы) клиенттер қабығы немесе Novel) фирмасының директоры;
•    Apple Talk және Apple Share® - Apple фирмасының желілік хаттамалар жинағы;
•    AFP (Apple Talk Filling Protocol) - Apple фирмасыңың файлдарына кдшықтан қатынау хаттамасы;
•    DAP (Data Access Protocol) — DEC net желі файлдарына қатынау хаттамасы.

Информатика | Просмотров: 2512 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 30.03.2016 | Комментарии (0)

Хаттамалар (protocol) — бұл кейбір байланыстарды реттейтін процедуралар мен ережелер жиыны. Мысалға, бір мемлекет дипломаты екінші бір мемлекеттің дипло-матымен қатынасы тек хаттама түрінде жүргізіледі. Компьютерлік желіде байланыс ережелері осы мақсатта қызмет етеді.
Хаттама - бұл желіде біріктірілген бірнеше компьютерлердің бір-бірімен арақатынасы, техникалық процедуралар мен ережелер.
Хаттамаларға байланысты негізгі үш кезең:
1. Көптеген хаттамалар бар. Олардың барлығы байланысты жүзеге асыруға қатынасқанымен, олардың әрқайсысында өз мақсаттары, әртүрлі тапсырмалары, артықшылықтары мен шекеулері бар.
2. Хаттамалар OSI моделінің әртүрлі деңгейінде жұмыс істейді. Хаттамалардың қызметі жұмыс істеген деңгеймен анықталады. Егер мысалға, хаттама физикалық деңгейде жұмыс істесе, онда ол желілік адаптер тақшасы арқылы дестелердің өтуін және олардың желілік кабелге келіп түсуін қамтамасыздандырады.
3. Бірнеше хаттамалар ортақ қызмет ете алады. Бұл стек немесе хаттамалар жинағы деп аталады.

Информатика | Просмотров: 1453 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 30.03.2016 | Комментарии (0)

Есептеуіш желілерде түрлі өндірушілердің аппаратты-бағдарламалық құралдарын пайдаланудағы айырмашылықтардан және бір өндірушінің осы құралдарының жеке түрленулеріндегі айырмашылықтардан өту үшін Стандарттар жөніндегі халықаралық ұйым (ISO) әртекті жүйелердің (компьютерлер, терминал, процестер, байланыс құралдары және т.б.) желілік өзара әрекеттесуі бойынша ұсыныстар тобын біріктіретін ашық жүйелердің өзара әрекеттесу моделін (OSI) әзірледі. «Ашық жүйелер» термині сәйкес ұсыныстар арқылы кез-келген екі жүйенің өзара әрекеттесу мүмкіндігін білдіреді.
OSI моделі бірыңғай архитектура шебінде желілік өзара әрекеттесу хаттамаларының (ережелер мен келісімдерінің) көп деңгейлік, төменнен жоғары сатылығын сипаттаудың құрылымдалған әдісі болып табылады. OSI моделінің шебінде екі ашық жүйелердің желілік өзара әрекеттесу деңгейлері көрсетілген. Модель желінің екі өзара әрекеттесетін абоненттерді тікелей қосуын ұйғармайды. Бұл жерде байланыстың желі ішіндегі желіні коммутациялаудың кез-келген әдістерін пайдалануы мүмкін.

Информатика | Просмотров: 3060 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 30.03.2016 | Комментарии (0)

Жаңа замандағы желілерде қолданылып жүрген кабельдердің бірнеше түрлері бар.Төменде ең көп қолданылып жүрген кабельдер жайлы жазылған.Мыстан жасалған кабельдердің түрлері электрлік кабельдерді құрайды.Олар телефон желісін жүргізуде және ЛВС-ті инсталляциялауда қолданылады.Ішкі құрылысы бойынша кабельдер қос ширатпа және коаксиалды деп бөлінеді.
«Қос ширатпа» типті кабель(twisted pair)
Қос ширатпа деп,екі өткізгіш біріктіріліп, бірнеше рет ширатылып бұралған тұтас кабельді айтамыз.Сымдарды ширатып бұрау кабель бойымен сигнал жіберген кезде болатын электрлік ақауларды азайтады.Ал экрандалған қос ширатпа кедергілердің болмауын одан да бірнеше есеге ұлғайтады.«Қос ширатпа» кабелі Ethernet, ARCNet и IBM Token Ring сияқты көптеген желілік технологияларда қолданылады.
Қос ширатпадағы кабельдер экрандалмаған (UTP – Unshielded Twisted Pair)  және экрандалған мыс кабельдерге бөлінеді.Соңғысы екіге бөлінеді:әр жұбы экрандалған және жалпы экрандалған (STP – Shielded Twisted Pair) және тек бір ғана ортақ экраны бар (FTP – Foiled Twisted Pair).Кабельдегі экранның бар болуы немесе жоқ болуы жіберілген ақпараттың қорғанысы туралы еш мәлімет бермейді, ол тек өзгеріске ұшырауының әртүрлілігін көрсетеді.

Информатика | Просмотров: 6212 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 29.03.2016 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 41-50 51-60 61-70 71-80 81-90 ... 2971-2980 2981-2987