Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 18.2.2020
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2987
Показано материалов: 651-660
Страницы: « 1 2 ... 64 65 66 67 68 ... 298 299 »

Сәбит Дөнентаев (1894 – 1933)


Қазіргі Павлодар облысында туған. Жас кезінде ескіше хат танып, кейін Павлодарда медреседе оқиды. Өзі мұғалім жалдап, орысша сауатын ашады. Сол кезде А. Құнанбаев пен Ғ. Тоқайдың өлеңдерімен танысады. 1913 жылы тұңғыш өлеңі («Қиялым») «Айқап» журналында басылады. 1915 жылы алғашқы өлеңдер жинағы «Уақ - түйек» деген атпен шығады. 1916 жылы патша жарлығына байланысты империалистік соғыс майданынан қашып, Екібастұз көмір кеніне барады. «Екібастұз» (1916) өлеңінде жұмысшы тұрмысының ауыр азабы суреттеледі.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 4619 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 24.11.2014 | Комментарии (0)

ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫ, Украинадағы Чернобыль атом электр станциясында, 1986 ж. сәуір айында АЭС-тің 4-энергоблогында апат болды. Ч. а-ның нәтижесінде Украинаның елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағы радиоактивтік ластануға ұшырап, адамдар өміріне қауіп төнді. АЭС-тен радиусы 30 км. жерде тұратын халық басқа жерлерге көшірілді. 1986 жылдың қараша айына дейін апатқа ұшыраған блок залалсыздандырылып, оғашталды. Апатты залалсыздандыруға Қазақстан азаматтары да тартылды.

Тарих | Просмотров: 14164 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 21.11.2014 | Комментарии (0)

Экология құқығы түсінігі, экологиялық құқықтық қатынас және қайнар көздері ҚР-ның экологиялық құқығы — айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы. Экологиялық құқықтың мәні — бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы. Экологиялық қатынастар дегеніміз — бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз. Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз — айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз. 

Экология | Просмотров: 5064 | Загрузок: 0 | Дата: 10.11.2014 | Комментарии (0)

Ұлар тауықтектестер тобының қырғауылдар тұқымдасына жататын дене тұрқы біршама ірі құс. Оның бойының биіктігі 60 сантиметрдей, ал салмағы 2-3,6 келіні тартады. Ұлардың сыртқы түрі күркетауыққа ұқсас болғандықтан, кейде оны «тау күркетауығы» деп те атайды. Ол өте сақ құс. Ұлардың арқа тұсындағы қауырсындарында майда ұсақ шұбар дақтары бар, сұр-қоңырқай түсті болып келеді. Қауырсындарының түсі биік таулы алқаптардағы қорым тастарға ұқсас болғандықтан, жүрген жерінде көзге көп байқала бермейді.

 

География | Просмотров: 1383 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 27.10.2014 | Комментарии (0)

Аутоэкология бөлімінің зерттеу нысаны.

Аутоэкология – (грекше autos – өзім және экология) – қоршаған орта факторларының жеке организмдерге, популяцияға, түрлерге әсерін зерттейтін экологияның бір саласы.
Аутоэкология түрлердің алуан түрлі экологиялық жағдайларға (ылғалдану режиміне, жоғары және төмен темп-раларға, топырақтың құнарсыздануына (өсімдік үшін) физиологлиялық, морфологиялық және өзге бейімділіктерін анықтайды. Соңғы жылдары аутоэкология бұларға қоса, орта ластануының химиялық және физикалық түрліше нұсқауларына организмнің жауап қайтару ерекшеліктерін зерттейді. Кейде аутоэкологияны тірі организмдерді, көбінесе сыртқы ортаның абиотикалық факторларына байланысты зерттейтін әдістемелік тәсіл деп санайды.

Экология | Просмотров: 1763 | Загрузок: 0 | Дата: 20.10.2014 | Комментарии (0)

Кәсіпорынның маркетинг қызметін басқарудың теориялық негізі

Соңғы он жылдықтағы Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық процестерінің динамикалық өзгерістерімен, саяси және әлеуметтік өрістерде институционалды қайта құрумен, қоғамның өміріндегі экология рөлінің күшеюімен, шетелдермен қатынастың дамуымен ерекшеленіп отыр. Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және қоғамдық өмірінде жүріп жатқан өзгерістер шаруашылық іскерліктің жаңа жолдарын іздеумен қатар экономикалық тиімділікті қамтамасыз  ету үшін кәсіпорындар алдына бірқатар маңызды мәселелер қояды.  
Осыған байланысты іс жүзінде өте маңызды және құнды мәселе ретінде маркетинг жүйесінің қалыптасуын атап өтуге болады. Еліміздегі халық шаруашылығы құрылымын қайта құру процесінде болып жатқан өзгерістер, өндіруші еркіндігі мен нарықтық ортаны игеру кезінде кәсіпорынды басқару маркетинг тұжырымдамасын қолдануды талап етеді.  
Маркетинг тұжырымдамасы нарықта кәсіпорынның белсенді басымдық саясатының стратегиясы мен тактикасы, шаруашылық іскерлігі және барлық өндірістік ресурстар түрлерін тиімді қолдану нәтижелеріне әсер ететін маңызды құрал. Еліміздегі экономикалық реформаны әлем экономикасымен интеграциялау үшін нарық механизмін, нарықты зерттеу әдістерін және принциптерін, экономикалық конъюнктураны, стратегиялық жоспарлаудың негіздерін, кәсіпорындардың нарықтық жағдайдағы бәсекелестік мүмкіншіліктерін терең білу қажет. Мұндай білімді нарықтық басқару концепциясын зерттейтін маркетинг ғылымы береді. 

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 3522 | Загрузок: 740 | Добавил: Admin | Дата: 19.10.2014 | Комментарии (0)

Өмірдің мәні - қарапайым адам бола білуде, әрбір сәттен ләззат алуда, талпыныс жасауда, әрбір нәрсенің байыбына жетіп қастерлеуде. Бұл негізінде мынадай деп қадап, пішіп, кесіп, қатып қалатын нәрсе емес. Әр адам үшін әр түрлі.


Кейде өзімді түкке тұрғысыз жаны бар тіршілік иесі секілді сезінемін, қарадай көңіл-күйім құлазып, басым ауған жаққа кетіп қалғым келеді. Бой сергіту үшін көшеге шығам: мүгедектер арбасына таңылған жандарды, өмір басқа салғандықтан жол шетінде қайыр сұрап отырған әйелдер мен бала-шағаларды, ішкілікке салынып кетіп отбасынан кетіп көшеге беттері көнектей боп көгеріп жүрген кей жандарды көргенде мен АЛЛАһқа жалбарынып асылық-пендешілік ойларым үшін шын жүректен кешірім тілеймін, менікі ессіздік, тіпті еркелік екенін түсініп ұяламын. Менен мың есе жағдайы төмен, мұқтаждық көріп жатқан жандар бар. Өкініштісі, анда-санда қалтамдағы бес-он тиыныммен көмектескенім болмаса (оны бұлдап тұрғаным жоқ), қоғамды жақсарту үшін, ел мен жұртқа пайдалы заттар істегенім қайда? Мен еңсемді түсіретіндей қиямет-қайым жоқ, он екі мүшем иншаллаһ аман-сау, өмірден баз кешкенім орынсыз, күресу, күресу, тек қана күресу тұр алдымда

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1011 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 19.10.2014 | Комментарии (0)

т Қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Жалпы тәртіп бойынша Қылмыстық жауапкершілікке қылмыс жасау кезінде 16 жасқа толған, ақыл-есі дұрыс адам тартылады. ҚР Қылмыстық кодексінің 14-бабында көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін Қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады. Ішімдік, есірткі немесе басқа да уытты заттардың әсерінен мас күйде қылмыс жасау Қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды. Қылмыстық іс бойынша сезіктіні немесе айыпталушыны прокурордың, тергеушінің не анықтаушының Қылмыстық жауапкершіліктен заңсыз босатуы сот төрелігіне қарсы қылмысқа жатады.
Өмір тіршілік қауіпсіздігі(ОБЖ) | Просмотров: 2401 | Загрузок: 0 | Дата: 09.10.2014 | Комментарии (0)

The education system in Kazakhstan, which includes a number of distinct levels, has been very instrumental in helping this former member of the now defunct Soviet Union achieve economic and political success.[i]  In the following article we will discuss the country’s system of education in great detail, describing the basics associated with each of the aforementioned levels.

The Education System in Kazakhstan

The education system in Kazakhstan is overseen by the Ministry of Education and administered at the local level.  Schooling is mandatory for all students between the ages of 6 and 15, although there are several pre-university educational options for students between the ages of 16-18 as well.[ii]  Below you will find the various levels that make up Kazakhstan’s system of education, beginning with Kindergarten and culminating with the various higher education opportunities available in the country for students seeking advanced degrees and diplomas.

Аралас | Просмотров: 22107 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 06.10.2014 | Комментарии (0)

«Тұрақты даму» түсінігінің туындау тарихы.
 «Тұрақты даму» термині 1987 жылы БҰҰ үшін жасалған баяндамадан кейін кең таралды. Тұрақты даму дегеніміз – қазіргі уақыт мұқтаждығын қанағаттандыратын және келешек ұрпақтың мұқтаждығын қанағаттандыруды қауіпке қоймайтын даму түрі (Брундтланд комиссиясы, БҰҰ, 1987 ж). Тұрақты даму табиғи қорларды олардың байлығы мен біртұтастығы толық сақталатындай етіп тиімді пайдалануға бағытталған. Ол адам дамуы мәселелеріне денсаулық, тамақтану, жұмысбастылық, пен тағы да басқа мәселелердің бірқатарын ескере отырып кешенді түрде қарау қажет деген ұғымды білдіреді. Тұрақты даму мәселесін шешу үшін, ең қарапайым тәсілі әр адамның экологиялық сауатсыздығын жою.

Экология | Просмотров: 3779 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 24.07.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 631-640 641-650 651-660 661-670 671-680 ... 2971-2980 2981-2987