Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 24.2.2020
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2987
Показано материалов: 341-350
Страницы: « 1 2 ... 33 34 35 36 37 ... 298 299 »

Операциялық күшейткіш (Операционный усилитель; operational amplifier, opamp) — 1) әрекеттер тіркесі күшейткіштің қосалқы тізбелерін ауыстырып қосу арқылы өзгертілуі мүмкін аналогтық компьютердің элементі; кернеу өзгерісінің формасы а кірісте белгілі бірматематикалық өрнекке сәйкес болғанда, шығыстық кернеу өзгерісінің формасы а өзгеріс формасына сәйкес болады. Мысалы, қосындыны орындау үшін үдеткіш а-ға программаланған болса, онда оның кірісіндегі кернеу а кернеу кірісіндегі а- ның қосындысына тең болады; 2) кері байланыс тізбегі жоқ күшейткіш. Әдетте, тұрақты ток күшейткіші. Оның күшейту еселігі үлкен, кіріс кедергісі жоғары, алшығыс кедергісі төмен болады.

Физика,механика | Просмотров: 1288 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 17.06.2015 | Комментарии (0)

Транзистор (ағылш. transfer - тасымалдау және resistor - кедергіш) — электр тербелістерін күшейтуге, оларды тудыруға және түрлендіруге арналып жартылай өткізгіш кристалл негізінде жасалған электрондық құрал. Электрондық лампа сияқты қызмет атқаратын транзисторлар одан өлшемінің едәуір кішілігімен, электр энергиясын тұтынудағы аса үнемділігімен, механикалық аса беріктігімен және бүлінбей ұзақ жұмыс істейтіндігімен, бірден әсер етуге әзірлігімен ерекшеленеді. Радиолампа орнына қолданылатын жартылай өткізгіш аспаптар (транзисторлар) негізінде жасалған өте кішкентай радиоқабылдағыштарды көбінесе транзисторлар деп дұрыс атамайды; оның дұрыс атауы — транзисторлы қабылдағыш немесе транзистор негізінде жасалғанқабылдағыш.
1956 жылы қос полярлық транзисторды ойлап шығарғандары үшін Уильям Шокли, Джон Бардин және Уолтер Браттейн физикадан Нобель премиясын алған болатын.

Физика,механика | Просмотров: 1735 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 17.06.2015 | Комментарии (0)

Кодтарды түрлендіргіштер.Индикаторлар 
Санның кодын өзгерту операциясы оны түрлендіру деп аталады.Бұл операцияны орындайтын интегральдық микросхемалар кодты түрлендіргіштер деп аталады. Кодты түрлендіргіштер интегральдық микросхемалар айрықша кең таралған, екілік кодты ондық кодқа, оналтылық кодқа, Грей  кодына және керісінше айналдыратын операцияларға арналған түрде шығарылады. Кодты түрлендіргіштер өзінің құрлымына байланысты дешифраторлар болып саналады, тек қана олар екілік кодты тек қана біреуінде ғана емес бірнеше шығысында түрленділеді.

Физика,механика | Просмотров: 1680 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 17.06.2015 | Комментарии (0)

Тұрақты сақтау құрылғысы
Оперативті есте сақтау құрылғысы немесе ЭЕМ-нің жедел жадысы (RАМ), сондай-ақ тұрақты есте сақтау құрылғысы (RОМ) компьютердің ішкі жадысын құрайды, осы екеуімен процессор жұмыс кезінде мәлімет алмасып отырады. Өңделуге тиісті кез-келген мәлімет алдымен компьютердің сыртқы жадынан (магниттік дискілерден) жедел жадына жазылады.

Физика,механика | Просмотров: 1266 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 17.06.2015 | Комментарии (0)

ЭЕМ-нің функционалдық түйіндері.
Компьютер – өзіне берілген бұйрықтарды орындау арқылы есептерді шығара алатын машина. Қандай да бір есепті шешу үшін берілген бұйрықтардың тізбегі программа деп аталады. Аппараттық жабдықтардың көмегімен орындалатын бұйрықтардың тілін машиналық деп атайды. Бірақ программаларды машиналық тілде жазу қиын. Бұл проблеманы шешудің бірден-бір жолы адамға ыңғайлы жаңа бұйрықтарды ойлап табу. Жаңа тілдің бұйрықтары машинаға түсінікті болу үшін оларды машиналық тілге ауыстыру жолдарын қарастыру қажет. Оны шешу үшін екі тех¬нология белгілі: оның бірі трансляция деп аталатын алғашқы программа¬ның орнына машина тілінде жазылған жаңа программаны орындау. 

Физика,механика | Просмотров: 861 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 17.06.2015 | Комментарии (0)

Жартылай өткізгішті есте сақтау құрылғылары
Жедел есте сақтау құрылғыларының интегралды микросхемалары ақпаратты жазу, сақтау және оқуға арналған және ақпаратты таңдауы еркін есте сақтау құрылғыларының тобына жатады.
Динамикалық ЖЕСҚ интегралды схемалары өзінің күйін тек белгілі бір уақыт аралығында сақтайтын, сондықтан периодтық қалпына келтіріуді немесе регенерацияны талап ететін есте сақтау элементінің негізінде құрылады. Динамикалық ЖЕСҚ-ның есте сақтау элементі ретінде конденсатор қызмет етеді. Онда ақпарат зарядтың болуы немесе болмауы түрінде сақталады. Динамикалық ЖЕСҚ кемшілігі ақпаратты регенрециялау схемасын қосу қажеттілігі болып табылады, бірақ бұл кемшілік ЖЕСҚ басқа типтеріне қарағанда ақпарат сыйымдылығының үлкендігімен өтеледі.

Физика,механика | Просмотров: 1313 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 17.06.2015 | Комментарии (0)

Демультиплексор (Demultiplexer) — мультиплексор орындайтын операцияға қарама-қарсы жұмыс істейтін құрылғы, яғни берілген жұмысалгоритміне байланысты топтық ағынды бірнеше арналарға бөледі.

Физика,механика | Просмотров: 1431 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 17.06.2015 | Комментарии (0)

Мультиплексор (Multiplexer) - екі немесе одан да көп мәліметтер тұтынушылар арасында бір ортақ арна арқылы бір мезетте мәліметтер жеткізуге мүмкіндік беретін қызметтік құрылғы; бір мезгілде бір желі арқылы бірнеше сигнал жеткізуге мүмкіндік беретін құрылғы. Мультиплексор бірнеше кіріс сигналын бір шығыс сигналына айналдыратын логикалық схема немесе бірнеше кіріс ақпараттық ағынын бір шығыс ақпараттық ағынына айналдыратын құрылғы. Мұнда сигналдарды мерзімдік, жиілікті және статистикалық біріктіру тәсілдері қолданылады.

Физика,механика | Просмотров: 794 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 17.06.2015 | Комментарии (0)

Дешифратор (фр. dechiffrer - шешу) — байланыста ұшақтарда, телебасқаруда тек дұрыс кодталған сигналдар мен пәрмендерді қабылдауға, сондай-ақ олардыракетанын, ұшақтын атқарушы орғандарына әсер ететін сигналдарға айналдыруға арналған құрал. Қабылдаушы кондырғыға түсетін көптеген электр импульетерінін ішінен дешифратор тек белгілі бір импульстер жиынтыгын кабылдайды. Атмосфералық разрядтар мен қарсыластар жасаған кедергілер дешифраторға әсер етпейді және оларды атқарушы орғандарга жібермейді. 

Физика,механика | Просмотров: 1726 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 17.06.2015 | Комментарии (0)

Шифратор - импульстерді кодтауға (шифрлауға), яғни берілетін пәрмендерді (мысалы, ракетаға) шартты белгілерге (сигналдарға) айналдыратын телебасқарушы және телеөлшегіш кондырғылардың тасымалдаушы негізгі блоктарының бірі. Қабылдағыш кемерлік аппаратура берілген импульстің қай пәрменге жататынын ажыратуы үшін соңғысы белгілі ара қашықтықта, әрбір пәрмен үшін қатаң тіркеспен берілуі тиіс. Шифраторға сондай-ақ нөсер разряды мен немесе қарсыластар туғызатын өндірістік кедергілер мен радиокедергілер әсер етуі мүмкін. Кемердегі қабылдагыш шифрлаған командалар дешифраторға түсіп, анықталады.

Физика,механика | Просмотров: 934 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 17.06.2015 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 321-330 331-340 341-350 351-360 361-370 ... 2971-2980 2981-2987