Главная » Файлы » Қазақша рефераттар | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2987 Показано материалов: 2881-2890 |
Страницы: « 1 2 ... 287 288 289 290 291 ... 298 299 » |
Бауырсақ
Бауырсақ - Қазақтың ұлттық тағамы. Бауырсақ – бидай ұнын ашытып, әртүрлі үлгіде жасап, майға пісіреді. Қазақтың той, мереке дастарханында міндетті түрде бауырсақ болуға тиісті. Ыстық бауырсаққа сары май жағып жесең, өте дәмді. Бауырсақ қырғыз, татар, башқұрт, ноғайларда да кездеседі. |
Трансформатор (лат. transformo – түрлендіремін) – кернеулі айнымалы токты жиілігін өзгертпей басқа кернеулі айнымалы токқа түрлендіретін статикалық электрмагниттік құрылғы. Трансформатордың жұмыс істеу принципі электро-магниттік индукция құбылысына және параметрлік эффектіге негізделген. Негізгі элементтері магнитөткізгіш және онда орналасқан бірінші реттік орамалар (БРО) мен бір немесе бірнеше екінші реттік орамалардан (ЕРО) тұрады. Трансформатордың барлық орамалары бір-бірімен индуктивті түрде, ортақ магнит өрісімен байланысқан. Бірқатар Трансформаторларда екінші реттік орама қызметін бірінші реттік ораманың бір бөлігі атқарады,[1] мұндай Трансформаторларды автотрансформаторлар деп атайды. Бірінші реттік орамаларның шықпаларын (Трансформатордың кірісі) айнымалы кернеу көзіне, ал Екінші реттік орамаларның шықпаларын жүктемеге қосады. Бірінші реттік орамалардағы айнымалы ток магнитөткізгіште айнымалы магнит ағынын, ал Екінші реттік орамалардағы өзара индукция электр қозғаушы күш (ЭҚК) тудырады. Бірінші және екінші реттік орамалардағы кернеулердің қатынасы олардағы орамдар санының қатынасына тең болады.
|
Электрондық пошта (E-mail).
E-mail немесе электрондық почта – нақты абоненттерге желi арқылы хабарлар жiберу жолымен мәлiмет алмасу тәсiлi. Басқа да байланыс қызмет түрлері сияқты, электрондық пошта қызметі программалар жұбы мен олардың өзара қарым-қатынас хаттамаларының көмегімен жүзеге асырылады. Интернет жағынан программа-сервер, тұтынушы жағынан программа-клиент жұмыс атқарады.Электрондық поштаның жұмысы екі қолданбалы хаттамаға негізделген: 1)шығатын хабарды жіберуге – SMTP (SMTP – Simple Mail Transfer Protocol – пошта жіберетін қарапайым хаттама) хаттамасымен; 2)келіп түсетін корреспонденцияны қабылдауға - РОРЗ (Post Office Protocol 3 – протокол почтового отделения, версия 3) хаттамасымен жүргізіледі. |
Тақырыбы: Қазіргі замандағы жоғары деңгей тілдері: қысқа мінездеме, негізгі түсініктер. Объектіге бағытталған программалау технологиясы.
1. Кіріспе. Программалау тілі - Турбо Паскаль. 2. Паскаль тілінде программалаудың жалпы түрі. 3. Паскаль тілінде сызықтық программа құру. 4. Паскаль тілінде тармақталу (шартты өту), шартсыз өту және таңдау командалары.
1. Кіріспе. Программалау тілі - Турбо Паскаль. Паскаль бағдарламау тілі, XVІІ ғасырда өмір сүрген француз ғалым- философы Блез Паскальдің құрметіне аталып отыр. Осы тілді құрастырушы Швейцариядағы жоғарғы политехникалық мектептің инфроматикалық институтының профессоры Никлаус Вирт болып табылады. Паскаль тілі жөніндегі алғашқы дерек 1971 жылы пайда болып, содан бері тілдің дүниеге келген жылы болып табылады. |
Тақырыбы: Мәтіндік редакторлар. MS Word программасында мәтіндік құжат даярлау. MS Word-та кестелермен жұмыс. Графикалық объектілерді пайдалану.
1. WORD редакторын iске қосу және онымен жұмыс iстеудi аяқтау. MS Word программасында мәтіндік құжат даярлау. Microsoft Word (MS Word) – дүние жүзі елдеріне кең тараған мүмкіндігі мол мәтіндік редактор. Word арқылы мәтінді теру, редакциялау, құжатта түрлі кестелер дайындау және қарапайым геометриялық фигуралар салуға болады. Құжатқа Windows операциялық жүйесінің басқа қосымшаларында дайындалған түрлі мәліметтік үзінділерді, суреттерді кірістіру де қиын емес. WORD-пен жұмыс iстеудi бастау үшiн Windows жүйесiнiң басқа программалары сияқты оны бастапқы инсталляциялық дискеттерден немесе компакт-дискiден компьютерге жазып орнатып алу керек. |
Қазіргі замандағы программалық құралдар Қазіргі кезде түрлі типті компьютерлерге арнап дайындалған программалар жеткілікті. Олар негізінен мынадай кластарға бөлінеді: жүйелік программалар қолданбалы программалар. Қолданбалы программалар – белгілі бір мамандық саласында берілген нақты есептерді шығара алатын әмбебап программалар жиынтығы (мәтіндік редакторлар, электрондық кесте, программалау тілдерінің программалары т.с.с.) Жүйелік программалардың түрлері: операциялық жүйелер (ОЖ) утилиттер сервистік программалар. Операциялық жүйелер туралы жалпы түсінік Операциялық жүйе (ОЖ) ДК-дегі кез келген программалық жабдықтардың ажырамас екінші бір бөлігі болып саналады. Әрбір адамға ЭЕМ-нің барлық құрылғыларын басқару мүмкіншілігін беретін, сол себепті басқа программаларды аппаратурамен байланыс жасаудан босататын, компьютерде жұмыс істегісі келетін әрбір адамға өте қажет операциялық жүйенің алатын орны ерекше болып есептеледі. |
Компютерлік желілер, желілік және телекоммуникациялық технологиялар. Желілер туралы жалпы мағлұмат, алдын-ала жағдай және компьютерлердің желілік әрекеттестік қажеттілігі. Ақпараттық және сәйкес программалық қамсыздандыру.
1. Локалдық және бүкіләлемдік желі. 2. Желілік топологиялар.
1. Локалдық және бүкіләлемдік желі. Сіздер дербес компьютерлердің желілері (торабы) туралы естіген де шығарсыздар. Олардың ауқымды жалпы және жергілікті желілерге бөлінетінінен де хабардар боларсыздар. Бұқаралық ақпараттық жүйеде "Еthеrnеt... 100-мегабитті технология... Желілік технологиялар... Интернеттегі жанжал... Интражелілер..." деген сөздер жиі естіліп жатады. Бірақ біз бұл материалдарды түсіндіру кезінде оқушылар желілермен таныс емес, тек компьютер құрамын біледі деп есептейміз. |
Компьютерлiк вирустар. Компьютерлiк вирустар дегенiмiз – компьютерлiк жүйедегi және желiдегi әртүрлi объектiлерге залалын тигiзуге бейiм программалар. Вирустар компьютермен жұмыс iстеу кезiнде көптеген қолайсыз жағдайлардың туындауына әсер етедi. Олар: - Бiрқатар программалардың жұмыс iстеу жылдамдығы кемидi; - Файлдардың дискiде алатын орны (әсiресе бiрден орындалатын файлдардың) ұлғайып кетедi; - Бұрын болмаған файлдар өз-өзiнен пайда болады; - Кәдiмгi жұмыс iстеу режимiмен салыстырғанда жедел жадыдағы жұмыс iстеу аймағының көлемi азаяды; - Кенеттен әртүрлi бейнелiк және дыбыстық эффектiлер пайда болады және т.б. |
Компьютерде ақпаратты бейнелеу
Компьютер (ағылшынша: computer – «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) – есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады. Компьютер сөзінің анықтамасы алғаш рет 1897 жылы ағылшындық Оксфорд сөздігінде пайда болған болатын. Бұл сөздікте компьютер механикалық есептеуіш құрылғы ретінде көрсетілген. 1946 жылы бұл сөздікте цифрлық компьютер, аналогтық есептеуіш машинасы және электронды компьютер түсініктерінің мағынасы ажыратылып көрсетіледі. |
Есептеу техникасының даму тарихы. Информатиканың геометриялық түсінігі
Есептеу техникасының даму тарихы ерте кезден-ақ басталды: XVII ғасырдың 40-жылдарында Б.Паскаль – сандарды қоса алатын механикалық құрылғыны ойлап тапты; XVIII ғасырда В.Лейбниц сандарды қоса және көбейте алатын құрылғы жасап шығарды; XIX ғасырда Ч.Бэббидж механикалық машинаны программа арқылы басқару жүйесімен біріктірді; XX ғасырдың 30-шы жылдарының соңында Америкада қосу, азайту элементтері, электрондық жад, механикалық компонент енгізілген ЭЕМ құрастырылып шықты. Алғашқы ЭЕМ-ді құру және оның жұмыс істеуінің теориялық негіздерін 1946-1947 жылдары атақты математик, кибернетик Джон фон Нейман дайындап шықты. Мұнда өңделетін ақпарат пен өңдеу программасын сандық түрде дайындау, деректер мен программаны машинаның жадында орналастыру тәсілдері қарастырылған. |