Главная » Файлы » Қазақша рефераттар | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2987 Показано материалов: 2761-2770 |
Страницы: « 1 2 ... 275 276 277 278 279 ... 298 299 » |
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
Ресей империясының қазақ даласындағы хандық билікті жоюы, шекаралық аймақтарда жаңа бекіністерді салып, қазақ жерлерін күштеп тартып алуды одан әрі жалғастыруы, қазақ қоғамында әлеуметтік қатынастардың шиеленісуі Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің шығуына себеп болды. Қазақтардың ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда болған басқа барлық көтерілістермен салыстырғанда Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің ерекшелігі, оған үш жүздің бұқара халқы түгелге дерлік катысты. Бұл күрестің кең қанат жайып, бүкілхалықтық сипат алуы, Кенесары күресінің өзіне тән саяси ерекшелігі деу керек. Азаттық күреске қатысушы рулардың саны күрестің алғашқы жылдарына қарағанда 1843-1845 жылдары көбейе түскені байқалады. Кенесарыны анағұрлым белсенді қолдаған рулар: Қыпшақ, Төрткара, Жағалбайлы, Табын, Тама, Бағаналы, ІІІекті, Алшын, Керей, Жаппас, Арғын, Үйсін, Дулат т.б. Кенесары жетекшілік жасаған азаттық күресіне ру басылары мен билер және басқа да ауқатты топ өкілдері қатысты. Олар, мысалы, Ш. Едігенов, Шорман Күшіков, Мұса Шорманов және т.б. Кенесарыға белсенді қолдау көрсеткендердің бірі оның әпкесі Бопай. Ол өзінің күйеуі Семеке мен оның туыстары сұлтан Сортек пен Досан Әбілқайыровтарды Кенесарыға қосылуға үгіттейді. Олар көнбеген соң күйеуін тастап, баласымен көтерілісшілерге қосылып, Кенесарының бір отрядын басқарады. |
Комплекс қосындылар және қос тұздар. Біз жоғарыда көбінесе екі элементтен тұратың (бинар) қосындыларды талдадық . Енді онан көрі күрделірек — комплекс қосындыларды қарастырайық . Химиядан белгілі комплекс аниондар минералдар арасында да көп кездеседі. Комплекс аниондарда көп валентті кішкене катиондардың айналасын коршаған аз валентті аниондар болады.
|
Конт Огюст (19.1.1798 – 5.9.1857) – француз философы, социологияның негізін қалаушылардың бірі. Конт Огюсттың философиялық көзқарасының дамуы 3 кезеңге бөлінеді: бірінші кезеңде (1820 – 26) Конт Огюст еуропалық қоғам дамуының негізгі кезеңдерін суреттеп, әлеуметік реформалардың мүмкіндігі мен оларды іске асырудың тәсілдерін ой елегінен өткізді.
|
Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезең адамның дерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққасозылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды. Тас дәуірі үш кезеңнен тұрады. Олар көне тас дәуірі (палеолит), орта тас дәуірі (мезолит), соңғы тас дәуірі (неолит).[1] Батыс Еуропаның материалдары негізінде құрылған классикалық схема бойынша ежелгі палеолит үш дәуірге: дошелль, шелль, ашель болып бөлінеді. Орта палеолит соңғы ашель, мустье, ал соңғы палеолит ориньяк, солютре және мадлен болып айырылады. |
1.Қазақстан аумағындағы ерте орта ғасырдағы мемлекеттер (VI-IX ғғ).
VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде аса күрделі бетбұрыстар болған. Алтай-Сібір, Моңғолия жерінде түрік тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, әскер күшіне сүйенген Түрік қағанаты атты ерте феодалдық мемлекет құрды. Олардың жері шығыс Кореядан бастап, Орта Азияның жерінде қамтылған. Қазақстанда бұл қағандықтың құрамына кірген.
Бұл мемлекет туралы жазба деректер түрік тайпаларының өз тілінде жазылған «Үлкен күлтегін», «Таныкөк» құлпытастарындағы жазуларынан белгілі. Махмұд Қашқари, Рашид-ад-диннің тарихи жазбаларынан көптеген құнды деректер алуға болады. Византия, Қытай тарихшылары да мол мәлімет береді. Қазақстанның тарихында бұл мерзім «Түрік дәуірі» (VI-XIII ғ.ғ.) деген атпен белгілі. Қазақ жерінде көрсетілген мерзімде бірнеше феодалдық мемлекеттер өздерінің саяси-әкімшілік биліктерін жүргізді. |
Б. з. д. I - II - б. з. V ғасырларда шығыстан батысқа қарай алғанда, Іледен Талас өзеніне дейін, солтүстіктен оңтүстікке қарай Балқаш көлінен Ыстықкөлге дейінгі аумақта Үйсін мемлекеті жайлады. Осы кезеңнен бастап ежелгі түркі тайпалары мекендеген аймақта көшпелі мемлекеттердің қалыптасуы мен дамуы басталды. Түрік қағанаттарында мемлекеттілік одан әрі жетіле түсті. Билік қағанның қолында болды. Түркілік қағандар мемлекетінің басты белгісі болды. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси істерінің бәріне басшылық жүргізді. Қағандар басқа мемлекеттерге шабуыл жасай отырып, билік құрды. Соғыс арқылы шекараларын кеңейтіп отырды. Бірақ даму барысында мемлекетті билеп отырған тайпадан күштірек тайпалар шығып, соғыс ісін негізгі кәсібіне айналдырған мемлекеттер бірін-бірі ауыстырған. |
Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару органдарымен төленетін негізгі әлеуметтік төлемдер түрлері
Мүгедектігіне немесе асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алуға құқығы бар әр азамат жәрдемақы алу туралы өтінішті зейнетақы төлейтін мемлекеттік орталықтың жергілікті, аудандық (қалалық) бөлімшелеріне, тізімде көрсетілген қажетті құжаттармен бірге тұрғылықты жеріне тапсырылады. Бір мезгілде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқы бар адамдарға өз таңдауы бойынша бір жәрдемақы беріледі. |
Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қазіргі жағдайы Қазақстанда бұрынғы одақтан қалған халықты әлеуметтік қорғау жүйесі болатын. Былайша барлық жүйе мемлекеттік болатын және өзі екі блоктан құрылатын: әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік жүйесі және мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз ету. Қазіргі әлеуметтік қорғау жүйесінде толық ынтымақтастық және мемлекеттік институтардың қатысу деңгейі басым да, ынталандыру деңгейі төмен. |
Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары Қазақстандағы Әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың басты бағыттары халықаларық тәжірибе мен қазіргі жағдайды талдауға негізделуі тиіс. Нарықтың талаптарға сай келетін және минималді шығындармен тұрғындарды көп қаптап қызмет етуде төленетін тұрақты стимулдарды қалыптастыратын жүйесін құру ұсынылады. |
Тарих - бұл адам қоғамының өткені мен осы уақыты туралы, нақты формадағы, кеңістік-уақыттық өлшемдегі қоғамдық өмірдің дамуының заңдылықтары туралы ғылым. Тарихтың мазмұны - бұл адам өмірінің құбылыстарындағы көрінетін тарихи процесс, тарихи ескерткіштер мен деректерде сақталған мәліметтер болып табылады. Бұл құбылыстар әртүрлі, яғни шаруашылықтың дамуына, елдің ішкі және сыртқы қоғамдық өміріне, халықаралық қатынстарына, тарихи тұлғалардың қызметіне қатысты болып келеді. |