Главная » Файлы » Қазақша рефераттар | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2987 Показано материалов: 2751-2760 |
Страницы: « 1 2 ... 274 275 276 277 278 ... 298 299 » |
Алаш мүддесі
Қазіргі таңда азат ұлтпыз,кемеліне келген ұлтпыз деуге толық қақымыз бар. Оған мүмкіндік беріп,жол салған-Алаш мұраты және алаш ардагерлері. «О баста Алаш идеясының, Алаш мүддесінің ұйтқысы - жердің жалпықазақтық меншікке көшуі, мемлекеттік дін мен тілдің үстемдігін орнату, ғылымға сүйенген мемлекет құру, жер асты,үсті байлығы жергілікті ұлттың құзырында болу, игілігін қазақ ұлтының көруін қаматамсыз ету болды» [2-24б] Ал мұның барлығы кейін алаш ардагерлеріне қара күйені жағып, «әр түрлі айыптар тағылып», ату жазасына кесілуге алып келді. |
Атомдық физика Атомның құрылысын және сәуле шығару спектрін зерттейтін физиканың бөлімін атомдық физика деп атайды Ағылшын ғалымы Томсон атомның келесі моделін ұсынды. Бұл модель бойынша атом өлшемдері 10-10м шамасындағы оң зарядталған сфера деп қарастырылады. Осы оң зарядталған сфераның ішінде заряды осы сфераның оң зарядына тең электрондар орналасқан. Томсонның моделі атомның кейбір қасиетін түсіндіргенмен оның көптеген қасиеттерін түсіндіріп бере алмады.
|
Әбу-Л-Хасан Рудаки
Әбу-Л-Хасан Рудаки, Әбу Абдаллах (Әбу-л-Хасан) Жафар Рудаки (860 ж.ш., қазіргі Тәжікстан республикасы, Пенжикент ауд. Рудаки қыстағы — 941, сонда) — тәжік классикалық әдебиетінің негізін салушы, философ. Заманында "Ақындар атасы” атанған. Туындыларының ішінен бізге жеткені "Шарап туралы” қасида, "Кәрілік туралы” ода, 40-қа жуық әр түрлі жанрдағы жырлар. Шығармаларының негізгі идеясы — адам өмірін жырлау. Бұл дәстүр өзінен кейінгі шығыс әдебиетіне зор әсер етті. Ә. Р. өмірдің сәнді, салтанатты жағын, жақсылықты, кіршіксіз таза махаббатты мадақтады, адам бойындағы асыл қасиетті жырлады. Ә. Р. өлеңдері қазақ жұртшылығына ертеден таныс. Ақынның гуманистік сарындағы шығармалары Абай Құнанбаевқа үлкен ықпал жасады. Ә. Р. шығармаларын зерттеуге қазақ ғалымдары Т. Нұртазин, Р. Бердібаев елеулі үлес қосты. Ә. Р-дың өлеңдері Қ. Бекхожин, Ғ. Орманов, Т. Жароков, Т. Шопашев, Қ. Жұмағалиевтердің аудармасы арқылы қазақ тілінде жеке кітап болып шықты (1958, 1965, 1973) |
Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері
Жоспарға сәйкес тақырыптың бірінші сұрауына жауап беру үшін біз әлеуметтану деген не, ол нені зерттейді, оның бъектісі мен пәнін бір-бірінен ажыратып, шатастырмауымыз керек. «Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады.Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелерінің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Әлеуметтану ұғымын XIX ғасырдың ортасында атақты француз әлееументтанушысы Огюст Конт енгізді. Оның алғашқы мазмұны қоғамтану болатын. Тек қана кейіннен, әлеуметтану пәнінің осы ғасыр ішінде рет ауысына байланысты ол өзінің дұрыс, дәл атын тапты. Ендігі жерде біз әлеуметтанудың объектісі мен пәнінің орындарының бір-бірімен алмастырып алудан сақ болуымыз керек.Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, олардың айырмашылығы бар. |
Курстық жұмыстың өзектілігі XX-XXI ғасырда Қазақстанда білім берудің жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс теориясының қалыптасуы қазіргі әлеуметтік жұмыстың негізі болып табылады.Қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелер осы негізгі теориялардың барысында реттеліп,өзінің оңтайлы шешімін тауып отырады.Әлеуметтік құбылыстарды,нақтылы әлеуметтік жағдайды талдап,бағалай білу,әлеуметтік проблемаларды тиімді шешудің жолдары мен тәсілдерін білікті түрде анықтауда осы әлеуметтік жұмыс теориясының алар орны орасан зор. Курстық жұмыстың мақсаты өмірінде экономикалық,әлеуметтік,құқықтық қатынастарды реттеуде,одан туындаған проблемаларды шешуде әлеуметтік жұмыс теориясының орнын және оның қазіргі күнде Қазақстанда қалай жүргізіліп жатқанын көрсету,әлеуметтік жұмыстың шетелдік тәжірибесіне сүйене отырып ҚР-дағы жүргізіліп жатқан әлеуметтік жұмыстың әдістеріне және оның жетілдіру жолдарына тоқталу.(Әлеуметтік жұмыстың көптеген теорияларының қалыптасуына психология,социология мамандары,педагогтар мен психотеропевтердің қосқан үлесі зор.Білімнің жаңа тармақтарының қалыптасуының алдыңғы сатылары) |
Әлеуметтік қорғаудың қағидалары мен атқаратын қызметі
Әлеуметтік қорғау жүйесі белгілі бір қағидаларға негізделеді. Оларға мыналар жатады: 1) Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі экономика және саясат арасындағы байланыс қағидасы. Кедейлікпен күрестің қаруы болып тұтындың орташа деңгейін көтеретін экономикалық өсу табылады. Саясатшылар кедейлерге әлеуметтік көмекті көрсету шаралар жиынтығын анықтайды. |
Әлеуметтік қорғаудың түсінігі, құрылымы
Әлеуметтік саясат негізінде тиімді әлеуметтік қорғау жүйесін құру жатыр. Әртүрлі елдер мен халықаралық ұйымдарда "әлеуметтік қорғау” түсінігі әртүрлі қарастырылады . Өтпелі экономикалық елдерде "әлеуметтік қорғаныс”термині жаңа болып табылады. Әлеуметтік қорғау – бұл қолайсыз жағдайларда (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын және лайықты еңбек ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қаматамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқатттың белгілі бір деңгейін қаматамасыз етуге арналған. |
Жаңа ақпараттық технологиялар
Технология кез келген ғылымның (оның ішінде химия пәнінің де) ажырамас бір бөлігі. Алдымен технология сөзінің мағынасын айқындап алайық. Бұл ұғым 1872 жылы әлемдік техника мен ғылым жетістіктерінің алғаш өркен жая бастаған кезеңдерінде ендірілді. Латын тілінен аудармасы «технос»-кәсіп, өнер, шеберлік; «логос»-«ілім», «ғылым», «пән» деген түсініктерді аңғартады.[3,8] |
Зар Заман Ақындары – қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет (1927) М.Әуезов енгізген термин, зар заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, т.б. Әуезов Зар заман ақындары дәуірін Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып, Нарманбетпен аяқтайды. [1]Зар заман ақындары тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алатынын атап көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа сипатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Зар заман ақындары халқының жай-күйін ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шығармалары халықтық салт-дәстүрлерді қаймағы бұзылмаған қалпында сақтауға, ұлттық болмыс-бітімнен ажырамауға үндейді.
|
Ішек (кишечник) — ас құрамындағы қоректік заттардың қорытылу (химиялық өңдеу) және сіңірілу процестері жүретін түтікше асқорыту мүшесі. ішектер: ащы ішек және жуан ішек бөлімдеріне бөлінеді. Ащы ішекке: 12 елі ішек( ұлтабар ұшы), аш ішек және мықын ішек, ал жуан ішекке: бүйен, тоқ ішек және тік ішек жатады. ішектің қабырғасы үш қабықтан: ішкі-кілегейлі, ортаңғы-етті және сыртқы-сірлі қабықтардан тұрады. Ащы ішектің ішкі бетінде ішек бүрлері болады. ішектердін кілегейлі қабықтарында ішек сөлін бөлетін жалпыішектік бездер және 12 елі ішекте дуоденальды қабырғалық бездер болады.[1]
|