Главная » Файлы » Қазақша рефераттар | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2987 Показано материалов: 2741-2750 |
Страницы: « 1 2 ... 273 274 275 276 277 ... 298 299 » |
Альвеококкоз (alveococcosіs; синонимі: көп камералы эхинококкоз — эхинококк тектес таспа құрттардың (echіnococcosіs alveolars) әрекетінен болатын ауру. Қазақтар кейде оны "бауыр құрт” деп атайды. Құрт иттің, қасқырдың, түлкінің ішектерінде арамтамақ (паразит) ретінде өмір сүреді. Көбінесе бауырда, өкпеде, кейде бүйректе және жүректе де орналасады. Құрт дернәсілі өсе келе сол орналасқан ағзаның бөліктерін біртіндеп зақымдайды. Ауру көп жылдар бойы адамға еш белгі бермеуі мүмкін. Құрт өсіп, көбейе, келе А. белгісі пайда болып, паразит орналасқан органның көлемі ұлғаяды. Егер құрт бауырда орналасса, ол ұлғайып, қатаяды, науқас тез жүдеп, терісі сарғыш тартады, қан құрамында эозинофилдер көбейеді. А-ды толық анықтау үшін рентген сәулесі, ультрадыбыс пайдаланылады және лабораториялық зерттеулер жүргізіледі. А-дың негізгі емдеу жолы — хирур. жолмен алып тастау. |
Аллергия — (көне грекше: ἄλλος— басқаша, ergon — әрекет, жауап) — организмнің қоршаған ортаның кейбір әсерлеріне әдеттегіден тыс сезімталдығы. Аллергия терминін алғаш 1906 жылы Австрия педиаторлары К.Пирке мен Б.Шик енгізген. Аллергия туралы деректер көне заманнан белгілі. Гален (2 ғасыр) раушан гүлінен адам мұрынының бітіп қалатыны туралы жазған. Аллергияны туындататын заттарды аллергендер дейді. Аллергендер организмге сырттан түсетін (экзогендік) және организмнің өзінде өндірілетін (эндогендік) болып ажыратылады. Экзогендік аллергендерге өсімдіктердің тозаңдары, жануарлардың түбіті, қайызғағы, үй шаңы, кір жуғыш ұнтақтар,кейбір тағамдық заттар, дәрі-дәрмектер (новокаин, пенициллин, витаминдер т.б.), микробтар мен вирустар, өндірістік өнімдер жатады. Эндогендік аллергендер көпшілік жағдайларда әртүрлі микробтардың, вирустардың, суық немесе ыстық температуралардың, улы химиялық заттардың, иондағыш сәулелердің әсерлерінен организімнің өзінде пайда болады. Аллерген организмге алғаш рет түскенде иммундық жүйелерге әсер етіп, оның сол аллергенге сезімталдығын көтереді. Кейін бұл аллергеннің қайталап түсуі салдарынан Аллергиялық ауру пайда болады. Аллергияның кең тараған түрлеріне: бронхиалдық демікпе, есекжем, Кванке ісінуі, поллиноздар (грекше pollen — шөп тозаңдарынан дамитын ауру) және анафилаксиялық шок жатады. Аллергиямен ауырған адам аллерголог-дәрігердің бақылауында болуы керек.
|
Айкезбе - аспандағы ай толысқан кезде кейбір сезімтал адамдардың өз-өзінен мазасынданып ұйқысы келмей, түн ішінде ұйқысырап тұрып кезіп жүріп кететін аурудың атауы. Айға байланысты халық жадында сақталған наным-сенім бойынша, айкезбе ай толысқан кезде құбыжыққа айналып, ай қайтқанда ол қайтадан қалпына келеді немесе жаңа туған айдың үшінші жаңасында қымбат метал күмістің тәңірісі ретінде адамға күштірек әсер етеді екен деседі. Айкезбе болған адам дағдылы қимыл-әрекеттерді орындайды, түн мезгілінде өзінен-өзі ұйқылы күйінде жүріп кетеді, кейде өзі білмейтін әртүрлі істер істейді. Ондай сырқатты бақсыға ұшықтатып емдеген. Дәстүрлі наным-сенім бойынша адам ай астында иен далада ұйықтап қалған кезде бетіне айдың сәулесі түссе, айдың шалығы тиіп есі ауып, аузы қисайып қалады деп санаған.[1]
|
Аденофлегмона. Лимфа түйінінің іріңдеп, инфекцияның айналадағы клеткаға таралуы. [1] Пайдаланған әдебиет
↑ Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3 |
Қадірлі қазақстандықтар! Қымбатты отандастар!
Біз бүгін Тәуелсіздік күні қарсаңында жиналып отырмыз. Міне, біз 20 жыл бойы осы ұлы мерекені мақтанышпен атап өтіп келеміз. 1991 жылғы 16 желтоқсанда біз - Қазақстан халқы - егемендікті, бостандықты, әлемге ашықтықты таңдадық. Бүгінгі күні осы құндылықтар біздің күнделікті өміріміздің бөлшегіне айналды. Сол кездері, сапарымыздың басында бәрі басқаша болды. Енді біздің ортақ күш-жігер жұмсауымыздың арқасында елтанымастай болып өзгерді. |
1867-68 жылдардағы реформалар
Қазақстанды Ресейге қосудың аяқталуы империяның қазақ өлкесi жөнiндегi саясатына елеулi өзгерiстер енгiздi. 1868 жылғы "Уақытша ереженiң” 210 параграфы бойынша қазақтардың жерi Ресей империясының мемлекеттiк меншiгi болып жарияланып, қазақ даласы бүтiндей патшалық Ресейдiң еншiсiне көштi. Ресей императорының жарлығымен бекiтiлген 1867-1868 жылдардағы реформалар арнаулы түрде уақытша, яғни үш жылға деп қабылданды. Үш жылдық тәжiрибе мерзiмi өткеннен кейiн оны қайтадан толықтырып, Қазақстанды басқару жөнiндегi жаңа ереже қабылдануы керек болды. 1867 жылғы Түркiстан генерал-губернаторлығын уақытша басқару ережесi 1871 жылы аяқталды. Сол жылдың басында Түркiстан өлкесiнiң генерал-губернаторы Кауфман императорға жергiлiктi отарлау әкiмшiлiгi дайындаған жаңа басқару ережесiн ұсынды. Бiрақ ол бiрнеше министрлiктер мен Ресей империясы ведомстволарының сан алуан тексерулерiнен өтiп, жоба көптеген көрсетiлген кемшiлiктермен қайта қайтарылды. Мiне, дәл осындай жағдай Қазақстанның кез келген жерiнде жүрiп жатты. Бiрақ, жоғарыдағы аталған ереже 1891 жылы "Уақытша ереже” болып қайта қабылданды. Аталған ережелер негiзiнде қазақтардың жерi тартып алынып келiмсек мұжықтар мен кержақтарға таратылды. Қазақстанға осы кезеңде 1,5 миллионнан астам орыс, украин және беларусь келiмсектерi көшiп келдi. Сөйтiп, кең даланы жайлаған елдi мекендердiң аттары өзгертiлiп, оның ұлттық құрамы үлкен өзгерiске ұшырады. Қазақстан патша өкiметiнiң шикiзат базасына айналды. 1867-1868 жылдар аралығында Қазақстан территориясы Орынбор, Батыс Сiбiр және Түркiстан генерал-губернатор құрамына кiрдi. Орынбор генерал-губернаторы құрамында Орал және Торғай облысы болды. Батыс Сiбiр генерал-губернаторлығының құрамына Ақмола және Семей облысы, Түркiстан генерал-губернаторлығының құрамына Сырдария және Жетiсу облыстары ендi. |
Абайдың тәрбие туралы көзқарастары Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы классик ақыны, ағартушы демократы, ұлтымыздың рухани мақтанышы. Абай өз ауылында арабша хат танығаннан кейін, он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесінде 3 жыл оқиды. Оқуға зерек, ұғымтал Абай діни сабақтармен қоса өз бетінше араб, парсы тілдерін үйреніп, шығыс классиктері: Низами, Сағди, Хафиз, Науан, Физули еңбектерімен танысып, тағылым алады. |
Абылай ханның қазақ хандығын нығайту жолындағы қызметі
Басы
Ал сауда–саттық жүргізу ісіне көп көңіл бөлгені де орынды еді. Бұрын айырбас сауда тек Орынборда ғана жүргізілсе, енді 1760-шы жылдары Троицкіде, Семейде, Қызылжарда жүргізілетін болды. Ертіс өзенінің сол жағын бойлай шығысқа – Қытайға қарай «Абылай жолы» атты сауда жолы салынды. Қазақ хандығы мен Қытай арасындағы сауда–саттық биік дәрежеге көтерілді. Тарбағатай мен Құлжада жәрмеңкелер ашылып, олар қазақтарға малын, қолөнер бұйымдарын Қытай тауарларымен айырбастауға мүмкіншілік тудырды және Ресей мен Орта Азия мемлекеттеріне де Қытаймен сауда қарым–қатынасын орнатуға жол ашты. |
Адамгершілік мәдениеті
КIРIСПЕ
Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеументтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi бастауышта қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Бастауыш мектептен бастап оқушыларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да бастауыш мектептен бастап оқушының жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек. |
Адамның шығу тегі
Адамның жануарлар, әсіресе сүтқоректілермен құрылысының ортақ жобасы және ұйымдасуының көптеген белгілерінің ұқсастығы көп уақыттан бері адамдардың назарын аударып келеді. Адамның табиғаттағы орнын түсінуге, оның басқа организедермен ұқсастығын, өзгешелігін, адам типіндегі алуан түрлі белгілерінің болу себептерін түсіндіруге көп елдердің адамдары көне заманнан-ақ, мүмкін жалпы ғылыми білім пайда болға кезден бастап әрекет жасаған болар. Адамның шығу тегі туралы алғашқы эволюциялық көзқарастар көне заман ойшылдарының еңбектерінде кездеседі. XVIII-ғасырда К.Линней адамды лемур және маймылмен бірге приматтар отрядына жатқызады. Ламарк адам ағаштарға өрмелеуден жер бетімен жүруге көшкен маймыл тәрізді ата-тектерден шықты деп жорамалдайды. |