Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 28.1.2020
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2987
Показано материалов: 2691-2700
Страницы: « 1 2 ... 268 269 270 271 272 ... 298 299 »

Анемиялар

Анемия деп қанның белгілі көлемінде гемоглобиннің және эритроциттердің, жиі олардың сапалық өзгерістерімен қабаттасатын мөлшнрі азаюын айтады. Кейде эритроциттердің саны азаймауы мүмкін (теміртапшылықты анемия,талассемия).

   Анемияның себептері: әртүрлі дерттер мен уланулар, қан өндірілуге қажетті заттардың жеткіліксіздігі, сүйек кемігінің гипоплазиясы, эритроциттердің гемолизі, қанкетулер анемия дамуына әкелуі мүмкін.

   Анемия кезінде қанның тыныстық қызметінің бұзылуы нәтижесінде оттегінің жеткіліксіздігі дамиды, алқыну, жүрек қағы байқалады. Анемия үдеуінен ауыр гипоксия дамуы өлімнің себебі болады.

Биология | Просмотров: 5457 | Загрузок: 100 | Добавил: Admin | Дата: 11.12.2013 | Комментарии (0)

Аллергиялық диатез.

 

«Диатез» гректің бейімділік деген сөзі. Яғни тері мен шырышты қабаттардың қабынуға бейімділігі. Бұл тұқым қуалайтын жағдай.

 

Осы жағдайдың әсерінен зат алмасу бұзылады, әсіресе су және минералды тұздардың алмасуы, организмнің ауруға қарсы тұру қабілеті төмендейді. Сондықтан балалар жиі ауырады, аурулары ұзаққа созылады, жиі асқынып кетеді.

Биология | Просмотров: 3137 | Загрузок: 118 | Добавил: Admin | Дата: 11.12.2013 | Комментарии (0)

Вирусты гепатит

 

Вирусты гепатит жиі кездесетін жұқпалы аурулардың бірі. Негізінен бауыр зақымданып, зат алмасуы бұзылып, денесінің сарғаюымен қатар басқа да клиникалық көріністері ұқсас вирусты аурулар.

 

Қоздырғышы:-жай микроскоппен табылмайтын вирус. Оның 4 түрі бар: «А» вирусы, «В» вирусы, не «А» не «В» емес вирус, Дельта-вирус.

Биология | Просмотров: 4928 | Загрузок: 106 | Добавил: Admin | Дата: 11.12.2013 | Комментарии (0)

Эндемия (грек. endon – ішкі және demos – аумақ, ел) – тиісті әлеуметтік және табиғи жағдайларға байланысты белгілі бір аумақтағы адамдар арасында жұқпалы аурудың қалыптасқан тұрақты түрі. Э-лық процестің ішкі реттелу заңдылықтары, яғни қоздырғыш (микроб) пен ие (адамдар мен жануарлар) арасындағы әрекеттестік көптеген сыртқы көріністермен сипатталады; процестің саны мен сапасының өзгеруіне ішкі реттелу механизмінің тікелей ықпалымен қатар, әлеум.-табиғи факторлар әсер етеді. Олар осы процестің білінуін, сандық тұрғыдан таралу ерекшеліктерін (аумақтық, маусымдық, жылдық, т.б.) сипаттау арқылы оның сыртқы реттелу механизмін түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен Э. – аумағы шектелген жердегі тұрғындар арасында ұзақ уақыт бойы тіркеліп отыратын, бірден бұрқ етіп көбеймейтін жұқпалы аурулардың таралуы болып табылады. Мұндай жағдай табиғи-ошақтық зооноздық (малдардан жұғатын) инфекцияларға тән. Дегенмен кейбір антропоноздардың (адамдардан жұғатын) таралуы белгілі бір аумақпен шектеледі (мыс., тырысқақ). Ал безгек індеті көбінесе осы аурудың қоздырғышын адамдарды шаққанда жұқтыратын маса түрлерінің өсіп-өнуіне қолайлы климаты бар жерлерде жиі кездесетіні белгілі. Э-лық ауруларға қарсы тиісті шаралар дер кезінде жүргізілмесе, көптеген елді мекендерді қамтитын эпидемияға (қ. Індет) айналып кетуі мүмкін.

Биология | Просмотров: 1003 | Загрузок: 101 | Добавил: Admin | Дата: 11.12.2013 | Комментарии (0)

Шемен— қан мен лимфа сұйығының қалыптан тыс көп бөлініп, организм тініне қайта сіңуінің нашарлауынан тері асты май қабаттарына, тіндерге, буынға, органдарға сұйықтықтың (транссудаттың) жиналуы. Транссудаттың құрамында белок аз, тұнық болады. Шеменнің пайда болу себебі әр түрлі. Ол көбінесе жүрек-қан тамыр аурулары кезінде, бүйрек зақымданғанда, ісік пайда болғанда, ашыққанда, уланудың кейбір түрлерінде көрініс табады. Шеменнің жергілікті және жалпы түрлері ажыратылады. Жергілікті шемен кезінде вена тамырының қысылып жаншылуынан қан айналымы бұзылады. Әр түрлі органдарда пайда болуына байланысты, мысалы, іш қуысында пайда болса — асцит, көкірек қуысында — гидроторакс, жүрек қабында — гидроперикард, буында — гидроартроз, ми қабығында — гидроцефалия, ен қабатында — гидроцеле, т.б. деп аталады. Шеменнің жалпы түрі жүрек-тамыр, бүйрек ауруларында және ашыққанда болады. Сұйықтық жиналған жер, әдетте ісініп, көлемінің ұлғайғаны байқалады. Сұйықтық жиналған жерді саусақпен басқанда шұңқырайып қалады. Емі: Шеменге себеп болған дертті тауып емдеу. Кейде жиналған сұйықтықты пункция жасау арқылы сорып алады. Ауру асқынған жағдайда хирургиялық операция жасалынады.
Биология | Просмотров: 1375 | Загрузок: 128 | Добавил: Admin | Дата: 11.12.2013 | Комментарии (0)

Цистит (лат. cyctіtіs; грек. kystіs — қуық және іtіs — қабыну) — қуықтың өте жиі кездесетін қабынуы. циститпен балалар да, ер адамдар да, әсіресе әйелдер жиі ауырады.

Мазмұны 

1 Аурудың қоздырушылары

2 Этиология

3 Eмделу

4 Ciлтемелер :

Аурудың қоздырушылары

 

Аурудың қоздырушылары: ішек таяқшасы, протей, стафилококк, т.б. инфекциялар. Бұлар қуыққа гематогендік жолмен организмдегі қабыну ошағынан немесе сырттан уретра (үрпі түтігі) арқылы жыныс мүшелерінен енеді. Аурудың дамуына қуыққа салқын тигізу, іш қату және ысталған, сүрленген тағамдарды көп жеу, т.б. әсер етеді. циститтің екі түрі ажыратылады.

Биология | Просмотров: 4024 | Загрузок: 111 | Добавил: Admin | Дата: 11.12.2013 | Комментарии (0)

Хромосомалық аурулар – хромосомалар құрылымының немесе санының өзгерісімен сипатталатын тұқымқуалайтын аурулар. Х.а-дың жиілігі жаңа туған нәрестелерге шаққанда шамамен 1%. Көптеген хромосомалық өзгерістер өмірсүргіштікпен сәйкес келмейді, және өлі туылыу мен спонтанды аборттардың негізгі себебі болады. Спонтанды аборттардың 20%-ға жуығында кариотиптерінде аномалия болды. Хромосома санының өзгеруі мейоздық бөліну кезінде олардың ажырамау нәтижесінде немесе ұрықтанған жұмыртқаклетканың ерте даму кезеңінде бөлінуінің бұзылысынан туындайды (қ.мейоз, митоз). Х.а-ды тудыратын хромосомалық аберрациялар физикалық (иондық сәулелер), химиялық (дәрі-дәрмектер, әртүрлі мутагенді препараттар), вирустық (вирусты гепатит, қызамық, қарамық және т.б.), факторлардың әсерінен пайда болады. Х.а. генетикалық материалдың әртүрлі өзгерісімен, полисомия (бір немесе бірнеше қосымша хромосомалардың болуы, полиплоидия, дупликация), генетикалық материалдың жоғалуы (нуллисомия, моносомия, делеция), хромосомалық қайтақұрылулармен (транслокация, хромосома бөліктерінің түрлі орын алмастырулары) сипатталады. Сондай-ақ Х.а. жыныс және аутосомды хромосомалардың өзгерісімен де сипатталады. Жыныс хромосомаларының ауытқуына байланысты Х.а., мысалы, әйел адамдарда жиі кездесетін Шерешевский-Тернер синдромы (Х-хромосомасының моносомиясы, 1:3000 жиілікте) Х-хромосомасының трисомиясы; ер адамдарда – Клайнфельтер синдромы (Х-хромосомасының артық болуы, 1:3000 жиілікте). Шерешевский-Тернер және Клайнфельтер синдромдарында жыныстық жағынан кеш жетілу және ұрықсыздық байқалады. Аутосомалық хромосомалар санының өзгерісіне байланысты ауытқулар ішінде хромосомалық трисомиялар жиі кездеседі. Мысалы, Даун синдромы (21-ші хромосоманың трисомиясы, 1:700 жиілікте), Патау синдромы (13-ші хромосоманың трисомиясы, 1:6000 жиілікте), Эдвардс синдромы (18-ші хромосоманың трисомиясы, 1:7000 жиілікте). Бұл Х.а. ақыл-естің және физикалық жағынан дамудың кемістігімен, ішкі органдарының әртүрлі бұзылыстарымен сипатталады. Адам кариотипін цитогенетикалық зерттеу Х.а. диагностикалаудың бірден-бір сенімді әдісі. Қазіргі кезде Х.а. диагностикалауда молекулалы-генетикалық әдістер де кеңінен қолданылып жүр. Жанұяда ауру баланың туылу жиілігін анықтауға көмектесетін медико-генетикалық кеңес беру де Х.а. профилактикасында маңызды роль атқарады.

Биология | Просмотров: 14592 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 11.12.2013 | Комментарии (0)

Фронтит (лат. frons, frontіs — маңдай және іtіs — қабыну) — маңдай қуысының қабынуы. Ауру мұрын қуысындағы патогенді микроорганизмдердің маңдай қуысына енуі салдарынан пайда болады. Фронтиттің жедел және созылмалы түрлері болады. Жедел Фронтит ринит, тұмау, қызылша, т.б. жұқпалы аурулардың салдарынан дамиды. Бұл кезде бастың маңдай тұсы қатты ауырып, адам еңкейгенде ауру сезімі үдей түседі. Мұрын бітеліп, мұрыннан іріңді сұйықтық ағады. Кейде ауру көзге беріліп, көзден жас ағады, адамның иіс сезу қабілеті нашарлайды, қабағы ісініп, ыстығы көтеріледі. Дерт асқынып кетсе, созылмалы түріне ауысады. Бұл жағдайда науқастың маңдайы ауырып, саусақпен басқанда ауырсынады. Ауру көздің медиалды ұшына беріліп, адам жарыққа қарай алмайды, көзден жас тоқтамайды. Дене қызуы алғашқыда 38 — 39°С-қа көтеріліп, содан кейін біртіндеп түседі. Риноскоптық тексеруден өткізгенде мұрынның ішкі, ортаңғы бөлігінің ісінуі, іріңді жолақтар, полиптер анық көрінеді. Фронтитті негізінен консервативті жолмен емдейді: аналгетиктер беріліп, мұрынға нафтизин, галазолин, назифин, назол, т.б. тамшыларын құяды, физиотерапия тағайындалады. Фронтиттің созылмалы түрі асқынып кетсе, антибиотиктер беріледі, егер мұрын қуысының ішінде полиптер қайта-қайт пайда бола берсе, хирургиялық операция жасап, оларды алып тастайды.
Биология | Просмотров: 1551 | Загрузок: 105 | Добавил: Admin | Дата: 11.12.2013 | Комментарии (0)

ФЛЕБИТ (грек. phleps; phlebos — көк тамыр) — адам организміндегі көк тамырдың (венаның) қабынуы. Флебит негізінен инфекцияның аяқтың көк тамыр қабырғаларын зақымдауынан болады. Инфекция ошағы әр түрлі жаралар, бітеу жара, флегмона болуы мүмкін. Аурудың қоздырғыштары әр түрлі микроорганизмдер, негізінен стрептококк болып саналады. Флебит қалыпты жағдайда аяқтағы вена қан тамырларының кеңейіп түйінделуінің (қ. Варикоз) немесе вена қан тамырларында тромбоздың (қ. Тромбофлебит) пайда болған жерінде кездеседі. Сонымен қатар вена қан тамыры қабырғасынан Флебит оның айналасындағы тіндерге ауысып, перифлебит ауруын тудыруы мүмкін. Флебиттің жедел және созылмалы түрі бар. Бірінші түрінде аяқ ісініп, көк тамыр үстіндегі тері қабаты қызарып, дене қызуы жоғарылайды. Сол жерді саусақпен басқанда, көк тамырдың түйінделгені байқалады. Ауру асқынып, ірің пайда болып, ұзаққа созылғанда екінші түріне ауысады. Флебит басталғанда аяқты көп қозғалтпай, тыныштық сақтау керек. Емді дәрігер белгілейді, аяққа салқын басып, антибиотиктер, тромб ерітетін дәрі-дәрмектер береді. Егер қабыну ошағында ірің пайда болса, хирург. жолмен сылып тастайды.
Биология | Просмотров: 1288 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 11.12.2013 | Комментарии (0)

Фарингит (грек. pharynx — жұтқыншақ) — жұтқыншақтың кілегей қабығының қабынуы. Фарингит жедел респираторлы аурулардың, тұмаудың, т.б. жұқпалы аурулардың әсерінен болады. Кейде жұтқыншаққа әр түрлі факторлардың әсер етуінен де (мысалы, ауыз арқылы суық ауамен демалғанда немесе қатты суықта сөйлескенде, сондай-ақ өте ыстық не өте суық тағам жегенде) дамиды. Фарингиттің екі түрі бар. Жедел Фарингит көбінесе жұқпалы болады. Бұл кезде жұтқыншақтың кілегей қабығы қызарып ісінеді. Науқас адамның тамағы құрғап, жыбырлаған сияқты, бір нәрсе кілегей қабыққа жабысып тұрғандай сезінеді. Дене температурасы қалыпты болады. Егер Фарингиттің жедел түрін дәл уақытында емдемесе, ол созылмалы түріне ауысады. Бұл кезде жұтқыншаққа өте көп мөлшерде қақырық жиналады, соның салдарынан ауру адам үнемі жөтеліп, қақырық тастайды, әсіресе бұл таңертеңгілік мезгілде байқалады. Кейде көп жөтелгеннен науқастың жүрегі айнып, құсуы да мүмкін. Фарингиттің созылмалы түрінің дамуына созылмалы тұмау, тонзиллит, мұрын қуысының іріңді қабынуы, тіс кариесі, организмде зат алмасу процесінің бұзылуы, жүрек, бауыр және бүйрек аурулары себеп болады. Сондай-ақ Фарингиттің дамуына ауаның өте құрғақ болуы, темп-раның күрт өзгеруі, ауадағы шаң-тозаң және зиянды заттардың қалыпты мөлшерден көп болуы да үлкен әсер етеді. Емі: Фарингитке шалдықтыратын жағдайларды болдырмау; денені шынықтыру. Егер дене температурасы көтерілсе, оны төмендетін дәрі-дәрмектер ішу; антисептикалық ерітінділермен тамақты шаю; ингаляция жасау. Фарингитпен жануарлар да ауырады. Оған суық ауа райы, малдың кейбір жұқпалы аурулары: түйнеме, сақау (жылқыда), пастереллез, т.б. себеп болады. Мал ауырғанда қорегін жұтуы қиындап, аузынан сілекей ағады. Тамағынан өтпеген жемінің қалдығы танауынан түседі. Дене температурасы көтеріліп, жұтқыншақ маңы ісінеді. Малды жылы жерге жатқызып, сульфаниамидтер және антибиотиктер береді, серотерап. (гамма-глобулинді егу) ем қолданылады.
Биология | Просмотров: 2299 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 11.12.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 2671-2680 2681-2690 2691-2700 2701-2710 2711-2720 ... 2971-2980 2981-2987