Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 17.1.2020
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2987
Показано материалов: 2641-2650
Страницы: « 1 2 ... 263 264 265 266 267 ... 298 299 »

Жер сілкінісі

 

 

     Жер сілкінісі (грек сөзінен шыққан «сейсмос»: жер сілкінісі) жер қабатындағы толқулар мен ауытқулар, жер асты дүмпулері мен соққылары, жер қабаты жылжуынан туындаған немесе адамдардың әрекеті салдарынан пайда болған үлкен қашықтықта болатын құбылыс. Күшті және қиратушы жер сілкіністері ең ауыр болып табылады, онда аймақта тұтастай ел және өңір қалуы мүмкін. Адамзат тарихында осы дүлей зілзалалардан миллиондаған құрбандар, қалалар мен кенттерде жүздеген қаза табулар, құрылыстардың зақымдануы мен жойылулары орын алуда. 

     Жер сілкінісінің себебі соңына дейін анықталмаған. 18 ғасырда ғалымдар мынадай қорытынды жасады, жер қабатында жас учаскелер сілкінеді, осының салдарынан  тау жыныстарының бөліну бойынша ығысулар болады. Бөліну үлкен болса, соғұрлым  жерасты дүмпуінің  күші қаттырақ болады. Кейбір аудандарда жер сілкінісі жиі болып тұрады. Бұл аудандар сейсмикалық белсенді деп аталады.

Биология | Просмотров: 9002 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 11.12.2013 | Комментарии (0)

Желшешек

 

Желшешек – баланың терісіне, шырышты қабаттарында көпіршік тәріздес лимфаға толы бөртпе шығып, кейіннен бұл бөртпелер кеуіп, орнына ққабықшалардың қалуымен сипатталатын инфекциялық ауру.

Биология | Просмотров: 4090 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 11.12.2013 | Комментарии (0)

Холециститтер.

 

Жедел холецистит - өт қабының жедел қабынуы. Ұл балаларда қыздарға қарағанда жиірек кездеседі.

 

Этиологиясы: қоздырғыштары-ішек таяқшасы, стафилококктар, стрептококктар т.б.

 

Жіктелуі: 1. Катаральды.  2.флегманозды.   3. Дестьруктивті формалары бар.

Биология | Просмотров: 4365 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 11.12.2013 | Комментарии (0)

Жедел ринит

 

Жедел ринит-мұрынның шырышты қабатының қабынуы. Этиологиясы: вирустар, микроорганизмдер, аллергиялық, механикалық, химиялық, гипертермиялық тітіркендіргіштер. Осы этиологиялық факторлардың әсерінен мұрынның шырышты қабатының ісінуі және гиперсекрециясы дамиды.

Биология | Просмотров: 2369 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 11.12.2013 | Комментарии (0)

Жасанды дем алдыру

 

Жасанды дем алдыру зардап шегуші дем алмайтын немесе нашар (сирек, терең, өксігендей етіп) дем алатын кезде, сондай-ақ оның дем алуы: электр тоғымен зақымдануына, улануына, батуына байланыстылығына қарамастан үнемі нашарлаған болса жасалады.

 

 Жасанды дем алдырудың ең тиімді тәсілі болып «ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» тәсілі табылады, себебі мұнда зардап шегушінің өкпесіне жеткілікті ауа көлемінің түсуі қамтамасыз етіледі. Ауаны үрлеуді дәке, орамал, «ауа үрлегіш» - арнайы құрылғысы арқылы жүргізуге болады.

Биология | Просмотров: 5050 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 11.12.2013 | Комментарии (0)

Жарақаттану кезіндегі алғашқы көмек

97. Жарақаттың қандай да бір түріне жарақат алған заттағы, зардап шегушінің терісіндегі, сондай-ақ шаңдағы, жердегі, көмек көрсетушінің қолындағы және байлайтын таза емес материалдағы микробтарды жұқтыруға болады.

98. Көмек көрсету кезінде мынадай талаптар сақталады:

жараны сумен немесе қандайда бір дәрілік заттармен, жууға, ұнтақ себуге және маз жағуға болмайды, себебі бұл жазылуына кедергі жасап, оған тері бетінен кірдің түсуіне септігін тигізеді және іріңденуіне әкеп соғады;

жараның бетінен құмды, жерді, тасты алып тастауға рұқсат етілмейді, себебі жараны ластайтын заттардың барлығын алып тастау мүмкін емес. Жараның бетін бүлдірмеу үшін абайлап теріні сыртына қарай тазалай отырып, жараның қасындағы кірді тазалау керек; жараның қасындағы тазаланған учаскені таңғыш байлау алдында йод тұнбасын жағады;

жараның бетінен ұйыған қанды, жат заттарды алып тастауға рұқсат етілмейді, себебі бұл қанның қатты кетуіне әкеп соғады;

Биология | Просмотров: 5489 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 11.12.2013 | Комментарии (0)

Әлтерация (лат. alterare — бүліну) — жасушалардың, жасуша аралық заттардың, нерв аяқшаларының, қан тамырларының дистрофиялық, некробиоздық немесе некроздық бүлінулерімен сипатталады. Бірінші әлтерация зақымдаушы қоздырғыштың тікелей әсерінен дамиды. Бұл кезде жасушаның сыртқы қабығы бүлінуімен қатар митохондрийлардың мембраналары зақымданады. Мембраналардың иондық насостарының қызметтері нашарлайды; жасуша мембраналарының өткізгіштігі жоғарлайды.
Биология | Просмотров: 1062 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 11.12.2013 | Комментарии (0)

Естен тану


Адамға төтенше жағдайлардың физикалық және эмоциялық факторларының әсері ағзаның өмірлік маңызды функционалдық жүйелерінің қатты күйзелісіне, жалпы ауыр жағдайдың дамуына әкеп соғады, ол естен тану деп аталады. Естен танудың көп тараған түрі зақымнан болған естен тану. Ол бастың көлемді жері зақымдануынан, кеуде, аяқ-қол және күйіктердің нәтижесінде болады. Мұндай жағдайда қан айналым жүйесі, тыныс алу, зат алмасу, жүйкенің регуляциялық қызметі бұзылады.

Естен танудың бастапқы сатысында зардап шегушіде қысқа уақытты қозу сипатталады. Ол есіне келгенде тынышсызданады, өзінің ауыр халде екенін сезіне алмайды, секіреді, қашуға ұмтылады, айғайлайды, жұлқынып сөйлейді, көздің қарашықтары ұлғаяды, өңі бозарады, жиі тыныс алады және тамыры жиі соғады.

Биология | Просмотров: 3132 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 11.12.2013 | Комментарии (0)

Ерте жастағы балалардың аурулары. Ерте жастағы балалардың тамақтануының созылмалы бұзылыстары.

 

Арулардың анықтамасы,  жіктелуі

аурулардың  даму себептері, белгілері,  диагностикасы

асқынулары,емі ,алдын алуы

клиникасы мен  емі

науқас нәрестелердің  күтім принциптері

Баланың физикалық дамуы және жүйке-жүйесінің дамуы өз жасына сәйкес болса,  бұндай балаларды-нормотрофиктер дейді.

Биология | Просмотров: 5381 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 11.12.2013 | Комментарии (0)

Дифтерия

 

Дифтерия- шырышты қабықтар зақымданып, оларда ақшыл-сұрғылт қабықшалардың пайда болуымен және организмнің жалпы улануымен сипатталатын жұқпалы ауру.

 

Қоздырғышы-  дифтерия таяқшасы (1884 жылы Леффлермен ашылған) Сыртқы ортада өте тұрақты-ойыншықтарда, ыдыс-аяқта, көрпе-жастықта көпке дейін сақталады. Өте улы экзотоксин бөліп шығарады.

Биология | Просмотров: 10501 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 11.12.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 2621-2630 2631-2640 2641-2650 2651-2660 2661-2670 ... 2971-2980 2981-2987