Главная » Файлы » Қазақша рефераттар | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2987 Показано материалов: 2611-2620 |
Страницы: « 1 2 ... 260 261 262 263 264 ... 298 299 » |
ЛЕЙКОЗДАР Қан жүйесі ауруларының арасында лейкоз бірінші орын (40%-ға жуығы) алады. Бұл ауру соңғы жылдары жиілеп бара жатыр. Жер шарында жылына 150 000 адам лейкоздан өледі. Лейкоз қауырт және созылмалы болады. Шеткі қанда лейкоциттердің деңгейіне қарай лейкемиялық (200—400 • 109/л-ге жуық), сублейкемиялық (60—80 • 109/л) және алейкемиялық (қалыпты немесе азайған деңгейде) лейкоздар болады. Бүлінген қанөндіру тінінің түріне қарай лейкоздарды: миелоидтық, лимфоидтық, моноциттік, эритромиелоидтық, мегакариобластық, ажыратылмаған жасушалық т. б. деп ажыратады. Этиологиясы. Лейкоздардың этиологиясы әлі толық шешілмеген мәселе. Олардың пайда болуында химиялық әсерлердің, вирустардың, иондағыш сәулелердің маңызы белгілі. |
ҚЫЗЫЛША
Қызылша – аурудың жалпы жағдайынан бұзылуымен, жоғарғы тыныс жолдарының қабынуымен және денеге теңбіл, терінің үстіне көтеріліп бөртпе шығуымен сипатталатын жедел жұқпалы ауру. |
Қызамық
Қызамық- балалардағы жұқпалы аурулардың ең жеңіл түрі..
Қоздырғышы- фильтрленуші вирус. сыртқы артада тұрақсыз. |
Балалардағы қант диабеті
Балалардағы қант диабетінің даму себептері, негізгіклиникалықбелгілері, асқынулары, қант диабетінемдеупринциптері, гипо және диабеттік комалар кезінде көмек көрсету; Инсулин дозасын есептеу, балалардағы инсулинмен емдеу ерекшеліктері. |
Қансыраудан болатын (постгеморрагиялық) анемиялар Постгеморрагиялық анемиялар тез және созылмалы қансыраудан дамиды. Соған байланысты қауырт және созылмалы посгеморрагиялық анемиялар болып бөлінеді. Қауырт постгеморрагиялық анемия тамыр жарақатынан көп шөлшерде қансыраудан тез қансыраудан дамиды. Созылмалы постгеморрагиялық анемия кейбір дерттердің нәтижесінде (асқазан жарасы, жатыр фибромасы, дисменоррия, геморрой ж.б) қан тамырлары бүлінуінен және тромбоциттік – тамырлық, коагуляциялық гемостаздың бұзылуынан болатын жиі қансыраулардан дамиды. Жиі қайталанатын қанкетулер кезінде темір жоғалуы гипохромдық және микроциттік теміртапшылықты анемия дамуына әкеледі. Қаныдырауы күшеюінен болатын (гемолиздік) анемиялар |
Қанның кетуін саусақтармен тоқтату 106. Қанның кетуін тез жарақаттан жоғары тұрған сүйекке (денеге жақын) қан ағып тұрған тамырды саусақтармен басу арқылы тоқтатуға болады. Қан ағып жатқан тамырды саусақтармен жеткілікті түрде қаттырақ басады. 107. Жарақаттардан қанның кетуін: беттің төменгі жағындағы – жақтық артерияны жақтың төменгі шетіне қарай басу арқылы; шеке мен маңдайдағы – шеке артериясын құлақтың алдына қарай басу арқылы; бас пен мойындағы – ұйқы күре тамырын мойын омыртқасына қарай басу арқылы; |
ҚАНАЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ
Қанайналымның жеткіліксіздігі деп белгілі бір жүктемелерден кейін немесе тіпті тыныштық жағдайлардың өзінде ағзалар мен тіндердің мұқтаждығына сәйкес айналымдағы қанның тиісті мөлшерімен қамтамасыз етілмеуіне әкелетін жағдайды айтады. Осының нәтижесінде ағзалар мен тіндер оттегімен, қоректік заттармен қамтамасыз етілмейді және олардан зат алмасудың соңғы өнімдері сыртқа шығарылмайды. Қанайналым жеткіліксіздігінің түрлері. |
Қанайналым жеткіліксіздігінің клиникалық көріністері. Қанаішалым жеткіліксіздігіне бірқатар тұлғалық (субъективтік) әйгіленімдер мен дәлелімді (объективтік) әйгіленістер тән. Тұлғалық әйгіленімдерге әлсіздік, тез шаршау, ауа жетіспеуі т.с.с. жатса, дәлелімді әйгіленістерге алқыну, цианоз, тахикардия, ісіну ж.б. жатады. Алқыну — қанайналым жеткіліксіздігінен ағзалар мен тіндерде оттегі азайып, көмірқышқыл газы көбейіп мидағы тыныс алу орталығын қоздырады. |
Қанайналым бұзылыстары. Қабыну жергілікті қан және лимфа айналымдарының, әсіресе микроциркуляциялардың бұзылыстарымен сипатталады. Оларды 1887 жылы Конгейм ажыратып жазды. Микроциркуляция деп қанның майда тамырлар (артериолалар, метаартериолалар, қылтамырлар және венулалар) арқылы қозғалуын, сонымен қатар осы тамырлар мен тіндер арасында әртүрлі заттармен (О2, СО2,қоректік зат алмасу өнімдері) алмасуды айтады. Микроциркуляцияны Конгейм тәжірибесі көмегімен зерттеу ыңғайлы. Бүл кезде бақаны ішектерін сыртқа шығарып, тақтайдың тесігі үстіне кереді де, шажырқайды микроскоппен қарайды. Сол кезде қоздырғышты әсерінен (ішектерін шығарғандағы зақымдану) бірден пайда болатын артериолалардың тарылуын (спазмын) микроскоппен көруге болады. Ол рефлекстік түрде (аксон рефлексі бойынш тамыр жиырылтқыш нервтің тонусы артуынан) болады және тез өтеді. Бұнын артынан артериялық гиперемия пайда болады Ол қабыну ошағында артериолалар мен капиллярлар қабырғаларының тегіс еттерінің босаңсып кетуінен болады. Бұл артериялық қанның қабынған тінге ағып келуін ұлғайтады; бұрын қызмет атқармаған капиллярларды ашып, оларда қан қысымының көбеюіне әкеледі. Осының нәтижесінде қабыну ошағында қызару болады және зат алмасу үрдістері көтерілуіне байланысты температурасы жоғарылауы байқалады. Тәжірибе басталғаннан кейін 30-60 минөт өткен соң қабынудың барысы ақырындап өзгереді: артериялық гиперемия веналық гиперемиямен ауысады. Бұл кезде қан ағу жылдамдығы баяулайды, қан ағу түрі өзгереді. Қанның реологиялық (гр.rheos - ағым) қасиеті өзгереді. Қан қоюланып, тұтқырланады, эритроциттер ісініп, өзара ретсіз байланысып, шоғырланып, агрегаттар құрайды. Бұл эритроциттердің агрегаттары баяу жылжиды немесе ұсақ тамырларда мүлдем тоқтап калады /стаз/. |
ҚАН ӨНДІРІЛУІ БҰЗЫЛЫСТАРЫНАН БОЛАТЫН ДИЗЭРИТРОПОЭЗДЫҚАНЕМИЯЛАР Сүйек кемігінде эритроциттердің өндірілуі немесе эритропоэз көптеген жағдайлармен реттелінеді. Эритроциттердің өндірілуінің бұзылыстары төмендегі жағдайларды болуы мүмкін: 1. Эритроциттердің өндірілуі реттелуінің бұзылуынан; 2. Эритроциттердің өндірілуіне қажетті заттардың тапшылығынан; 3. Сүйек кемігінің гипоплазиясы мен аплазиясынан; 4. Сүйек кемігі жасушаларынын өспелердің метастазаларымен немесе лейкоз жасушаларымен ығыстырылып қалуынан (метаплазиялық анемия). |